Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет68/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

тілдік жүйесі
 /ТЖ/ болып табылады.
Тілді  -  жүйелердің  жүйесі  түрінде  алып  қарастыру  тіл 
білімінің  негізгі  тұжырымдарының  бірі  болып  саналады.  Тіл 
бір-біріне  тәуелді  бірнеше  кіші  жүйелердің  байланысынан, 
олардың  тығыз  қарым-қатынасынан  тұратын  біртұтас  жүйені 
құрайды.  Жалпы  «жүйе»,  «құрылым»  ұғымдарын  айқындау 
тілдің жүйелі сипаты мен құрылымдық қасиетін танып білуге 
көмектеседі.
Тіл  белгілі  бір  құрылымы  және  қызметі  бар,  бірбүтін 
жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Тілдің жүйелілік сипатын 


– 
100 

Салғастырмалы тіл білімі
айқындау  тілдің  ішкі  заңдылықтарымен  жақынырақ  танысуға 
мүмкіндік  береді.  Сондықтан  көптеген  ғалымдар  тілдің  осы 
қасиетіне ерекше назар аударады. 
Тілдің біртұтас жүйе екендігі алғаш рет  ХІХ ғасырда неміс 
тілшісі  В.фон    Гумбольдтің  еңбектерінде  сөз  етілді.  Ғалым: 
«Тілде жеке дара ештеңе жоқ, оның әрбір элементі тек бүтіннің 
бөлшегі  түрінде  ғана  көрініс  береді»,  деп  тілдің  өзі  бірнеше 
бөлшектердің  жиынтығынан,  олардың  өзара  байланысынан 
тұратын тұтас құбылыс екенін айтқан /Гумбольд ,1984/.
ХХ  ғасырдан  бастап  лингвистикада  тілдің  жүйелілігі, 
тілдің  құрылымы  деген  қағидалар  тұрақты  ғылыми  теория 
ретінде  орнығып,  ғалымдар  тарапынан  кең  қолданысқа  ие 
бола  бастады.  Бұл  кезеңдегі  зерттеулердің  теориялық  негізін 
салушы  ғалымдар  қатарында  Ф.  де  Соссюр  мен  Бодуэн  де 
Куртене  болды.  Тіл  жүйесі  теориясын  жасауда  әсіресе  Ф.де 
Соссюр үлкен үлес қосты. Ғалымның ойынша, әрбір тіл бөлек-
бөлек жүйелер. Ол жүйелер өзара тығыз байланыста тұратын 
әр  түрлі  элементтерден  құралады.  Жүйе  элементтерінің  мәні 
оларды  бір-біріне  ұқсастыру,  немесе,  қарама-қарсы  қоя  қарау 
арқылы  айқындалады.  Тілдік  жүйе  дегеніміз  –  таңбалар 
жүйесі, элементтер қатынастарының жүйесі. Ф.де Соссюр тіл 
жүйесінің диахрондық, синхрондық күйде даму сипатын ашты. 
Алайда  ол  тілдік  жүйені  тек  синхрондық  тұрғыда  зерттелуі 
керек, оны диахрондық сипатта зерттеу тілдің жүйелік қалпын 
нақты  көрсетпейді  деп  тұжырымдады.  Ғалым  тілдік  жүйені 
таңбалардан тұратын таңбалық жүйе деп қарастырды.  
Жүйе,  құрылым  ұғымдары  күрделі  обьектінің 
ерекшеліктері екендігін Ф. де Соссюр  «система – совокупность 
единиц, в которой каждая единица определяется всеми другими, 
т.е. получает свою характеристику» деп көрсеткен /Соссюр Ф де, 
1933/. Одан ары ғалым: «...тіл – барлық элементтері бір бүтінді 
құрайтын жүйе, ал бір элементтің маңыздылығы тек өзгелермен 
қатар қолданғанда ғана айқындалады», - деп тілдің жүйелілігіне 
баса  назар  аударды.  Ғалымның  тілді  элементтері  бір-бірімен 
тығыз  байланыста  болатын,  өзінің  тәртібіне  бағынатын  жүйе 


– 
101 

Есеналиева Жанар
ретінде анықтауы қазіргі тіл білімі үшін де өз маңыздылығын 
жойған жоқ. Өйткені тілді жүйелік қасиеті бар құбылыс, барлық 
элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өзара бағынышты 
(тәуелді) біртұтас (бір бүтін) құбылыс деп қарау тілдің табиғатын, 
бүтін  мен  оны  құрастырушы  бөлшектердің  арақатысын,  атап 
айтқанда,  бүтіннің  оны  құрастырушы  бөлшектерге  (тілдік 
элементтерге)  тәуелділігін,  керісінше,  бөлшектердің  бүтінге 
(тілдің бүтіндей жүйесіне) тәуелділігін айқындауға мүмкіндік 
береді.  Тілдің  жүйесін  тілдік  жеке  құбылыстардың  (тілдік 
элементтердің,  бірліктердің)  өзара  байланысы  тұрғысынан, 
бүтіннің  өз  ішіндегі  жеке  құбылыстарды  бағындыруы,  билеуі 
тұрғысынан зерттеу айрықша мәнге ие болады. 
Тілдік  жүйе  -  кез  келген  табиғи  тілдің  бір-бірімен 
қатынаста, байланыста тұрып, белгілі бір тұтастықты, бірлікті 
тудыратын тілдік элементтердің жиынтығы. Жүйе құрамындағы 
бөлшектер, тұлғалар жүйе элементтері деп аталады. Тілдік жүйе 
құрамындағы  бөлшектердің  өзара  жымдасып,  берік  бірлікте, 
шартты қатынаста болуын талап етеді /Қалиев Ғ, 2005/.
Басқаша  айтқанда,  жүйе    -  бөліктері  мен  элементтері 
жүйелі,  үйлесімді  құрылған  тұтастықты  білдіретін  ғылыми 
ұғым  (фонемалар  байланысы,  олардың  күшті  және  әлсіз 
позициялары т.б.). Ал құрылым - тұтас бір заттың бөлімдерінің 
өзара  орналасуы  (фонемалардың  әр  түрлі  парадигматикалық 
және синтакматикалық байланыстарының ерекшелігі т.б.).
Тілдік    жүйе   деп – бір-бірімен    байланысып    тұрған, 
тәртіпке түскен, біртектес тілдік элементтер мен олардың өзара 
қатынастарының,  байланыстарының  жиынтығын  айтамыз»  /
Қалиев Б, 2004 /.
Б.Қалиев  тілдік  жүйе  болу  үшін  бес  шарт  орындалуын  
алға  тартады:  1)  бір  заттан  ешқандай  жүйе  тумайды.  Жүйе 
болу үшін бірнеше зат болу керек. 2) ол көп заттың біртектес 
болуы шарт. 3) кез келген біртектес кп зат жүйелі бола бермейді. 
Ол  үшін  олар  белгілі  бір  тәртіпке  келтірілген  болуы  керек. 
(Мәселен, жіктік, септік жалғауларының реті т.б.). 4) тәртіпке 
келтірілген  заттардың  элементтері  өзара  байланысты,  шартты 


– 
102 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет