Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 44. Морфологиялық түлгалардың жекө стилъ түрлеріне қатысы



бет12/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
§ 44. Морфологиялық түлгалардың жекө стилъ түрлеріне қатысы

Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға (мейлі ол жазба стиль болсын, әлде сөйлеу стилі формасы болсын) тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Әрине, морфологиялық тұлғаның бір ғана стиль құрамында жиі жұмсалуы оның әдеби тілдің басқа бір саласында кездеспейтіндігін дәлелдемейді. Ол тұлға басқадан гөрі сол стильде жиі қолданылады, сол мән-мағынада біршама қалыптасқан деп қана түсінілгені мақұл. Сондықтан да әдеби тілдің тек бір ғана саласында морфологиялық тұлғалардың қолданылып, басқа ыңғайда кездеспейтін түрлері аса сирек. Өйткені морфологиялық категориялар, жеке сөздердей емес, сөйлемнің субъективтік мәнеріне тікелей қатысты бола бермейді. Қебіне ойдың, хабардың объективтік мазмұнымен тікелей байланысты болып келеді.

Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласьшда жиі қол-данылуға бейім морфологиялық түлғалар бар.

Қазақ әдеби тілінің құрамындағы стильдік салалар морфоло-гиялық құрамы жағынан бір-бірінен соншама алшақтап кетпейді. Кұрамында жиі жұмсалатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай, жазба стильдерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын, бір-бірімен орайлас. Сол сияқты публицистика-лық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфоло-гиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қолда-нылады.

Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінін, басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздарының (куәліктер, ақпарлар, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздар т. б.) тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданыл-майды. Бұл жерде әсіресе қолданылмайтындар — сын есімнің кіші-рейткіш мәнді жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ұзын-дау, сұңғақтау, үлкендеу, қисықтау т. б.) -ғыл, -ғылтым, -ғыш, -ілдір (қызғылт, сарғыш, қызғылтым, көкшіл, көгілдір т. б.). Бұ-лардан белгілі бір мағыналық топқа жататын сөздер - ғана жасалады. Соған орай бұл аффикстер арқылы жасалған сөздердің қолданылу өрісі де аса кең емес, -аң, -ең, -қай (босаң, алаң көз, сидаң жігіт т. б.), -ша, -ше (шоқша сақал, биікше) т. б. аффиксті-сын есімдер де сирек ұшырайды.

Зат есімге қосылып, кішірейткіш мәнге үстеме экспрессивтік мәнер туғызатын аффикстер де мұндай стильдік салаларда жиі кездесе қсймайды. Олар мына тәрізділер: -тай, -ке, -ш, -жан, -сы-мақ (атеке, ағеке, ағатай, жеңгетай, Дінмұхамет — Димаш, атсы-мақ, адамсымақ), -ша, -ше, -шақ, -шек, -шық,- шік, -қан, (бұзау-

124

қан, үстелше, бақыршық,). Мысалы, кісінің жеке портретін айтып, түстеме жасалатын кеңсе қағазына “бойы ұзьмша, өңі ақ құбаша” деп жазудың ешбір қажеті жоқ. Немесе қатынастар мен ақпар қағаздарында, мал шаруашылығы жайлы статистикалық мәлімет-терде “эрбір 100 сиырдан 100 бұзауқан алды” деп жазуға болмайды. Дегенмен, бұл ыңғайда мынадай жайларды да ескеру қажет. Әдетте сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері сөз қолданудың тарихи — дәстүрлік ерекшеліктерімен астасып, сонымен ұштасып жатады. Әдеби тіл дамуының бір кезендеріңде әр түрлі тарихи жағдайлардың ықпалымен жеке туынды сөздір өздершің семантикалық және экспрессивтік ерекшеліктеріне қарамай, басқа бір мәнде, қолданыста қалыптасып отырады. Мысалы, кішірейткіш мәнді аффикстер арқылы жасалған сөздердің кейбірі кеңсе стилінде, әсіресе ғылыми әдебиеттер тілінде жиі қолданылады. Мысалы: кітапша, бұтақша, жақша, бозша (торғай), жарғақша, қараша тәрізді сөздер кеңсе қағаздары тілінде де, ғылыми әдебиет тілінде де жиі қолданылатын сөздердің қатарына жатады. Себебі бұлар белгілі бір салаға қатысты термин сөздер болып калыптасқан. Соның салдарынан сөз құрамындағы аффикстерге тән экспрессия жоғалып, тура мәнінде ғана ұғынылады. Егер ботаника ғылымы саласында жазылған ғылыми еңбектің тілінде бұтақша сөзі кездессе, оқушы сөз құрамындағы -ша аффиксінен туар экспрессияны байқамас еді. Ал психология жөнінде жазылган еңбекте мишық терминінің қолданылуы әбден орынды, егер ол айтылмай басқа бір сөз қолданылса, оқушы ұғымында қалыптасқан түсінік шатасар еді. Әрине, бұдан басқа ыңғайда айтылатын мишық сөзі жағымды мағына бермейді. Сондай-ақ қараша сөзі астрономиялық мәнде жұмсалғанда қара да емес, қызыл да емес, қоспа түс дейтін мән туғызбаса керек. Әр жыл сайын белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын табиғи құбылысты ғана білдіреді.

Ғылыми стиль мен кеңсе стилінде аса сирек, кейде тіпті кез-деспейтін морфологиялық тұлғалардың бірі сын есімнін, салыстыр-малы, күшейтпелі шырай түрлері. Әдетте автордың іске, ойға, қи-мылға субъективтік қатынасын білдіретін грамматикалық тәсілдер болып саналатын бұл тұлғалар мынадай: а) сын есімнің салыстырма түрлерін жасайтын аффикстер: -рақ, -рек (үлкенірек, қызылырақ, сарырақ); ә) -қып-қызыл, сап-сары түрінде, яғни толық мәнді сөздің алғашқы буыны қайталану арқылы, сондай-ақ, өте, аса, тым, тіпті, шым сөздерінің негізгі сын есімдерге тіркесіп келуі арқылы (өте қызыл, өте жақсы, тым жақсы, шым қызыл т. б.) жасалатын күшейтпелі шырай түрлері. Іс қағаздарында, ғылыми әдебиеттер тілінде -рақ, -рек тұлғалы сын есімдердің орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен проценттік айырмашылыгын көбірек айтады. Сондықтан “Заводтың бірінші цехы айлық, жоспарды 12°/0 артық орындады” дейтін сөйлемді “Заводтың бірінші цехы айлық, жоспарды артығырак, орындады” деп жазу кеңсе стиліне тән емес. Өйткені кеңсе стилінің негізгі ерекшелігі — іс-әрекетті болған күйінде, қалпында, аумақ-шеңберінде дәл де айқын жеткізу. Бұл іспеттес сөз қолданыс публицистикалык әдебиеттер тіліне тән. Сын

125

есімнің күшейтпелі, асырмалы түрлері кісі ойының әсерлілігін, эмоциясын білдірудің құралы. Өз ойын әсерлі де әдемі жеткізуді ойласа, сөйлеуші жап-жақсы, тап-тамаша, қып-қызыл, шымқай аппақ тәрізді әсіре мәнді сын есімдерді жиі де үстемелей қолдана-ды. Ал кеңсе қағаздары мен ғылыми әдебиеттерде олардың орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен айрықша артықшылығы сан мөлшерімен ғана айтылады, не синтаксистік конструкциялар ар-қылы беріледі.

Кеңсе және ғылыми әдебиет стиліне ортақ морфологиялық тұл-ғалар деп мына төмендегілерді көрсетуге болар еді:

Зат есімдік және сын есімдік түбірден зат есім тудыратын -лық,

-лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Бұл арқылы әр түрлі мағына-лық топтарға жататын сөздер жасалады. Ондай сөздердің бірсылы-расы азаматтық, дұшпандық,, үстемдік тәрізді абстракт ұғымдарды білдірсе, бірсыпырасы тереңдік, жуандық, қалыңдық, жылдамдық, ауырлық тәрізді зат пен құбылыстың әр түрлі қалыбы мен күйін, жағдайын білдіреді. Бұлардың басым көпшілігі терминдік мән алып, нормаға айналған қалыптасқан атаулар болып кетті. Мысалы, бейтараптық, серпімділік, оқулық, сөздік, жылылық, дымқылдық т. б. Бұлар — бүгінгі тілімізде ғылым мен шаруашылықтың әр саласында қолданылатын қалыптасқан атаулар.

-лық аффиксі арқылы нақтылы зат атауы да жасалады. Мысалы: белдік, ауыздық, егіндік. Халық тіліндегі осы ізбен қазіргі әдеби тілімізде орталық, сөздік, өсімдік, оқулық тәрізді жаңа сөздер пайда болды. Жеке ғылым салалары мен шаруашылықтың, техниканың түрлеріне қатысты осындай жаңа сөздер жасау процесі тоқтап қалмай, әрі қарай өрістей бермек.

-шылық, -шілік аффиксі арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп-тің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй-қалыптың атауы болып отырады. Мысалы: мақтаншылық, диқаншылық, оқытушылық, ойланушылық, т. б.

-шылдық, -шілдік аффиксі арқылы жасалатын төрешілдік, кеңсешілдік, гегельшілдік, кантшылдық, тәрізді сөздер көбінесе саяси әдебиеттер тілінде қолданылады.

Абстракт ұғым атауларын немесе зат пен құбылыстың қандай да бір болсын айрықша- белгісінің атауын жасайтын -лылық (-лі-лік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік) аффиксі арқылы жасалған сөв-дер де ғылыми әдебиет тілінде, ішінара кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Мысалы: музыкалық, қуаттылық, зетнділік, екпінділік, айнымалылыщ, серіппелілік т. б.

Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ертеден қалып-тасқан тәсілдің бірі — етістік сөздерден -қыш (-кіш, -рыш, -гіш) аффиксі арқылы жаңа сөздер жасау. Сыпырғыш, жапқыш тәрізді сөздер осы жолмен пайда болған. Кейінгі дәуірлерде бұл ғылым мен техника салаларында жаңа атау жасаудың өнімді тәсілдерінің біріне айналды. Қейінгі кезеңде қалыптасқан жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш тәрізді атаулар да осы жолмен пайда болды.

Әдетте етістік сөздерден есім жасайтын -ма, -ме, (-ба, -бе, -па,

-пе) қосымшылары да әр түрлі документтер атауларын, сондай-ақ

!26

жіктелген зат атауларын жасаудың өнімді тәсілі. Қеңсе қағазда-рында қалыптасып кеткен анықтама, жолдама, мінездеме, сипат-тама, хабарлама, ескертпе, сілтеме, жарнама т. б. атауларды немесе тұнба, қоспа, шығарма, тұндырма тэрізді ғылымның әр түрлі са-лаларына қатысты сөздер осы аффикс арқылы жасалып қалып-тасты.

Кеңсе қағаздары мен қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиет-терде көп қолданыс табатын аффикстердің бірі — сын есім жасай-тын -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік). 20—30-жылдардағы әдеби тілімізде -лық аффиксі мен оның қыскарған түрі -лы аффиксінің қолданылуында белгілі бір шек болмағандығы мәлім. Ол кездерде ауылдық совет тіркесі ауылды совет, тіпті “Социалистік Қазақстан” газетінің аты “Социалды Қазақстан” түрінде айтылып, жазылып жүрді. Әдеби тіліміздің кейінгі даму барысы -лық аффиксін көбіне ресми атаулар мен термин сөздер құрамына теліді де, -лы аффиксі затқа, құбылысқа тән ерекшелікті білдіретін қарапайым сын есімдер жасайтын тәсіл болып қалды. Бұл аффиксті қолдануда сөз мағынасының мәнері де есте болу керек. Егер айтылатын ой, білдірілуге тиіс мағына бірыңғай ұғымдарды ажыратуға негізделсе, онда -лы аффиксін қолдану әлдеқайда ұтымды. Мысал үшін қалалы жер тіркесін алайық. Осы тіркестің алғашқы компонентіне -лық 'аффиксін қосып қалалық жер деп айту сырт көзге бірдей болғанмен, мағыналық жағынан дәл емес. Мұндай реттердің бәрінде тек қана -лы аффиксі қолданылады Осының ізімен тілімізде колхоздық ауыл, минералдық су делінбей, колхозды ауыл, минералды су деп қана айтылады. Дегенмен, -лык, -лы аффикстерінін, қайсысының қолданылуы сөз мағынасының өзгеруімен ұштасып жататын кездері болады. Айталық, физикада колданылатын космостьқ сәулелер терминін космосты сәулелер деп, математикадагы эвклидтік кеңістік терминін эвклидті кеңістік деп айтуға немесе жазуға болмас еді Өйткені тіркестің алдыңғы компоненттері соңғылардың тәндік белгісін білдірмей, қайта олардың (екінші компоненті білдіретін құбылыстардың) шығу тегін айқындап тұр. Сондықтан мұндай реттерде -лық аффиксінің орнына -лы ны қолдану сөз мағынасын бұрмалау болады. Дегенмен -лық аффиксін терминдік сөз тіркестерінің құрамында қолдануда да сөз қолданыстың қалыптасқан жүйесін және терминдік тіркестің мәнін еске алу керек болады. Мысалы, физикада және техника салаларында жиі айтылатын автогенмен пісіру тіркесін автогендік пісіру деп жазу — сол терминнің мәнін түсінбеушіліктің салдары. Өйткені автоген — дерексіз құбылыс емес, қолға ұстап, көзбен көруге болатын зат. Халық тілінде мұндай реттерде көмектес жалғауын қолданады да, балтамен шапты, пышақпен кесті деп айтады. Жаңағы қисында да автогендік пісіру емес, автогенмен пісіру деп айту әрі сол құбылыстың мәнін түсінгендік, әрі халық тілінің қалыптасқан ізін сақтау болады. Сондай-ақ математикада қолданылатын теңбе-тең ауыстыру (тождественная подстановка) терминін орысша нұсқасына қарап теңбе-теңдік ауыстыру деп өзгерту осы тіркестін, айтылуын, түсініктілігін ауырлату-

127

дан басқа пайда бермейді. -лы аффиксінің қолданылуына байланысты тағы бір ерекшелік -у тұлғалы қимыл есімге жалғанған -лы -ған (есімше тұлғасы) қосымшасына синоним болуы бар. Сөйлеу, жазу тілінде ұшырасатын күзеулі жылқы, жиюлы жүк, тү-рулі есік (киіз үйдің) тәрізді тіркестер құрамындағы -лы аффиксті сөздерді күзелген, жиылран, түрілген деп те өзгертіп айтуға болар еді. Әрине, әрқайсысының өзіне тән қолданыс мәнері бар, бірақ мағыналық алшақтық жоқ. Ал, -лық аффиксті сөздер мұндай сино-нимдік қатар құрай алмайды.

Кеңсе стилі мен қоғамдық ғылымдар саласындағы әдебиеттер тілінде халықаралық, көзқарас, еңбеккүн, жалақы тәрізді бірікксн сөздер жиі қолданылады. Іс қағаздарында еңбеккүн орнына еңбек еткен күні деп жазу тән емес, онда әрқашан бір ұғымда қалып-тасқан, жинақы біріккен сөздер көбірек қолданылады. Бұл ойдың айқындығын, сөз жинақылығын, ұғым тұрақтылығын сақтау мак-сатынан туады. Дегенмен, әдеби тілімізде табиғи бірікпеген сөздер-ді әр кез біріктіріп қолдануға әуестік көбінсе осы кеңсе қағазда-рында кездеседі. Әрине тіл заңдылығымен сыйыспайтын ондай сөз қолданыстар ұзақ баяндамай, тұрақтамай қайтадан бұрынғыша өз қалпында айтылатын болады.

Әдеби тілімізде ескі кітаби тілден қалған -мыш аффиксі арқылы жасалған сөздер аса көп емес. Бірақ сол барының өзі көпшілігінде ғылыми әдебиет тіліне қатысты болып келеді. Болмыс, тұрмыс тәрізді сөздер философия мен тарихқа қатысты әдебиеттер тілінде аса жиі кездеседі.

Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліне ғана тәи айрықша морфологиялык тұлғаларды көрсету қиын. Бұл — олар-дың өзіндік ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Публицистикада да, көркем әдебиетте де әдеби тілге тэн морфологиялық тұлғалардың барлығы бірдей қолданылады. Кейде тіпті әдеби нормаға жат-пайтын, халық тілінің жергілікті ерекшеліктері деп танылатын грамматикалық тұлғалар да ретіне қарай жұмсалып отырылады. Әсіресе кеңсе стилі мен ғылыми әдебиеттер тілінде ұшыраса қой-майтын экспрессивті-эмоциялық мән туғызатын грамматикалық тұлғалар жиі кездеседі және олар белгілі дәрежеде авторлық өң-деуден өтіп, қосымша сыр-сипат алады.

Морфологиялық тұлғалардың қолданылу ерекшеліктеріне қарай жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілін айырып қарау қажет. Сөйлеу формасының бұл екі түрінің айырмашылығы бірінің дауыс ин-тонациясына, ал екіншісішң жазуға негізделуінде ғаыа емес. Ауыз-екі сөйлеу тілінде жеке сөздердің қолданылуының бір ізге түсе бермеуі тәрізді, морфологиялық тұлғалардың қолданылу жүйесі де қатаң сақтала бермейді. Сөйлеудің ол формасында, ең алдымен, күрделі етістіктерді (негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесі) барынша қысқартып, бір сөз есебінде айту басым. Мысалы: бара жатырмын, келе жатырмын, айтып жатырмын тәрізді осы шақ мәнді күрделі етістіктер айтылуда көбінесе ^ баратырмьм, келатырмын, айтыпатырмын болып қысқарып кетеді. Сондай-ақ, жүйеге түсіп қалыптасқан жазба тілде үшырай бермейтін баска да

128

құбылыстар ауызекі сөйлеуде кездесе береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде сын есімнің шырайлық түрлерінің үстіне -лау, -тау аффикстерін қосарлай айту да бар: үлкеніректеу, молырақтау, жуанырақтау, жіңішкеректеу т. б. Жазба әдеби тілге бұлайша қо-сарлап айту тән емес. Оның себебі мынада: -рақ аффиксі де, сол сияқты -лау, -леу аффиксі де екі заттың бір-бірінен салыстырма артықшылығын не кемдігін ғана білдіреді. Ал жазба әдеби тіл грамматикалық тұлғаларды жіктеп, саралап қолдануға ұмтылады. Сол себептен екі түрлі тұлғанын, бір ғана мәнде қолданылуын қа-жет етпейді.

Сөйлеу тіліне тән ерекшеліктің бірі — бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кұрамында келген соң шылауының қысқартылып, жалғау дәрежесінде айтылуы. Сөйлеуші мен мектепке барған соң... тәрізді бағыныңқы сөйлем баяндауышының құрамындағы негізгі сөз бен шылау сөзді нақтап бөліп жатпай, шылауды жалғауға ай-налдырып, мен мектепке барғасын түрінде айтуы да мүмкін. Ауы-зекі сөйлеу тілін ерекшелейтін кейбір морфологиялық белгілер осындай.

Жазба тіл о баста ауызекі сөйлеу тілінің негізінде қалыптасса да байи, дами келе, нормалары қалыптаса келе, ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жүйеленген, құрамындағы грамматикалық тұлғалары қызметі мен мәні жағынан сараланған тіл болды. Жазба тілдің осы ерекшелігі оның болашақта ауызекі сөйлеу тіліне ықпал жасауына мүмкіндік береді. Сондай ықпалдың нәтижесінде сөз бен тұлғаның жазба тіл құрамында қалыптасқан сөз қолдану ерекшелігі ауызекі сөйлеу тіліне де ауысып орнығады. Алайда ауызекі сөйлеу тілі айтылар ойды қосымша эмоциямен, экспрессивтілікпен толықтырып жеткізуде жазба тілде жоқ ерекше тәсілдерді пайдаланады. Айтушы өз ойын айтқанмен, сөзбен жеткізе алмайтын немесе айтқысы келмейтін жерлерін көз бен беттің құбылысы арқылы, не қол қимылы, әлде дауыс интонациясы арқылы аңғартады. Кей реттерде сөздін, қай мән, қай мақсатта айтылып тұрғаны сөйлеушінің дауыс ырғағынан байқалады. Бұлардың барлығын жазу арқылы белгілеу мүмкін емес. Мұндай реттерде жазба тіл грамматикалық тұлғалардың қызметін, мән-мәнерін саралап, жіктеп колданады да, сол арқылы қосымша мән-мәнерді беруге ұмтылады.

Жазба тілдін, кейбір морфологиялық ерекшеліктері төменде-гідей:

-мақ тұлғалы етістіктердін, жіктеліп те, басқа бір көмекші сөзбен тіркесіп келіп те мақсатты келер шақ мәнінде жұмсалуы... бармақпын, бармақ, едім тәрізді баяндауыштық қызметте жұмса-латын морфологиялық тұлғалар көбіне-көп жазба тілге тән. Ауызекі сөйлеу тілі мұндай ыңғайда көбінесе... барамын деп едім... тәрізді тұлғаларды айтуға бейім.

-и жұрнақты сын есімдердің жиі қолданылуы: мэдени, эдеби, ғылыми, т. б. Ауызекі сөйлеуде осы тұлғалы сын есімдер жазба тілдің әсерімен орнықса керек.

-с, -ыс, -іс түлғалы қимыл есімдер жазба тілде түбір күйінде де,

129

септеліп әлде басқа бір көмекші сөздермен тіркесіп келіп те сан қилы мағына туғыза алады әрі жиі қолданылады. Ауызекі сөйлеу тілінде ондай мағыналарда көбінесе -ған тұлғалы есімшелер жұм-салады. Жазба тілде, мысалы, іс-қимылдың күй-қалыпқа байла-нысты мезгіл-уақыты жатыс жалғаулы қимыл есімі не оның кө-мекші есіммен тіркесі арқылы (қысылыста, қысылыс үстінде) бе-рілсе, ауызекі сөйлеу тілінде -ған есімшелерінің жатыс тұлғасы жұмсалады. Сонымен қатар, жазба тілде керек, тиіс, мэлім, қажет тәрізді модаль сөздер, сондай-ақ болуы мүмкін, болуға міндетті, бармақ керек, баруға тиіс тәрізді модальдық конструкциялар жиі кездеседі.

§ 45. Экспрессивті-эмоционалъдық лексика



жасайтын кейбір морфологиялың тұлғалар

Кейбір жекелеген морфологиялық тұлғалар өз мәніне орай бел-гілі бір сөз қолданыс ыңғайында қалыптасады да, белгілі бір сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді. Ондай морфологиялық тұлғалар көп емес.

Қазақ әдеби тілінде ерте кезден қалылтасып кеткен сөйлеу стилінің бірі — шенеу, мысқыл. Тілдік фактілерге қарағанда мұн-дай экспрессия көбіне жеке сөздер мен синтаксистік шумақтар ар-қылы беріледі. Дегенмен, ондай сөз саптауда аса жиі қолданылып, қалыптасқан кейбір морфологиялық тұлғалар да бар. Солардың кейбірі мыналар:

-сымақ есімдер құрамында қолданылады. Кемсіну, жақтырмау, кекету мәнерін туғызады. Мысалы: адамсымақ, арсымақ, мырза-сымақ, қызсымақ, сұлусымақ, т. б.

-сып аффиксі арқылы жасалған етістіктер де кекету, кемсіту ма-ғынасында жұмсалады. -сып көсемше, яғни тиянақсыз тұлға, бұл тұлға өзінен кейін сөз айтылуын қажет етеді. Ал -сымақ тиянақты тұлға, сондықтан соқынан сөз еруін қажет етпейді. Дегенмен, бұл екі аффикстін, арасында кейбір тұлғалық айырмашылық та бар. Ол айырмашылық мынада: -сымақ аффиксімен айтыла алатын түбір-лердің барлығына бірдей -сып аффиксін қосып қолдануға бол-майды. Айталық, адам, кісі, үлкен, кіші тәрізді сөздерге екеуін де қосып, адамсып, адамсымақ т. б. деп қолдануға болса (одан, әрине, сөз мәнері өзгермейді), сары, қызыл, ой, көңіл, т. б. сөздерге

-сып аффиксін жалғап айтуға келмейді. Бұл, әрине, стильден гөрі грамматикалық шектеліс екені белгілі. Бірақ сол грамматикалық шектелістен барып сөз қолданыс заңдылығы қалыптасатыны айқын жай.

Осылармен орайлас мән туғызатын қосымшалардың тобына

-қалақ (-келек, -ғалақ, -гелек), -алақ (-елек), -анақ, -мсақ (-мсек,

-ымсақ, -імсек) аффикстерін де жатқызуға болады: ұшқалақ, бұл-талақ, сұғанақ, тілемсек, сұрамсақ т. б. Бұлар арқылы жасалған туынды сын есімдер юморлық портрет жасауда, қатты мыс-

130

қыл айтуда, қысқасы суреттелетін объектінің баоқадан оқшау ерекшелігін бір сөзбен жеткізуде қолданылатын дәл де өткір тәсіл бола алады.

Етістіктердің құрамында келіп бейнелі (образды) мән туғызатын бірсыпыра аффикстер де осы топқа жатады:

-ти: бұлти, батти, қылти; ^

-би, -ми, -пи: ілми, қылми, арби, сымпи, үрпи, бажби, барби т. б.

-ырай, -ірей: тікірей, бүкірей, бақырай, шақырай, аңырай, кү-жірей, күдірей, одырай, қодырай т. б.

-ши, -жи: бақши, ақши, мықши, кегжи

си: ақси, тырси, бырси, сықси, борси.

-қи, -ки: өңки, дөңки, миқи, сықи, тыңқи.

-ыс, -іс: қырыс, тырыс, бүріс.

Мәніне орай мұндай бейнелі сөздер әжуа, күлкі, мысқыл, юмор-ға бай келеді де, көбіне көркем әдебиет, оның ішінде фельетон, сы-қақ әңгімелерде көп кездеседі. Қолданылу ьщғайына қарай осы тұлғалас сөздер кейде өз ара синоним де болады. Мысалы, -ырай аффиксі жасаған бақырай сөзі кей ыңғайда бажби сөзімен сино-нимдік қатар құрады. Мұндай синонимдік қатарлар әдетте лекси-калық ыңғайда қарастырылады.

Бір-біріне сырластық, достық, әлде туыстық қатынас мәні, үл-кеннің кішіге қатынас мәні де қазақ тілінде кейде арнаулы қосым-шалар арқылы беріледі. Олар: үлкен-кішілік қатынасты білдіретін -қа (-ке) аффиксі, еркелету, жақын көру мәнді -жан, -ши аффикс-тері. Қазақтың өзінен үлкен кісінің атын толық атамай, қысқартып Сэбит деудің орнына Сәке, Мұқтар деудің орнына Мұқа деуі осы зандылыққа негізделген. Қатар не жасы кіші кісіге еркелету, не жақын тарту ыңғайында Мәрия демей Мәрияш деу де осы стильдің бір көрінісі. Бұл аталған морфологиялық тұлғалар сондай сөйлеу ыңғайында жиі қолданылатындары ғана, әйтпесе әдеби тілдің морфологиялық құрылысы оның барлық стильдік салаларына ортақ болып келетіні айқын.

Тілімізде биік-биік, үлкен-үлкен, қисық-қисық, жуан-жуан тә-різді бір сөздің қайталануы арқылы жасалған күрделі сын есімдер эмоциялы екпін туғызудың өнімді тәсілдерінің бірі. Сөйлем ішінде мұндай сөздерге әдетте логикалық екпін түседі. Мысалы: Жуан-жуан ту құйрықтан жасап жапсырғандай едірейген қара мұртты сол бір жылдары бүйідей түксиіп, кәр төгіп кетіп еді (Ғ. Мүсірепов). Егер жазушы қос сөз түрінде қолданбай, жалаң түбір тұлғасын айтса, сөйлемнен туар эмоция бәсеңдеп қалар еді.

Ал күрделі сын есімдердің қарсы мағыналы сөздерден жасалған үлкен-кіші, жақсы-жаман, артық-кем, аш-тоқ тәрізді түрлері бірөңкей заттар мен кұбылыстарды жинақтап, жалпылап айтудың құралы болады. Мысалы: “Қызылбұрыштың” бастығы Әжіғали мұндай жұмысқа таптырмайтын адам. Осы өңірдің ескілі-жаңалы құда түсерінің бәрі соның қолында (Ғ. Мүсірепов).

Қос сөз тұлғалас сын есімдер — көркем әдебиет тілінің басты суреттеу құралдарының бірі екені мәлім.

Зат сынының әр түрлі дәрежесі шырай тұлғалары арқылы бе-

131

ріледі. Шырай тұлғалары, мұнымен қатар, экспрессиялық мән ту-ғызудың да өнімді тәсілі.

Заттьщ салыстырмалы сыны бірнеше арнаулы аффикстер арқы-лы беріледі. Олардың әрқайсысының өзіндік қолданылу ерекше-ліктері бар.

-рақ, -рек (-ырақ, -ірек) аффикстері арқылы білінетін артық-шылық, не кемдік заттың абсолют сапасы бола алмайды. Салысты-рылып отырған заттың біріне қарағанда екіншісінің не артықтығын, не кемдігін ғана көрсете алады. Мысалы: Дағдылы ерлер мінетін ер-тоқымнан гөрі эйелдер мінетін қоқан ерлер молырак, (М. Әуезов).

-рақ аффиксті сын есімдер сөйлем құрамында көбінесе, баяндауыш қызметінде жұмсалады да, сөйлемнін, соңында айтылады. Кейде ауызекі сөйлеу тілінде сын есімдердің бұл түрі анықтауыш қызметінде де жұмсалады. Бірақ ол жазба тілдін, нормасы емес. Мысалы, жақсырақ адам, ұзынырақ ағаш деп айту сөйлеу үстінде байқалмағанмен, жазба тілге үйлесімсіз. Алайда -рақ аффиксін кез келген сын есімге жалғап айтуға бола бермейді. Сондықтан оның, қолданылу заңдылығына кысқаша шолу берейік.

-лы тұлғалы сын есімдердің бірсыпырасына -рақ жұрнағы жал-ғанып, зат сынының салыстырмалы дәрежесін білдіреді. Мысалы: Өзен жағалары далаққы жерлерден гөрі шөптірек. Контекстік сипаты мен сөйлеудіқ мақсатына қарай, мұндай морфологиялық тұлғалар орынды, үйлесімді. Дегенмен соның ізімен “биылғы қыс қарлырақ, күз жаңбырлырақ болды” деп сөз саптау ауызекі тілде кездесе беруі мүмкін. Ал жазба тіл мұндай реттерде оинтаксистік конструкцияларды қолдануға икем келеді (Биылғы қыста қар мол болды, күзде жаңбыр жиі жауды). Ал кимді, тонды, үйлі, жерлі тәріздес туынды сын есімдерге -рақ аффиксін жалғап айтуға кел-мейді. Осындай жайды -дақ, -дек,- -тақ, -тек, -шыл, -шіл тұлғалы сын есімдер жөнінде де айтуға болады. Ол ұйқышылырақ, жалта-ғырақ, адам деп сөйлеу қазақ ұғымында оғаш құбылыс.

Заттың салыстырмалы сыны кейде септік жалғаулы конструк-циялар арқылы да беріледі. Мысалы: Байлауы жоқ, шешеннен үн-демейтін есті артық, бэйге алмайтын жүйріктен белі жуан бесті артық.

Сын-сапаның қандай бір мәнде болсын сәлдігі, бәсеңдігі -лау, -леу, -дау, -тау, -теу тұлғалы сын есімдермен беріледі. Мысалы: Қазір ол сұңғақтау, талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы... жіңішке-леу қыр мұрынды сұлу қыз болыпты (С. Мүқанов). Ол қырбықтау ғана мұрты бар, шаһарша киінген, басында дөңгелек қара барқыт тақиясы бар, көк көздеу, шашы мен мұрты сарғылт, ақ, құба өңді татардың жас жігіті (С. Мұқанов).

-лау тұлғалы сын есім сөздер кейде заттанып-, зат пен кісіні біл-діретін сөздердің орнына жұмсала алады. Мысалы: — Әлгі бір жерде сізден болды..,деп, жастауы ақталып келеді (Ғ. Мүсірепов). Алайда осы кұбылыс әдеби тілдің бар саласына бірдей тән емес. Бұл көбінесе көркем әдебиет пен қарапайым сөйлеу стилінде жиі кездеседі.

132

-лау аффиксті сын есімдер кейде “сэл, артык,” сөздерімен келген синтаисистік конструкцияларға мәндес болып отырады. Мысалы: Қеше ыстықтау еді, күн бүгін самалды қоңыржай екен

(С. Мұқанов). Осы сөйлемдегі ыстықтау сөзін синтаксистік конструкциямен ауыстырып: Кеше сәл ыстық күн бүгін самалды қоңыржай екен деп айтуға не жазуға болар еді. Дегенмен, осылардың арасында әр-қайсысын бөлектейтін мағыналық мәнер бар, -лау тұлғалы сын есімдерде экспрессивтілік басым да, оның синонимі болатын синтаксистік топта дәлділік бар, ал экспрессия аса көп байқала бермейді.

Сөздің экспрессивтілігін күшейтудің, сын-сапаның артық я кем-дік дәрежесін білдірудің ұтымды бір тәсілі — сын есімдердің кү-шейтпелі түрлері. Буын қосарлануы сөз мағынасын нақтылап, тәп-тіштеп жеткізудің ғана тәсілі емес, сонымен қатар одан туар экспрессияны күшейтудіқ, сөйтіп, тындаушы не оқушы тарапынан қажетті ассоциацияның тууына жағдай жасаудың да тәсілі. Көзбен көрген заттың сапасы туралы тек қана “жақсы” деп айту мен “жап-жақсы” деп айту мәні жағынан бірдей емес. Қарапайым сөйлеу стилінде мысалы “жақсы” деп қана айтылатын болса, заттың сапасы бірқыдыру жақсы, бірақ әлі де жақсарта түсуге болар еді деген ұғым туады. Ал зат сапасы жайында “жап-жақсы” деп айтса, бар қадарынша жақсы жасалған, ешбір кемдігі жоқ дейтін үғым шығады. Бұл тұлға қарапайым сөйлеу стилінің басты элементтерінің бірі және поэзиялық шығармаларда аса жиі колданылады. Қарапайым сөзде “әп-әдемі киінген бір бала келді” деген сөйлемнің құрамындағы “әп-әдемі” сөзін қолданбай, синтаксистік тәсілмен сөздерді тіркестіріп, шамамен былайша сипаттап айтуға болар еді: үстінде жақсы тігілген жаңа костюмі бар, аяқ-басы таза бір бала келді. Әрине, соңғы тәсіл дәл, айқын. Бірақ екі нәрсе жетпей тұрған сияқты, ол — сөздің жинақылығы мен әсерлілігі. Ал, мына үзіндідегі күшейтпелі шырай тұлғасын басқа сөзбен ауыстырып айтуға тіпті де болмас еді: Аппақ, ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, бейне бір ұқсатамын туған айға (Абай). Бүл тұлғаға (күшейтпелі шырай тұлғасына) мағыналық жағынан болсын, қолданылуы жағынан болсын жақын тұлға аса, тым, тіпті, шымқай, өте, ең, орасан, керемет тәрізді сөздердің сын есімдермен тіркесіп айтылуы. Грамматика оқулықтарында сын есімдердін, бүл тобын асырмалы шырай деп атап жүр. Солай аталғанмен, қолданылу тәжірибесінде осы екі түрлі шырай деп танылып жүрген топтардың бір-бірінен алшақтап жатқан айырмашылығы аса көп байқала бермейді. Айырмашылық тек қана олардың тұлғасында болса керек. Қазақ тілінде жап-жақсы деп айтудың орнына өте жақсы, тым жақсы деп те айтуға әбден болады. Немесе қып-қызыл демей, тым қызыл, жап-жасыл демей, тым жасыл, сап-сары демей, тым сары деп айтып, жазудың ешбір оғаштығы жоқ. Айырмашылық — осы екі тәсілдін, сөздің екі түрлі жанрында қолданылуында. Ресми сөзде жап-жақсы. демей, өте жақсы деп айту, жазу басым. Сөйтіп, соңғы асырмалы шырай тұлғасы көбінесе жазба ресми тілге ғана тән тәрізді. Бұндай конструкциялардын, қалыптасуы да жазба рес-

133

ми тілмен байланысты болса керек. Күшейтпелі шырай тұлғасын кез келген сын есімнен жасауға болмайды. Мысалы: сап-сары, қып-қызыл, жап-жақсы, қоп-қою деп айтуға болғанмен, қып-қиын, сып-сылбыр, жап-жай (баяу деген мағынада) деп айтуға көнбейді. Мысалы: Осы жиынға келетін ең қадірлі, ең сыйлы деген елдіқ қонағын берсін депті (М. Әуезов). Осындағы қарамен берілген асырмалы шырай тұлғасын тура мәнінде күшейтпелі шырайға ай-налдырса, тілдің қалыпты сөйлеу, жазу нормасы бұзылар еді.

Экспрессивтілік мән күрделі етістік тұлғалары арқылы да бе-ріледі. Етістіктердің басым көпшілігі жалаң бір ғана түбір болса (оқы, жаз, айт, сөйле, т. б.), бірсыпырасы осы жалақ түбірлерге та-ғы бір түбір сөздің тіркесуі арқылы жасалады: айта бер, сөйлей бер, соға кет, қоя тұр, тұра тұр, т. б. Сүйтіп, екі кейде үш түбір бірігіп бір ғана мағына беретін күрделі етістіктер пайда болады. Сонымен бірге күрделі етістіктер құрамындағы сөздер жеке де қолданыла алады. Бірақ лексикалық құрамы жағынан бір-біріне ұқсас жалаң түбірлі етістііктер мен күрделі етістіктердің контекстегі мәні бірдей емес. Мысалы: Машина үйдің жанына тоқтады. Машина үйдің жанына тоқтай қалды. Сөйлем баяндауыштарының лексикалық құрамдары ұқсас, бірақ мәндері бірдей емес. Жалаң етістік (тоқтады) іс-қимылды жай ғана атап айтса, күрделі етістік іс-қимылдың қосымша экспрессиясын аңғартады. Сөйтіп күрделі етістіктер іс-әрекеттің қосымша ерекшелігін, мәнерін біршама толық айқындайды. Қүрделі етістіктер кұрамындағы сыңарлардың мән-мағынасы мен қызметі де бірдей емес. Тіркестің бірінші сыңары негізгі лексикалық мәнді білдіреді де, екінші сыңары іс-әрекеттің қосымша мәнерін, ерекшелігін көрсетеді. Құрамындағы сөздердің лексикалық үніне лайық мұндай күрделі етістіктер іс-әрекеттің, процестің әр қилы сипатын, мінездемесін береді. Сол мән-мәнерлерді білдіруде олар өз ара не басқа бір сөздермен синонимдік қатар құрады.

Бірсыпыра күрделі етістіктер іс-қимылдың, әрекеттің шапшаң, окыс орындалғанын білдіреді. Мұндай күрделі етістіктердің бірінші (негізгі) сыңары көсемшенің -а (-е) тұлғасы болады да, екінші сыңар қызметінде қой, кет, кел көмекші етістіктері жұмсалады.



 

Келтірілген сөз қатарлары істің шапшаңдығын, оқыстығын біл-діруде бір-біріне синонимдік мәнде айтылады. Дегенмен, бүл сөз қатарларының өздеріне тән қолданылу аясы да бар. Күрделі етіс-тіктер мағыналық мәнеріне, контекстің характеріне лайық таңдалып алынады. Мысалы: Тек қисайта киген пилотка ғана қызыл шырайлы жас өңіне ойнақы еркелік беріп жараса қалыпты (Т. Ахтанов). Бұл мысалдағы жараса қалыпты күрделі етістігін мағынасы ұқсас басқа бір сөзбен ауыстыруға көнбейді.

Құрамында сал көмекші етістігі бар күрделі етістіктер іске мән

134

бермеу, немқұрайды қарау 'мәнерін туғызады. Мысалы: Көше бой- лай ойланып келе жатып, Асан кездескен киоскіден аты-жөнін қа- рамай бір кітапты сатып ала салды (газеттен). -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер мен кел, кет, шық, бар, жүр көмекші етістіктерінен құ-ралған күрделі етістіктер арнайы емес, жол-жөнекей істелген істі білдіреді. Бұлар осы мәнде синтаксистік шумақтардың синонимі ретінде жұмсалады. Мысалы: Асан қарындасын Алматыға ала кетті (газеттен). Осы баланы біз ала кетсек қайтеді?— деді Мэшік Нұр~ тазаға (С. Мұқанов). Алдыңғы сөйлемде Асанның негізгі мақсаты — өзі тікелей бару, сонымен қатар жол-жөнекей қарындасын да ала кету. Бұл сөйлемді шартты турде былай құруға болар еді: Алматыға өзі баратын болған соң, Асан қарындасын да алып кетті. Соңғы вариантта күрделі етістік тұлғалық жағынан өзгеріп қолданылған. Өйткені енді ала кетті тұлғасында қолданудың қажеті жок, бұл тұлға беретін мән синтаксистік шумақ арқылы беріліп түр. Ал екінші сөйлемді былай кайта құруға болар еді: Біз кетіп барамыз ғой, керегі болар, осы баланы ала кетейік,деді Мэшік Нұртазаға.

Мұнда да ала кетейік күрделі етістігі синтакоистік шумақтың синонимі өкені байқалады.

-а, -е, -й көсемшесі мен көр көмекші етістігінен құралған күр-делі етістіктер істің істелуі жайындағы өтінуді, сұрауды, жалынуды білдіреді. Мысалы: Жақыныңды жауға тастай көрме' Досыңның бір қателігін кешіре көр! Күрделі етістіктердің бұл түріне осы мағынада -шы (-ші) аффиксті жалаң түбір етістіктер синоним болады. Жоғарғы сөйлемдерді былайша қайта құруға болар еді: Жақыныңды жауға тастамашы! Досыңның бір қателігін кешірші! Бұл екі тұлға-ның арасындағы айырмашылық — күрделі етістік экспрессивті мәнді көтеріңкі әуенмен барынша айқын жеткізсе, -шы, -ші тұлғалы жалаң түбір етістіктерде бәсең. Іс-әрекеттің созылыңқылығы, жалғаса түсуі -а, -е, -й көсемшелеріне түс, бер көмекші етістііктері тіркесу арқылы жасалған күрделі етістііктермен беріледі. Мысалы: Академик Сәтбаевтың еңбектері отандық ғылым табыстарын одан әрі тереңдете түсті (газеттен). Соңынан, қуған сіріңкі қара адамдар жете алар емес, шоқайлары тайғанап кейіндей берді (Мүсірепов). Бұлар ғылыми жазбалар тілінде, прозалық баяндауларда аса жиі қолданылады. Осы көсемшелердің тұр көмекші етістігімен тіркесі іс-әрекеттің созылыңқылығы тек уақытша құбылыс екендігін аңғартатындай мәнерде жұмсалады. Мысалы; Мына журналды қарай тұр. Бұл мағыналық мәнер әсіресе бер көмекші етістігімен салыстырғанда айқын көрінеді. Мына кітапты қарай бер, Екеуіндегі мән-мағына екі түрлі мәнермен ұғынылады, алдыңғысында аз уакытқа, сәлге дейтін мән бар да, соңғысында уақыт жағынан ондай шектеушілік байкалмайды. -а, -е, -й+тұр құрамды күрделі етістіктер көбінесе әзірге, қазірше, сәл уақыт тәрізді сөздермен келген тіркестерге синоним болады. Әзірше осы кітапты оқы, осы кітапты оқи тұр, немесе эзірше осы кітапты оқи тұр деп нақтылап айтуға да болады. Бірақ бүл ыңғайда мынаны ескеру қажет сияқты. Күрделі етістік ойдың, іс-әрекеттің динамикасын

135

күшейтеді. Сондықтан ұзақ баяндауларда, текстерде, бірінен соң бірі айтылатын сөйлемдер жігінде күрделі етістіктерді қолдану әл-деқайда ұтымды.

Күрделі етістіктердің енді бір тобы әдейі жасалған істі, әрекетті білдіреді. Мұндай күрделі етістіктер -қан, -ран есімшелеріне бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ғайша ұйықтап жатқан болып, шешесі мен Қожаштың әцгімесін түгел ес-тіді (С. Қөбеев). Мұндай күрделі етістіктерге -сып тұлғалы есімше-лер (жатқансып) синоним болады. Мысалы, жоғарғы сөйлемді бы-лайша қайта қүруға болар еді: Ғайша ұйықтап жатқансып, шешесі мен Қожаштың эңгімесін түгел естіді.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет