Ядрошықта
көп
мөлшерде
РНК
кездеседі
жэне
оның
рибосомалық РНК мен белок - гистондардың синтезінде маңызды
орын алатындығы анықталды. Ядролық мембрананың саңылаулары
арқылы РНК цитоплазмадағы рибосомаларға өтіп, одан белок
синтезіне
қатысады.
Ядрода жасалатын белок - гистондар
хромосоманың құрамына енеді. Ядро шырыны жартылай қоймалжың
зат. Оның құрамында хроматин болады, сондықтан хромоплазма деп
аталады.
Прокариоттардың, жоғарыда айтылған эукариоттарға қарағанда,
клетка құрылысында біраз өзгешеліктер болады. Мысалы, бактерия
клеткасында өз алдына жеке дара ядро болмайды, ал тұқым
қуалаушылыққа
жауапты
хромосомалар
батырыңқы
түрде
орналасады.
Сонымен тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып
саналатын зат - хромосома. Ол негізінде клетканың ядросында
орналасады. Ал хромосоманың өзін көріп, құрылысымен танысу тек
клетканың бөлінуі кезінде ғана мүмкін болады.
Жалпы организмде клеткалардың екі түрі кездеседі. Олар дене
(сомалық) клеткалары жэне жыныс клеткалары (гаметалар). Дене
клеткалары митоз жолымен, ал жыныс клеткалары мейоз жолымен
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: