Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасаумен педагог қойған талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің
қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тəуелді.
Ойын талап. Əрқандай талаптарды қою үшін тəжірибелі мұғалім баланың ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзі байқамай талаптарды да қабылдайды. Бұл талап əдісінің өте ізгілікті жəне тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік қажет.
Сенім талап. Мұндай əдіс, əдетте, сыйластық жайлаған ортада іске асады.
Өтініш талап. Педагог пен тəрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым-қатынас болған жағдайда өз тиімділігін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |