Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы



бет44/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы


Екіншілік қатардағы минералдар топырақта көбінесе, лайлы жəне коллоидты бөлшектер түрінде болады, ал шаң тəрізді бөлшектер күйінде сирек кездеседі.


Химиялық құрамы бойынша минералдар: кремний-оттекті қосылыстар немесе силикаттар жəне алюмокремний-оттекті қосылыстар немесе алюмосиликаттар болып екі топқа бөлінеді.
Кремний-оттекті қосылыстар ішінде топырақта кварц SiО2 кеңінен таралған, ол көбіне, құм жəне шаң бөлшектері түрінде келеді. Барлық топырақтарда кварц мөлшері 60 %-дан асса, құмдақ топырақтарда
90 %-ға жетеді, ал кейде одан да көп болады. Кварц өте тұрақты жəне мықты минерал, оның химиялық реакцияға икемі көп емес.
Алюмокремний – оттекті қосылыстар əртүрлі алғашқы жəне екінші қатардағы минералдардан тұрады.
Екіншілік қатардағы минералдар химиялық қасиеттері бойынша үш топқа бөлінеді:

  1. Монтмориллониттер (монтмориллонит, бейделлит, т.б.). Олар аса жоғары майдалы (дисперсті) бөлшектер. Бұл минералдардың дисперстілігі, ісінуі, жабысқақтығы, тұтқырлығы жоғары.

  2. Каолиниттер (каолинит, галлуазит). Бұл топқа жататын мине- ралдардың дисперстілігі, ісінуі мен жабысқақтығы азырақ болады.

  3. Гидрослюдалар (гидромусковит, гидробиотит, вермику- лит). Олар далалық шпаттары мен слюдалардан пайда болады. Гидрослюдалардың химиялық құрамы тұрақты емес.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет