Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет69/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Салғастырмалы тіл білімі
қатынаста болуы қажет. 5) ол элементтер бүтінге тәуелді болуы 
шарт. Міне, осы сияқты «керектер» мен «шарттар» түгел болса 
ғана жүйелілікті іздеуге болады – дейді ғалым. 
Бүтіннің  элементтерінің  арасындағы  қатынастардың 
схемасын да құрылым деп атайды. Ал жүйе, қалай да болсын 
белгілі  бір  құрылымның  болуын  аңғартады.  Алайда  жүйе 
тек  құрылымнан  ғана  тұрмайды.  Әрбір  жүйе  оған  бір-
бірімен  байланысты  үш  түрлі  атрибуттың  –  құрылым  мен 
субстанцияның  және  қызметтің  (функция)  ұштасып  келуінен, 
олардың диалектикалық бірлігінен құралып, өмір сүреді және 
дамиды.  Жүйелік  тұрғыдан  қарау  –  тіл    қызметінің  өзара 
қатынасын айқындау арқылы талдап түсіндіруге келіп тіреледі. 
Тілдік жүйе, тілдік құрылым (структура) деген терминдер 
өзара тығыз байланысты. Бірақ олар тепе-тең емес, бір-бірінен 
өзгешіліктері  бар.  Екеуі  де  тілдік  элементтердің  қарым-
қатынасы  мен  байланыстарының  жиынтығы.  Бұлардың  бір-
бірінен  айырмашылығы:  жүйе  –  тілдік  элементтердің  және 
олардың  қатынастары  мен  байланыстарының  жиынтығына 
қатысты ұғым, ал құрылым - тек қатынастар мен байланыстарға 
ғана  қатысты  ұғым.  Құрылымсыз  жүйе  болмайды,  жүйе  бар 
жердің бәрінде құрылым бар. Құрылым қатынастардың схемасы 
дегенді  білдірсе,  жүйе  ұғымы  –  құрылым  ұғымынан  әрі  кең, 
әрі күрделі ұғым. Жүйе - рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан 
біртұтас құбылыс. 
Тілдегі құрылым әр тектес элементтердің арақатынасынан 
және  бірлігінен  тұрады.    Ол  элементтер  мыналар:  а)  дыбыс 
(фонема),  ә)  морфема,  б)  сөз,  в)  сөйлем.  Бұл  элементтердің 
арасындағы  айырмашылықтар  –  сапалық  айырмашылықтар. 
Демек, аталған тілдік элементтер бір-бірінен сапасы жағынан 
ажыратылады.  Әрбір  элементтің  сапасын  оның  қызметі 
айқындап тұрады.
Тілдік  жүйе  -  өте  көп  қабатты  құбылыс.  Қазіргі  тіл 
деңгейлерінің әрқайсысы жеке жүйе болып табылады. Сонымен 
бірге,  олар  өз  ішінде  бірнеше  шағын  не  ұсақ  жүйелерге 
бөлінеді.  Мысалы,  тілдің  фонетикалық  деңгейі  өз  ішінде 


– 
103 

Есеналиева Жанар
дауысты-дауыссыз  дыбыстар  жүйесіне    дауыстылар  –  жуан-
жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып, дауыссыздар үннің 
қатысына қарай – қатаң, ұяң, үнді, жасалуына тіл алды, тіл арты 
т.б.  болып  қарай  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Осындай  жағдайды 
басқа  тіл  деңгейлерінен  де  көруге  болады.  Сонда  тіл  жүйесі 
дегеніміз  -  фонетика,  лексика,  морфология,  синтаксис  тәрізді 
ірі деңгейлердің жүйесінен тұратын жүйелердің жүйесі болып 
шығады. 
Тілдік  жүйе  қазіргі  кезде  бір-бірімен  байланысты:  тіл 
деңгейлері тіл бірліктері, парадигматика, синтагматика, тілдің 
таңбалылығы,  тілдің  формасы  мен  функциясы,  тілдің  сыртқы 
және  ішкі  жағы,  диахрония-синхрония,  жүйелілік-жүйесіздік, 
анализ-синтез,  гетрогендік-гоиогендік    т.б.  ұғымдармен 
байланысты  жеке  тілдердің  даму  ерекшеліктеріне  сай, 
тереңдетіліп зерттелуде /Қалиев Ғ, 2005/.
Тіл  атаулыға  тән  құрылымдық-жүйелік  сипат  оның 
зерттейтін  «нысанын  тұтас  күйінде  танып  білуге  мүмкіндік 
тудыратын»  қызметімен  анықталады.  К.Аханов  «Жүйесіз 
нәрсені  жадында  сақтау  қиын»  деген  қағидаға  сүйене  келе, 
тілдік бірліктердің құрылымдық деңгейлеріне, олардың тығыз 
байланысқа түсер сатылы қарым-қатынасына мән береді.   
Тілдерді  жүйелеу  –  дүние  жүзіндегі  тілдерді  белгілі  бір 
таксономиялық  топқа  жатқызу  деген  сөз.  Тілдерді  жүйелеу 
мәселесі  тілдерді  салғастырған  кезде  пайда  болады.  Тілдерді 
жүйелеудің негізгі екі түрі болады: генеалогиялық (тектік) және 
типологиялық жүйе. Генеалогиялық жүйенің негізін «туыстық» 
түсінігі  құраса,  типологиялық  жүйенің  негізін  «ұқсастық» 
түсінігі құрайды /Салқынбай А, 1998/. 
Бір-бірімен  байланысты  жүйе  мен  құрылымды  тілдің 
әртүрлі  деңгейінде  қарастыру  (мәселен,  фонема,  морфема, 
сөйлемнің  құрылымы  және  т.б.)  -  әр  тілдің  табиғатын  толық 
ашуға мүмкіндік береді.  Бір тілдің құрылымын екінші тілдің 
құрылымымен  салыстыру арқылы оларға тән жеке және жалпы 
заңдылықтарды анықтауға болады.
Құрамына  парадигматика  мен  синтагматика  енетін 


– 
104 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет