III ғасырдағы дағдарыс және Антикалық мәдениеттің соңы. Рим империясының қоғамдық, мемлекеттік және идеологиялық құрылымындағы ақырын үдеген дағдарыс б.з. III ғ. белең алған. Империяны құлдар мен кедейлер басып алып, солтүстігіне германдықтар, шығыстан парсылар басып кіріп, әрқайсысы өзінің императорын жария етуге асықты. Ұзақ анархия басталып, 70 жылдан аса уақыт ішінде Римде 37 билеуші ауысады. Дағдарыс 235 ж. Северлер әулеті билігінің құлауымен басталса, 323 жылы Константиннің біріккен держава құруымен аяқталды.
Идеологиялық дағдарыс саяси-қоғамдық дағдарыспен бірге дамыды. III ғасыр антикалық мәдениет тарихында ең қолайсыз кезең болып табылады. Антониндер империясының ресми жарылқауымен негізі қаланған екінші софистика өмір сүруін тоқтатады. Дағдарыс қарсаңында «Софистер өмірі мен шығармашылығын» тәмамдайтын шешен Филостраттың қорытындысымен аяқталады. Сонымен, риторика Филостраттан кейін, поэзия Оппианнан кейін, ғылым Дион Кассийден кейін тоқтайды. Жалғыз тірі идеялық күштің иесі болып дін мен философия қалады.
III ғ. философия неоплатонизммен сипатталады, ол антикалық мәдениеттің соңғы ұлы жемісі. Неоплатонизмнің негізін салушы - гректік Египет философы Плотин (204-270 ж.), ол 243 ж. Римде сабақ берген. Плотин өз жүйесін тек Платон оқуының «өзгертіндісі» деген. Шынында, бұл біздің заманымыздың басынан дамыған философиядағы діни-идеологияның бағыттарының аяқталуы еді... Неоплатонизм антикалық мәдениеттің шарықтау шегі болды. Бұл өмірдегі христиандық көзқарастың антикалық параллелі болды.
Б.з. III ғ. антикалық әдебиеттің құлдырауымен сипатталады. Шынында, Рим империясы Диоклетиан мен Константиннің күшімен қайта құрылған батыста 200 жыл, Византияда 1000 жылдай өмір сүрді, бірақ бұл мүлдем басқа (феодалды, абсолютті, христиан) мемлекет болды.
***
Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәуірі», Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді.
Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді:
I. Ежелгі кезең Рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.з.д. 240 ж. дейін);
II. Архаикалық кезең. Цицеронның әдеби кызметіне дейін (б.з.д. 240-81 ж.);
III. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі».
а) Цицеронның заманы - Рим прозасының гүлдену кезеңі (б.з.д. 81-43 ж);
б) Августың заманы - Рим поэзиясынын гулдену кезеңі (б.з.д. 43-14 ж.);
IY. Рим әдебиетінің «күміс дәуірі» (14-117 ж.)
Y. Соңғы императорлық кезең (117-476 ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |