Тіркемелі бағам - Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел
валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтағы
сұраныс пен ұсынысқа араласуы нəтижесінде анықталатын бағам.
171
Еркін өзгермелі бағам – бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.
Еркін өзгермелі бағам арқылы Казақстанның қор биржасында АҚШ
долларының теңгеге қатысты бағамын анықталады. Осы биржада Рейтер
(Reuter`) агенттігінің кросс-бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға
қатысты бағамы анықтайды.
Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі
валютаның шекті қатынасы.
Кросс-бағамының (Кб) есебін төмендегідей формуламен беруге болады.
Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу.
Шетел валютасының долларға қатысты бағамы
Кб (теңге)
= ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯
Теңгенің долларға қатысты бағамы
Валюталық бағамның бағалануына қарай: тікелей бағам жəне жанама
бағам бөлып бөлінеді. Мұндағы тікелей бағам шетел валютасына ұлттық
валютаға қатысты бағамы. Мысалы, 1 АҚШ доллары
= 147,50 теңге. Ал
жанама бағам - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамы.
Бірақ, мұндай бағам түрі біз сияқты мемлекеттерде қолданылмайды.
Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты айырбас бағамы
жылдың соңына қарай
6,31
83,8
128,21
117,41
136,04
144,22
155,6
150,2
138,2
75,55
73,3
63,95
54,26
0
20
40
60
80
100
120
140
160
180
1993
ж
1994
ж
.
1995
ж
1996
ж
.
1997
ж
1998
ж
.
1999
ж
2001
ж
2002
ж
2003
ж
2004
ж
2005
ж
2006
ж
8.5 Халықаралық есеп айрысу формалары
172
Халықаралық жəне отандық банктік тəжірибеде есеп айырысудың ең
көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.
Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің)
арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция.
Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді
жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық
құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек жəне т.б ақшаны алуда
пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот,жөнелту
құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болас, онда мұндай
инкассо құжатта инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар
ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.
Таза жəне құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы
түзетілген «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа
алады.
Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем
міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сəйкес
төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады.
Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:
сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;
ремитент банк - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі;
инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент
банктен басқа кез келген банк;
хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк;
сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сəйкес хабар берілетін
тұлға.
Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі
жағдайларда ұсынылады:
бірін бірі білетін серіктестер арасында;
сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;
сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер жоқ
болғанда.
Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол
тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды
жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады.
Сонымен қатар егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе
сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар.
Өз кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы
төлемді жасамайынша тауарға тиісті құжаттарды ала алмайды. Дегенмен бұл
да сатушыға тауарының төленетіндігіне ешқандай кепіл бермегенімен өзге
есеп айрысу формасына, мысалы аккредитивке қарағанда өте арзан жəне
жалдам болып келеді.
Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы 12-суретте берілген.
173
1
2
3 8 5 6
4
7
12-сурет Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы
1 – Келісім-шарт жасасу; 2- тауарды жабдықтау жəне құжаттарды
рəсімдеу; 3 инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру; 4 – инкассоға
құжаттарды жөнелту; 5 – құжаттарды сатып алушыға беру;
құжаттарға қарсы төлем жасау; сатып алушының шотына қаражат
есептеу.
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу
жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп
айырысу формасы.
Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып
алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне
аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар)
бергеннен соң жəне аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған
жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.
Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша
қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте
көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру
үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты
ашылады.
Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып
табылады. Бұл халықарылық банктің тəжірибедегі есеп айрырысу
формасының банктің кепілдігемен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп
айрысу формаларында банк клиенттің тапсырмасы бойынша жəне оның
есебінен есеп айрысуға қатысады.
Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары
болады:
Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, тарссат, сатушы).
Бұл қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.
Бенефициар (экспортер, сатушы, тарссант). Бұл қатысушының атына
аккредитив ашылады.
Сатып алушы
(импортер)
Сатушы
(экспортер)
Импортер
БАНКІ
Эскпортер
БАНКІ
174
Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив
ашатын банк.
Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен акрредитивтің
ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті
хабарды жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.
Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұарауы бойынша аккредитивқа
өзінің кепіл-хатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк
міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді
төлеуге келісім береді.
Аккредитивтің мынадай түрлері болады:
құжатты аккредитив;
өтелген жəне өтелмеген;
қайтарылатын жəне қайтарылмайтын.
Құжатты аккредитив – бенефициардың төлемді алғанға дейін
құжаттарды беруін сипаттайды. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген
тауарларды жөнелткендігін растайды. Төлемді алу үшін барлық құжаттар
аккредитивте көрсетілген тізбекке сəйкес келуі қажет.
Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент-банктің міндеттемесінің
іс-əрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе
несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының
банкісінде ашқан аккредитиві. (7-суретте берілген).
Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік
қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының
банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан
аккредитивін сипаттайды. (8- суретті қараңыз).
1
5
4 6 8 2
3
7
7- сурет. Алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен
есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы
1 - алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасын
пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 -
банкке аккредитив ашуға өтінішін жəне оған қоса қаражатты аудару
туралы төлем тапсырмасын беру, одан соң, ол соманы сатып алушының
шотынан шегеру; 3 - қаражатты экспортердің банкіне аудару жəне оны
Импортер
Экспортер
Экспортер банкі
Импортер банкі
175
“Аккредитив” шотына есептеу; 4 – экспортерге аккредетивтің ашылғаны
туралы хабарлау; 5 - тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 –
келісім шартқа сəйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы
есеп айырысу құжаттарын экспортердің банкіне жіберу жəне
“Аккредитив” шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының
шотына есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне
жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді; 8 -
құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті
пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.
Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт
негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспондентік қарым қатынас
жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп
айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.
Əрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс.
Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын
болып табылады.
1
5
4 6 8 2
3
7 7
8-сурет. Банктік кепілдемені пайдалану арқылы аккредитив формасымен
есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы
1 – банк кепілдемесін беру арқылы аккредитив формасын пайдалану
барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 – банк
кепілдемесінің негізінде банкке аккредитив ашуға өтінішін жасау жəне
аккредитвтің ашылуын “Банктің кепілдемесі жəне тапсырмалары” деген
баланстан тыс шоты бойынша көрсету; 3 – аккредитив ашылғаны жəне
аккредитивтің ашылуының баланстан тыс шотта көрсетілгені туралы
хабарлау; 4 – жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау;
5 тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісім шартқа сəйкес
тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу
құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу жəне жабдықтаушының
шотына қаражатты есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып
алушының банкіне жіберіліп, онда сатып алушының шотынан қаражат
шегеріледі, шотында қаражаты болмаған жағдайда банк төлеушіге несие
Импортер
Экспортер
Экспортер банкі
Импортер банкі
176
береді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оның шотынан
қаражатты шегергендігі туралы хабарды жеткізеді.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-
банктің əмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив
сатып алушының мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере
немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының
пайдасына ашылған болып табылады. Қайтарылмайтын аккредитив
расталмаған жəне расталған болу мүмкін.
Қайтарылмайтын расталмаған аккредитив – эмитент банктің
хабарлаушы банк арқылы хабарлайтын аккредитиві. Бұл жерде хабарлаушы
банк эмитент банктің агенті ретінде қызмет етеді, бірақ ол аккредитив
бойынша Бенефициар алдында ешқандайда жауапкершілік алмайды.
Қайтарылмайтын расталған аккредитив – эмитент банктің
міндетемесіне қоса Растаушы банктің беретін міндеттемесін білдіреді. Мұндй
аккредитивтің басты артықшылығы мүндай қосарлы кепілдендіру бар. Егер
де эмитент банк бірінші классты банкке жатса, онда қосымша кепілдендіру
қажет етілмейді. Ол өз кезегінде аккредитив бойынша шығынды азайтады.
Кей жағдайларда мұндай аккредитивтің қосымша кепілдендірілуі
бенефициардың қалауы бойынша іске асады.
Халықаралық банктік тəжірибеде аккредитивтің автоматты түрде
жаңартылатын,
резервтік
(стэнд-бай),
аудармалы
сияқты
түрлері
қолданылдады.
Аккредитивпен
есеп
айрырысу
формасы
мына
жағдайларда
пайдаланылады:
бірін бірі аз білетін немесе танымайтын серіктестер арасында
келісімшарт жасалса;
келісімшарт жасаушы тарап серіктесіне толық сенімсіз болса немесе
серіктесінің елінде саяси не экономикалық тұрақсыздықтар орын алса.
Аккредитивтің қызмет ету мерзімі жəне есеп айырысу тəртібі төлеуші
мен жабдықтаушының арасында жасалатын келісім-шартта көрсетіледі,
сондай-ақ онда мыналар көрсетіледі: эмитент-банктің атауы; аккредитив түрі
жəне орындалу тəсілі; аккредитив ашылуы туралы жабдықтаушыға хабарлау
тəсілі; аккредитив бойынша қаражатты алу үшін жабдықтаушының беретін
құжаттарының толық тізімі мен нақты сипаттамасы; тауарларды
жөнелткеннен кейінгі құжаттарды жіберу мерзімі, олардың рəсімделуіне
қойылатын талаптар; басқа да құжаттар мен шарттар.
Аккредитив ашу туралы өтініште төлеуші мыналарды көрсетеді:
аккредитив ашылатын келісім-шарттың номері; аккредитив қызмет ету
мерзімі (аккредитив жабылу күні мен айы); жабдықтаушының (эспортердың)
атауы; орындаушы банктің атауы; аккредитив орындалу орны; аккредитив
бойынша төлем төленетін құжаттардың толық жəне нақты атауы, олардың
177
тапсырылу мерзімі мен рəсімделу тəртібі; аккредитив төленетін тауарлардың
(қызметтердің) аты, тауарларды (қызметтерді) жөнелту мерзімі; аккредитив
сомасы; аккредитивті іске асыру тəсілі.
Аккредиттвің артықшылықтары мынадай:
Сатушы (экспортер) үшін:
аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне,
сапасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тəсіліне, тиеу орыны мен
серзіміне жəне т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің
жүзеге асырылатыны;
тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем
алатындығына сенімділігі;
мəміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитвитің мерзімі аяқталған
уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып
алытындығына сенімділігі.
Сатып алушы (импортер) үшін:
төлемнің банкпен төленетіндігі;
егер ұсынылғантқұжаттар акаредитивте көрсетілген шарттарға сəйкес
келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы;
егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына
аккредитивті аударып жіберу мүмкіндігіні болуы.
Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға
байлансыт аккредитивтің түріне мəн беру қажет. Егер сіз құжаттардды
банкке тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе онды “ұсынуға
байланысты төлем” (“by payment”) деген аккредитивті таңдағаныңыз дұрыс.
Себебі, мұндай форма өте кең тарлған жəне жылдам болып табылады. Бірақ
та банктің 7 күн ішінде құжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді
жасауға құқылы екендігін естен шығармау керек.
Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге
төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты (“by deferred payment”) аккредитив
қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен
басталуы, құжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив
ашқан күннен басталуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда кешіктіріп төлеген
күндер үшін комиссиондық ақыны Бенефиардың атына төленетіндігін есте
сақтау қажет.
Сонымен қатар өзара келісімшарт жасаған кезде қай тараптың банктің
шығыстарын өз мойынына алатындағын міндетті түрде көрсетуге тиіс.
Аккредититтің есеп айырысуда пайдаланылатын құжаттарға мыналар
жатады:
Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен
қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық
құжат. Онда мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы
немесе импортердың аты-жөні жəне мекен-жайы, шот сомасы, тауардың
сипаты, бір тауар бағасы, қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты
178
(аккредитив номері). Шот-фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады
жəне оны аккредитивті ашушыға (сатып алушыға) жібереді.
Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында
сақтандыру шартының жаслғандағын куəландыратын құжат. Онда мынадай
ақпараттар қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы жəне қолы,
сақтанушының атауы, мекен-жайы жəне қолы (əдетте сақтанушы ретінде
сатушы болады), сақтандыру сомасы (сақтандыру сомасы СІР жəне СІҒ
жеткізу шартына сəйкес тауар құнының 110
% құрайды), жөнелтілетін
тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік түрі, жөнелту уақыты, жөнелту
орыны), сақтандырылатын тəуекел сипаты, сақтандыру сыйақысын төлеу
орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің атауы).
Көлік жүкқұжаты – тауарды тасымалдаушыға берілетін құжат. Көлік
құжатының көлік түріне қарай теңіз коносоманті, əуе жүкқұжаты, авто
жүкқұжаты, теміржол жүқұжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады.
Көлік түріне байланыссыз жүкқұжатында мынадай мəліметтер көрсетіледі:
тасымалдаушының аты-жөні мəртебесі жəне қолы, жөнелтушінің аты-жөні
жəне мекен-жайы, тауардың сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі,
фрахтаны төлеу туралы белгісі, жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны,
құжаттың толтырылған кұні мен орыны.
Қорыта айтқанда, аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге
бантің кепілінің болуы. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында
бірқатар кемшіліктерде бар: атап айтсақ, аккредитивпен есеп айрысудың өзге
формаларға қарағанда өте қымбат, сатып алушының қаражаты аккредитивтің
қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып
қалады; тауар айналымы бəсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің
ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды жəне
оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.
8.6 ҚР-ғы төлем балансы
Төлем балансы – елдің, белгілі бір уақыт ішінде шетелге
шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан əкелінген тауарлары мен
қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Еліміздегі төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:
А. Ағымдағы шот.
В. Капитал жəне қаржымен жасалатын операциялар шоты.
С. Қателер мен қалып қойғандар.
Д. Жалпы баланс.
Е. Қаржыландыру.
Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:
1.) Сауда балансы:
179
•
Экспорт;
•
Импорт.
2.) Таза қызметтер:
•
жүк тасымалдау;
•
адамдар тасымалдау;
•
байланыс қызметі;
•
туризм;
•
басқа.
3.) Табыстар
•
займдар жəне несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
•
резервтер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
•
басқа да.
4.) Ағымдағы трансферттер.
5.) Гуманитарлық көмектер;
6.) Техникалық көмектер;
7.) Гранттар.
Капитал жəне қаржымен жасалатын операциялар шотында төмендегілер
көрсетіледі:
1.) тікелей инвестициялар;
2.) портфельдік инвестициялар;
3.) мигранттардың трансферттері (кетуі жəне келуі);
4.) Сауда ( коммерциялық) несиелері;
5.) Займдар;
6.) Басқа инвестициялар (депозиттер, валюта жəне т.б.).
Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент
еместермен ескерілмей қалғандарды, оған қоса “көлеңкелі бизнесті” есепке
алады.
Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем
балансын, капиталдар мен несиелердің қозғалысының балансы, сондай-ақ
алтын жəне валюта резервтерінің қозғалысын құрайды.
Жалпы төлем балансы əрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік
жəне пассивтік операциялары бірыңғай шаманы құрады.
Қаржыландару шотында мыналар есепке алынады:
1.) Қазақстан Ұлттық банкінің резервтік активтері;
2.) Монетарлы алтын;
3.) Шетел валютасы;
4.) ХВҚ несиелері.
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем балансының
басты ерекшелігі, мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзім ішіндегі
өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды.
Мұндағы, ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар
мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе,
ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын, төленген
180
табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен
жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер
алдындағы міндеттемелерінің өсуін жəне резиденттер жағынан резидент
еместерге деген талаптардың қысқаруын сипаттаса; ал теріс шама елдің
резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын жəне резиденттер
жағынан резидент еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипттайды.
Төлем балансынан есеп айырысу балансын ажырата білу қажет.
Есеп айырысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен
міндеттемелері.
Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-валюта жəне
басқа да) жəне жеке активтер, тікелей инвестициялар, алынған жəне берілген
несиелер, қаржы жəне қаржы емес корпорациялардың міндеттемелері
жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп айырысу балансында
басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер
қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |