Есеналиева Жанар
өте-мөте керек тәсіл /Буранов Дж./
Тілдің типін айқындау, сайып келгенде, тілдің құрылысын
айқындау болып шығады. Алайда, белгілі бір тілдің қандай
типке жататындығын айқындау үшін, әдетте, сол тілдің барлық
қасиеттері мен ерекшеліктері емес, оның басты белгілері
негізге алынады. Тілдерге типологиялық классификация
жасауда грамматикалық формалардағы аналитизм мен
синтетизм құбылыстарының арақатысы, бұлардың бірінің
басым, екіншісінің аз не мүлдем болмауы, анықтауыш
пен анықталғыштың арасындағы байланыстың түрлері,
сөйлемнің эргативті конструкциясы, сөздердің орын тәртібінің
ерекшеліктері (сөйлемдегі сөздердің орнының тұрақтылығы не
жылжымалы болуы, анықтауыштың анықталғыштың алдына
не соңында келуі, баяндауыштың орны) және осылар тәріздес
тілдік құбылыстар ескеріледі /Аханов К./.
Тілдің типі дегеніміз – тілдің жеке белгілері бойынша
(морфологиялық құрылым, грамматикалық мағынаның берілу
тәсілі т.б.) әртүрлі тілдерді біріктіретін тілдік жүйенің барынша
жалпы, сонымен қатар, қысқа сипаттамасы /Э.Д.Сулейменова,
1996./.
Профессор Э.Д.Сулейменова тіл біліміндегі тип ұғымын
саралай келе, оған тән бірнеше ерекше қасиеттерді көрсетеді:
1) Динамикалылық. Тілдердің өзгеруге бейім екендігіне
байланысты, тіл мен тип арасалмағы өзгеруі ықтимал. Тіл өзгере
келе типологиялық классификациядағы орнын да өзгертуі әбден
мүмкін.
2) Синхрониялылық. Таза тип туралы ұғымдар тілдердің
синхрониялық сипаттамасы негізінде пайда болған. Соңғы
кезде синхрониялық типология тез дамығанына байланысты тіл
типі ұғымы жаңа мазмұнға ие бола бастады.
3) Шарттылық. Қандай болмасын нақты тілдің
құрылымында әртүрлі типтің белгілерінің болуы да кездеседі.
Жалпы тілдің табиғаты политипті. Таза типтің талабын
көтеретін тіл кемде кем. Себебі тілді белгілі бір типке жатқызу
шартты нәрсе.
–
114
–
Салғастырмалы тіл білімі
Тілдің типі жөнінде біршама толық анықтама
Ғ.Қалиевтің «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде»
берілген: Тіл типі - тіл құрылымының неғұрлым жалпы,
әрі ықшам сипаттамасы; тілдің жекелеген белгілері арқылы
анықталатын тілдердің негізгі түрлері туралы жинақталған
түсінік. Тілдің типін анықтауда қажет белгілер морфологиялық
құрылымға, грамматикалық мағыналардың берілу жолдарына,
қимылдың объектісі мен субьектісінің көріну сипатына
байланысты. Сөздің морфологиялық құрылымына қарай тілдер
флективті, жалғамалы, даралаушы, полисинтетикалық болып
бөлінеді. Грамматикалық мағыналардың берілу жолдарына
қарай тілдер аналитикалық, синтетикалық болып бөлінеді.
Қимылдың субьектісі мен объектісінің көрінісіне қарай
тілдердің номинативті, эргативтік құрылысы қалыптасады. Тіл
типіне динамикалық, синхрондық, шарттылық сипаттар тән.
Әртүрлі тіл типіне тән белгілер, қасиеттер тілдердің
қайсысында болсын кездеседі. Тіл типі жалпы ортақ белгілер
арқылы анықталады. Әрбір тіл өмірде бірегей, қайталанбайтын
құбылыс болып табылады /Ғ.Қалиев, 2005/.
Тілдердіңі типі деген ұғымды анықтай түсу үшін
бірқатар мәселеге көңіл бөлген дұрыс. Олар: а) Тілдерге
типологиялық баға берудегі морфологияның рөлі қандай?
ә) Агглютинация мен фузия сөз құрамын анықтауда тек
грамматикалық тенденция ретінде қарастырыла ма, жоқ әлде
ол сөздегі морфемалардың жалғану тәсілі ретінде қарастырыла
ма? б) Синтетизм мен аналитизмді грамматикалық құрылым
ретінде түсіну керек пе, жоқ әлде синтетизмнің флекциямен,
аналитизмнің
агглютинациямен
байланысын
көрсету
керек пе?
Демек, тілдерді типологиялық топтарға бөлгенде,
ең алдымен ол тілдің грамматикасы қалай құрылған, онда
грамматикалық тәсілдердің қайсысы басымдық етеді? деген
мәселелер басшылыққа алынады.
Тілдердің типін анықтаудағы морфологияның рөлі зор екені
қазіргі уақытта көп түсіндіруді талап етпейді. Морфологиясыз
–
115
–
Достарыңызбен бөлісу: |