Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет108/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
Тəжірибелік қадағалау оқу, тұрмыс жəне өндірістік ептілік, дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланылады.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру мен бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу нəтижелерін статистикалық талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы мұғалім субьективизміне машын шек қояды.

Машынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де өткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет.

Əртүрлі қадағалау əдістерінің бірге қолданылуы аралас (тығыздалған) қадағалау деп аталады. Əдетте, мұндай тексеру ауызша жəне жазба сауалнамалар беру түрінде өтеді.

Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады:


  • қадағалаудың даралықты сипаты. Əр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-əрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шəкірттің оқуындағы

нəтижелерді ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;

  • жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп тұруы;

  • қадағалау формаларының əртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту- үйрету, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;

  • қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін, ақыл-ой парасаттылығын, тəжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді;

  • қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив жəне қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;

  • жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс;

  • мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.

Соңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің негізгі құралы – тест тапсырмалары. Өлшестіру, анықтау нысаны тұрғысынан педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік – психологиялық, мəдени – эстетикалық таным тестері ажыралады.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет