Салғастырмалы тіл білімі пәні бойынша ролдік ойындар Ойынның аты: «Мен білетін филолог-ғалым» Мақсаты: Ғалымдар өмірін, ғылыми зерттеулерін
әңгімелеуге, олардың ғылыми еңбектерін саралауға, басқа
еңбектермен салыстыра отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Ойынның шарты: Студенттер екі топқа бөлінеді. Бірінші
топ ғалымның атын жұмбақтап, еңбектерінің ерекшелігін айта
отырып, өмірі, қызмет жолы, зерттеулері туралы әңгімелейді.
Екінші топ мәлеметтің кім жайында екенін табуға тырысады.
Қай топ көп жасырады, қай топ көп жасырады және табады, сол
топ жеңіске жетеді.