Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының


 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


 
2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот. 
 
 
Көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері - көкшіл жəне көк. 
 
Бет  жағы:  Негізгі  бейне - философ,  ойшыл,  ғалым  Əл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) 
қырынан  салынған  портреті.  Сол  жағында  «Қазақстан  Ұлттық  Банкідеген  жазу  бар. 
Портреттің сол жағында Əл-Фарабидің қырынан салынған портретінің сутамғы белгілері 
бар жəне ақшаның номиналы санмен белгіленген. Портреттің оң жағына «1000» саны екі 
рет бейнеленген. Портреттің оң жағына тік сызықтың бойымен қызыл бояумен салынған 
реттік  нөмір  қойылған.  Портреттің  сол  жағына  көлденеңінен  қара  бояумен  салынған 
реттік  нөмір  қойылған.  Реттік  нөмірдің  астына  «Банкноттарды  қолдан  жасау  заңмен 
қудаланады»  деп  жазылған.  Портреттің  сол  жағына  номиналы  ірі  сандармен  жəне 
əріптермен  көрсетілген,  олардың  астына  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі 
Төрағасының  қолы  қойылып,  шығарылған  жылы  жазылған.  Сырт  жағы:  Негізгі  бейне - 
Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінің  бір  үзігі.  Кесене  бейнесінің  оң  жағында  ақшаның 
номиналы  санмен  жəне  жазумен  көрсетілген.  Жоғарғы  сол  жағына  «Подделка  банкноты 
преследуется по закону» деп жазылған. 
2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы 
Бет  жағы:  басым  түсі  көкшіл-сұр,  басым  бейнесі – тігінен.  Орталық  бөлігінде 
«Астана-Бəйтерек»  монументі  бейнеленген.  Банкнотаның  ортасында  қара,  көгілдір  жəне 
көк  жолақтарда  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  əнұраны  ноталарының 
фрагментте рі ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры 
ақ  сызықтармен  жүргізілген. «Бəйтерек»  монументінің  сол  жағында  Қазақстан 

 
 
194
Республикасының  мемлекеттік  елтаңбасы  көк  түспен  бейнеленген.  Жоғарғы  оң  жақ 
бөлігінде  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  туы  бейнеленген.  Банкнотаның 
төменгі  жағында  ашық  алақан  бейнеленген.  Төменгі  оң  жақ  бұрышында  тігінен 
номиналдың  мемлекеттік  тілдегі  əріппен  белгісі  орналасқан.  Мемлекеттік  əнұран 
ноталары  астында  эмитент  банктің  атауы  мемлекеттік  тілде  «ҚАЗАҚСТАН  ҰЛТТЫҚ 
БАНКІ»  орналасқан,  оның  астында  жалған  ақша  жасау  жауапкершілігін  ескертетін 
«Банкноттарды  қолдан  жасау  заңмен  қудаланады»  деген  мемлекеттік  тілдегі  жазу 
орналасқан. 
 
  
 
 
Банкнота өлшемі 130х67 қағазда дайындалған. 
 
Сырт  жағы:  басым  түсі  көкшіл-сұр,  басым  бейнесі – көлбеу.  Негізгі  бейнесі: 
Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана 
қаласы  əкімшілігінің  үйі,  артқы  жоспарда  теңіз  үстіндегі  шағала.  Сол  жақ  төменде  жəне 
оң  жақ  үстінде  банкнота  номиналының  сандық  белгісі,  ал  орта  жақ  төменде - орыс 
тіліндегі  əріппен  белгісі  орналасқан.  Ортасында  жоғары  жағында  «ҚАЗАҚСТАН 
ҰЛТТЫҚ  БАНКІ»  жазуы  жəне  эмитент  банктің  логотипі  басылған.  Жалған  ақша  жасау 
жауапкершілігін  ескертетін  «Подделка  банкнот  преследуется  по  закону»  деген  орыс 
тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. 
1999 жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы. 
Бет  жағы:  негізгі  бейне - философ,  ойшыл,  ғалым  Əл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) 
қырынан  салынған  портреті.  Портреттің  оң  жағына  ою-өрнек  əшекейі  салынып,  металл 
бояумен орындалған «500» саны интаглио бояуымен алмастырылған жəне банкнотты қай 
бұрышынан  қарауға  байланысты «500» санының  бейнесі  көрінетін  болады.  Банкноттың 
бет жағындағы оң жақ жоғарғы жəне төменгі бөлігіндегі металл бояумен салынған өрнек 
«500» саны жазылған микрошрифтке ауыстырылған. 
Сырт жағы: негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. 
Бет  жағы:  басым  түстер - көк,  көкшіл.  Оң  жағына  философ,  ойшыл,  ғалым  Əл-
Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті бейнеленген. Сол жағында көкшіл-
көк  түспен  «Қазақстан  Ұлттық  Банкі»  деп  жазылған.  Портреттің  сол  жағында  су  тамғы 
белгілер:  Əль-Фарабидің  қырынан  салынған  суреті  бар  жəне  ақшаның  номиналы 
жазылған.  Портреттің  сол  жағында  металсыздандырылған  жіпке  «Қазақстан»  деп 
жазылған жəне «500» саны көрінеді. Портреттің оң жағына алтын бояумен «500» саны екі 

 
 
195
рет  салынған  немесе  банкнотты  қай  бұрыштан  қарауға  байланысты  пайда  болатын 
қазақтың  ою-өрнегі.  Портреттің  оң  жағына  тігінен  қызыл  бояумен  салынған  көлемі  əр 
түрлі реттік нөмір қойылған. Жоғарыда, портреттің оң жағына көлденеңінен қара бояумен 
реттік нөмір жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен жəне əріптермен 
көрсетілген,  олардың  астына  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Төрағасының 
қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.Сырт жағы: Басым түстер - көк, көкшіл. 
 
 
 
500 теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған. 
 
Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенсінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағына 
ақшаның  номиналы  санмен  жəне  жазумен  көрсетілген.  Жоғарғы  сол  жағына  «Подделка 
банкноты преследуется по закону» деп жазылған.1999 ж. жəне 1994 ж. үлгідегі номиналы 
500 теңгелік банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2001 ж. 1 қыркүйекте аяқталады. 
Осы  мерзім  аяқталғаннан  кейін 1994 ж.  үлгідегі  банкноттар  заңды  төлем  құралы  бола 
алмайды.2002  ж. 1 қыркүйектен  бастап  екінші  деңгейдегі  банктер  заңды  жəне  жеке 
тұлғалардан 1994 ж.  үлгідегі  ақша  белгілерін  қабылдауға  жəне  айырбастауға  міндетті 
емес.2002 жылғы 1 қыркүйектен бастап Ұлттық Банктің филиалдары 10 жыл бойы заңды 
жəне  жеке  тұлғалардан 1994 ж.  үлгідегі  банкноттарды  қабылдайды  жəне  сараптама 
жүргізіліп, олардың түпнұсқа екендігі расталғаннан кейін қолданыстағы ақша белгілеріне 
айырбастайды.10 жыл  өткеннен кейін  Ұлттық Банктің Басқармасы  белгіленген қабылдау 
жəне айырбастау мерзімін ұзартуға құқылы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
196
 
 
 
Сөздіктер 
 
А.  
       
 Активтік  операциялар – бұл  банктердің  табыс  алу  жəне  өзінің 
өтімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  иелігінде  бар  ресурстарды 
орналастыру жүзеге асыратын операциялар.  
Аккредитив  -  бұл    сатып  алушының  тапсырмасы  бойынша  сатып 
алушының  (аккредитив  ашушының)  банкісінің  жабдықтаушының  банкісіне 
аккредитивте  көрсетілген    құжаттарды  жабдықтаушы  бергеннен  соң  жəне 
аккредитивтің  басқа  да  шарттарын  орындаған  жағдайда  төлемді  төлеуге 
берген шартты ақшалай міндеттемесі. 
Акция – бұл  акционерлік  қоғамның  жарғылық  капиталына  үлес 
қосқандығын  куəландыратын  жəне  басқару  ісіне  қатысуға  құқық  беретін, 
сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз. 
Ақша - барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша 
тауар
Ақша  айналысы – шаруашылықтағы  тауарларды  өткізуге,  сондай-ақ 
тауарлы  емес  төлемдерді  жəне  есеп  айырысуларды  жүзеге  асыруға  қызмет 
ететін  қолма-қол  жəне  қолма-қолсыз  ақша  формаларындағы  ақшаның 
қозғалысы. 
 Ақша  бірлігі – барлық  тауарлардың  бағаларын  бейнелеуге  қызмет 
ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. 
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, 
сыйақы  (мүдделендіру)  мөлшерлемесін  өзгертуге  жалпы  банк  жүйесінің 
қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. 
Ақша  массасы  –  жеке  тұлғаларға,  кəсіпорындарға  жəне  мемлекетке 
тиісті  жəне  шаруашылық  айналымына  қызмет  ететін  сатып  алу  жəне  төлем 
құралдарының жиынтық көлемі
Ақша  базасы–  бұл  міндеттемелерге  жататын  резервтік  жəне  бастапқы 
ақшалар. 
Ақша  реформасы  -  ұлттық  ақша  бірлігін  тұрақтандыруға,  елдің  ақша 
жүйесін  қалыпқа  келтіруге  жəне  нығайтуға  бағытталған  ақша  айналысында 
меллекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер. 
Ақша  жүйесі –  бұл  тарихи  түрде  қалыптасқан  жəне  ұлттық 
заңдылықтармен бекітілген, ақша айналысын ұйымдастыру формасы. 
Ақша  рыногы - қысқа  мерзімді  депозиттік-қарыздық  операциялар 
жүзеге  асырылатын  қарыз  капиталдар  рыногының  бір  бөлігі,  ақшалай 
қаражаттарды сатып алу-сату нарығы 
Ақша  мультипликаторы - ақша-несие  жүйесіндегі  салымдарды 
ұлғайту  немесе  қысқарту  нəтижесінде  қанша  мөлшерде  ақша  ұсынысының 

 
 
197
көбеюін немесе азаюын көрсететін сандық коэффициент жəне оның шамасы 
ақша-несие  жүйесінде  пайдаланылатын  резервтеу  нормасына  кері 
пропорциональ болып келеді.  
Ақша  механизмі  - ақша  жиынындағы  өзгерістер  арқылы  экономикаға 
ықпал ету тəсілі. 
Аудармалы  вексель  (тратта)  –  вексельде  көрсетілген  соманы  білгілі 
бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші 
бір  тұлғаға  (трассатқа)  вексель  берушінің  (трассанттың)  еш  нəрсемен 
негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.  
 
Б. 
Банк – бұл  банктік  қызметті  жүзеге  асыруға  құқылы  коммерциялық 
ұйым болып табылатын заңды тұлға. 
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай 
түрде берілетін несие.  
Банк  құпиясы    –  банк  клиенттерінің  шоттары  мен  салымдары  жəне 
банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар. 
Банктік  консорциум  –  бірлесіп  несиелік  операцияны  жүргізуге  жəне 
қарыз  алушының  төлем  қабілетсіздігінен  туындайтын  шығынды  азайту 
мақсатында  уақытша  біршама  банктер  арқылы  ұйымдастырылған  банктер 
тобы.  
Банкнота - орталық банктің айналысқа шығарған əр түрлі номиналдағы 
ақша бірліктері.  
Банктің  меншікті  қаражаттары - банктің  экономикалық  дербестігін 
жəне  қызмет  ету  тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін  əр  түрлі  қорлар 
(капиталдар) мен бөлінбеген пайдасы. 
Банкаралық  несие  - бұл  коммерциялық  банктердің  бір-біріне беретін 
несиелері. 
Биметаллизм – жалпыға бірдей балама ролі екі бағалы металлға (алтын 
мен күміске) негізделген ақша жүйесі. 
Бөлінбеген  пайда – акциялар  бойынша  дивидентті  төлегеннен  кейін 
жəне резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.  
 
В. 
Валюталық  жүйе - ұлттық  заңдылықтармен  немесе  мемлекет  аралық 
келісім шарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру жəне 
реттеу формасы.  
Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы 
бағалы  қағаздарды  сату  жəне  сатып  алу  операциялары  жүзеге  асырылатын 
арнайы орталық. 
Валюталық  интервенциясы – ұлттық  валюталық  бағамына  əсер  ету 
мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату жəне сатып алу жолымен 
валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.  

