Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев



бет1/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
М. БАЛАҚАЕВ, М.ТОМАНОВ,

Е. ЖАНПЕЙІСОВ, Б. МАНАСБАЕВ.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ

МАЗМҮНЫ

 

Алғы сөз



СТИЛИСТИКАНЫҚ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

§ 1. Стилистика курсының міндеті мен мақсаты
§ 2. Жалпы халықтық тіл және оның формалары

§ 3. Әдеби тіл және онын, нормасы

§ 4. Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы

§ 5. Әдеби тілдің стильдері

§ 6. Сөйлеу стилі

§ 7. Кітаби-жазба стильдер

§ 8. Іс қағаздары стилі мен ресми стиль

§ 9. Публицистикалык стиль

§ 10. Ғылыми стиль

§ 11. Көркем әдебиет стилі

ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЬІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

ЛЕКСИҚА

§ 12 Қазак тілі лексикасы туралы жалпы түсінік
§ 13. Бейтарап (стильаралық) лексика

§ 14. Сөйлеу тілінің лексикасы

§'15. Қарапайым сөздер

§ 16. Диале ктизмдер. Қәсіби сөздер

§ 17. Кітаби лексика

§ 18. Көнерген сөздер мен неологизмдердің қолданылуы

§ 19 Неологизмдер

§ 20. Сөздің. Экспрессивтік және эмоциональдық бояуы

§ 21. Сөз және оның мағынасы

§ 22. Метафора

§ 23. Метонимия

§ 24. Синекдоха

§ 25. Сөздің -көп мағыналылығы және оманим

§ 26. Омонимдер

§ 25. Создін коп магыналылыгы жане омоним

§ 26. Омоним

§ 31. Фразеологиялық синонимдер

§ 34. Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер

§ 35. Сөйлеу тілінің фразеологиясы

§ 36. Кітаби сипаттағы фразеологизмдер

§ 37. Көнерген тұрақты сөз тіркестері

§ 40. Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өядеумен қолданылуы.

§ 41. Орыс тілі арқылы енген фразеологизмдердің қолданылуы.

ГРАММАТИКАЛЫҚ СТИЛИСТИКА

§ 42. Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік.
 

МОРФОЛОГИЯ

43. Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік

белгілері
 

44. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль

түрлеріне қатысы
§ 45. Экспрессивті-эмоциональдық лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғалар

§ 46. Есімдіктердің қолданылуы

§ 47. Етістік тұлғаларының колданылуы

§ 48. Етістіктің шақтық тұлғалары

СИНТАКСИС

§ 49. Синтаксистін, стилистикалық қызметі
§ 50. Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі

§ 51. Синтаксистік синонимдер

S52. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері

53 Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер

54.-Сөйлем мүшелері

55Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі

56 Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі

57Қаратпа, қыстырма сөзді сөйлемдер

58. Толымды және толымсыз сөйлемдер

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚ ӨҢДЕЛІП, ТОЛЫҚТЫРЫЛЫП ЕКІНШІ БАСЫЛУЫ

АЛМАТЫ —1974Қазақ ССР Оқу министрлігінің коллегиясы бекіткен

46—170

М404(07)—74

-196—74.

АЛҒЫ СӨЗ



Қазақ тілі стилистикасының оқулығы осыдан біраз жыл бұрын жарық көргені мәлім. Оқулықтың ұсынылып отырған екінші басы-лымы сол алғашқы басылымдағы негізгі бағытты ұстануы өзінен-өзі түсінікті жай. Алайда, екінші басылымында көп түзетулер мен өзгерістер болды. Олардың барлығы да алғашқы басылым туралы айтылған сын пікірлердің негізінде, сондай-ақ осы пәнді оқытудың енді ғана жинақтала бастаған тәжірибесіне негізделді. Соның нә-тижесінде біраз тақырыптар қайта жазылды, түзетілді. Тілдік құ-ралдардың, стильдік қолданудың жүйесін сипаттау бүгінгі тіл бі-лімінің соңғы зерттеулері тұрғысынан мүмкіндігінше толығырақ айтылу көзделді.

Оқулықтың бірінші басылымы жайында пікір айту барысында стилистиканың мақсаты мен міндеті, жеке мәселелері жайындағы түсініктің бірыңғай еместігі де байқалған болатын. Жеке авторлар арасындағы бір мәселе жайлы әркелкі түсінік көбінесе пәннің әлі жаңалығына, әлі ол жайлы ойдың қорытындыланып жетпеуіне ұштасып жатты. Авторлардың ойынша, ондай талас пікірлер тек қана уақыт себебі болып қалды. Стилистика әдеби тілдің стильдер жүйесін талдап, тілдік құралдардың қолданылу заңдылығын түсіндіретін лингвистикалық пән екені талас туғызбайды. Оқулық-тың бүл басылымындағы өзгерістер де осы мақсаттан туған.

Окулықтың “Стилистиканың жалпы мәселелері” (1—П-§), “Фразеология” (29—42-§) тақырыптарын Б. Манасбаев, “Лекси-каны” (12—28-§) —Е. Жанпейісов, “Морфологияны” (43—48-§) — М. Томанов, “Синтаксис” (49—58-§) тақырыбын М. Балақаев жазды.

 

Б і р і н ш і б ө л і м

СТИЛИСТМКАНЫҢ ЖАЛПЫ МЭСЕЛЕЛЕРІ



§ 1. Стилистика курсының міндеті жен мақсаты

Стилистика — тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғары оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқылатын болды. Казақ тілі стилистикасынық мәселелері арнайы зерттеу объектісі бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу кұралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған макала-ларда тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары .жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады.Орыс тіл білімінде стил-истика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, бұл сала--дан біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен А.М.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. В. Винокур, А. Н. Гвоздев, А. И. Ефимов, В. П. Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін ' атауға болады. Стилистиканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы “Вопросы языкознания” журналы ұйымдастырған дискуссия материалдарында да қамтылған)

Журналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік құбылыстардың стилистикаға қатысы, функ-циональды стильдер, тіл білімінде стилистиканың алатын орны т. б. Ондағы сөз болған мәселелерді қорыту ретінде академик В. В. Виноградовтың мақаласы жарияланды1. Осы дискуссияцан кейін стилистика мәселелерін зерттеу жұмысы жандана бастады, көп кешікпей стилистика жөнінде еңбектер жарық көрді.

Стилистикадағы негізгі ұғымдардың, бірі — с т и л ь. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің маз-мұны кең, оның жұмсалатын орны көп2. Стиль — Латынша зіуіоз (қазақша — жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі “жазу мәнері” деген мағынада қолданылатын болған.

1 В. В. Виноградов. Итоги обсуждения вопросов стилистики “Вопросы языкознания”, 1955, № 1.

2 “Стиль” термині әдебиет тану, бейнелеу өнері, музыка тағы басқа гылым салаларында да кеңінен қолданылады.

Онық осы мағынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде с т и л ь — сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика — риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Қейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген үғымда қолданылды. Бұл ұғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген.

Сөйтіп, лингвистикада “стиль” жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасырдьщ бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В. Г. Белинский былай дейді: “Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар”1. Белинскийдің пікірінше, тіл енерінін, осы “техникалық жақтары”, яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінін, алғашқы мағыналары казір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білі-мінің маңызды саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.

Стилистика — ен, алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің колданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтьш, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық силоним-дер, морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік синонимдер. Лексикалық синонимдерге мына тәрізді сөздер жатады:

1) Айту 1) Мылжыңдау

2) Сөйлеу 2) Көпіру

3) Міңгірлеу 3) Көку

4) Қүмілжу 4) Оттау

5) Мыңқылдау 5) Бөсу. /

Бұл синоним сөздердін. бәрі сөйлеудің әр түрлі сипатын білдіреді. Әр түрлі жағдайда қолданылады. Сондықтан олардың мағыналық реңдері біркелкі емес. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі кекесінді, бірі тұрпайы реңде қолданылатынын аңғару қиын емес.

1 В. Г. Б е л и н с к и й. Избр. соч., М., 1948, стр. 147.

Біреудің сөзін сөйлеп, біреуді жақтау деген ұғымды тұрақты сөз тіркестері арқылы беруге болады.

Сойылын соғу,

жыртысын жырту,

шашбауын көтеру

сияқты синонимдес фразеологизмдер біздің тілімізде көп кездеседі. Сөздердің лексикалық және грамматикалык мағыналарынан басқа олардың әр турлі қосымша реңдері болады:



Бұл сөйлемдердегі сөздердің лексикалық мағыналары сөйле, мылжыңда, көпір, көкі болса, ал грамматикалық мағыналары — -ды, -ді арқылы берілген. Сөйледі, көп сөйледі және мылжыңдады, көпірді, көкіді, көк езу болды деп қолдануда айырмашылықтары жоқ емес. Соңғыларының қосымша реңдері басым сезіледі.

Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағы-наларынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрес-сивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ тілдщ стильдік сапасы немесе

м ә н е р л і т ә с і л д е р і деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа — тілдік единицалардың қай-қайсысына да тән құбылыс. Морфологиялық тұлғалар мен син-таксистік қүрылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады: сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз құмар т. б.

Бұл сөздердің де, жоғарыда келтірілген мысалдардай, эмоцио-нальды-экспрессивті бояуы айқын сезіледі. Осы сөздерге мұндай өң, бояу берш тұрған морфологиялық тұлғалар (форма) екенін аңғару қиын емес.

Долларшыл топ — соғыс құмар бөспенің,

Тілейміз біз жер бетінен өшкенін.

(“Бейбітшілік даусы”).

Осында соғыс кұмар деген сөздің соғысқор, соғысшыл сияқты әр түрлі реңділікті білдіретін синонимдері бар. Ашушаң, ашуқой, ащуланшақ, ашуланғыш дегендердің де синонимдес екенін байқай-мыз. Кейде мұндай рең дамыту тәсілімен де беріледі. Мысалы: кө-гілдір, көкшіл, көкшілтім, көктеу, көгірек, көк, өте көк, шымқай көк, тым көк. Морфологиялык тәсілмен берілетін жеке ұғымдарды синтаксистік тәсілмен де түсіндіруге болады. Мысалы

6:

Сөйтіп стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүм-кіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай тү-рінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.

§ 2. Жалпы халықтық тіл және оның формалары



Тіл — қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Тіл қоғам өмірімен бірге жасап, бірге дамиды. Қатынас құралы1 болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше зор.

Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол ортақ тіл ж а л п ы х а -

л ы қ т ы қ тіл деп аталады.

Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің а у ы з ш а және ж а з б а ш а түрлері болады. Мұнда ескеретін бір жай: “ауызша”, “сөйлеу тілі” мен “жазбаша” және “кітаби” дегендерді бір-бірімен мағыналас деп қарауға болмайды2, Сондай-ақ тіл мен сөздің (речь) де өз алдына жеке ұғымдар екенін ескерген жөн.

Тіл мен сөз әрқашанда диалектикалық бірлікте қаралады.

Тіл мен сөзді бір-бірінен бөліп ажырату үшін, ең алдымен тілдің қандай элементтерден түратынына көңіл аударған дұрыс. Тіл құ-райтын элементтер: морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Бұларды т і л ж ү й е с і деп те атайды.

Тіл жүйесінсіз (морфема, сөз, сөз тіркесі) сөйлеу болмайды. Тіл жүйесі арқылы адамдар өз ара пікір алысады.

Сөз3 (речь) тұтас бірлікте танылып қабылданылады. Солай болғаны-мен онын, ішкі м а з м ү н ы және с ы р т қ ы ф о р м а с ы болады.

Сөз а у ы з ш а және ж а з б а ш а болып бөлінеді.

Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адамдар ай-тайын деген ойын бір-біріне үнді тіл арқылы жеткізеді. Сөйтіп, бірінің айтқанын бірі естиді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады. Ауыз-ша сөйлеу интонациялық құбылмалылыққа өте бейім тұрады. Ол тілге әр түрлі мәнерлік, әуезділік сипат береді. Интонация4 деген ұғымға сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы, екпін т. б. сияқтылар енеді.

Сөйлеу өзінен өзі болмайды. Сөйлесу үшін, екі не одан да көп адам қатысуы шарт.

1 В. В. В и н о г р а д о в. ... важнейшие общественные функции языка общение, сообщение, воздействия. “Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика” М, 1963, 6-бет.

2 Орыс тілінде жазылған стилистикалық еңбектерде бұл терминдерді бір-бірінен ажырату кажет екендігіне ерекше көңіл бөлінген, мысалы, В. Г. Костомаров о разграничении терминов “устный и разговорный” “письменный”, “книжный”, (“Проблемы современной филологии” М., Наука 1965) және Т. Г. Винокур “О содержании некоторых стилистических понятий” — (стилистические исследования М , 1972,) т. б.

  • 3 Речь — ұғымы контекске қарай тіл, сөйлеу, сөз делініп те қолданылды.

  • 4 Интонация (латынша іпіопаге) дауыстап айту.

9,

.Ж а з б а ш а д а бұл көрсетілген ерекшеліктер болмайды. Өйткені, онда ой қағазға жазыльш жеткізіледі. Яғни жазу тілдің көзге көрінетін белгілері (дыбыс құрамы, сөз тіркесі) арқылы адам ойын жеткізу тәсілі ғана.

Жазбашада ой тілдің көзге көрінетін белгілері қағазға жазылып жеткізілетін болғандықтан, онда ауызша сөйлеудегідей әңгіме-лесушінін, қатысып отыруы шарт емес.

Сонымен жазу — ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп хабар-лайды. Ал, хабар — тіл фактісі. Мысалы, Абайдың шығармасы — жалпы тіл фактісі.

Біріншіден, мұнда Абайдың поэзия тілімен сөйлеуінің нәтижесін-де тіл жүйесі (дыбыс құрамы, сөз тіркесі және сөйлем) белгілі бір қалыпқа түскен.

Екіншіден, Абайдың тілі — ол қазақ тілінін, фактісі. Ал сөйлеуде де, жазуда да тіл жүйесі пайдаланылады. Оларға дыбыс құрамы, сез тіркесі және сөйлем жатады. Сондықтан сөйлеу де, жазу да — тіл фактісі болып есептелінеді.

§ 3. Әдеби тіл жөне оның нормасы



Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады.

Сөйлей білмес жаманның,

Сөзі өтпес бір пышақ:;

Сөз білетін адамның

Әр ^өзіне бір тұзащ.

Осы мақалдын, қай кезде, қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтиже-сінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.

Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл колдану заңдылықтарын білдіретін үғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп қолдану орынды болса, қазір “тіл нормасы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл” теминдері қалыптасты.

•Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес.

10

Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д -

е б и т і л д е (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады._/

“Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бі-рімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиеттің қалып-тасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тен-денциясы әсер етті”.

Фольклордың жазба әдебиетке, оның қалыптасуына тигізетін ықпалы туралы 3. Кедрина: “Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмірге бейімділігі соншалықты, ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары: орыс армиясының офицері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865); қазақ мектебінің бірінші оқу-лығы мен хрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжіри-бесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсариннің (1841 —1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың (1845— 1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей-ақ сол табиғи қалпында енді”1,— дейді.

Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — -Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті фөмаларыи ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.

Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір үғымды білдірмейді. Өдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл — сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған. тіл-дік белгілер. Ал нормаяанған тілдің “қ а л ы пт ы л ы ғ ы” басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайьш, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең. Сонымен бірге тілдің басқа формаларына қарағанда, көркем шығарма тілі көрнекті орын алады. Көркем шығарма тілінің даму тарихы бірден

1 3. Кедрина. Своей дорогой, “Вопросы литературы”, 1958, № 7.



қалыптаса қоятын құбылыс емес, көркем шығарма тілінің маңызды ролі, әсіресе ұлт тілінің қалыптаса бастаған кезінен, әсіресе социалистік жаңа дәуірдегі әдеби тілмізден айқын сезіледі.

*4. Стилистика және оның жалпы халықтық



тілге қатысы

Стилистиканьвд міндетін жалпы халықтық тіл мен әдеби тілден бөліп қарауға болмайды.

Жалпы халықтық тіл негізгі қатынас құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Осы негізгі қатынас құралы жалпы халықтық тілді белгілі бір жүйелілікке, нормаға салатын әдеби тіл.

Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің, ауызша және жазбаша түр-лерінің негізінде қалыптасады. Сондай-ақ жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары стильдердің де қалыптасуына негіз болады (Бұл жөнінде 3 параграфта айтылады).

Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді (сөз, сөз тіркес, сөйлем) қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді.

Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көз-дейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудің қоғамдық үлкен мәні бар.

Тілдік белгілерді сұраптап қолдану заңдылықтары әдетте ай-тылатын ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нә-тижелерін тіл сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады. Егер ой түсініксіз болса, онда сөз де түсніксіз шығады.

Мысалы:

Палеонтолог — мамандар бұл теңіз корольдары планетамыздың дамуындағы тас көмір дэуірінде болған деп топшылайды, бұдан үш жуз миллион жылдай бұрынғы ол кезде “дүние шатырының” қазіргі алып таулы аймағы орнында ұшы-қиырына көз жетпейтін мұхит шалқып жатқан” (газеттен).

Сөйлемді түсіну өте қиын. Айтылатын ойды сауатты жеткізе білмеу тек сөйлеушінің не жазушының жалпы мәдениетінің тө-мендігін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар ол адамдардың-бір-бірімен түсінісуін де қиындатады. Сондықтан ауызша не жазбаша түрде айтылатын ойдьщ түсінікті, нақтылы* болуьша айрықша көңіл бөліп, оның мазмүнын дәл бере алатын тілдік кұралдарды сұрыптап қолдана білудің маңызы зор. Мына бір газет оқушысының хатын алайық:

Айтпағыл көп ретте келіншектер от басында қалып қояды. Кейде күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді. Бірақ, әркім де өмірдегі, өз еншісіндегі қызықтан, жақсылықтан, құр қалмауы керек емес пе? Тұрмысқа шыққасын тоқырау керекпе

12

пе.?: Жоқ. Осыған орай әріптестерім, жас келіншектердің көңілін-дегілерін білгім келетінін де жасырмаймын” (газеттен).

Хат қысқа жазылған. Бірақ мұнда автордың ойы түсініксіз, жас келіншектерді нендей игілікті, жақсы іске шақыратынын айқын, нақтылы жеткізе алмаған. “...Күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді”, “тұрмысқа шыққасын тоңырау керек пе?”—дегендерді қалай түсінуге болады? Тілді бұлайша қолдану логикалық қате болып есептеледі. Сонымен бірге, хатта кейбір сөздердің стильдік бояуы ескерілмей қолданыла салынған: (Айт-пағым, әріптестерім). “Айтпағым” деп қолдану қарапайым сөйлеу тілінде орынды: әріптестерім — кітаби лексика (орысша коллеги деген сөздің аудармасы), жалпы қолдануға болады, бірақ дәл осы тексте “замандастарым” десе, дұрыс болатын еді.

Баяндау түрінде жазылған материалдарда қарапайым және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздерді қолдануға болмайды. Бірақ, стилистикалық бұл талап ескеріле бермейді: “...Өсу, өрлеу жылдарының ә п е р г е н жеңістерін көз алдыңнан тағы өткергің келеді” (газеттен). Немесе, “Совхоздың мал өсірушілер коллективі мал семіртуде жақсы көрсеткіштерге ж е ті с і п, мемлекетке малды қоңдылықпен, жоғары салмақпен тапсыруга ж е т і с т і (газеттен).

Сол сияқты сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалатын “апай” сөзінің және ресми қатынаста қолданылатын “жолдас” сөзінің газет за-меткаларында қолданылуы да дұрыс емес. Бірақ газеттерден ондай мысалдар аз кездіеспейді.

Қалыптасқан (штамп) сөздердің де талғамсыз колданылуына мысалдар табылады: “Олар сонау бір кездегі Қажымұқанның ар-манын іс жүзіне асырып келеді”, “бұл жүмыстың мэні өз дә-режесінде емес”. Содан барып бірқатар кемшіліктерге жол бердім” т. б. (газеттен).

Сөз қолданудың бұл үлгісінен ресми документтер мен кеңсе іс қағаздарының ықпалы баса сезіледі.

Қалыптасқан сөздердің бірқатары кез келген жерде орынсыз колданылатындығы байқалады. Мысалы, өндіру сөзі мынадай тір-кестерде жұмсалып жүр, астық ө н д і р у; сүт ө н д і р у; жүн ө н д і р у; қаракөл ө н д і р у; жұмыртка ө н д і р у; қоян ө н д і р у; торай өндіру.т.б.

Осылар текті қалыптасқан сөздер сөйлеген сөзді және жазба тілді бір сарынды, бір әуезді жасап, тілдің экспрессивтік-эмоциональдық бояуы мен оның мәнерлегіштік қасиетін әлсіретеді. Тілді қолдану-дағы кемшіліктер тек осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Мұндай құбылыс синонимдерді, көп мағыналы сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін және грамматикалық тұлғаларды пайдалануда да кез-деседі. Бұл сияқты сөйлемдерді болдырмау үшін сөз қолдану заң-дылықтарын жақсы білу қажет.

Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қол-дануды, үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын, мәнерлегіштік касиетін арттыру жолын көрсетеді. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын, оның әр түрлі стильде-

13

рін зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады. Стилистика тілдік құралдардың стильдік белгілерін анықтап, оған сипаттама береді. Стилистиканың объектісі болатын негізгі мәселелер — осылар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет