Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді жəне шығармашыл оқудың басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның
тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу.
Тұлғалық бағдарлы оқу мəні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі əр оқушының жеке өзіне тəн танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі əрі іске қосылады.
Компьютерлі оқу жəне оқыту қызметтері электронды есептеу машиналарының кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жөнінде кері ақпараттың дəл əрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді.
Модульді оқуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің – модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады.
Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пəнаралық оқу – сыбайлас білім салаларындағы пəнаралық жəне пəнішілік байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пəндерін меңгеруді көздейді
Достарыңызбен бөлісу: |