 
 
198
Валюта -     бұл  біріншіден,  сол  елдің  ақша  бірлігі;  екіншіден,  шетел 
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері 
жəне төлем құралы (СДР, еуро.).  
Валюталық  бағам  -  бір  елдің  ақша  бірлігінің  екінші  бір  елдің  ақша 
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы. 
Валюталық  паритет - валюталық  бағамның  негізі  болып  табылатын 
заңды тəртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.  
Валюталық  саясат - бұл  елдің  ағымдық  жəне  стратегиялық 
мақсаттарына  сəйкес,  халықаралық  валюталық  жəне  басқа    экономикалық 
қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.  
Валюталық резервтерді диверсификациялау – бұл халықаралық есеп 
айырысуларды  қамтамасыз  ету,  валюталық  интервенция  жүргізу  жəне 
валюталық  шығындардан  сақтау  мақсатында  əр  түрлі  валюталарды  қосу 
жолымен  валюталық  резервтердің  құрылымын  реттеуге  бағытталған 
мемлекеттің жəне банктердің саясаты.  
Валюталық  шектеу – резиденттер  мен  бейрезиденттердің,  валюталар 
жəне  басқа  валюталық  құндылықтармен  жасалатын  операцияларын  заңды 
түрде немесе əкімшілік түрде тайым салу.  
Валюта  биржасы  -  шетел  валютасымен    валюталық  операцияларды 
жүзеге  асыратын,  сұраныс  пен  ұсыныс  негізінде  ұлттық  валютаға  қатысты 
шетел валюталарының ағымдағы бағамын белгілейтін ұйым.  
Вексель  -  белгілі  бір  соманы  алдын  ала  келісілген  мерзімде  жəне 
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.  
Вексель дисконты – 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін вексельді 
номиналдан төменгі бағамен сатып алу; 2) вексельдерді еспке алу барысында 
банктердің алатын еспке алу пайызы. 
 
Д. 
Делистинг  -  құнды  қағаздарды  олардың  қамтамасыз  ету  денгейінің 
төмендігі  анықталғаннан  кеін  қор  биржасындағы  сауда  саттық  тізімінен 
шығарып тастау. 
Демонетизация  -  несиелік  ақшалардың,  банк  билеттерінің  (банкнота), 
қолма-қолсыз  ақшалардың,  чектердің  кеңірек  қолданылуына  байланысты 
ақша  құралы  ретінде  бағалы  металдарды,  соның  ішінде  алтын  мен  күмісті 
пайдалануды қысқарту, яғни олардың ақша қызметтерін атқармауы. 
Дефляция – инфляцияның қарқынын төмендету жəне айналыстағы ақша 
массасының  өсуін  тежеу  мақсатында  айналыстағы  ақша  массасының  бір 
бөлігін  алу.  Дефляция  салықтарды  ұлғайту,  еңбек  ақының  өсуін  тежеу, 
мемлекетік  бюджет  шығыстарын  қысқарту  жолымен,  мемлекеттің  бағалы 
қағаздарын сатуды ұлғайту есебінен жүзеге асырылады.  
Дивидент 
– 
акционерлерге 
қолында 
бар 
акцияларының 
құндылықтарына қарай жылсайын төлеп отыратын жəне акционерлер (акция 
иелері) арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.  

 
 
199
Дисконт –  қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен 
оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.  
Дүниежүзілік  валюталық  жүйе  –  бұл  халықаралық  несие-қаржы 
институттары  мен  валюталық  құралдардың  қызмет  етуін  қамтамасыз  ететін 
халықаралық  келісім-шарттар  мен  мемлекетаралық  құқықтық  нормалар 
кешені. 
Девальвация - ұлттық  валютаның  бағамын,  шетел  валюталарына 
қатысы төмендеуі. 
Дисконттық  (есепке  алу)  саясаты - бір    жағынан,  валюталық  бағам 
мен  төлем  балансын  реттеуге,  екіншіден,  ішкі  несиелер  динамикасын,  ақша 
массасын,  бағаны,  жиынтық  сұранысты  реттеуге  бағытталатын  орталық 
банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.  
Девиздік  саясат - мемлекеттік  ұйымдардың  немесе  орталық  банктің 
шетел  валюталық  сату  жəне  сатып  алу  жолымен  ұлттық  валюта  бағамына 
əсер ету əдісі.  
Депозит – бұл  клиенттердің  (жеке  жəне  заңды  тұлғалардың)  банктегі 
белгілі бір шотқа салған жəне өздері пайдалана алатын қаражаттары
Депозиттік  емес  тартылған  қаражаттар – бұл  банктің  қарыз  түрінде 
немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары. 
Дефляциялық саясат – бұл ақша жəне несие механизмі арқылы ақшаға 
деген  сұранысты  шектеуді,  салық  механизмін  қолдану  арқылы  мемлекеттік 
шығыстарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін жоғарлату, ақша массасын 
шектеу əдістерінің жиынтығы.  
Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, 
клиент  арасындағы  келісім-шартқа  сəйкес  шоттағы  қаражатты  пайдалануға, 
банкомат  арқылы  қолма-қол  ақша  алуға,  сондай-ақ  тауарлар  мен  қызметтер 
үшін төлеуге арналған төлем құралы. 
Домицилиант – вексельде  көрсетілген  төлемді  жүзеге  асыратын, 
вексельде делдал ретінде қатысатын банк.   
Депозиттік  сертификат - бұл  салым  иесіне  белгілі  мерзім  өткен  соң, 
тиісті қаражатты жəне оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін  жəне 
оның  шотындағы  ақшалай  қаражатының  барлығын  куəландыратын  банк-
эмитенттің жазбаша куəлігі
 
Е. 
Еркін  өзгермелі  бағам – бұл  валюталық  нарықтағы  сұраныс  пен 
ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді. 
Есеп  айырысу  балансы – елдің  шетелге  қатысты  талаптары  мен 
міндеттемелері. 
Еуропа валюталық жүйесі – Еуропа қауымдастығына кіретін бірқатар 
елдермен  қабылданған,  елдер  арасындағы  экономикалық  қатнастарды 
жеңілдететін,  олардың  экономикаларының  бірігіуін  ынталандыратын, 

 
 
200
валюталарының  тұрақтануына  ықпал  ететін  валюталық  қатнастар  мен 
валюталар айырбасын ұйымдастырудың нысаны. 
Ж. 
Жай  вексель  (соло)   – вексельді  ұстаушыға  вексельде  көрсетілген 
соманы  белгілі  бір  уақытта  немесе  талап  етуге  байланысты  төлеу  туралы 
вексель  берушінің  еш  нəрсемен  негізделмеген  міндеттемесін  сипаттайтын 
вексель.  
Жинақ  кассасы  – жинақ  салымдары  түрінде  халықтың  ақшалай 
қаражаттарын тартатын жəне оларға пайыз төлейтін несиелік мекеме.  
И. 
Инфляция   - бұл  бағаның  өсуінен,  тауарлар  тапшылығынан  жəне 
тауарлар  жəне  қызметтер  сапасының  төмендеуінен  туындайтын  ақшаның 
құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. 
Индексациялау  -  ақшаның  құнсыздануы,  инфляцияның  нəтижесінде 
болған зиянның орнын толтыру əдісі.  
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс 
ғимараттарын, жерді жəне т.с.с.) кепілге алып, ұзақ мерзімге  берілетін несие.  
Инкассалық  өкім  –заң  актілерінде  көзделген  жағдайда    ақшаны  
жөнелтушінің  келісімінсіз,  оның  банктік  шотынан  ақшаны  алу  үшін 
пайдаланылытын төлем құжаты. 
Инкассо  –  банк  клиенттің  тапсырмасы  бойынша  төлеушіден  төлемді 
немесе  төлемге  беретін  келісімді  алуға  міндеттеме  алатын  банктік 
операцияның түрі.  
 
 
К. 
Кепілденген  чек - чек  берушінің  банкіндегі  шотыныдағы  қаражаттың 
көлеміне  байланыссыз  чекте  көрсетілген  соманы  төлеуге  қызмет  көрсетуші 
банктің беретін кепілін көрсететін чек. 
Кепілдендірілмеген  чек  -  чек  беруші  банктің  кепілдігі  көрсетілмеген 
чек. 
Корреспонденттік  шот – бұл  коммерциялық  банктердің  өзара  есеп 
айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде  жəне банктердің 
бір-бірінде ашатын шоты.  
Коммерциялық  несие – бұл  қарыз  берушінің  қарыз  алушыға  қарызға 
берген тауары. 
 Коммерциялық  банк -  бұл  ерекше  өнім  шығарумен  айналысатын 
кəсіпорын  немесе  қолма-қол  жəне  қолма-қолсыз  ақшада  төлем  айналысын 
реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.  
Күмəнді  несиелер - қайтарылу  уақыты  кешіктірілген,  мерзімі 
ұзартылған жəне банк үшін тəуекел туғызатын несиелер.  
Күндізгі  заем  –  банктік  жұмыс  күні  ішінде  банктердің  Ұлттық  банкте 
ашқан  корреспондентік  шотында  уақытша  қаражат  жоқтығына  немесе 

 
 
201
жетіспеуіне  байланысты  ақшалай  аударымдар  мен  төлемдер  жасау 
мақсатында берілетін несие. 
Кросс-бағам – бұл  үшінші  валютаға  байланысты  анықталатын  екі 
валютаның шекті қатынасы.  
Кредиттік  карточка - оның  элименті  мен  карточка  иесі  арасындағы 
келісім  шартқа  сəйкес,  несиелік  көлемінде  тауарлар  мен  қызметтер  үшін 
төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.  
Куəландырылған чектер – бұл банктің, шоттағы қаражаттың барлығын 
чектер арқылы куəландыруы. 
 
 
Қ. 
Қағаз ақшалар - бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын 
жəне  металға  ауыстырылмайтын,  сондай-ақ  мемлекет  белгілеген  өзіндік 
номиналы бар құнның белгілері.   
Қаржылық  (банктік)  вексель  –  белгілі  бір    ақша  сомасын  қарызға 
беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.  
Қаржы  лизингі  – бұл  уақытша  пайдалануға  берген  лизинг  затының 
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе 
өзін-өзі өтеуімен байланысты ұзақмерзімді лизинг.  
Қазыналық  вексель  -  бұл  мемлекеттік  бюджет  тапшылығын  жабу 
мақсатында шығарылған, оның қарыздық міндеттемесі.  
Қолма-қолсыз  ақшалар  -  чектер,  пластикалық  карточкалар 
электрондық 
аударымдар 
көмегімен 
пайдаланылатын 
клиенттердің 
шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).  
Қолма-қолсыз  ақшалармен  есеп  айырысу – бұл  ақшалай 
қаражаттарды  төлеушілер  мен  алушылардың  шоттарына  байланысты 
жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысулар.  
 
 
Л. 
 Ломбардтар – бұл  жылжитын  мүліктерді  (өтімді  активтерді)  кепілге 
ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.  
 Ломбардтық  несие – тез  іске  асатын  бағалы  заттарды  немесе  бағалы 
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие. 
 
Лизинг – бұл  лизинг  берушінің  (жалға  берушінің)  өзіне  тиесілі  құрал-
жабдықтарды,  машиналарды,  ЭЕМ,  ұйымдастыру  техникаларды,  өндіріске, 
сауда-саттыққа  жəне  қоймаға  арналған  құрылғыларды  лизинг  алушыға 
(жалгерге)  лизингтік  төлем  төлеу  шартымен,  белгіленген  мерзімге 
пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты
 
 
М. 

 
 
202
Маусымдық  несие – жабдықтаушының  қаржыландыру  уақыты  мен 
түсімді  алу  мерзімі  арасындағы  уақыт  бойынша  алшақтықты  жабуға 
арналған несие. 
Монометаллизм  –  бұл  барлығына  бірдей  балама  жəне  ақша 
айналысының  негізі  болып  бір  ғана  металл  (алтын  немесе  күміс)  қызмет 
ететін ақша жүйесі. 
Мемлекеттік  даму  банкі – бұл  банк  экономиканың  маңызды 
салаларында  тиімді  инвестициялық  жобаларды  ұзақ  мерзімді  несиелеуді 
жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институт. 
Мерзімді депозит – белгілі мерзімі  бар жəне тұрақты пайыз  төленетін, 
сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет