Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет7/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Есеналиева Жанар
шарттар орындалған кезде ғана тілдерді салғастыру мүмкіндігі 
туады.  Бұл пайымдауды В.М.Солнцев: «Всякое сопоставление 
и сравнительное изучение языков фактически всегда побуждает 
различать общие и частные свойства и критерий. Лингвистика 
явно или неявно всегда этим занималась» - деп, растай түседі.  
Қазіргі  тіл  білімінде  туыстас  және  туыс  емес  тілдерді 
салғастыра  зерттеу  –  олардың  арасындағы  ұқсастықтар 
мен  ерекшеліктерді  ашуда  үлкен  роль  атқарады.  Тілдердің 
фонологиялық,  морфологиялық,  грамматикалық,  лексикалық 
т.б. ерекшеліктерін салғастырмалы әдіспен  зерттеу 20-ғасырдың 
екінші жартысынан бастап, бүгінгі күнге дейін  салғастырмалы 
тіл білімі ретінде қалыптасып отыр.
Салғастырмалы  тіл  білімінің  жеке  сала  ретінде 
қалыптасуында, оның зерттеу әдістері мен мақсат, міндеттерін 
айқындауда В.Д.Аракин, (1973), Дж.Буранов, (1983), В.Н.Ярцева, 
(1960,1981,1986),  У.К.Юсупов,  (1983)  т.б.ғалымдардың 
еңбектерін ерекше атауға болады.
Салғастырмалы лингвистикада көбіне екі, кейде одан да 
көп  тілдер  салғастырылып,  одан  шыққан  қорытынды  бір  топ 
кешенді  теориялық  және  лингводидактикалық  мәселелерді 
шешуді  қажет  етеді.  Ондай  теориялық  мақсат-міндеттер  деп 
төмендегілерді атауға болады:
1)  Салғастырылып  отырған  тілдер  арасындағы  сәй-
кестіктер мен айырмашылықтарды анықтау; 2) бір тілді оқып-
үйренуде  көзге  түспейтін,  ескерілмей  қалатын  белгілерді 
тауып көрсету; 3) сол тілдерге тән тілдік үрдістерді айқындау; 
4)  салғастырылып  отырған  тілдер  арасындағы  жүйелік 
сәйкестіктер мен айырмашылықтарды (яғни тілдер арасындағы 
эквиваленттер  мен  лакуналарды)  анықтау;  5)  тілдердің  бір-
біріне  ықпалын,  бір-біріне  әсерін  (егер  қатар  өмір  сүрсе) 
нақтылау; 6) мүмкіншілігінше тілдер арасындағы сәйкестіктер 
мен айырмашылықтарды түсіндіру; 7) салғастырылып отырған 
тілдердің  арасында  кездесетін  дедуктивтік  универсалийлерді 
таныту.


– 
12 

Салғастырмалы тіл білімі
Ал  лингводидактикалық  мақсат,  міндеттер  мына 
мәселелерді қамтиды: 
1)  Салғастырылып  отырған  тілдер  арасындағы 
сәйкестіктер мен айырмашылықтардың әдістемелік мәнділігін 
(релеванттылығын)  айқындау;  2)  тіл  аралық  ықпалдық 
(интерференция) сипатын анықтау; 3) шет тілін оқытуда тілдер 
арасындағы  айырмашылықтарға  байланысты  туындайтын 
қиыншылықтарды  көрсету;  4)  шет  тілін  оқыту дың  әдістемесі 
ретінде тілдер арасындағы
 
салғастырудың шекарасын көрсету; 
5) шет тілін оқытудың әдістемесі ретінде тілдерді типологиялық 
жағынан салыстыруды жіті зерттеу.
Салғастырмалы  лингвистика  саласында  қазіргі  уақытта 
екі бағыт қатар келеді: теориялық мақсатта тілдерді салғастыра 
зерттеу және лингводидактикалық мақсатта тілдерді салғастыра 
зерттеу.
Бірінші бағыттағы ғалымдар (В.Г. Гак, 1977; Ю.С.Маслов, 
1978; Дж.Буранов, 1983) салғастырмалы лингвистикада тілдер 
арасындағы  сәйкестіктер  мен  ұқсастықтарды  топтастыруда 
теориялық  мәселелерге  баса  назар  аударса,  екінші  бағыттағы 
тілшілер  (Р.Ю.Барсук,  1970;  Lado,  1957,  Nickel,  1971) 
лингводидактикалық  аспектіге  көбірек  көңіл  бөліп,  екі  тілді 
типологиялық  жағынан  салғастыра  талдауды  шет  тілін 
оқытудың тиімді әдістемесі мақсатында қарастырады.
Салғастырмалы  тіл  білімінің  салаларының  бір 
бағыты  ретінде  контрастивті,  конфронтативті,  компаративті 
лингвистикалар дараланады.     
Профессор  Қ.Рысалды  контрастивті  салғастырудың 
ерекшелігін  тілдердің  генетикалық  қатынасына  қарамай, 
олардың  айырымдылық-контрасты  қасиеттеріне  көңіл 
бөлетіндігінде  десе,  компаративті  салыстыру  тілдердің 
айырымдылық  ерекшеліктерінен  гөрі  ұқсастығын  зерделеу 
басым  болып,  салыстырмалы  тіл  біліміне  тән  нысанды 
көздейтінін  айтады.  Ғалым  контрастивтіні  конфронтативтікке 
қарсы қойып жіктеп жатудың артық екендігі туралы В.Г.Гак пен 
Э.Д.Сүлейменова айтқан пікірді қолдайды. Сөйтсе де «тілдердің 


– 
13 

Есеналиева Жанар
айырмашылығын  анықтаған  кезде,  олардың  ұқсастықтары 
да  назарда  болады,  ұқсастықтар  негізінде  айырымдылық 
қасиеттері  айшықтанады;  тілдердегі  ұқсастық  пен  контрасты 
айырмашылық  диалектикалық  бірлікте  болады,  бірінсіз-бірі 
болмайды» - деп түйіндейді Қ.Рысалды.
Ал  В.Д.  Аракиннің  «Сравнительная  типология 
английского  и  русского  языков»  атты  еңбегін  бинарлы  (екі 
тілді)  салғастыру  деп  айтуға  болады.  Автор  ағылшын  және 
орыс тілін салыстыруды тілдің барлық деңгейі  (фонетикалық, 
морфологиялық,  синтаксистік  және  лексикалық)  бойынша 
жүргізеді.  Еңбекте  құрылымы  әртүрлі  тілдердің  материалы 
негізінде    жалпы  және  жеке  типологияның  теориясы  мен 
проблемалары сөз болады. Оның ішінде  тілдің типі, тіл аралық 
изоморфизмдер мен алломорфизмдер талданып, типологиялық 
зерттеудің әдіс-тәсілдері сараланады.
Бинарлық  салғастыру  кейде  бір  тілді  туыстас  бірнеше 
тілдермен  бірге  салғастыруға  ұласуы  ықтимал.  Ондай 
жағдайда тіл ішілік алломорфтар тіл аралық алломорфтармен 
салғастырылады.  Мұндай  салғастыруға  Дж.Бурановтың 
«Сравнительная  типология  английского  и  тюркских  языков» 
атты  іргелі  еңбегін  жатқызуға  болады.  Зерттеуде  алғаш  рет 
кеңестік  және  шетелдік  ғылымдардың  тіл  типологиясы 
саласындағы соңғы жетістіктеріне негізделген лингвистикалық 
типологияның  ғылыми  классификациясы  келтірілген.  Дж 
Буранов  бұл  еңбегінде  ағылшын  тілін  түркі  тілдерімен 
салғастырып,  арасындағы  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар 
саралайды.
Салғастырмалы  (контрастивті)  лингвистика  өзінің 
зерттеу  әдіс-тәсілдері  бар  тіл  білімінің  негізгі  бағытының 
бірі.  Тілдер  арасындағы  ұқсастықтар,  сәйкестіктер  мен 
айырмашылықтарды  қарастырып,  салғастырады.  Лексикалық 
және  фразеологиялық  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды 
да  салғастырмалы  лингвистика  қарастырады.  Салғастырмалы 
талдаудың  негізгі  кез  келген  тілдің  бірліктері  болуы  мүмкін: 
фонема,  морфема,  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  грамматикалық 


– 
14 

Салғастырмалы тіл білімі
құбылыстар  тіпті  мәтінге  дейін.  Салғастырмалы  зерттеулер 
тілдің  барлық  деңгейлері  (фонетика,  лексика,  грамматика) 
бойынша жүргізіледі. Контрастивті зерттеулер тек екі тілді ғана 
емес үш тіпті одан да көп тілдерді қамтуы мүмкін.
Контрастивті  лингвистиканың  мынадай  қайнар  көзден 
бастау  алады:  салыстырмалы  тіл  білімі,  лингвистикалық 
типология және лингвистикалық универсалийлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет