Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 11. Көркем өдебиет стилі



бет4/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
§ 11. Көркем өдебиет стилі

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.

Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл өрісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойындіа, өз ойын тіл құралы ар-қылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образ-

1 М. Әуезов “Әр жылдар ойлары”, Алматы, 1959, 122-бет.

34

дар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шы-ғарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді. Мысалы:

Азуы — алмас, тілі — у,

Арам көңіл, ала ту,

Кең жемсаулы, кең қарын,

Найзадай түйреп қолдарын

Қорқау қасқыр — “жан” жүрді1.

С. Мұқанов осы бір шумақта бұқара халықты рақымсыз езіп, жаншып, өктемдігін жүргізген қиянатшыл заманның мейірімсіз өкілдерінің жиренішті кескін-кейпін ұтымды теңеу, эпитеттер ар-қылы оқушынын, көз алдына елестетеді.

Осындай суреттеуге М. Әуезовтен тағы бір мысал: Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалыц көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан.Бұлар, малына інет келген ауылдыц иттері сияқты, жоны шығып, қуйрығын сыртқа салып, көзі қызарып құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді2.

Немесе, ...долданып құтырған Қоқыштар, Сэрсендер жуан-жуан жақсы киімді, боқтығы күшті үлкендер...

Бұл мысалдардан образды сөздердің атқаратын қызметі ерекше сезіледі. Сонымен бірге мұнда сөз қолдану, сөйлем құрылысы, тіпті контекст — барлығы да экспрессивті берілген. Автор тілдің экспрессивті-эмоционалды тәсілдерін шебер пайдаланган. Жазушы суреттеп отырған шындықты оқушы көзбен көргендей айқын сезі-неді. Мұнда жағымсыз образ тілдік тәсілдерді бейнелі, экспрессивті қолдану арқылы жасалған. Осылайша сөзді метафоралы қолдану арқылы жасалған образдар тез қабылданып, ойда ұзақ сақталып, сөз қолданысы тұрақталып, бейнелі сөздердің үлгісі молығады.

Образ жасаудың сөзді метафоралы түрде қолданудан басқа да көптеген тәсілдері бар. Оны төмендегі мысалдан көруге болады: Бақтығұл атқа мінісімен: “Эйдэ, тарт!”— деп тебініп жіберіп, қоз-галып кетті. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ер-тұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығын қуалай тартып береді3.

Автор мұнда әр түрлі дыбыстарды еліктеуіш сөздер арқылы бейнелеп отыр. Осы түста оқушы көп аттың түяғы тиген жердің дүңкілін, ер-түрманның шылдырын айқын естіп түрғандай сезінеді.

1 С. Мұқанов Таңдамалы өлеңдер, Алматы, 1954, 58-бет.

2 М. Әуезо в. “Қараш-қараш”, Алматы, 1960, 53-бет. 3М Әуезов “Қараш-қараш”, Алматы, 1960, 42-бет.

35

Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын — жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселе-сін шығарманын, тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да жазушының ше-берлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оньщ, тілінен бастаған жөн1,

Шеберлік дегеніміздің өзі — тар шеқберде алғанда, адам бей-несі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін кажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша марынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз — суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.

Қөркем әдебиет — “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін ис-кусство”. Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі — әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы — тіл. Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқ-тандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оньщ жалпы халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ мазмұн, идеялық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.

Жазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыпта-сатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жа-зушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырарма-сының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушы-лардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды, Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшелік-тері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі.

Жазушынын, стиль ерекшелігі — жалпы халықтық тілдің жал-ғасы ретінде дамитын әдеби тілдің маңызды бөлшегі.

Жазушынын, тілі, өзіндік (индивидуальды) стилі — ол сол дә-уірдегі көркем әдебиетке тән тілдік тәсілдерді өзінің эстетикалық талғамына сай өзінше пайдаланып дамыту жүйесі. Жазушының өзіндік стиль проблемасы — ең алдымен әдеби шеберліктін,, ұлт-

1 К. Ф е д и н. О мастерстве. Сб “О писательском труде”, М., 1955, 319-бет.

36

тық көркем әдебиеттің проблемасы1. Сондықтан әдеби тілдің даму жолдарын, қалыптасу процесін жете түсіну үшін жеке жазушы-лардың шығармасының тілін зерттеп, олардың сөздерді сұрыптап қолдану тәсілдерін, жалпы халықтық тілдік құралды қалай мен,-гергендігін және әдеби тіл үлгісін байытып тыңнан қосқан жаңа сөз үлгісін айқындап, жан-жақты талдау жасап көрсетудің көркем сөз стилистикасында мәні зор.

Көркем шығарма тілінін, осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені туралы академик В. В. Виноградовтың “О языке художе-ственной литературы” деген кітабынан толық мағлұмат алуымызға болады. Автор бұл еңбегінде совет дәуіріндегі көркем шығарма тілінің зерттелуіне арналған ғылыми еңбектер мен мақалаларға талдау жасап, ондағы жетістік пен кемшіліктерді көрсетіп, көркем шығарма тілінің зерттелуі жайында құнды пікірлер айтқан. Ака-демик В. В. Виноградовтың аталран еңбегінің құндылығы — жазу-шының өзіндік стилі орыс әдебиетінін, даму заңдылықтарымен байланысты қаралуында. Бұл тәсіл — жазушының тіл ерекшелігін зерттеушілердің бұдан былайғы жерде айрықша көңіл бөлетін мәселесі.

Қазіргі стилистикаға байланысты жазылып жүрген зерттеу ең-бектері мен мақалаларда, көбінесе оның зерттеу -объектісіне, шы-ғарманың тілін зерттеу тәсіліне баса көңіл бөлініп жүр. Бұлар көркем сөз стилистикасы саласындағы бүгінгі таңдағы маңызды мәселе екені даусыз. Бірақ көркем сөз стилистикасының басы ашылмаған басқа да мәселелері аз емес.

Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық — оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, көп жанрлы болып келуінде. Әр түрлі жанрлардың әрқайсысынын, өзіне тән тіл ерекшеліктерін зерттеу әдістері жөнінде белгілі бір нүсқау беру қиын. Шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай, тіл өзгешелігі болатындығы әдебиет теориясыньщ оқулықтарында және кейбір лингвистикалық еңбектерде тиіп-қашты айтылады. Ал арнайы жа-зылған еңбек әзір жоқтың қасы.

Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі2. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекше-лігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен арақатынас.та болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.

Көркем әдебиет сөз өнері ретінде ғана танылмайды. Ол өмір шындығын біліп тануымызға ықпал жасайтын, біздің өміріміздің

1 В. В В и н о г р а д о в. “О языке художественной литературы”, Москва, 1959, стр. 85.

2 Ол жөнінде § 7 қара.

37

эстетикалық жағын қамтитын қоғамдық құбылыс болып саналады. Сондықтан акад. В. В. Виноградовтың: “Көркем шығарманың тілін зерттеу мәселесі тіл білімінен де, әдебиет танудан да өз алдына айырмашылығы бар филология ғыльшдарының айрықша бір бөлек саласы болуға тиіс”1,— деген пікірі әбден дұрыс.

Литературоведение и современность, “Вопросы литературы”, 1959, № 10.

38

Екінші бөлім

ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



1. ЛЕКСИКА

§ 12. Қазақ тілі лексикасы туралы жалпы түсінік

Лексика, лексикология және стилистика — бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп — әдетте тілдегі барық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым; яғни тіл білімінің сөз мағынасын, онын, шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жана сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарыньщ қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар. Мысалы мына бір үзінділерге көңіл аударып көрейік.

Білігі артық Қарашаш (Батырлар жыры); Заявление — арыз, Тексеру бізге парыз (I. Жансүгіров); Сөйлеп көр тіл мен жақ. Сө-зіңнің бэрі хақ (С. Сейфуллин); Атаның адал батасын, анаңның ақ сүтін ерлікпен ақтау саған парыз (Б. Момышұлы); Бізге бригади-ріміз Кудрявцев сияқты білікті құрылысшы болу элі ертерек (га-зеттен); Қазақ халқының, оның ескі тайпаларының, талай тарихи шытырман кезеңді өткермегі де хақ, талай жазу-сызу жоралғыла-рына бірде тікелей, бірде жанамалай жанаспағы да хақ (ғылыми мақаладан). Жерді тыңғылықты өңдеп, баптау ең алдымен трак-торшыныц парызы (газеттен). Осы үзінділердегі білік (білікті), парыз, хақ, улан лексикамызда жалпы белгілі сөздер. Бірак, олар тіліміздегі әр түрлі стильдерде қолданылуы жағынан бірдей емес. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардьщ өзінен-ақ оңай байқай-

39

мыз. Ілгерідегі мысалдарды өз ара салыстыру арқылы да осыны аңғарамыз. Бұл арада әр түрлі стильде қолданылған бір сөзге әдейі тоқталып отырмыз. Өйткені ондай жеке сөздін, стиль түрлерінің кез келгеніне жарасып, қонымдылық табуы мүмкін емес. Дегенмен қай тілде де қандай бір сөз болмасын, ол өзінің табиғаты, жалпы қолданылу ерекшелігі жөнінен көбінесе белгілі, бір ғана стильге бейімірек тұрады. Лексикология мен стилистиканық бір-бірімен байланысты, олардың әдетте өз ара тығыз қарым-қатынаста болатыны міне осыдан. Парыз есімін тракторшы дегенмен қосақтау, яғни тракторшының парызы деу қай жағынан да келісіп тұрған жоқ. Бұдан гөрі тракторшының міндеті түрінде қолданылғаны әлдеқайда орынды. Дұрысының өзі де сол. Себебі парыз сөзі көбінесе көркем әдебиет стиліне тән құбылыс. Кейде публицистикалық стильде де қолданыла береді. Ал күнделікті баспасөз бетінде жарияланып жататын ресми шағын хабарда парыз есімін пайдалану, оны және тракторшы дегенмен тіркестіру стиль шартына үнемі дәл келе бермейді, ұтымды да болып шықпайды. Ол сондай-ақ ғылыми стильге де, ресми кеңсе тіліне де үйлесімді емес. Мұны, яғни қандай да бір тілдік құбылысты, стильдік өңіне қарай талғап қолдану қажеттігін, сондай-ақ ұлан, саңлақ, марқаю сөздерінен де айқын көруге болады.

Сол бұйырмаған махаббат-достықтан біткен екеуінің баласы, жөргектегі нэрестесі жас ұлан мынау шеткі Ақшоқының есіз биі-гінің басына апарып тасталды (М. Әуезов); Еңлік үнімен қыз жүрегі сыр айтса, Кебек тілімен ұл арманы, ер ашуы, ұлан жаны жоқталса болмас па (осында); Бұл бастаманы өндіріске енгізген тапқыр ұландар қазірдің өзінде 45 мыц адамды қол жұмысынан босатты (газеттен). Автомобиль транспорты да кемеліне келіп марқайды (газеттен.) Жапырақтар жалпайды. Жас қозылар марқайды

(I. Жансүгіров); Ел құрметіне бөленіп, көзге түсіп жүрген саңлақ сауыншылар бізде көп (газеттен). Мен-дағы мұндай кезде жылмаң қақам, Мінгенмін не саңлаққа сумаң қаққан (I. Жансүгіров).

Әуелі мұндағы сацлак, сөзінің қолданылу ерекшелігіне, стильдік бояуына тоқталып көрейік. Бұл да негізінен сол көркем әдебиет стиліне тән құбылыс. Ол әдетте ақын, жазушылардың шығарма-ларынан жиі кездесіп отырады. Саңлақ және сауыншы сөздерінің қатар қолданылуынан жатықтық емес, қайта жасандылық сезіліп тұрады. Парыз, саңлак, сөздері ара-тұра сөйлеу стилінде де айты-лады. Ғылыми стильде, газет, журналдарда ақпар түрінде шығып жататын қысқа материалдарда, ресми кеңсе стильдерінде мұның екеуі де сирек ұшырасады. Саңлақ сауыншы немесе тракторшының парызы деу құлаққа да тіпті ерсі естіледі. Ұлан, хақ, білік есімдері мен марқаю етістігін де дәл осы тұрғыдан алатын болсақ, бұлардың да жоғарыдағы қолданылуының қайсысы орынды, қайсысы жасанды екенін білу қиын емес. Мысалы, “Білігі артық Қарашаш” деген жолды “Білімі артык, Қарашаш” деп өзгертуге де болар. Бірақ дәл осы контексте, осындай ескі жыр шумақтарына білім зат есімінен гөрі көне форма білік сөзінің өзі көбірек үйлеседі. Ал

40

білікті қүрылысшы дегендегі білікті өз орнында тұрған жоқ. Кон-тексте стиль ерекшелігіне сай жұмсалмаған. Бұл арада және бір ескертетін нәрсе: білік білім сөзінің ғана орнына емес, ақыл деген мағынада да қолданылады. Оны осы себепті де кез келген стильде келтіре беруге болмайды. Сондай-ақ автомобиль транспорты мар-қайды мен жас қозылар марқайды дегендерді немесе тапқыр ұлан-дар 45 мың адамды қол жұмысынан босатты мен ұлан жаны жоқ-талса болмас па деген екі үзіндіні салыстырсақ та, жоғарыдағы тә-різді ерекшелікті: қандай бір сөздің болса да белгілі бір стиль түріне көбірек бейім тұратынын аңғарамыз. Марқайды етістігі қозыға байланысты айтылғанда, айналасындағы сөздермен қиюласуы да, үйлесімі де өте табиғи, жым-жігі білінбейді. Бұған керісінше, автомобиль транспорты марқайды дегеннен мұндай жатықтық көрінбейді. Парыз, саңлақ есімдері тәрізді бұлар да (хақ, ұлан, білік, марқаю сөздері де) негізінен көркем әдебиет стиліне, ара-тұра публицистикалық мақалалар мен ара кідік сөйлеу тілінде қол-данылады. Демек, лексиканың стильдік сипаты әдетте тіліміздегі әр сала сөздердін, белгілі бір стиль түріне бейімділігіне не онда сирек қолданылатындығына қарай анықталады.

Әдеби, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде сөздердің өз-ді-өзіне тән жұмсалу қабілеті аңғарылады. Мұндай өзгешелік әсі-ресе көркем әдебиет стилі мен кеңсе, ғылыми, публицистикалық стильдердің арасында айқынырақ сезіледі. Қөркем шығарма тілінің дені қазақ тілінің байырғы сөздері болып келеді. Онда әдетте ' тілде бар сөздін, қолданылмайтыны аз байқалады. Стильдік мақсатта керегіне карай, мұнда байырғы құбылыстар да термин де, көне сөздер де, диалектизм де кездесіп отырады. Бірақ солардың ішінен көбінесе көркем әдебиет стилінде жұмсалатындары да бар. Мысалы:

Қайта жолдастары осыны айтқалы көңіліне амалсыздықтың бір жадаулығы да келіп еді (М. Әуезов). Күңгірт, сұрғылт қыс аспа-нында көшпе бүлттар өркеш-өркеш боп, терістікке қарай маңып, ауып барады (сонда). Мен малыма өзім иемін — деп, Нуржан шірене түсті (Б. Майлин). Самаурынын быжылдатып, мына саба-лақ сары баланы күтіп бұл эйел отырады да қояды. Отасқандарына жыл да толмаған. Ойын-күлкіге батып жайраңдайтын кезі ғой шыны (сонда).

Бұл^ келтірілген мысалдарда жадаулық, күңгірт, сұрғылт, ману, шірену быжылдау, сабалақ,, отасу, жайраңдау деген сөздер өзге стиль түрлеріне қарағанда, әсіресе көркем әдебиетте жиі байқа-лады. Жеке сөздерден байқалатын осы ерекшелікке байланысты, яғни олардың әр түрлі стильдік бояуына қарай, лексиканы жалпы бірнеше салара топтастыруға болады.

41

§ 13. Бейтарап (стильаралық) лексика



Тілдегі сөздердің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояу аңға-рылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясына, ерекше-ліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа бөлінеді. Лингвистика-лық әдебиеттерде лексикалық топтар саны әр турлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды тұрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кі-таби, поэтикалық, диалектілік, ресми-іс қағаздар лексикасы, т. б. Сондай-ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және кітаби лекс и к а. Оқулықта осы соңғы турі негізге алынып отыр.

Тілде стиль түрлерінің (ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық, көркем әдебиет) екеуінде не үшеуінде бірдей қолданылатын сөздер де, немесе барлығында кездесетіндері де бар.

Мысалы: Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар (М. Әуезов). Аспан әлемінен жер бетіне келіп жатқан сан миллион сэулелер, космос сэулелері деп аталатын сэулелердіц табиғаты... (Физика). Бақанастың өз өңірінде өспейді. Өзге қай жерде бар (М. Әуезов). Ауадан гөрі таза оттекте заттардың тотығу процесі күшті жүреді (Химия).

Бұл үзіндіден аспан, ауа, жер, су, өзен, тау аттарының ғылыми стильде де, сондай-ақ көркем әдебиет тілінде де қолданыла бере-тінін көреміз. Олар өзге стильдерде де жұмсалады. Міне, мұндай сөздерді, яғни стиль түрлерінің қай-кайсысында да қолданылатын тілдік құбылыстарды бейтарап немесе стильаралық л е к с и к а деп атайды. Мұның кейбір үлгісін әр түрлі еңбектерден, ғылыми әдебиеттерден, оқулықтардан, көркем шығармадан, жоғарыдағы мысалдардан аңғаруға болады. Оны сондай-ақ мына бір жолдардан да байқау қиын емес. Таудан соққан салқын ызғар қатал мінездердің ызғары сияқты (М. Әуезов). Өзен жағасына келсе Оспан, Смағұл бастаған көп кішілеу балалар мөлдір суда асыр салып... (сонда). Тау беткейінің горизонт жазықтығымен жасайтын бұрышы (Тригонометрия). Өзеннің енін анықтау үшін оның бір жақ жағасына... (сонда). Гидросульфидтер суда эжеп-тәуір жақсы ериді (Химия).

Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Оған ең алдымен жоғарыда аталған аспан, жер, су, ауа, жел, өзен, тау тәрізді табиғат құбылыстары жатады. Осы сөздер көркем әдебиет стилінде де; ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық стильде де қолданыла береді. Олардың әр түрлі стильдерде жұмсалуына бірер мысал келтіре кетейік. Тау басында жел тұрды білем (М. Әуезов). Ең қызығы Шолпандағы жел ылғи бір-ақ жаққа, яғни планетаның айналуымен бағыттас соғады екен (Физика). Денеге жерден шығып кетуге мүмкіндік беретін жылдамдық осын-дай болады (сонда). Бұнда қалың боп көпсіп жататын құм мен боз топырақтан аяқ алып жүру бір жүк (М. Әуезов). Фосфорит, құм жэне көмірдің ұсақталған қоспаларын электр пешінде ауа жібермей жоғары температурада қыздырады (Химия).

42

Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лексикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі стильде жұмсалып отырады. Мысалға қасиет деген сөзді алып көрейік. Бұл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицисти-калық стильде де қолданылады. Дәл осындай ерекшелік анықтау деген етістіктен де аңғарылады. Ол да ресми-кеңсе және ғылыми стильдің екеуінде бірдей келе береді.

Оқушылардың бойында... социалистік патриотизм, социалистік Отанды қорғауға эзір тұру қасиеттерін тэрбиелеу (ССР Одағы мен одақтас республикалардың халыққа білім беру туралы заңының негіздері). Оқу жоспарларын бекіту жэне программаларын бекіту тзртібін анықтау (сонда). Азайту жэне бөлу амалдарын қосу жэ-не көбейту амалдарына қарағанда кері амалдар ретінде анықтауға болады (Алгебра).

Бейтарап лексикаға жататын, яғни стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында да келе беретін мұндай сөздер қазақ тілінде осылар ғана емес. Олар көп және әр тарап болып келеді. Біз солардың тек кейбіріне тоқталдық.

Сондай-ақ, стиль түрлерінің бәрінде емес, кейбірінде ғана қол-данылатын сөздер де бар. Мысалы, лексиканың белгілі бір тобы өзінің стильдік бояуына байланысты көбінесе сөйлеу стиліне тән болып келеді де, сонда жиірек қолданылады. Ондай сөздер сөйлеу тілі лексикасы деп аталады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет