Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет8/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

1. Салыстырмалы тіл білімі
Салғастырмалы тіл білімінің, контрастивизмнің алғашқы 
ғылыми  қайнар  көзі  салыстырмалы  тіл  білімі  болды,  ол 
бастапқыда тілдердің туыстық немесе туыстық емес қатынасы 
параметріне көңіл бөлмеді.
Екі  тілді  салыстырмалы  зерттеулер  (кейде  жүйесіз, 
кейде  толық  емес)  ерте  кезден  жүргізіле  бастаған.  Саналы 
немесе  бейсаналы  түрде  екінші  тілдің  грамматикасын  (ана 
тілінің  көптеген  алғашқы  грамматикаларын)  түсіну,  (мысалы, 
И.П. Сусов ертеде Вавилондағы шумер және аккад тілдерінің 
арасында  лексикалық  салыстыруларлар  болғанын,  сондай-
ақ,  хетт  аудармашыларының  хетт  және  басқа  тілдерді 
салыстыруының, Панинидің санскритті Ведик пен пракритпен 
салыстыруының,  Орта  ғасыр  мен  қайта  өрлеу  дәуірінде 
ежелгі латын және грек ғалымдары ана тілдерін латын, ежелгі 
грек  тілдерімен  грамматикалық  салыстыру  тәжірибелерінің 
болғанын айтады).     
Салыстырмалы  тіл  білімі  -тілдерді  шыққан  тегіндегі 
жакындығына, типологиялык құрылымына тәуелсіз зерттейтін 
тіл  білімінін  саласы.  Салыстырмалы  тіл  білімінің  мақсаты 
-  салыстырылатын  тілдердін  арасындағы  ұқсастықты, 
айырмашылықты айқындау.
Салыстыру  тілдін  әр  түрлі  деңгейлерінде  (фонетика, 
фонология,  лексика,  морфология,  синтаксис)  мен  тілдік 
элементтері арасында (фонема, морфеме, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, 
мәтін)  жүргізіледі:  грамматикалық  құрылыс,  құрылымдық-
семантикалық  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар,  тілдің 
лексика-семантикалық  категориялары  т.б.  Салыстырмалы 


– 
15 

Есеналиева Жанар
тіл  білімінің  негізінде  салыстырмалы  әдіс  жатыр.  Яғни, 
«салыстыру»
 деген терминді екі немесе одан да көп тілдерді 
салыстырғанда,  мысалы  қазақ  және  қырғыз  тілін,  қазақ  және 
қарақалпақ  тіліне  байланысты  айтамыз.  Салыстырмалы 
лингвистиканың  ғылымға  дейінгі  қайнар  көзі  күнделікті 
өмірдегі байқаулар деп танылуы керек. Ұзақ уақыт бойы адамзат, 
әсіресе аудармашылар, алғашқы тіл мұғалімдері, саяхатшылар, 
көпес тер  және  т.б.  «аңғал»  мәдениетаралық  коммуникатор-  
лар  әлемдегі  тілдердің  айырмашылықтары  туралы  өз 
байқауларын жасап, қағазға жазып отырған. Салыстыру сыртқы 
қоршаған  ортаны  танып,  білудің  бірден-бір  логикалық  әдісі. 
Сондықтан да ол ғылымдардың барлығына тән.  Фактілерді бір-
бірімен салыстыру тек ғылыми зерттеулерде ғана емес, әртүрлі 
тілдерді  үйрену,  оқыту  процестерінде  де,  салыстырмалы 
сөздіктер  жасауда  да  кең  қолданылады.  Салыстыру  арқылы 
салыстырылып  отырған  нысанның  ерекшеліктері,  басқаларға 
ұқсастық және одан өзгешелік жақтары айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет