Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет162/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам əрі жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады, өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет. Гуманистік педагогика адам құқына қарсы қатаң əдістерді қолданудан аулақ, дегенмен орынды жерінде бұл əдісті жұмсарта, басқа əдістермен, əсіресе ойынмен бірлестіре пайдаланғанды жөн санайды. Үйретіп көндіру жəне оны ойынмен бірлестіру бала табиғатына сай келеді.

Үйретіп көндіру тəрбие процесінің барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында əбден қажет. Бұл əдісті пайдалану шарттары:



  1. Тəрбие шарттарын екі тараптың да анық, дұрыс түсінуі. Егер тəрбиеші алдына қойған көндіру мақсатының мəнін, пайдасын жете пайымдамаса, онда əдіс баланы түгелдей бағындырумен орындалады. Баланың өзі нені қажетсінетінін түбегейлі түсінген жағдайда ғана əдіс өз нəтижесін береді.

  2. Қандай да талапқа көндіруде, айтар ойыңызды сөзбен анық, түсінімді өрнектеңіз, ерекше пікіріңізді «олай бол да, солай бол» деп қайырмаңыз. Дұрысы «Көршіңе сəлем берсең – ол да жылы сəлемдеседі», «Салақтың болашағы жоқ, тырнағы өскен, құлағы кір – адам шоршытады» сияқты насихат жолымен ұғындырған жөн.

  3. Əрбір уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндігіне сай əрекет жоспарлаңыз. Асығыстық мақсатты жақындатпайды, керісінше, алыстатады. Алғашында дəл орындауға, кейін тез орындауға үйретіңіз.

  4. Қалай орындалуын, одан болар нəтижені көрсете біліңіз. Салақтық пен тазалықты, ұқыптылық пен салғырттықты нақты мысалмен көрсете түсіндіріп, бала жанын қозғаңыз, өз тəрбиесіздігінен ұялып, оқушыны өзінің келеңсіз əрекетінен жеркенуге мəжбүр етіңіз.

  5. Көндірудің бірізді – параллель схемасын қолданыңыз. Егер тұлға сапаларын біртіндеп, кезегімен тəрбиелейтін болсаңыз – уақыт жеткізе алмаймыз. Барша сапаларды параллель де қалыптастырып болмайды. Сондықтан, қай сапалар өзара табиғи байланысты

болатынын анықтап, оларды бірқатар тəрбиелеңіз, екіншіде қай сапа қандай қасиетке негіз боларын біліп алып, оларды бірінен соң екіншісін қалыптастырыңыз.

  1. Көндіру тілектестік пен мүдделілікке негізделген, бірақ бірқалыпты қатаң, үздіксіз бақылау бар жерде нəтижесін береді. Бақылау оқушының өзіндік бақылауына ұласуы қажет.

  2. Көндірудің педагогикалық тиімді нəтижесі ойынмен бірге келеді. Бала белгілі қағидаларды ойын барысында еш зорлықсыз-ақ, өз қалауымен орындайды. Көндіру үшін баланы ойынға тартудың себептері: 1) қажетті іс-əрекет мақсаты оқушылар үшін тартымсыз болса; 2) мақсатқа жету жолы іс логикасына орай баланы жалықтыратын, қолайсыз болса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет