Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет169/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Қалыптасу кезеңі (1930-1945 жылдар). 30-шы жылдардың басына қарай отарлық тәртіп әлсіреп, қазіргі заманғы корей әдебиеті қалыптаса бастап, әдеби белсенділік орын ала­ды. Бірақ 1945 ж. соңында жапондар тарапынан қайта қуғын-сүргіндер басталып, әдебиет те тоқырауға ұшырайды. 1931 ж. Маньчжурдағы соқтығыстар, 1937 ж. қытай-жапон соғысы, 1941 ж. Тынық мұхит аймағындағы соғыс және т.б. оқиғалар осы кезеңдегі корей қоғамында орын алған жағдайларға өз әсерін тигізбей қоймайды. Қуғын-сүргін күшейе түседі. Бір ме­зет­те экономи­ка­лық және мәдени жүйелер бақылауға алынып, қоғамдық орындарда корей тілін пайдала­нуға, корей тілінде жазуға тыйым салынады. Көптеген корей журналдары жасы­рын түрде қызмет жасағанымен, корей әдебиетінде тоқырау кезеңі басталады.

Жапондық солшыл экстремистер әсерінің күшеюі нәтижесінде КФАП әдеби әрекеті айтар­­лықтай әлсірей бастайды. Әдеби үйірмелер мен топтарда көркемдік тәсілдерді жетіл­діру мақсатында түрлі бағыттар қалыптасады.

Таза поэзия-сунсуси бағыты көркем үлгі мен әдебиеттегі образдарға үлкен мән береді. Бұл бағыт Пак Ёнг Чоль, Ким Ёнг Ранг, Син Сок Чжонг деген ақындардың туындыларында өз жалғасын табады. Жоғарыда аталған ақындар поэзиясы корей идеологиясына ғана қызмет етпей, оқырмандардың жүрегіне әсер етіп, көркем сезімдер тудыру керек деген пікір айтады.

Корей әдебиетіндегі романтикалық бағыттың негізін қалаушы ретінде «Сэнъри» қоға­мы­­ның мүшесі Ю Чхи Хванды ерекше атап өтсек болады. Бұл бағыттың жақтаушы­ларына сондай-ақ «Сит Бурак» («Ақындар қаласы») үйірмесінің мүшелері Ким Донг Ри, Ким Таль Чжин және Со Чжонг Чжуды да жатқызуға болады. «Өмір фракциясының» жақтаушылары болған жоғарыда аталған ақындар көбіне басқа фракцияларды өткір сынға алған. Олар «ин­тел­лектуальды поэзия» фракциясының әсерлі жеткізу техникаларына, ал идеологиялық фракцияның шектен тыс идеологияға бағытталғанын айтады.

Өмір фракциясы ақындарымен қатар табиғатты жырлайтын «чжоивонси» стилінде жа­за­тын ақындар пайда болған. Олар қаланың өмірінен бас тарта отырып, ауылдық жерде өмір сүріп, осы арқылы өздерінің табиғатқа жақындығын көрсетеді. Мұндай құбылысты Ким Санг Ёнгтің туындыларынан, Син Сок Чжонгтің «Сіз шалғайдағы осы елді білесіз бе?» және Ким Донг Меннің «Почё» атты шығармаларынан да байқауға болады. И Юк Са мен Юн Донг Джу­дің шығармалары отаршылдық тәртіпке қарсы бағытталған. И Юк Са жапондардың жа­уыз­дық әрекеттеріне қарсылық көрсе­тіп, патриоттық өлеңдер топтамасын жазады. «Ақын­­дар қаласы» атты әдеби үйірмеге мүше болған Ким Донг Ри, Ким Толь Чжин и Ю Чи Хван сынды ақындардың шығармаларын ерекше атап өту қажет. Ю Чи Хванның шығар­ма­ларынан натуралистік көзқа­рас­тарды байқауға болады. Автордың ойын дәл жеткізетін шығармаларға Ю Чи Хванның «Шың» атты өлеңін мысалға келтірсек болады. Онда автор­дың өзі, оның ер­кіндігі мен өмірі шыңға теңеледі.

Корей әдебиетінде «Таза поэзия» қозғалысымен қатар модернизм де пайда болады. Осыған орай көптеген шығармаларда адамдар арасындағы қарым-қатынас, өмір мен өлім, қа­ла мен ауыл мәселелері қозғалады.

Модернистік ағымның екі негізгі бағытын көрстеуге болады: ағылшын-америка стилін ұстанған ақын-жазушылар (Чжонг Чжи Ёнг, Ким Кванг Гюн, Чжанг Ман Ёнг және басқалар) мен ерте француз сюрреализмін ұстанғандар (И Санг, И Си У және т.б.).

И Санг өзінің «Бес түйсік» және т.б. өлеңдерінде өзінің сюрреалистік бағыттағы кес­кіндеу құралын пайдалануға тырысқан. Ал Чжанг Манг Ёнг өз шығармаларында, ең алды­мен, ауылдық өмір мен табиғатты жырлаған.

Ким Квант Гюннің шығармашылығына ағылшын ақыны Эрза Фаундтың туындылары әсер еткен. Ю Чи Хванның «Өмір бастамасы», «Қаңтар» және т.б. шығармаларынан ерекше рух айқын байқалады, онда модернизмге тән сезімге үстірт қараудан ақын өзін алшақ ұстай­ды. Бұл өлеңдер қатаң логикалық бастаудан құралып, ондағы «жан ашуы», «қайғы» мен «қуаныш» сөздерінен де нық сенімді көруге болады. 1939 ж. «Фраза» журналында ақын Пак Ту Чжин, Чжо Чжи Хунның өлеңдер жинағы жарыққа шығады. Чжо Чжи Хун – мәдени кон­сер­ватизмнің өкілі. Ол табиғатты жаны сүйген және қоршаған ортаны тұтас әсемдігімен шынайы суреттеген. Пак Ду Джин – идеалистік көзқарасты ұстанған ақын. Ол жер бетінде бақыт­тың орнауы тылсым күштерге байланысты деп есептеген.

Пак Мок Воль фольклор ақыны деп аталған. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы – табиғат пен оның әсемдігі. Осы кезде қоғамда орын алған шындық пен корей халқының ұлт­тық болмысы мен сана-сезімін сипаттайтын түрлі өлеңдер жарық көре бастайды. Ким Санг Ок, И Хо У, Чжонг Ван Ёнг, И Ёнг До және т.б. ақындардың сиджо стилінде жазылған шы­ғар­маларында да атамыш тақырыптар сөз болады. Ким Санг Ок поэзияда ХХ ғасырда мүлде ұмыт болған сиджо үлгісін қайта жандандырып, қазіргі заманға сай тақырыптар мен сезім­дерді қамтиды. Ким Санг сонымен қатар сиджо поэтикалық спектріне қайшы келетін ұзақ прозалық өлеңдер де жазады. Осылайша, ақын осы үлгінің шектеулерін жоюға тырысады. Ким Санг Ок ерте кезден корей халқының мәдени мұрасын аса жоғары бағалаған. Ол жапон­дарға қарсы жасалған әрекеттері үшін бірнеше рет абақтыға қамалса да, елі үшін көп нәрсе жасай алмағанын түсінеді. Ким Санг Октың ұлттық рухты оятуға бағытталған шығарма­ла­рын­да ақынның өзін кінәлі сезінгенін байқаймыз.

Осы кезеңде жарық көрген прозалық шығармаларда корей қоғамындағы адам өмірінің түрлі жақтары ашылады. Корей прозасы жаңа мәнге ие болып, дами түседі. Қоғамдық өмірде түрлі өзгерістер пайда болып, 1927 ж. елдің әдеби және мәдени өмірінде даму тенденциялар байқалады. Идеологиялық әдебиет үлкен маңыздылыққа ие болады. Корей идеологиялық әдебиетінде алғаш рет таптық алшақтықтар көрсетіліп, кедейлер мен байлардың өмірі сурет­теледі. Осылайша, социалистік көзқарастағы әдебиет пайда болады.

Прозалық шығармалардың авторлары елдегі саяси жағдайларға үлкен көңіл бөле бас­тайды. Пролетарлық әдебиет айтарлықтай саяси күшке ие болып, шығарманың мазмұны кеңейе түседі. Көптеген жазушылар социалистік бағыттағы көзқарастардан бас тартып, шын­дыққа тура қарауға тырысады. Осы кезеңде И Ги Енг, Хан Соль Я, Ким Нам Чхон, И Бук Менг, Хонг Менг Хи сынды жазушылардың шығармашылығы үлкен жетістікке ие болады.

Аталмыш кезеңде корей әдебиетінде романдар, әсіресе тарихи романдар көптеп жарық көре бастайды. Мұндай шығармаларға И Кван Судың «Әзәзілдің мұрагері», «Тан Чжонның мұңды оқиғасы», «И Сун», «И Чха Донның өлімі», «Сечжон патша»; Хон Менг Хифтің «Им Кок Чжонг»; Ким Донг Иннің «Жастар», «Унхен сарайындағы көктем»; Пак Чжонг Хванның «Қанға боялған Кым Сан», «Тэчхунбу», «Өткен кеш», «Мейірімді Будда»; Юн Пэк Намның «Қара шляпа», «Шақыру»; Хен Чжиннің «Сон Хва ханшайым» атты туындыларын жат­қызуға болады.

Хон Менг Хифтің «Им Кок Чжонг» атты шығармасында Чосон мемлекеті кезінен Мен Чонг патшаның тұсына дейінге кезең қарастырылады. Жазушы өз шығармасында ақсүйектер мен қарапайым адамдардың, барлық қоғамдық таптардың өмірін шынайы суреттеуге ты­рысқан.

Ем Санг Собтың шығармаларында ұрпақтар арасындағы, әке мен бала арасындағы қақ­ты­ғыстар сипатталады. Оның «Үшінші ұрпақ» атты романын отаршылдық жағдайда өмір сүріп жатқан бір әулеттің үш ұрпағы, атасы, әкесі мен немересі арасындағы қарым-қаты­настар суреттеледі. Осы кезеңде әйел жазушылардың саны да арта түседі. Олар көп жағдайда кедейшілік мәселелері мен елде орын алған қиыншылықтардың себептері туралы жазады. Әйел жазушылардың арасынан Пак Хва Сонгтың «Чусок мейрамы қарсаңындағы түн», «Қуаңшылық», «Отансыз қалған адамдар»; Кан Геннің «Ана мен қыз», «Шляпа», «Қараң­ғы­лық», «Жер астындағы ауыл», «Адамзат мәселелері» атты шығармаларын ерекше атап өтуге болады.

1941 ж. Тынық Мұхиты аймағындағы соғыстың басталуы елде фашизмнің күшеюіне әке­ліп соқты. Мыңдаған корей жастары майданға аттанады. Көптеген жазушылар мен әде­биетшілер түрме қабырғасында қайтыс болып, аман қалғандары жапон саясатын қолдауға мәж­бүр болады. Осы кезде Хван Сун Вон, Че Менг Ик, Ан Су Гилы, Чжонг Би Сок сынды жазушылардың шығармалары кең тарайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет