Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне


ХИМИЯЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ МУТАГЕНДПС



Pdf көрінісі
бет58/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96
ХИМИЯЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ МУТАГЕНДПС
ӘСЕРЛЕРІ
Радиоактивті сэулелердің мутагендік қасиеттері ашылғаннан 
кейін көп кешікпей химиялық заттардың эсерінен де тұқым 
қуалайтын өзгергіштіктің пайда болатындығы белгілі болды. 1932 
жылы В.В.Сахаров дрозофила шыбынының жұмыртқаларын иодты 
калийдің 10 пайыздық ерітіндісімен өңдегенде оның мутация 
тудыратындығын анықтады. 1938 жылы М.Е.Лобашев сол объектіден 
аммиактың мутагендік эсерін байқады. Кейінірек мутация тудыратын 
қасиеті бар, бірқатар химиялық қосылыстар табылды.
і б і


1946 жылы Ш. Аэрбах пен Д. Робсон қыша газының (иприт) 
мутагендік әсерін анықтады, ал И.А.Раппопорт формальдегид пен 
қарапайым гетероциклді қосылыс 
этилениминнің мутагендік 
қасиетін тапты. Қазіргі кезде 500- ден астам эртүрлі мутагендік 
қосылыс бар екендігі белгілі. Олардың қатарына диметилсульфат, 
диэтилсульфат, 
нитрозоэтилмочевина, 
гидроксиламин, 
азотты 
қышқыл, бромурацил, акридиндер т.б. жатады.
Химиялық мутагендер көбінесе гендік мутацияларды тудырады. 
Бұл жағдайда ДНК репликациясы бұзылады, кейде оның жіпшелері 
үзіліп, содан кейін күрделі хромосомалық өзгерістер пайда болды.
Радиациялық мутагенез сияқы химиялық мутагенез де өсімдік 
селекциясында пайдалы мутанттар алу үшін кеңінен қолданылады.
Т ¥Қ Ы М ҚУАЛАЙТЫН ӨЗГЕРГІШТІКТЕГІ
ГОМОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАР ЗАҢЫ
Толып 
жатқан түқым 
қуалайтын 
өзгерістердің арасынан 
систематикалық түрғыда бір-біріне жақын тұрған түрлерде кездесетін 
мутациялардың ұқсас болып келетіндігі анықталды. Атақты генетик 
Н.И.Вавилов осы мәселені жан 
жақты зерттеп, соның негізінде 
өзінің «түқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологиялық қатарлар» 
деп аталатын заңын қалыптастырды. Бүл заң бойынша шығу тегі 
жагынан бір 
біріне жақын систематикалық топқа жататын, 
морфологиялық жэне физиологиялық қасиеттері жагынан да ұқсас 
организмдердің түқым қуалайтын өзгергіштігі де үқсас болып келеді. 
Мысалы, эртүрлі астық тұкымдастар - күріш, бидай, арпа, сүлы,
162


тары, жүгері, бидайықтар тұқымының түсі мен пішіні, масағындағы 
қылтанағы, ерте пісетіндігі, суыққа төзімділігі, сабағының үзындығы 
т.б. қасиеттері жөнінен түқым қуалайтын өзгергіштіктің үқсас 
(гомологиялық) қатарлары болатындығы анықталған ( 7-кесте). Сонда 
бір түрде болатын мутациялық өзгергіштікті білу арқылы оған жақын 
түрлер мен туыстарда да соған ұқсас өзгергіштіктің болатындығын 
алдын-ала болжауға болады. Бұл заң мынандай формула арқылы 
көрсетіледі:
L t (а+в+с...)
Ь2( а+в+с...)
L3 (а+в+с...)
L әріпімен жақын туыстар мен түрлер, ал жақшаның ішіндегі 
әріптермен 
түқым 
қуалайтын 
белгілердің 
үқсас 
қатарлары 
белгіленеді.
Гомологиялық өзгергіштік болуының негізінде екі себеп жатыр:
1. Жақын түрлер мен туыстардың генетикалық қүрылымының 
ұқсастығы жэне олардың шығу тегінің бір екендігі;
2. Белгілі 
бір сыртқы орта жағдайларында жүргізілетін 
сүрыптаулардың әсері.
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологиялық қатарлар заңы 
селекцияда кеңінен қолданылады. Ол көптеген тұқым қуалайтын 
өзгергіштіктердің ішінен кажеттілерін дүрыс таңдап алуға, бір түрде 
болатын мутациялық өзгергіштікті тауып, анықтау арқылы соған 
жақын тұрған екінші түрде дэл сондай мутацияны қолдан жасауға 
мүмкіндік туғызады. Мысалы, XX ғасырдың 20- жылдарына дейін 
қатты бидайдың тек қылтанақты түрлерінің ғана бар екендігі белгілі
163


болып келген. 
Ал жұмсақ бидайдың қылтанақсыз түрлерінің 
болатындығы қатты бидайдың да сондай қылтанақсыз түрлерін алуға 
мумкіндік туғызды.
7-кесте
Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің биологиялық 
қасиеттері мен дәнінің белгілеріндегі түқым қуалайтын 
өзгергіштіктің гомологиялық қатарлары
Түқым қуалай өзгеретін 
белгілер мен касиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет