Педагогика əдіснамасы жөнінде түсінік
Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс- əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Достарыңызбен бөлісу: |