Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет56/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96
ТАБИҒИ (СЕКІРМЕЛІ) МУТАГЕНЕЗ
Секірмелі (спонтанды) түрде болатын мутациялық өзгергіштікке 
белгілі бір факторлармен арнайы эсер ету арқылы емес, табиғи 
жағдайда өздігінен пайда болатын мутациялар жатады.
Де - Фриздің мутациялық теориясының қалыптасуы эртүрлі 
өсімдіктер 
мен 
жануарларда 
болатын 
түдым 
қуалайтын 
өзгергіштіктерді 
тауып 
зерттеуге 
мүмкіндік туғызды. Жалпы 
мутацияның табиғатта кең таралатындығы ертеден белгілі. Мысалы, 
XIX ғасырдың бас кезінде Францияда Версаль маңында кәдімгі 
сарыағаш (барбарис) өсінділерінің арасынан қызыл жапырақты 
формасы табылған. Кейін одан алынган ұрпақтар да қызыл 
жапырақты болып шыққан. Сол сияқты сасық меңдуананың түқым 
қорабының тікенектері жоқ түрі табылған және ол қасиеттің үрпақтан 
ұрпаққа, тұрақты түрде беріліп отыратындығы анықталған.
155


Спорта деп аталатын бүршікті мутацияларға кезінде Ч.Дарвин 
көңіл аударған болатын. Ол оның кейбіреулерін сипаттады. Мысалы, 
қарлыған 
өсімдігінің 
бір 
бүтағының 
өзінде 
бірнеше 
түсті 
жидектердің болатындығын және бадам ағашының шабдалыға ұқсас 
жеміс беретіндігін байқады. 1924-1925 жылдары неміс генетигі
Э.Баур намазшам гүлдің түсі мен қүрылысы бойынша ерекше көзге 
түсетін мутацияларды анықтады. Ол осы түрге жататын әрбір 1000 
өсімдікке кемінде екі мутациядан келетіндігін тапты.
Жануарларда да көптеген мутациялар анықталды. Олардың 
көпшілігін Ч.Дрвин атап көрсеткен болатын. Солардың біріне 1791 
жылы АҚШ -ты ң Массачусетс штатындағы Анкон фермасында, 
кейінінен анкон тұқымының қалыптасуына бастау болған, қысқа 
аяқты қойлардың шығуы жатады.
Мутациялық өзгергіштік дрозофила шыбынында біршама 
кеңірек зерттелген. Олар денесінің түсі, қанаты, көзі, аяғының 
пішіндері, 
жыныстық белгілері, 
өсімталдығы 
т.б. 
белгілеріне 
қатысты. 
Бұл 
шыбындарды 
лаборатория 
жағдайында 
өсіру 
барысында Т.Морган анықтаған ең алғашқы секірмелі мутант - ақ 
көзді аталық. Табиғи жағдайда өсетін барлық шыбындар қызыл көзді 
болатындықтан, ондай түсті анықтайтын ген жабайы типке тэн ген 
деп аталады да , ал көздің ақ түсін анықтайтын ген -мутантты ген деп 
есептеледі.
Табиғи жағдайда салыстырмалы түрде алғанда мутация сирек 
кездеседі. Мысалы дрозофилада ақ көзді мутацияның жиілігі әр 100 
000 гаметага біреуден -а қ келеді. Бір генге шаққандагы мутацияның 
орташа жиілігі бактерияда шамамен 1:10 000 000. Адамда гендердің
156


мутацияға ұшырау жиілігі 1:200 000. Әрбір жеке генге шағып 
қарастырғанда бұл көрсеткіштер аса жоғары емес. Бірақ жоғары 
сатыдағы организмдердің гаплоидты хромосома жиынтығында 
бірнеше мың геннің болатындығын жэне оның әрқайсында мутация 
жиілігі 1: 
1000 000 болып келетіндігін ескерсек, мутациялы
гаметаның саны оншалықты аз да болып шықпайды.
Бір организмнің әртүрлі гендері түрліше жиілікте өзгере алады. 
Немесе бір геннің басқаларына қарағанда бірнеше рет мутациялануы 
мүмкін. 
Мүндай 
заңдылық 
жүгері 
эндоспермінің 
белгілерін 
анықтайтын жеті түрлі геннің секірмелі мутацияларынан аңғарылады. 
Бүл өсімдіктің боялған алейрон қабатының гені бойынша 500 
гаметаға шаққанда бір мутация пайда болатын болса, қатпарлы 
эндосперм гені бір миллион гаметаға бір ғана мутациядан келеді.
Секірмелі мутацияның мөлшері организмнің физиологиялық 
жағдайына жэне клеткада болатын биохимиялық өзгерістерге де 
байланысты. Мысалы, М.С.Навашин мен Г.Штуббеннің айтуы 
бойынша түқымды қамбада ұзақ уақыт бойы сақтағанда олардың 
ескіруі себепті мутациялық өзгергіштіктің пайда болу жиілігі артады. 
Секірмелі мутацияның пайда болу себебінің біріне клеткада кейбір 
заттардың биосинтезіне кедергі келтіретін мутагендік қасиеті бар 
бөгде қосылыстардың жинақталуын да жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет