Чжу Е Хан «Чангчжо» әдеби журналында Ким Донг Инмен бірге қызмет етіп, Кореядағы жаңа әдеби қозғалыстың негізін салушы болады. Аталған журналда автордың «От ойындары» атты еркін үлгіде жазылған өлеңі жарияланады. Бұл шығармада бұрын-соңды кездеспеген символикалық баяндау тәсілі қолданылады. Осылайша, корей әдебиеті тарихында еркін өлең формасы пайда болады.
ХХ ғасырдың 1910 жылдары корей әдебиетінің тарихында роман жанры дами бастайды. И Кванг Судың «Жас құрбан» атты романы пайда болған кездері «Жас ұлан» журналында «Құрбан болу» (1910) «Баланың мұңы» (1917), «Дүние кезу» (1918), «Юн Кванг Хо» (1918) атты романдары да жарыққа шығады. «Сезімсіз» романы (1917) қазіргі роман жанрында жазылған ең үздік туынды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |