АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан
Республикасында
білім
беруді
жетілдірудің
Мемлекеттік бағдарламасына сэйкес
студенттердің өз беттерінше
оқып, терең де жүйелі білім алуы үшін қазақ тілінде жарық көретін
оқулықтар мен оқу құралдарының алатын орны ерекше. Осыны
ескере отырып жазылған бұл оқулық
педагогикалық жоғары оқу
орындары студенттеріне генетика пэнінің барлық тарауларын жақсы
меңгерігі,
тиянақты
білім
алуларына
көмегін
тигізеді
деп
есептейміз.
Кітапта генетика ғылымының негізгі мәселелері,
атап айтқанда,
тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері, Г.Мендель заңдары,
гендердің өзара әрекеттесуі, жыныс генетикасы жэне жыныспен
тіркесіп
тұқым қуалау заңдылығы, кроссинговер құбылысы, адам
генетикасы мен медициналық генетика,
өзгергіштік заңдылықтары,
молекулалық генетиканың негіздері мен генетикалық инженерия,
онтогенездің генетикалық негіздері,
популяциялар генетикасы,
эволюцияның
және
селекцияның
генетикалық
негіздері
т.б.
толығымен қамтылган.
Ұсынылып отырған оқулық жалпы білім беретін мектептерге
мұгалімдер даярлайтын 050113 - «Биология», 030300
«Химия және
биология» мамандықтарына арналып, Қазақстан
Республикасы Білім
жэне ғылым министрлігі бекіткен «Генетика жэне селекция негіздері»
курсының типтік оқу бағдарламасына сай жазылды.
3
Оқулық автордың ұзақ жылдар бойы Абай атындағы бұрынгы
ҚазПИ,
қазіргі
Қазақ
Ұлттық
педагогикалық
университеті
жаратылыстану-география
факультетінің
студенттеріне
оқыған
«Гентика және селекция негіздері» лекциялар курсы негізінде
жазылды. Теориялық материалдарды бекіту
мақсатында әр тараудан
кейін оларды талқылауға арналған сұрақтар, ал ең соңында
генетикалық терминдердің түсіндірме сөздігі берілді.
I ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: