–
120
–
Салғастырмалы тіл білімі
үшін екі жақтық (фоносемантикалық) сәйкестік (форма мен
мағына түрінде) болуы міндетті емес. Ол салыстырылатын
тіл бірліктерінің не формасымен, не мағынасымен шектеледі.
Типология жеке тілдердің зерттелуіне сүйене отырып, тілдің
құрылымы мен қызметі туралы жалпы тіл білімде жасалған
тұжырымдарды пайдаланады.
Қандай да бір белгілі тілді болмасын, жалпы тілдерді
болмасын салыстырғанда оларды бағалаудың нақты айырым-
белгісі болуы шарт. Яғни мұндайда эталон-тілдің керектігі
туындайды. Әртүрлі тілдерді зерттеп, оларға жан-жақты
сипаттама бергенде, ол тілдер осы эталон-тілдің тұрғысынан
сипатталады. Салыстырылып отырған тіл мен басқа тілдер
тарапынан
қарағанда эталон-тілді де
Достарыңызбен бөлісу: