–
84
–
Салғастырмалы тіл білімі
келеді, алайда, орыс тілінің буын түріне ұқсамайды.
3. Әрбір буының өзіндік айтылу ырғағы немесе тоны бар,
оны этимологиялық ырғақ, этимологиялық тон деп айтады.
Фонемалық құрылымы бірдей буын, әртүрлі дауыс ырғағында,
әртүрлі тонмен айтқанда ол сөз мүлде өзгеше мағынаға
ие болады. Мәселен, қазіргі қытай тілінде 4, ал вьетнам
тілінде 6 негізгі этимологиялық тон бар. Алайда, аталмыш
тілдердегі барлық буын атаулы ол ырғақтың барлығын бірдей
қабылдамайды.
4. Аффикстері мүлде болмайтын түбір тілдерде сөздердің
тіркесу тәртібі (орны) мен көмекші сөздердің рөлі өте маңызды.
Сөйлемдегі сөздің (буынның) синтаксистік функциясын ол
сөздің қандай орында тұрғанына қарап қана ажыратуға болады.
Түбір тілдердегі сөз табы осы күнге дейін ең актуальды
және негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Белгілі бір
этимологиялық тонмен айтылатын бір сөз (буын) зат есім және
етістіктің, зат есім және сын есімнің т.с.с. қызметін атқаруы
ықтимал.
Сонымен, түбір тілдерде сөз түрленбейді, сөзжасамы әлсіз
дамыған, грамматикалық мағына үшін сөздердің орын тәртібі
мен интонация қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: