Ген
- хромосоманың белгілі бір бөлігіне орналасқан тұқым
қуалағыштықтың негізгі материалдық бірлігі.
Генезис
- шығу тегі немесе пайда болу процесі.
Геном
- жануар мен өсімдік клеткасындағы хромосомалардың
жартылай (гаплоидты) жиынтығы.
Генотип
- организмнің ата-аналарынан қбылдаған тұқым
қуалау бастамаларының немесе гендердің жиынтығы. Генотипі
бойнша организм не гомозиготалы не гетерозиготалы болып келеді.
Генеология
- қандай болмасын бір организмнің шығу тегін
зерттеу.
Генетика
-
организмдердің
тұқым
қуалағыштығы
мен
өзгергіштігі туралы ғылым.
Генетикалық
талдау
(анализ)
-
организмнің
тұқым
қуалаушылыгы мен өзгергіштігін зерттеу.
Гетерозигота
- клеткаларында белгілі бір геннің түрлі
аллельдері бар (мысалы - Аа) дарақтар. Ондай дарақтар «А» жэне
«а» - аллельдері бар гаметалар түзеді. Гетерозиготалы орган измдерді
өзара будандастырғанда генотипі мен фенотипі бойынша Мендель
2 2 6
заңдылықтарына сай ажырау жүреді. Кез-келген дарақ бір жұп
аллельге байланысты гетерозиготалы болуы мүмкін.
Гетерозис - бірінші будан ұрпақтың тіршілік қабілетінің ата-
аналарына қарағанда күшті болуы.
Гибрид
-
генетикалық
түрғыдан
бір-бірінен
өзгеше
формаларды будандастыру арқылы алынған ұрпақ.
Гипертрихоз - құлақ қалқанының жиегіне жүн осу. У
хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын белгі. Әдетте, бүл ауру тек ер
адамдарда болады.
Гипоплазия - тіс эмалі өте жұқарып, соның салдарынан тістің
түсі бұзылады. Жыныспен тіркес түқым қуалайтын доминантты белгі.
Гистондар - жануарлар
мен
өсімдіктер
клеткаларының
көпшілігінің ядросында болатын қарапайым белоктар немесе
протеиндер тобы.
Глаукома - көз алмасындағы сүйықтықтың сыртқа бөлінуі
бұзылады.
Соның салдарынан түрлі
патологиялық өзгерістер
қалыптасып, ең соңында адам көруден қалады. Глаукоманың түрлері
көп. Олардың біразы аутосомдық - доминантты, ал кейбіреулері
аутосомдық рецессивті тип бойынша түқым
қуалайды. Сондай-ақ түқым қуаламайтын фенокопиялық формалары
да кездеседі.
Гомозигота - деп клеткаларында белгілі бір аллель жұбының
біркелкі не доминантты (АА), не рецессивті гендері
(аа)
бар дарақты
айтады.
Ондай дарақтардың гаметалары бір сортты болады және
ешуақытта ажырамайды.
227
|