Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет81/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Есеналиева Жанар
Мәдени мінез-құлықтың маңызды факторларының бірі не 
жағдаят жатады. Э.Холл оны «Мәдени көзілдірік» деп атайды. 
Әдетте  адам  өзінің  мінез-құлық  үлгілері  мен  оны  қабылдауы 
тек өз мәденитінің ықпалы екенін түсіне білмейді, сондықтан 
да  басқа  мәдениет  иелерінің  басқа  көзқарасын,  басқа  мәдени 
нормалары  мен  мәдени  құндылықтары  бар  екенін  бірден 
қабылдай алуы қиынға соғады. Адамдардың көбінің күнделікті 
мінез-құлықтары  аңғырт  реализм  арқылы  сипатталады. 
Олардың  түсінігінше  қоршаған  орта,  әлем  өзі  қалай  түсінсе, 
солай  қабылданылуы  керек.  Әлемдегі  заттар,  құбылыстар, 
адамдар,  оқиғалар  т.б.  мұндай  адамдар  өзінен-өзі  түсінікті, 
заңды әдетті жағдаяттар деп қабылдайды. Мұндай жағдай басқа 
мәдениет  нормалары  мен  құндылықтарын  асыра  бағалауға 
әкеліп соғады.
Әр адам саналы болсын, санасыз болсын өз мәдениетінде 
қалыптасқан  мінез-құлықтарын  ұстанады.  Мысалы,  мінез-
құлық түрлері әртүрлі мәдениетте әртүрлі көрініс табады. Егер 
Мексикада  әйелдер  мен  ерлер  шіркеуге  бірге  барып,  үндемей 
тұратын  болса,  Иранда  әйелдер  мен  ерлер  мешітке  бірге 
бармайды,  бөлек  отырып  құран  оқиды,  Қазақстанда  мешітке 
олар бірге бара береді.
Әр мәдениетте өзіне тән әдеттер жүйесі қалыптасады. Ол 
белгілі – бір жағдаятқа байланысты. Сондықтан олардың негізгі 
белгілері  қоғам  өмірі  бейнесіне    сәйкес  келеді.  Бір  қарағанда 
бәріне  ортақ  әдет-ғұрып  әр  мәдениетте  өзіндік  мағынаға  ие, 
мысалы  –  баланың  дүниеге  келу,  үйлену  тойлары  әдеттері. 
Оларды  қалай  өткізу    әр  халықта  қалыптасқан  салт-дәстүрге  
байланысты.
Құқық  –  мінез-құлықтың  белгіленген  міндетті  ережелер 
жүйесі.  Ол  адамдардың  мінез-құлық  ережелері  туралы 
адамдардың бірлескен келісімі. Бұл ережелер барлық азаматтар 
үшін міндетті, ал оның орындалуы  қадағаланылады.
Құндылықтар  категориясы  адам  санасында  әртүрлі 
құбылыстарды  салыстыру  арқылы  қалыптасады.  Дүниені 
танып  білу  арқылы  ол  өзіне  не  қажет,  не  қажет  емес,  не    өз 


– 
126 

Салғастырмалы тіл білімі
өміріне маңызды, не маңызды емес т.б. екенін шешеді. Осының 
салдарынан  адамда  қоршаған  ортаға  деген  қарым-қатынасы 
қалыптасады.  Сол  арқылы  адам  не  маңызды,  не  маңызды 
еместігін анықтайды. Мәдениетте құндылық үлкен маңызға ие, 
себебі ол адамның табиғатқа, социумге, айналасына деген көз-
қарасын, қатынасын белгілейді. 
Мәдени құндылықтар әр адам өмірінде әртүрлі мағынаға ие. 
Сондықтан  кей  адамдар  коллективті,  ұжымдық  құндылықтарды, 
ал  басқалары  –  жеке  басты,  индивидуалды  құндылықтарды 
мойындайды.  Мәселен,  АҚШ-та  бірінші  кезеңде  жеке  басты 
құндылық,  тек  содан  кейін  ғана  әлеуметтік  ортаның  құндылығы 
тұрады, ал Жапонияда керісінше, әр адам алдымен қоғам мүшесі, 
содан  кейін  ғана  жеке  басы,  яғни  индивид  ретінде  түсіндіріледі. 
Құндылықтардың  қайсысы  адамдарға  маңызды,  қайсысы  онша 
маңызды емес екендігі мәдениетке байланысты. Олардың құрылмы 
мен  маңыздылығы  мәдениет  ерекшеліктерін  белгілейді.  Өз  
мәдениетіңнің  құндылықтары  басқа  мәдениет  иелерімен  қарым-
қатынас  кезінде  ғана  бағаланып  айқындалады.  Коммуникация 
кезінде  әртүрлі  мәдениеттердің  бір-біріне  әсері,  айырмашылығы 
мен ерекшеліктерін, құндылық бағдарын түсіне аламыз. Міне, осы 
кезде  әртүрлі  түсінбеушілік,  келіспеушілік,  есеңгіреу,  ашулану, 
ренжу,  бір-бірінен  алыстау  т.б.  сол  сияқты  ситуациялар  пайда 
болады. 
Мәдениетаралық  коммуникацияның  ойдағыдай  табысты 
өтуі  адамдардың  бір-бірінің  мәдениетіндегі  құндылықтар 
ережелерін жақсы біліп меңгеруіне байланысты.
«Мәдениеаралық компетенция»  дегеніміз Н.Д.Галькова-
ның пікірінше мыналар: 
•  басқа  этностың  мәдениетіне  сезімталдықпен  қарап, 
оны  қабылдау,  түсіну,  өз  мәдени    құндылықтарымен 
салыстыра  отырып,  араларындағы  ұқсастық  пен 
ерекшеліктерді анықтау;
•  өзге  өмірге,  өзге  санаға,  өзге  құндылықтарды  танып 
біліп,  олармен  қарым-қатынасқа  түсе  отырып  өзінің 
әлем туралы бейнесін толықтыру [3,35].


– 
127 

Есеналиева Жанар
Ол  үшін    тіл  иелерінің  өмір  сүру  ерекшеліктері  мен 
тұрмыс  жағдайларымен  танысу,  сол  елге  тән  вербалды  емес 
мінез-құлықтың  этикасын  меңгеру,  мәдениетімен,  әлеуметтік 
проблемалары  мен  бағыттарымен  т.б.  танысу  қажет. 
Мәдениетаралық  коммуникация  кезіндегі  қиыншылықтар  бір  
жағынан  тілге,  екінші  жағынан  мәдениет  ерекшеліктерінен 
туындайды.
Қазіргі  заманда,  әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей, 
аккультурация процесінің ең тиымды стратегиясына интеграция 
жатады.  Оның  іске  асуы  мәдениетаралық  біліктілікке 
байланысты. Ұлттық мінез-құлық  дегеніміз не? Ол белгілі бір 
ұлттық  қоғамға  тән  социалды-психологиялық  белгілері  және 
халық  рухы  көрінісінің  жиынтығы.  Ұлттық  мінез-құлық  пен 
ұлттық  менталитет  тығыз  бір-бірімен  байланысты.  Ұлттық 
менталитет  –  адамның  қоршаған  ортаны  қабылдаудағы  және 
оның  қоршаған  ортаны  сезіну,  оған  әсер  ету  ерекшелігі.  Бұл 
өз кезеңінде тарихи тұрғыдан экономикалық, саяси шарттарға 
негізделеді,  сол  арқылы  анықталады.  Ұлттық  мінез-құлық 
тарихи құбылысқа жатады. Ол – қоғамдағы қарым-қатынастың 
нәтижесі.  Ұлт  менталитеті  ұлт  өкілінің  ақыл-ойы,  ойлау 
көрінісі, рухы. Осылардың бәрі бірігіп әлем бейнесін, ұлттың 
мәдени құндылықтарын біріктіреді.
Этностың  менталитетін  және  ұлттың  ойсаналық 
архетипіне  барып    тірелетін,  тілдің  концептуалды  жүйесінің 
аксеологиялық  сипаттарын    құрайтын      тілдік  бірліктердің 
қай-қайсысы да – когнитивтік лингвистика үшін аса маңызды 
проблемалардың  бірі. Бұндай  тілдік  бірліктерді Е.М.Верещагин 
мен  В.Г.Костамаров  [4,36].    өздерінің  «Тіл  және  мәдениет» 
атты  кітаптарында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет