§ 31. Фразеологиялық синонимдер
Тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелердің бір-бірімен мағына ұқсастығын әдетте фразеологиялық синоним дейді. Мысалы, жұм-ған аузын ашпау “үндемеу” деген сөзге эквивалент болса, екінші жағынан, тіс жармау, лэм демеу деген сөз тіркестеріне синонимдес эквивалент болады.
Фразеологиялық синонимдер екі, үш, төрт, одан да көп болып келе беретіні байқалады, Мысалы:
Телегей-теңіз, көл-көсір (көп). Ит жанды, жылқы мінезді (төзімді). Маңдайы ашылран, қыдыр дарыған, бақ қонған (бақытты). Сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу (беті қайту). Тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ ұстатқандай (айқьш). Сақалын сипап қалу, тұзға отырып қалу, тақырға отырып қалу, аузы күю (алдану). Көзді ашып жұмғанша, кірпік қаққанша, иек кө тергенше, қас пен көздің арасында, көз ілеспеу, ауыз жиғанша, тіл қатқанша, ә дегенше, әне-міне дегенше, әп-сэтте (жылдам, лезде).
Кейбір фразеологиялық синонимдер бірінен соң бірі сатылап дамып, сөз тіркестерінің мағынасы кеңейе түскен. Бұған уақыт пен қашықтықты білдіретін фразеологизмдерді мысалға келтіруге бо-лады: шай қайнатым, сүт пісірім, ет асым, бие сауым; таяқ тастам, арқан бойы, қозы көш жер, көш жер, ат шаптырым т. б.
Фразеологизмдердің бір ерекше сипаты — мақал-мәтелдердің өз ара синонимдес келуі.Мысалы
1.Алдыңғы арба қалай жүрсе,
Соңғы арба солай жүреді
2 Сиыр су ішсе.
Бұзау мұз жалайды.
1.Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар. .
2.Қотыр колдан жұғады,
Пәле тілден жұғады
85
1.Өзінің түйедейін көрмей,
Біреудің түймедейін көрген.
2 Жығылып жатып,
Сүрінгенге күлген.
. 1Ақ жүрген адам азбас.
Аққа құдай жақ.
2. Тек жүрсең,
Тоқ жүрерсің т. б.
Сөйтіп фразеологиялық синоним дегеніміз — әр түрлі образға құрылған, бірақ мағынасы бір-біріне жақын, тұрақты сөз тіркестері.
Фразеологиялық синонимдерге плеоназмдар мен перифразалар1 да жатады.
Плеоназмдарға мысалдар: жарым-жарты, самал жел, ұлан-бай-тақ, қоңыр салқын, жарық сэуле, сәске түс, ақыр аяғы т. б.
Перифразаларға жататындар: қыз бала — тақия тігер, қырық жеті (архаизм); ер бала—ат ұстар, еркек кіндік; ақшам аз — қалтам таяз; арақ — ақаң, ақмағамбет, көк мойын, ащы су, зэм-зәм суы т. б.
Перифразаның ерекше бір түрі — эвфемизм. Перифразаның бұл түріне бірнеше мысал келтірейік. Өтірікші — аузының желі бар; түсінеді — төбесі тесік; ұры — қолының жымқырмасы бар; ұрлық қылмайды — біреудің ала жібін аттамайды; ұрлану — қолды болу; өлді — келмеске аттану, пейішке аттану, жан тәсілім қылу, о дүниеге аттану, мәңгі ұйқыға кету, жаны жаһаннамға кетті, өсек-сыбыс — сымсыз телефон, ұзын құлақ. Эвфемизмдер осылайша әр түрлі себептермен астарланып айтылады. Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап, жұмсартып айтуды көздейді. Егер діни ұғымға байланысты эвфемизмдерді айтпасақ, жалпы тілдік эвфе-мизмдердің негізінен анайы, тұрпайы сөйлеуден сақтандырып, сы-пайы болуға баулитыны байқалады. Бұдан халықтың тілді жоғары эстетикалық талғаммен пайдалануын көреміз.
Фразеологиялық синонимдер бір-бірінен семантикалық реңіне, стильдік бояуына және қолдану аясына қарай ерекшеленеді. Мыса-лы, тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ ұстатқандай синонимдері ашық, айқын деген ұғымды білдіретін мағынасы жақын сөздердің тіркестері болғанымен, олардың экспрессивті қасиеті мен қолдану аясы бірдей емес. Мұндай өзгешелікті алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді мен сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды сияқты мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Ал кейбір фразеологиялық синонимдер бірыңғай болып келеді: беті қайту, сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу т. б.
1 Перифраза (грекше речі — айнала,— рһгазіз — айтамын) — белгілі бір ұрымды әдеттегіден басқаша сөз орамы немесе сөз тіркесі арқылы түсіндіру.
86
Қазіргі қазақ тілі фразеологиясы осындай белгісіне қарай мы-надай үш топқа бөлінеді: 1. Бейтарап қолданылатын фразеоло-гизмдер. 2. Сөйлеу тілі фразеологиясы. 3. Қітаби сипаттағы фра-зеология.
§ 34. Бейтарап Қолданылатын фразеологизмдер
Бейтарап сөзі жалпылама деген мағынаны білдіреді. Бейтарап фразеологизмдер дегеніміз — сөйлеу стилінде болсын, кітаби — жазба стильдерінде болсын жалпылама қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Өйткені, бұл топтағы сөз тіркестерінің, стильдік сипаты болмайды (сөзінде тұру, сенімді ақтау, қарсы алу, дауыс беру, шын жүректен т. б.).
Сондай-ақ бейтарап қолданылатын фразеологизмдердің эмо-ционалды-экспрессивті бояуы да болмайды, зат пен құбылысты тек атап қана қояды. Мысалы, ит арба, ит аяқ, ит көйлек сияқты сөз тіркестерін алатын болсақ, бұлар тек заттың аты болғандықтан, олардың экспрессивті бояуы да, бейнелегіштік қасиеті де жоқ.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейтарап фразеологизмдер то-бына тұрақты ұғым болып қалыптасқан жер-су аттары және кейбір терминдік сипаттағы сөз тіркестері де енеді. (Қара теңіз, Ақ теңіз, көз әйнек, ауыр өндіріс, ақ өлең т. б.)
Стильаралық сипаттағы тұрақты сөз тіркестерінің жалпы саны, бейтарап лексикамен салыстырғанда өте аз. Олай болатын себебі, қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көпшілігі образды қызмет ат-қарып не жағымды, не жағымсыз ыңғайда жұмсалады. Газеттерде, кейде бейтарап фразеологизмдердің бұл қасиеті сақтала да бермейді. Мысалы, сенімді ақтау сөз тіркесінің қолданылуы төмендегідей: Өткен жылы әрбір жүз бастан 162-ден қозы алып, сенімнен шықты, “Бұл жұмыста Мұса абыройсыз болған жоқ, коллектив сенімінен шықты” немесе ... ішкі мүмкіндіктер мен резервтерді тиімді пайдаланудың негізгі жолдарын атап көрсеткен ол коммунистер сенімінен шығып келеді т. б.
§ 35. Сөйлөу тілінің фразеологиясы
Фразеологизмдер ең алғаш сөйлеу тілінде не жазба тілде қол-данылып жалпыға танылады. Қазақ тілінің фразеологизмдерінің дені жазба тіл дамымай тұрып, сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан.
Бұл топқа қазақ тіліндегі идиом, мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жатады. Сөйлеу тілінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркес-терінің құрамында қарапайым, тұрпайы сөздер және кәсіби фра-зеологизмдерді жатқызуға болады.
Кәсіби сипаттағы фразеологияға шопанның әке таяғын ұстауы,
• 89
студенттердің құлап қалу, оқытушылардың ашық сабақ сияқты тіркестерді атауға болады. Ескі қоғамға тән фразеологияға жау-гершілік, барымта, саудагерлік, пайдакүнемдікпен байланысты ту-ған тіркестер жатады: барымтаға қарымта, сауда сақал сипағанша, саудада достық жоқ, құрғақ қасық ауыз жыртады, алтын көріп періште жолдан тайыпты, есепсіз дүние жоқ т. б. Қарапайым, тұрпайы фразеологизмдердің қолданыду аясы тар: соқырға таяқ. ұстатқандай, ит жоқта шошқа үреді т. б.
Сөйлеу тілінің фразеологизмдері тек бір стильде ғана қолда-нылғандықтан, оның экспрессивті бояуы басым келеді. (Қоздыру — жел беру, шаршау — ит сілесі қату, ақымақ — көк ми.) Сонымен бірге бұл оның стильаралық фразеологизмдерге қарағанда қолданылу аясының тарлығын көрсетеді. Бірақ сөйлеу тілі фра-зеологизмдерінің экспрессивті стильдік бояуы құбылмалы болып келеді. Мысалы:
1. Әуелгі байлық — денсаулық
Екінші байлык, — он саулық
Үшінші байлық — ақ, жаулық.
2. Бір шүйке басқа жету үшін мен не істемеді дейсің! Киноға артық билет алып, жалғыз-жарым жүрген қыздарды қасыма отыр-ғызып та көрдім, бұзықтарға тап болған бикештерді арашалап та көрдім. Мундағы ақ жаулық пен шүйке бас “әйел” деген мағынаны береді, ал экспрессивті бояуы жағынан бұлар бірдей емес. Әсіресе соңғысы (шүйке бас) әр түрлі оттенкті^ білдіреді. Осы жерде шүйке бас — “Әркім сүйгенін шұнағым” тәрізді еркелету мағынасында қолданылған. Сөйлеу тілінің фразеологиясы осындай образ-дылығымен бірге қарапайым да болып келеді. Жел беру, көзге түрткі болу, ит қорлық, басты қатыру, құлағының етін жеу, құлағын сасыту, сымсыз телефон, қызыл ауыз, жез өкше, жел өкпе, көк езу, көк айыл т. б.
Сөйлеу тілі фразеологиясының жек сөздері, яғни эквиваленті (қыздыру — жел беру, тоғаю — жыланы қайту) өз ара мағыналас келеді де, бір-біріне синоним болады (мазалау — құлағының етін жеу, миын ашыту; жылдам кетіп қалу, тайып отыру, тайып тұрды, табанын жалтыратты, жонын бір-ақ көрсетті, шаңына ілестірмеді).
Сөйлеу тілінің фразеологиясы басқа стильдерге қарағанда ва-рианттар мен синонимдерге өте бай келетіні байқалады. Сәйлеу тіліндегі фразеологиялық синонимдер образдылығы және экепрес-сивті бояуы жағынан сан қырлы, құбылмалы келеді. Бұл қүбылыс сөйлеу тіліне айрықша бір эмоционалды рең береді.
§ 36. Кітаби сипаттағы фразеологизмдер
Қай стиль болмасын оның өзінің ерекшелігі болады. Ол ерек-шелік стильдерді бір-бірімен салыстыруда байқалады.Сөйлеу тілінің фразеологиясы күнделікті тұрмыста ауызекі сөйлеуде қол-данылып, оның экспрессивті стильдік бояуы еркелету, әзіл-сықақ, тұрпайы, қарапайымдылық мәнде болса. кітаби тіл фразеологизм-
90
дері көбіне жазба тілге тән. Қөркем шығармада поэтикалық сипат, публицистикалық шығармада салтанаттылық басым болса, ғылыми шығармалар логикалық дәлдікті тілейді т. б.
Ал жазба тіл фразеологиясы поэтикалық, публицистикалық және терминдік сипатта болып келеді. Бұл топтағы фразеологизмдерге жазба тілінің негізінде қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері түгел-енеді.
Жазба тілдің негізінде қалыптасқан фразеологизмдер құрамы жағынан әр алуан.Бұл топта қанатты сөзге айналып кеткен саяси қайраткерлер мен жазушылардың әр кезде айтқан сөздері мен күрделі терминдер, саяси ұрандар бар. Қанатты сөздерге жататын тіркестер: “Аз да болса, жақсы болсын, қуып жету және басып озу. Совет өкіметі және оған қоса бүкіл елді электрлендіру” (В. И. Ленин). “Өлі жандар” (Гоголь). “Дворян үясы” (И. С. Тургенев). “Құндақтағы адам” (А. П. Чехов). “Адам деген — ардақты ат, Егер жау берілмесе, оны құртар болар” (М. Горький). “Өмір де жақсы, өмір сүру де жақсы” (В. Маяковский). “Адамдар, мен сіздерді сүйген едім. Қырағы болыңдар!” (Юлиус Фучик) т. б.
Бұл сөз орамдары орыс тілінен публицистикалық және көркем шығармалар арқылы еніп-, қазақ тілі фразеологиясын байыта түсті. Сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларының қаламына тән қанатты сөздер аз емес. Мысалы, “Әкесінің баласы адамның дүшпаны, адамның баласы бауырың. Адам баласына адам баласының бәрі дос. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді” (Абай). “Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған” (Ыбырай). “Ереуіл атқа ер салмай” (Махамбет). “Аянбаған жауды алар” (Жамбыл). “Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза. Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет (Мұхтар). Жасық болудан жігер артық. “Адамға өткен дәуір бэрі сабақ” (Сәбит).
_Жазба тілінің негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің бір түрі терминдер. Терминдердін, фразеологизмдерге ұқсас болатын жерлері бар. Алдымен күрделі терминдер сөз тіркесі күйінде жұмсалып, зат және құбылыстың атын білдіреді. (Темір жол, үн-дестік заңы, квадрат теңеу, өзіндік құн, сюжеттік линия, тап жауы, абсолютті ақиқат т. б.) Заттың, құбылыстың аты — тұрақты кате-гория. Солай болғандықтан күрделі терминдер де тұрақты сөз тір-кестері ретінде қолданылады. Қейбір күрделі терминдер бейнелі сөз тіркестерінің үлгісінде келеді (су қараңғы, соқыр ішек, асқазан, көз эйнек, сегіз көз, ақ олимпиада, Қызыл алаң, Жетіқарақшы, көгілдір тың, көгілдір отын т. б.)
Күрделі терминдердіқ бұл белгілері оны тұрақты сөз тіркестері ретінде қарауға болатындығын көрсетеді.
Күрделі терминдер заттық және кұбылыстың аты болғандықтан өмірдін, әр түрлі салаларын қамтиды (ғылым, техника, спорт, ша-руашылық т. б.).
Ғылыми терминдердің өзі дәл ғылымдық, техникалық терминдер (айнымалы айналыс, шексіз бөлшек, квадрат, теңдеу, соқыр ішек, фрезерлі станок т. б.) және гуманитарлық ғылымдар мен саяси-әлеуметтік терминдер (социалистік реализм, сюжеттік ли-
91
ния, жағымды образ, ақ өлең, музыкалық эуен, сахна шеберлігі, қыл қалам, өзіндік қун, ұлт-азаттық бостандығы, жеке адамға табыну, тап тартысы, тап жауы, социалистік өмір, коммунистік болашақ т. б.) болып бөлінеді.
Әкімшілік және шаруашылық терминдерге өндірістік күш, өн-діргіш күш, өндіріс озаты, Социалистік Еңбек Ері, Құрмет тақтасы, коммунистік еңбек бригадасы, ауыр өндіріс, үлкен химия, тың игеру, екінші тың, көгілдір тың т. б. тіркестер енсе, спорт терминдерінің қатарына футбол алаңы, жасыл алаң, еркін стиль, жеңіл атлетика, ауыр салмақты, ақ олимпиада т. б. осылар сияқты тіркестер жатады.
Саяси ұрандар: Бейбітшілік жасасын! Халықтар достығы жа-сасын! Коммунистік партияның даңқы арта берсіні т. б. Сондай-ақ публицистикалық шығармалардың негізінде қалыптасқан комму-низм құрушыларының моральдық кодексі, қырғи қабақ соғыс, со-ғыс өртін тұтандырушы, Бостандық аралы (Қуба), бейбіт қатар өмір сүру сияқты сөйлемшелер мен патриоттық өлеңдерде айтылатын: кең-байтақ, менің туған елім, партия қайда болса, жеңіс сонда, кэріге құрмет, жасқа жол, әрқашан. күн сөнбесін тәрізді күрделі тіркестерді де фразеологизмдердің құрамында қарастырған жөн.
§ 37. Көнерген тұрақты сөз тіркестөрі
Тілімізде тек қана көнерген сөздер ғана емес, сонымен қатар көнерген сөз тіркестері де бар. Фразеологизмдердің құрамында ар-хаизмдер де, историзмдер де кездеседі. Сондықтан оларды фра-зеологиялық архаизмдер мен фразеологиялық историзмдер деп екі түрлі атау орынды сияқты.
Фразеологиялық архаизмдерге тілдің даму процесінде жалпы-лама қолданудан шығып қалған кейбір тұрақты сөз тіркестері жатады. Бұл топтағы фразеологизмдер көбінесе діни ұғыммен және салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерін қамтиды.
Діни ұғыммен байланысты келетін сөз тіркестеріне бесін намаз, сегіз жұмақ, жеті тамық, қыл көпір, ақыр заман, топан су, құрбан айт, құрбан шалу, құрмалдық айту, көк қошқарың болайын, жерге түскен жеті эліп, ғайып ерен қырық шілтен, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып т. б. жатады Салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерне жататындар: қырық жеті, отыз жеті, ұрын бару, ірге көру, отқа май құю, шашу шашу, қол ұстатар, бет ашар, шаш сипатар, бауыздау құда, өлі-тірісін беру, қос қатын алу, тоқал алу, төсек жаңғырту, сүйек жаңғырту немесе ат-шапан айып, үйірімен уш тоғыз, заманың қалай болса, бөркіңді солай ки, аузы -қисық болса да бай баласы сөйлесін, құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас, әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа, байтал шауып бәйге алмас, шынжыр балақ шүбар төс, алтын басты әйел-ден бақа басты ер артық т. б.
Фразеологиялық историзмдерге тарихи бір кезеңде зат не құбы-лыс туралы ұғымды білдіріп, қазір онша көп қолданылмайтын тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады. -
92
Историзмдерге жататын тұрақты сөз тіркестері: бай баласы, жарлы баласы, ата баласы, қара шаруа, қара шекпен, басы бай-лылық, кедей теңдігі, әйел теңдігі, өз ара салық, тап жауы, халық, жауы, кедейлер комитеті, жер аудару, төре аға, жүз басы, ; өкімет, қызыл отау т. б.
; Ал кейбір фразеологиялық историзмдердің бір компоненті жаңартылып қолданылады.
Октябрь төңкерісі — Октябрь революциясы, кеңес өкіметі — Совет өкіметі, кеңес үкіметі — Совет үкіметі, партия ұясы — партия ұйымы, қызыл тақта — құрмет тақтасы, қызыл керуен — авто-машиналар керуені т. б.
Фразеологизмдер ертеден халықпен бірге жасасып келе жатқан бейнелі сөйлеу үлгілері болғандықтан, онда көнерген граматикалық формалар да кездеседі. Мысалы: “ат жақсысы қартады, негізіне тартады” немесе “жақсы сылаумен жариды, жаман сылаумен кәриді” дегендегі “кәриді”, “қартады” формалары — көне фор-малар. Бұлар осы күнгі қазақ тілініқ грамматикалық формасы бойынша “қартаяды”, “кәртейеді” түрінде айтылуы керек еді '.
Тұрақты сөз тіркестерінің ішінде өзінін, көнелігі жағынан
идиомдар ерекше орын алады. Бұл ретте академик I. Кеңесбаев
былай дейді: “Идиомдар әрбір тілдің өзіне тән категориясы бо-
лумен қатар, бұл категория — басқа сөз тізбектеріне қарағанда
нағұрлым көнеленген категория. Басқаша айтқанда, бірнеше
сөздіқ тобы идиом болу үшін көп замандар болу керек, өйткені
идиомның шеңберіне енген сөздер_ дерексізденіп (абстрактанып)
өзінің тікелей мағынасынан айрылу үшін белгілі бір мерзімдік
шарт керек. Әр тілдің өзіне лайық идиомды сөздері болу үшін,
ол тілге бұл шарттан басқа халықтың салт-сана, әдет-ғүрып,
тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек екендігі бел-
гілі нәрсе” 2.
Қөнерген фразеологизмдер көркем әдебиетте бейнелілік, мә-нерлегіштік қызмет атқарады, Көнерген түрақты сөз тіркестері :өз болып отырған кезеңге дәуірлік сипат беру мақсатымен әсіресе тарихи шығармаларда көбірек қолданылады. Мысалы: “Ел салтына, әдет-ғұрыптың бәріне әрі ойша мойындап, әрі соны бір үлкен романтикалы күндей ыстық көріп, Сыздык, бұл жолы
1 I. Кеқесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фоне-Чика). Алматы, 1962, 219-бет.
93
ұрын баратын болған. Немесе: Өзі пәлендей батыр, өнерлі, әрлі жігіт болмаса да, ата баласы ғой деп атасының аруағын сыйлап ел осыны болыс қойған: аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесіннің кері болған” '.
Мысалда келтірілген соңғы мақал өткен қоғамдағы үстем тап пен еңбекшілердің арасындағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетед. Идеясы бізге жат ескі өмірдід мақал-мәтелдері де кездесе; (Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа, байтал шауып бәйге алмас т. б.)
Еңбекші қара халықтың үтем тап өкілдерінің зұлымдығын өлтіре әшкерелейтін мақал-мәтелдер де көп: хан қарақшы, халық сарапшы, солы сұмнан шығады. Шала молда шарық айтар, төреге ерген ер-тоқымын арқалар т. б.
Осы келтірілгед сөздердің тұрақты тіркестерідід әлеумет бояуы айрықша байқалады. Сондықтан бұл топтағы тұрақты сөз тіркес-терін “әлеуметтік мәнді фразеологизмдер” десе де болады._
Көнергед тұрақты сөз тіркестері жәде әлеуметтік мәнді фра- зеологизмдерді М. Әуезовтід “Абай жолы”, С. Мұқановтыд “Сұ- лушаш”, “Ботакөз”, Ғ. Мүсіреповтің “Оянғад өлке” және басқа шығармаларынан көп кездестіреміз.
§ 40. Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық
өңдеумен қолданылу
Фразеологизмдер тек жалпы халықтық формада ғана қолда-нылмайды. Сонымен қатар өзгертіліп, өңделіп те жұмсалады, бұл тәсіл — көбінесе ақын-жазушыларға тән.
Жалпы халықтық қордағы, тұрақты сөз тіркестерін көркемдік мақсатта өңдеп пайдаланудын, мына төмендегідей жолдары бар:
1 Фразеологизмдердін, мағынасы кеңейіп, экспрессивті бояуы айқындала түседі.
Бар жазам — күштілермен жарысқаным.
Жыртқаным сорлы жұрттық намыстарын
(С Сейфуллин).
!І Кеңесбаев, Ғ Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1962, 209-бет
97
Арын сатып алтынға
Қапиталдың жыртысын
Алданып енді жыртпасын
(С. Мұқанов).
Немесе:
Сол күресте сен дағы
Тобыңмен сойыл соғасың
Ойыңа алган жеріңе
Жалықпай ертең жетесіқ (С. Мұқанов).
болып бұрыннан белгілі “жыртысын жырту”, “сойылын соғу” сияқты қарапайыы тұрақты сөз тіркестерінің мағыналары кеңінен әлеуметтік мәнде қолданылған.
2. Жалпы халықтық формадағы тұрақты сөз тіркесін өзгертіп қол-дану арқылы жаңа мағына беріледі. Мысалы, “б е р е к е л і б о л –
с а е л, ж а ғ а с ы ж ай л а у о л б і р к ө л” деген мақалдың желісі былай пайдаланылған.
Абайда:
Кең жайлау — жалғыз бесік жас балаға
Алла асыраған пендесі аш бола ма?
Ер жеткен соң сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштық пен зар боларсың баспанага.
М. Әуезовта:
Көлбай жатқан бел ме, бұл күтіп тұрған жағасы жайлау жақсы дүние ме? Әйтеуір алдында енді мақсат ететін өріс бардай.
С. Мұқановта:
Жолында ұлы көштің талай қыр бар,
Қырда шың, шыңда жылан жүрмес жым бар
Солардан коммунизм жайлауына
Ленинсіз жеткізетін батыр кім бар?
Бұл мысалдарда әр автор өзінің суреттеп отырған құбылысына, беретін бағасына қарай “жағасы жайлау” сөз тіркесіне әр түрлі рең беріп, түрлендіре ажарландырады, мағыналылығын арттырады.
3. Тұрақты сөз тіркесінің кұрылысы өзгертіліп қолданылады. Мысалы: Абай “Бір аспанға бір тосқан” деген мәтелге сүйеніп, өлеңді былай құрған:,'
Бір ғылымнан басқаның
Кеселі көп асқанға.
Одан үміт кім қылар,
Жол табар деп сасқанда.
Сөйтіп асқан жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға...
Немесе:
Жас жүрек жайып саусағын
Талпынған шығар айға алыс
(Абай).
98
С. Мұқанов “Есектің күші — адал, еті — арам” деген халық мақалын былай пайдаланады.
1.Күшің адал болса да,
Тұрмысыңда кем болдың.
2. Өзің адам тұрмысыңда мал едің,
Кушің адал, сүтің арам жан едің.
3. Адал күшің арам боп
Байларға иттей талаттың.
Мұнда фразеологизмдердің эмоционалды бояуын арттырып, су-реттелетш затты, құбылысты әсерлі түрде бейнелейтіні айқын се-зіледі.
4.Жалпы халықтық тұрақты сөз орамы шешендік сөз үлгісінде-құрылып, оның бұрынғы мағынасы толықтырылып дамытылады. Бұл тәсіл көбінесе М. Әуезовтің стиліне тән. Оған мынадай мысалдар дәлел:
“Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артынан жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапан сүңқарлың етпей қоймас”
2. Сұлу қыз бен келіншек — елдің сәні
Сұлу кеткен елдің де болмас мәні.
Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,
Бұлбұл кетсе, тоғайдың жоғалды эні.
(“Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе — елдіц көркі” деген ма-қалдын, құрылысы пайдаланылған).
5) Тұрақты сөз тіркесінін, бір компоненті өзгертіліп, жаңа маз-мұнда қолданылады:
Дүние кірін жуынып
Көрініп ойға сөз салар (Абай).
Немесе,
Айқай шықты бір күні
Таң атып, күн шықпастан.
Тез тұрыңдар, жолдастар,
Ашылды көңіл тот басқан. (С. Мұқанов).
Абайдың өлеңінде, “дүние кірі” жаңа дүниені, жаңа өмірді аң-сау 'мағынасын білдірсе, С. Мұқановта “көңіл тоты” әлеуметтік теңсіздіктің зардабын бейнелейді. Бұл екі түрлі сөз қолданыс та “көқіл кірі” (қайғы, мұң деген мағынада, тар шеңберде жұмсалған) сөз тіркесінің моделімен жасалган.
“Қөңіл кірі” сөз тіркесінің халықтық қолданылу үлгісі төмен-дегідей:
Көңілде жатқан кіріңді
Оттай ыстық сөз жояр (мақал).
Бүгін өлсем де арман жок,
Шығарып көңіл кірімді (Қазақ эпосы).
Аспанда ай болмаса адасады
Көңілді көтермесе, кір басады
(Халық өлеңі).
99
Бұрын осындай тар шеңберде қолданылып келген “көңіл кірі” сөз тіркесін С. Мұқанов өзінше өзгертіп, оны терен, саяси мағынада пайдаланады.
Еңбекші әйел тобы көрген күндік
“Ленинді, деп шулайды, біз де білдік”,
Көрсеткен көзіне әкеп теңдік таңын
Ұстар ма өліп кетсе жолын кір ғып. •
6. Фразеологизмдер көбінесе ауыс мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш мәнерлілік қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ сти-листикалық тәсіл ретінде тұрақты сөз тіркестері тура мағынада да қолданылады.
С. Мұқанов “жай түскендей” деп теңеу ретінде жұмсалатын тұ-рақты сөз тіркесін:
Капиталдық байлығын
Октябрь жерге таптады,
Күлін көкке ұшырды,
Төбеден жай түсірді,—
деп қолданады. Осындағы “төбеден жай түсірді” тура мағынаны білдіреді. Сондай-ақ ақын ертеректе жазылған бір өлеңінде (“Құ-рылыс жыры”) бұрынғы “құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас” деген мақалдың әлеуметтік теңсіздікті білдіретін жағымсыз мағынасын мүлде жокқа шығарады:
Құм жиылып тас болып,
Құл жиылып бас болып
Социалистік өмір болып
Көшті...
Мұнда да тұрақты сөз орамы тура мағынада жұмсалып, жа-ғымды эмоцияны -білдіріп тұр. Ал тарихи романдарда әлеуметтік бояулы мұндай мақалдар дәуірлік сипат беру үшін, сол өз мағы-наларында қолданылады. Мәселен, М. Әуезовтің “Абай жолы” романында үстем тап өкілдерінің бірі — Оразбай былай дейді:
“Шиқылдаған арбасына мәстегін жеккен өңшең егінші, масақ,-шы, күрек-шоттан қорегін іздеген қу кедей! Аталы ел болып, іргелі жұрт боп белдессе бірсәрі, қырық рудан құрылып, қырык, жамау болған басымен “Көкен еліміз деп көкиді” дейді. Осы “ұстасқанда кімісімен ұстасамын десең де, көзге түсер құйқалы жері жоқ. Өңшең “құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас” дейтін. сайда саны, құмда ізі жоқтар...
Фразеологизмдерді тура мағынада қолданып, оның мәнерлілігін арттыру “Қырық өтірік” тіліндегі бір ерекшелік тәрізді.
Мысалы: “Екі аяғын бір етікке тығу” тіркесінің жаналқымнан алу, састыру деген мағынада жұмсалатыны белгілі. Ал “Қырық өтірікте” “...екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсе қуа бер-дім”. Немесе:
Дүниенің ауыры — үрген қуық,
Жалғыз өзім көтеріп аузын буып...
100
(“Үрген қуықтаймен” салыстыр).
Бит терісінен биялай, қалта еткенмін...
(“Бит терісін биялай жасаған” деп қолданылады.)
Фразеологизмдерді мағыналық жағынан және сырт құрылысьш өзгертіп қолдану — стильдік мақсаттан туған тәсіл. Бұл тәсіл белгілі бір шығармада, контексте танылатын әр жазушының халықтық тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік ерекшелігі болып саналады.
7. Акын-жазушылардың стиліне тән тағы бір ерекшелік ол — бұрыннан белгілі тұрақты сөз тіркесінін, үлгісімен жаңа сөз орам-дарын қалыптастыру. Мысалы “сырты жылтырауықтың іші қал-тырауың”— деген мәтелдін, үлгісімен төмендегідей сөз орамдары жасалған....
1. Ойлы адамға қызық жоқ, бұл жалғанда,
Көбінің, сырты бүтін, іші түтін..
2.Ішім өлген сыртым сау
Көрінгенге деймін-ау
Бүгінгі дос — ертең жау
Мен не қылдым, япырмау?!.
3.Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей, (Абай)
Молда имамдар жөнінде.
4.Сыртын қанша жуса, іші оңбаған х
Сырты жұмақ болғанмен, іші дозақ,
Түтінсіз жанғандар көп нан сөзіме
(С. Торайғыров).
Қызылорда, еңбекші сенің ордаң
Мынау жер сенің жерің тауып қойған.
“Сырты сұлу, іші улар” түз жаласын
Тағы бтк ұшайық, қанат қағып
С. Мүқанов.
Сырты сопы молдадан іші таза қара қазақ артық.
Ғ. Мүсірепов.
Ақын, жазушылардың қаламына тән осындай сөз орамдарынын, бірқатары халық арасына кеқ тарап, қанатты сөзге айналған.
1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
2. Тіл өнері дертпен тең.
3. Досыңа достык, қарыз іс. т. б. • (Абай).
1.Өнер-білім бэрі де
Оқуменен табылған.
2. Аурудан — аяған күштірек.
(Ыбырай).
1.*Ар ұялар іс қылмас ақыл зерек
2. Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаран қасиет.
3. Өмір озады, ажар тозады
(М. Әуезов).
101
1. Адамның ішкі сезімінің айнасы— көз.
2. Адамға'өткен дэуір бэрі сабақ.
3. Жасық болудан жігер артық
(С. Мұқанов).
1. Жер үстінде адам баласы болудан қасиетті не бар.
2. Әр жазушының өз көзі болу керек.
3. Өлікке оқ атпас болар
(Ғ. Мүсірепов).
1. Жақсы сөз кірді тазартады.
2. Бетің былғанса су тазартады,
Арың былғанса не тазартады
(Ғ. Мүстафин).
1. Бұл аяқпен Берлинге де жеткенбіз.
2. Отан үшін жан пида
(Қ. Аманжолов).
Мұндай сөз үлгілері көркем шығармада көп кездеседі, бірақ олардың бәрін қамту мүмкін емес. Оны оқулықтың көлемі көтер-мейді де. Сондықтан жоғарыда келтірілген мысалдар ғана алынды.
Сөйтіп, фразеологизмдер әр түрлі жолмен жұмсалады. Қейде жалпы халықтық форма авторлық өңдеумен өзгеріп те қолданыла-ды. Фразеологизмдерді қолданудағы бұл тәсілдер әр түрлі стильдік мақсатты көздейді. Сонымен қатар әр ақын-жазушы тұрақты сөз тіркесінің жаңа үлгісін жасап, фразеологиялық қорды байытуда өздерінің үлесін қосады.
Тұрақты сөз тіркесінің құрылысы жағынан өзгеріске ұшырауы — әсіресе өлеңді сөзге тән құбылыс.
Әр халықтың өзінің дәстүрлі тіл өнері болады. Жалпы халықтық тіл қолдану мен жазушылардың тілді қолдану тәсілі бір-бірімен тығыз байланысты. Көркем шығарма тілі жалпы халықтық тіл өнерінің жалғасы ретінде дамып жетіледі. Жалпы халықтык тіл өнері — қалам қайраткерлерінің кажымай-талмай үйренетін мектебі. Сонымен бірге бұл мектеп әр жазушының өзіндік стилінің калыптасуына негіз болады. Оны фразеологизмдерді қолдану тә-сілінен айқын көреміз. Бұрыннан белгілі көптеген тұрақты сөз тір-кестерінің түрлі өзгеріске үшырап, стильдік сапасының артқанын сипаттайтын мысалдар жоғарыда келтірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |