Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет19/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.

Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын

негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет