–
98
–
Салғастырмалы тіл білімі
келеді. Ол басымдылық белгілі деңгейде ерекше сипатқа ие
болып, басқа белгілердің көрінуіне ұйтқы болады және тілдің
бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді.
Мәселен, қазақ тілінің құрылымында да типологиялық
басым белгілер кездеседі.
Біз жоғарыда басым белгі, басымдылық (доминант) және
басым белгінің тілдің типіне әсер ететін ерекшесі (детерминант)
ұғымдарының аражігін ажыратамыз деген едік. Төменде біз
қазақ тілінің құрылымындағы басым белгілерді көрсетеміз.
Детерминантты курсив арқылы белгілейміз.
Фонетикалық
басым белгілер:
1) Сөз басы мен соңында дауыссыз дыбыстар тіркесінің
болмауы;
2)
Үндестік заңының
болуы;
3) Үндестік
заңымен
жалғасатын
фонетикалық
сипаттардың
бар болуы;
4) Сөздің
фонетикалық тұтастығын сақтауға мүмкіндік
беретін ассимиляциялық және диссимиляциялық
құбылыстардың ықпалы.
Морфологиялық
басым белгілер: 1)
Сөздің морфемалық
құрылымының айқындылығы;
2) Түбір морфеманың өзіндік
тұрақты фонетикалық қалпын сақтауы; 3) Атау септігіндегі
сөз негізі (түбір) бүкіл септеу парадигмасының орталығы
(негізі) болып келуі; 4) Сөзжасам және сөз түрлендіру
құбылыстары негізінен агглютинативті аффиксация есебінен
жүзеге асуы (бұл жағдайда аффикстер тіпті өзгермейді);
5) Аффикстердің бір мағыналығы және стандарттылығы;
6) Аффикстердің жалғану тәртібінің тұрақтылығы.
Синтаксистік
басым белгілер:
1)
Сөздердің сөйлемдегі тұрақты орын тәртібі;
2) Анықтауыш айқындалушы сөз алдында, толық тырушы
сөз толықтауыш алдында, баяндауыш сөйлем соңында
орналасады.
Әрбір деңгейдегі детерминант типологиялық басым ды-
лықтың негізгісі болып табылады. Ол басқа белгілердің көрінуіне
негіз болады, тіпті тілдің типінің анықталуына әсер етеді.