–
128
–
Салғастырмалы тіл білімі
«подарок тому, кто сообщил добрую весть» болады. Немесе орыс
тіліндегі «масленка» қазақша «май салатын ыдыс». Бұл жерде
универб сөздер «сүйінші» және «масленка» болса, перифраз
сол ұғымдардың сипаттама түсіндірмесі болып табылады
[6,95]. Кейінгі жылдардағы салыстырмалы тіл білімі бойынша
зерттеулерде осындай тілдік бірліктер лингвомәдениеттану және
когнитивтік лингвистика ғылымдарымен тығыз байланыста
қарастырыла бастады. Ізденушілер мен зерттеушілер әсіресе
концептілер мен лингвокультуремалардың аудармада қалай
берілетіндігін жаңа позициялар шеңберінде талдауға кірісті.