Байланысты: Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)
Софокл(б.з.д. Y ғ.). Грекияның ұлы ақыны Софокл б.з.д. 496 жылы Афиныда дүниеге келіп, б.з.д. 406 жылы қайтыс болған. Белгілі адамның отбасында дүниеге келіп, жақсы тәрбие алған Софокл, бала кезінен грек поэзиясын жаттап өседі. Ол Гомерден бастап, Эсхилге дейінгі грек поэзиясын сүйіп оқиды. Софокл16 жасында грек жерінде болған Саламин шайқасындажеңісті дәріптейтін жастардың хорын ұйымдастырады. Ол өзінің музыкаға деген ынтасымен де ерекшеленеді. Софокл өз трагедияларының әуенін сомдайды. Осындай таланттың иесі болған Софокл еңбексүйгіштік қасиетімен де ерекшеленген. Ол өз заманының ұлы ақыны ғана болып қоймай, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер де атқарған.
Деректерге сүйенсек Софоклдың 123 шығармасы бар делінеді. Бізге жеткені - 7. Олар: «Аякс»10, «Трахинянки»11, «Антигона»12, «Эдип патша»13, «Электра»14, «Филоктет»15, «Эдип Колонда»16 трагедиялары. Бұл трагедиялардың дәл қай уақытта жазылғаны белгісіз.
Софокл трагедияларында өзі өмір сүрген заманының проблемаларын басты мәселе етіп қояды. Олар адамдардың дінге және құдайға деген көзқарасы, заң туралы, жеке адамдардың кызығушылықтары, адамдардың және құдайлардың еркіндігі, мейірімділік пен ар мәселесі т.б. Софоклдың ойынша, адам өзін ертеңгі күні не күтіп тұрғанын болжауы мүмкін емес. Ол тек қана жаратушы құдайдың қолындағы іс дейді.
Дарынды ақын - артына осындай ұлы мұралар қалдырған тұлға. Б.з.д. ІҮ ғасырда Софоклдың трагедиялары Дионисийдің репертуарына енген. Афины театрында Софоклдың құрметіне ескерткіш орнатылған.