Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 46. Есімдіктердің қолданылуы



бет13/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
§ 46. Есімдіктердің қолданылуы

Есімдіктердің қолданылу аясы кең. Бұл ерекшелік ең алдымен олардың лексика-грамматикалық табиғатьша байланысты. Өйткені олар басқа сөздердің, әсіресе зат пен онын, сынын білдіретін сөз-дердің орнына айтылып, солардың “орынбасарлары” есебінде жұм-салады. Сондықтан есімдіктер жеке айтылғанда нақты мағына бере алмайды. Есімдікті өзі қолданылып отырған текстен бөліп алып, жеке қарастырсақ, затты, не оның сынын, немесе сөйлеушіні білді-ретінін айыру қиын. Олардың нақты мағынасы контексті түтас алып салыстырғанда ғана айқын көрінеді. Ал контекстегі есімдіктердің мәні бір ғана сөйлем құрамындағы сөздердің өз ара қатысынан айқындалса, кейде екі, не үш сөйлем жігінен, кейде тұтас абзац бойынан бір-ақ айқындалады.

Есімдіктің мәні бір ғана сөйлемнің шегінде, соның құрамын-дағы сөздердің логикалық және грамматикалық қатынасынан ай-кындальш, мән-мағынасы дәл түсініледі:

Карл Карлович, Рязанов мырза жалғыз бізбен ғана ортақтас емес екенін Сіз жақсы білмейтін бе едіңіз?

Бірақ бір ғана жай сөйлем құрамында бір-біріне мәндес екі есімдікті қолдану сөздің мәнерлілігін әлсірететіні белгілі.

Есімдіктер іргелес айтылған екі жай сөйлемді бір-бірімен мағы-налық ұластырушы есебінде жұмсалады. Мысалы: Тәкежан бұл күнде Мұсақұлды қыстайтын. Ол Абайдан бұрын үйленіп, сол жы-лы енші алып, бөлініп шыққан (М. Әуезов). Бұл соғыстан ешкімге де рақым болмайды, одан ешкім де оқшауланып қала алмайды (га-зеттен). Егер есімдіктер қолданылмай, сол сөздің өзін қайталайтын болса (Тәкежан бұл күнде Мұсақұлды қыстайтын. Тәкежан Абайдан бұрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыққан), олардың арасындағы логикалық байланыс әлсірер еді. Сөйтіп, мұндай реттерде есімдіктердің қолданылуы ойдың логикалық тұтастылығы-ның, байланыстылығының қажетті шарты болады. Қолданылу процесінде есімдіктер тек атау тұлғалы сөздерге қатысты болып, солардың баламасы ғана болмайды. Септеулі сөздерге де қатысты болып, солардың келесі сөйлемдегі “орынбасары” есебінде қолданылады. Мысалы: Бірақ бұрынғы салдыр-салақ қа-

136

лып кеңсе қызметкерлерінің көбінен жойыла бастаған заман рой. Олар пэтер мәселесіне де сақ қарайды. (Б. Майлин). Соңғы сөй-лемдегі олар есімдігі алдыңғы сөйлемдегі (кеңсе) қызметкерлерінің сөзімен логикалық байланысқа түсіп, соның “орынбасары” есебінде жұмсалған.

Алайда, кейде бір-біріне іргелес айтылған, біртұтас логикалық желіге бағынған жай сөйлемдер тізбегінде жіктеу есімдіктерін сөй-лем сайын қайталай беруге'болмайды. Мысалы; Жаңа жыл қарса-ңында Ащысай кенінің бір топ жұмысшылары қосымша тағы бір мамандықты игерді. Олар бұрын бірі слесаръ, екіншілері кен қопа-рушы, скреперші, электровоз машинисі деген сияқты мамандықтың иелері болса, енді “ПМЛ-5” тиеу маишнасыньщ да маманы атанып отыр. Олар бұл өнерді жұмыста жүріп-ақ меңгерді (газеттен). Соңғы сөйлемдегі олар есімдігін алып тастап, үзіндіні қайта бір оқып шықсаңыз, сөйлем ықшамдалып, ұғымға жеңіл болар еді.

Диалогты сөйлемдерде есімдік кейде қаратпа сөзбен тікелей ма-ғыналық байланысқа түседі. Мысалы:— Қатын! Басқаға жаман шығарсың, бірақ өзіме жақсысың, өзіме қымбатсың! Өсектеген жұрт өсектей жатар, ойнап-күліп барып қайтайық... Жалғыз сен емес, басқа жерлерден де эйелдер барады дейді ғой, ретсіз жеріне өзіқ де бармассың,деді Бәкен көңілденіп, (Б. Майлин).

-- Сен, қатын, енді тыныш жат, жаңылдырма — деді әйеліне

  • (Ғ. Мүсірепов).

Сөйтіп, есімдіктердін, мән-мағынасы көбінесе тек контекст ішінде айқындалады. Олардың контекспен мағыналық байланысы да әр қилы болып отырады.

Демек сөйлеуде, әсіресе жазба жұмыстарда, сөйлем ішінде қол-данылып отырған есімдік сөздердін мәнін, оның өзінен бұрын не соң айтылатын қандай сөздермен тікелей мағыналық байланыста екенін анықтау керек болад. Онысыз сөйлем мәніне нүқсан келуі мүмкін.

Есімдіктердід ішінде колданылуы, мэн-мағынасының кеңдігі жағынан айрықша бөлектенетіндері — ж і к т е у е с і м д і к т е р і. Жіктеу есімдіктері мағыналық жағынан жалпы болумен қатар,. кейде даралық мәнді де білдіре алады, ал кейде бірөңкей, бірыңғай заттар мен құбылыстардың жиынтығы, солардың шоғырланған, корытындыланған бір тұтас мәні есебінде де үғынылады. Екінші бір ерекшелігі — жіктеу есімдіктері көбінесе тура, номинальды мәнінен басқа, автордың, сөйлеушінің айтып, хабарлап отырған іс-құбылыс-қа субъективтік қатынасын көрсетеді.

Бірінші жақты білдіретін мен есімдігін қолданудағы кейбір ерекшеліктер төмендегідей.

Қатар, іргелес айтылған сөйлемдер құрамында мен есімдігінің. қайталануы екі түрлі мәнерде ұғынылуы мүмкін. Біріншіден, автор қайталау арқылы сол сөзге логикалық екпін береді.

Мысалы: Мен сендерді басқадан бұрын көрем,

Мен қолымды сендерге бұрын берем.

137

Сендермен тек алысар жау табылса,

Мен бэріңнен қолында бұрын өлем

(С. Мұқанов)

Екіншіден, сөйлеушінің, өзі жайында әдеттен тыс сыпайылық сақтамауын байқататын тәсіл есебінде де қолданылады. Б. Май-линнің “Бір адам” әңгімесінде мынадай жолдар бар.

Мен — мырза. Менде мал көп... Әкем шал, өледі. Малдың бэрі менікі...

Сен мырзасың... Какой черт сен мырза... Вот, мен мырза болсам... Солай ма, Иван? ... Мен мырза болсам, бүкіл қарашұнақты бір уысқа сыйдырар едім... Солай ма, Иван? ... Мен Ивандікіне қонаққа барар едім... Иван! Мен қонақа барсам, сен қалаш бересің? ... Мен саған арақ, берем...

Егер автор өр сөйлем сайын мен есімдігін қайталап қолданбаса, мұндай экспрессия да тумас еді.

Әдетте сөйлем мәні мұндай экспрессивті өң алмас үшін, моно-логтарда мен есімдігі үсті-үстіне қайталана бермейді. Қейде бүкіл абзац, бүкіл текст бойында, әңгіме бірінші жақ атынан баяндалса да, мен айтылмай қалып отырады. Қазақ тілінің құрылысы есімдік-терден болған логикалық бастауыштар айтылмай-ақ сөздің қай жақтың атынан айтылып отырғанын түсінуге мүмкіндік береді. Мына бір үзіндіге көңіл аударайық: ...Бұл ойым өрлей-өрлей барып, қиын бір қамалға барып тіреледі: бір күні Ақбота сөйтіп жиырма-дағы қыз болып тұра қалса, қайтем? Онда аузымның аппақ болғаны. емес пе?.. Қайдары жаман ой қайдан келіп қалып еді деп күні бойы қынжылам, Ақботаның ойына түсе көрме деп тілеймін

(Ғ. Мүсірепов). Бұл үзіндідегі сөйлемдерге мен есімдігін қосып айту авторға қиянат жасау болар еді.

Алайда мен есімдігінің түсірілмей немесе түсіріліп айтылуы барлық уақытта осындай экспрессиялық мәнмен ұштасып келе бермейді. қағаздарында уақиға бірінші жақтын атынан' баяндалса, сол бірінші жақтың, атап айтқанда, кім екендігін қалайда жазу қажет болады. Қол хаттарда, протоколдарда, сенім қағаздарда т. б. “Мен, Дүйсенбаев Сейсенбай, осы сенім қағазды Сабалақов Жартыбай-ға...” деп, мен есімдігін әдейі түсірмей жазып отырады. Мұның өзі — іс қағаздарының стандарттылығынан, қалыптасқан жазу стилінен туатые заңдылык.

Біз есімдігі көптік мән беретін болғандықтан, әдетте көптік жалғаусыз айтылады. Дегенмен, сөз ыңғайына, сөйлеушінін, ар-найы мақсатына қарай кейде көптік жалғауын қабылдайды. Әр кез ұранды сөйлемдер, салтанатты сөйлеу ыңғайында: Біздер, Совет Одағының коммунистері... Біздер, мектеп оқушылары... тәрізді сөз саптаулары осындай арнайы мақсаттан туған. Біз есімдігіне көптік жалғауын жалғау арқылы бірөңкей кісілерді топтастыру, сөйтіп оларды бір ғана ағым не топ етіп көрсету мақсаты көзделеді.

Біз есімдігі барлық уақытта да көптік мән туғызбайды. Қейде ол сөйлеушінің, автордың мақсатына лайық жекелік мәнде де қол-

138

данылады. Осы орайда жиналыста шығып сөйлейтш шешен тілін-дегі біз есімдігінің қолданылу ерекшелігін еске алу қажет. Сыпайы шешен “менің ойымша”, “мен осылай ойлаймын”, “мен былай істе-дім” деп үлікен аудиторияның алдында қайталай бермейді. “Мен, мен” деп айта беру шешеннің даңғойлығын, шамадан тыс өзімшіл-дігін ғана дәлелдер еді. Сондықтан ол “біздің ойымызша”, “біз осылай ойлаймыз” деп, өз ойын, өз байымдауын сыпайы ғана баян-дайды.

Екінші, тыңдаушы жақты білдіретін жіктеу есімдіктерін қол-данудағы кейбір ерекшеліктер мыналар:

Қазақ тілінің қалыптасқан заңдылығы бойынша сен есімдігі анайы сөйлеу ыңғайын танытады да, сіз, есімдігі сыпайы сөйлеу ыңғайын танытады. Сонымен қатар, сен және сіз есімдіктері қол-данылу процесінде әр қилы экспрессиялық мәнер де туғызады.

Сен есііудігі өзінің тура мәнінен басқа сөйлеушінің тыңдаушы жаққа қатынасын да білдіреді. Жасы үлкен және бейтаныс кісіге сіз деудің орйына сен деп сөйлеу сөз иесінің олақтығын, немесе әдёйі дөрекі қатынасын көрсетеді. Сен есімдігі кейде адам арасындағы сырластық қатынастың көрінісі есебінде де қолданылады, Мысалы: Осыдан кейін мен оны Катя деп кеттім де, ол мені Қостя деп кетті. Кездескелі бұзылмай келген “сіз — біз” қалды да, ссен менге” көшіп кетті (Ғ. Мүсірепов).

Жадырап жаз келгенде, сені ойлаймын,

Құс шулап келсе бізге, сені ойлаймын.

Қайтқанда құстар күзде, сені ойлаймын,

Ақ ұлпа жамылғанда таудың гүлі,

Өзгені ойлар дәрмен жоқ, сені ойлаймын

(Р. Гамзатов).

Ол есімдігі, үшінші бөгде жақты білдіреді. Бұл сөз қолданыл-ғанда, әңгіме болып отырған заттың не кісінің атауы сөйлемде кө-біне айтылмайды. Бұл жағдай әсіресе ауызекі сөйлеу тілінде жиі "кездеседі.

Ол есімдігі бір ғана ыңғайда өзі білдіретін зат не кісі атауымен немесе басқа бір есім сөзбен қатар қолданьмады. Бұл жағдайда ол есімдігі бастауыш қызметінде, зат не кісі атауы баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Ол — инженер. Ол — Атымтай Дүйсенбаев т. б.

Ол есімдігі сілтеулік мәнде де айтылады. Мұндай реттерде ол есімдігі зат, кісі, орын-мекен атауын қайталамаудың тәсілі есебінде қолданылады.

Өз есімдігінің екі түрлі қызметі бар: біріншіден, өз есімдігі есім сөздермен тіркесіп келіп, есімдер арқылы белгіленіп отырған зат-тың біреуге тәндігін, тәуелділігін білдіреді. Мысалы: Өз үйім—• өлең төсегім; өз балам; өз жұмысым т. б. Екіншіден, өз есімдігі жіктік, кейде сілтеу есімдіктерімен тіркесіп келіп немесе жеке қол-данылып та белгілі бір кісі, зат жайындағы ұғымды айқындап, дәлдеу мәнінде жұмсалады. Ол өзі келді; мен өзім бардым; мұның өзі, сыпайылап айтқанда, әдепсіздік (газеттен) тәрізді сөйлем құ-

139

рамындағы өз есімдігінің қолданылуы осындай. Өз есімдігі алғаш-қы екі сөйлемде қимыл иесінің кім екендігін айқындап, дәлдеп көрсетсе, соңғы сөйлемде болған құбылыс жайындағы ұғымды (мұның өзі) нақтылап, конкреттеп тұр. Өз есімдігі сондай-ақ біріне-бірі ұласып айтылған сөйлемдер құрамында бастауыш қызметіндегі сөзді қайталай бермеудің тәсілі есебінде де жұмсалады. Мысалы: Бұрынырақ бір кезде Абайға сырттан томырылып ызалы боп жүрген Әділбек те қазір ол мінезін ұмытқан сияқты. Өзі жүріп есік ашып, Абайдыц қамшысы. мен тымағын кереге басына өз қолынан ілді

(М. Әуезов).

Өз есімдігін қолдануда әр кез стильдік жаңсақтық кездеседі. Мысалы: Министрлік мекеме басшысына өзіне машина алуға рұқ-сат берді (машина мекеме басшысына арналып алына ма, әлде министрліктің өзіне алына ма — айқын емес). Председатель кө-мекшінің өзіне барсын деп бұйырды. (Председательдің бұйрығы кімге арналған: көмекшіге ме, әлде басқа біреудің көмекшіге жо-лығуы жайында ма?) Бірінші сөйлемде өз есімдігінің ешбір қа-жеттігі жоқ. Сонда сөйлемнің мәні айқын болады. Екінші сөйлемді екі түрлі құруға болады: егер әңгіме басқа біреудің көмекшіге жо-лығуы жайлы болса, сол кісінің атын атау қажет. Ал көмекшінің өзі басқа бір жаққа баруы туралы болса, сол баратын жердің аты аталғаны дұрыс. Сөйтіп, бір ғана сөйлем ішіндегі екі түрлі логика-лық субъект болған жағдайда да, өз есімдігін қолдануға барынша мұқият қарау керек.

Мән-мағынасы мен қолданылуы жағынан белгісіздік есімдікте-рін бірнеше синонимдік топтарға бөлуге болады: қай, қайсыбір, кейбір (еу), біреу-міреу, әлдекім сөздері сөйлеушіге белгісіз, неме-се әдейі атағысы келмейтін кісі аттарының орнында қолданылады. Мысалы: Әлдекім есікті қақты. Мұнда элдекім есімдігі естушіге белгісіз кісіні білдіріп тұр. Отырғандар, әсііресе кейбір ерсілеу сұ-рау бергендер, ұялып беттері қызарып, төмен қарай берді (А. Тоқ-мағамбетов).

Бірқатар, бірсыпыра, біраз, бірнеше есімдіктері сан-мөлшерлік мән беріп, бір-біріне синоним бола алады.

Дегенмен белгісіздік есімдіктерінің жұмсалу, қолданылу аясы бірдей емес. Бір ғана синонимдік топқа жататын сөздердің әрқай-сысының өзіне тән қолданылу шеңбері бар. Қайсыбір, кейбір есім-діктері ресми тілде қолданылуға бейім. Ал олармен мәндес біреу-міреу көбінесе тек ауызекі тіл элементі іспетті. Әлдекім, кей есімдіктері көбіне көркем әдебиет тілінде, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде жиі кездеседі.

Сол сияқты, бірқатар, бірсыпыра, біраз, бірнеше сөздерінің қолданылуы да бірдей емес. Бірқатар, бірсыпыра, бірнеше сөздері сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде болсын жиі қолданылғанмен, біраз сөзі көбінесе тек қана сөйлеу тіліне тән.

Сілтеу есімдіктерін шартты түрде мынадай синонимдік топтарға бөлуге болады: бұл, мына, осы есімдіктері әдетте сөйлеушінің көзі көріп тұрған немесе қасында, жақын жерде тұрған зат не кісіні білдіргенде қолданылады да, анау, сонау есімдіктері көз

140

көргенмен, қашықтау жердегі затты білдіреді. Әне, энеки есімдік-тері де осыған мағына жағынан орайлас, бірақ бұлардың қолданылу заңдылығы және олардан туатын экспрессия тіпті бөтен. Осыған орай бұл есімдіктер ауыспалы мәнде қолданылған уақытта да мезгіл уақыт жағынан әр түрлі кезеңге жататын заттар мен құбылыстарды, ой долбарын білдіреді. Мысалы: Әженің қырқын беріп, жұртты тарқатқан соқ, баласын оңаша алып отырды да:— Сен осы бір қалың ойға батып кеттің-ау! Жүдеп кеткеніңді байқаймысың!..—•деді

(М. Әуезов). Бұл сөйлемде осы есімдігі нақ сол кезеңге, яғни сөз болып отырған кезеңге байланысты қолданылған. Сондықтан оны басқа сөзбен ауыстырып айтуға болмайды. Ол ырғала түсіп, қатты демікті де:Қой, шырақ, қой, мырза сол бәледен абырой тапқаны аз еді ғой, атамай-ақ, қойсаңшы!— деді. Дэл осы кезде қасында екі жігіті бар Пұшарбай кеп кірді (М. Әуезов). Бұл үзіндідегі сол, осы есімдіктерін де алмастырьш қолдануға келмейді. Әне, энеки есімдіктері анау, сонау есімдіктерімен таза лексикалық тұрғыдан бір-біріне орайлас дедік. Алайда бұлардың контекстегі мәні өне бойы орайлас бола бермейді. Әнеки, әне есімдіктері заттың орналасу қашықтығына орайлас айтылғанмен тұтқиыл болған көрініске, ойда жоқта тап болған құбылысқа, қимылға сілтейді. Мысалы: Келіп қалды әне мына мұндар! (“Қазақ солдаты”). Осы сөйлемдегі әне есімдігінің орнына сонау, анау есімдіктерін айтуға болмайды. Өйткені сөйлемнің бар мәнері бұзылады. Анау, сонау сілтеу есімдіктері тура сілтеу мәнінде қарапайым сөйлеу ыңғайында бірінің орнына екіншісі қолданыла береді. Мысалы: Мұраттың үйі анау тұрған. Мұраттың үйі сонау тұрған. Бірақ мынадай бір үзіндіні салыстырып көрейж: Шапқан жақсы болса, тартып алған жол болса, көзі көрсін! Шауып, тиіп алып келіңдер анау кетіп бара жатқан Жігітек көшін!—деді (М. Әуезов). Осы сөйлемдегі анау есімдігінің орнына сонау сөзін қоюға болмайтын тәрізді. Конкретті істі, затты нұсқағанда, анау есімдігін колдану ыңғайлы. Сонау сілтеу есімдігі көбінесе дерексіз ой, құбылысты нұсқау ыңғайында қолдануға бейім.

Бәрі, барлық, бүкіл, күллі, барша есімдіктері “бір бүтін, түгел-дей” дейтін мағынада айтылады. Алайда сөз ішінде бұлардың әр-қайсысына тән қолданылу ерекшеліктері бар. Мынадай бір мысал алайық: Жылтырағанның бәрі асыл емес (мәтел). Осындағы бәрі жалпылауыш есімдігінің орнына күллі, бүкіл, барлық, барша сөз-дерін қолдануға болмайды. Егер барлық сөзін қолданып, жылты-рағанның барлығы асыл емес дейтін болсақ, онда сөйлемнің қа-лыптасқан ритмі бұзылып, құлаққа бір түрлі тосындау естіледі. Ал барша сөзін қолданып, жылтырағанның баршасы асыл емес десек, барша сөзі басқалармен үндеспей, оқшау тұрады.

Күллі, барша сөздері көбіне шешендік сөйлеу ыңғайында, көр-кем әдебиеттерде, публицистикалық шығармаларда жиі кездеседі. Қазіргі әдеби тілімізде бұл сөздер осы сөз қолдану аясында әбден қалыптасып кеткен. Сондықтан іс қағаздарында, корреспонден-цияларда немесе баяндамада күллі Отанымыз, барша еліміз осы міндетті орындауға жұмылуда деп айтып, жазу ұтымды тәсіл

141

емес. Мұндай ресми сөздерде бүкіл, барлық сөздері көп қолданы-лады. Сондықтан өзімізге белгілі атақты ұранды өзгертіп, Барша елдердің пролетарлары, бірігіңдер! деп айту құлаққа оғаш естілер еді.

Сөйтіп, жеке күйінде бір-біріне мәндес болып отыратын жал-пылауыш есімдіктер қолдануда әр түрлі мәнермен ерекшеленіп, бір-бірінен оқшауланады.

§ 47. Етістік тұлғаларының қолданылуы



Айтылып, хабарланып отырған іс-әрекеттің иесі етістіктің жақ-тық қосымшалары арқылы көрінетіні мәлім. Кейде текстің, сөздін, ерекшелігіне, алдына қояр мақсатына лайық бірінші жақтың ор-нына екінші жақтық, әлде III жақтық қосымша қолданылуы мүмкін. Грамматикалық тұрғыдан мұндай қолданыстың ешбір өзгешелігі болмағанмен, мағыналық жағынан, сөз стилі тұрғысынан аса бір ден қоярлык құбылыс.

Әдетте сөйлеушіні бірінші жақтық қосымша арқылы танимыз. Енді мына бір үзіндіге көңіл аударайық. Қейде сенгісі де келмейді. “Өзім де қызбамын ғой. Ашу үстінде аңғармай теріс ұққан шығармын. Қызғаншақ көңіл асыра ойлаған шығар”,дейді. Бірақ, Раушанның шырылдап Уәлиге ара түскенін ойлап, “жоқ, жығылғаныңды біл, өзіңді өтірік жұбатпа”,— дейді (Т. Ахтанов).

Үзіндіде кейіпкер бірде бірінші жақта сөйлесе (“Өзім де қыз-бамын ғой. Ашу үстінде аңғармай теріс ұққан шығармын”), бірде сөз өзіне арналған кезде, екінші жақтың атынан айтады. (“Жоқ, жығылғанынды біл, өзіңді өтірік жұбатпа”.) Сөйтіп, бұл жерде бі-рінші жақтық қосымша мен екінші жақтық қосымша бір ғана мән-де, бір ғана кісіні білдіру үшін қолданылған. Кейде бірінші жақтық мәнде үшінші жақ қолданылады. “Ержан талай мықты командирлерді көрді. Бір адамы қалғанша шегінбей, жаудың ба-талъонын қырған, танктерін қиратқан взвод командирлерінің атын естіді... Солдаттар сол қаһарлы, командирлер үшін жанын беруге бар, оған еріп от пен суға көздерін жумбай түседі. Сол командирлер жалғыз қызмет дәрежесімен емес, қайратымен, жігерімен қарауындарыларын үйіріп алған жоқ па? Ондай командирге солдат шын ықыласымен беріле бағынады. Командирі күшті болса, солдат та өзін күшті сезінеді. Ал Ержан ше? Ол взводтың жүрегі, ұйытқысы, әкесі емес, өгіздің мүйізіне қонған шыбын сияқты. Бір кездегі дивизия командиріне дейін көтерілмек болған қиялы есіне түсіп, ащы ызамен мырс етті” (Т. Ахтанов).

Алайда бұл арада үшінші жақтың қолданылуында айрықша мотивировка бар. Өзі жайында айқын да ашық айту үшін қалайда басқа бір бейтарап жақтың атынан сөйлеу қолайлы. Жақтық қо-сымшалардың бұл колданысы өз негізін о баста ауызекі сөйлеу тілінен алса керек. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші өзі жайында мақтанышпен сөйлегенде, оны жасайтын мына дөдең!— деп,

142

үшінші жақта айрықша экспрессиямен айтады. Жазба тілде қалыптасқан жоғарғыдай тәсілдің алғашқы шырар көзі — осы. Жазба тіл, оның ішінде көркем әдебиет тілі ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін бар нәрді өз бойына жиып отырады. Жоғарғы тәсіл (жақтық қосымшалардың қолданылу заңдылықтары) көркем әдебиет стилінде айрықша жиі кездеседі.

Кейде екінші жақтың орнына бірінші жақтьщ көпше түрі қол-данылатыны да болады. Мұндай қолдану сөйлеуші жақтың тың-даушы жаққа айрықша қатынасын танытады. Мысалы, ауырып жатқан кісіге халін сұрауға келген жақын кісі: “Қалай, жақсарып келеміз бе, көңіл күтміз қалай?—деп, бірінші жақта сөйлейді. Бұл айрықша интимді экспрессиялық мән туғызады. Немесе класта отырған оқушыларға қарап мұғалім тақтаға жазып, жатығыңыздар деудің орнына тақтаға жазып жаттығайық, тыныш отырыңдар деудің орнына тыныш отырайық деп сөйлейді. Бұлай сөйлеу оқытушы мен оқушының арасындағы қатынастың айрықша бір көрінісі іспетті болады.

Іс қағаздарында жақтық мән туғызудың айрықша бір тәсілі бар. Акт қағаздарында, қол хаттарда, сенім қағаздарында бірінші және үшінші жақ білдіретін сөздер қосарынан қолданылады. Мысалы: Біздер, төменде қол қоюшылар, “Алғабас” колхозының пред-. седателі Дүйімбаев, екінші бригаданың бригадирі Сүйінбаев...” деп басталатын акт қағаздары “Мен, “Саумалкөл” орта мектебінің шаруашылык, басқарушысы Танабаев...” деп басталатын қол хат-тарда баяндауыш қызметіндегі етістік бірінші жақта тұрғанмен, үшінші жақтағы сөз — кісінің аты-жөні қоса жазылып отырады. Бұл— тек іс қағаздарына ғана тән ерекшелік, соларда ғана кез-десетін айрықша тәсіл. Бұл тәсілдің тағы бір қолданылатын жері — ұранды сөйлемдер. Біздер, Совет Одағының жастары, ком-мунизмнің белсенді құрылысшыларымыз деп келетін ұранды сөй-лемдер де бір ғана стандарт жүйеде қалыптаеқан.

§ 48. Етістіктің шақтық тұлғалары



Әдетте шақтық тұлғалардың жүмсалу тәсіліне қарай сөйлем мағынасы әр түрлі ұғынылады. Сол себептен де шақтық тұлғаларды дұрыс қолдану сөз сындарлығының басты бір белгісі болып отырады. Нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп аталатын тұл-ғалар мән-мәнері тұрғысынан да бір-бірінен ерекше. Нақ осы шақ сөйлеуші сөйлеп тұрған сәттегі іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Сөй-леп тұрған сәттегі іс-әрекет отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері ар-қылы беріледі: Мақсұт кітап оқып отыр. Совет үкіметі дүние жү-зінде бейбітшілікті сақтауға бар күшін салып отыр. Егер сөйлеуші енді ғана басталып отырған не енді анық басталатын іс-әрекет жайында хабарлағысы келсе, жоғарғы тұлғаның орнына -а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктелген түрін, ауыспалы осы шақ тұлғасын қолданады, Мысалы: Әуелі ол жанжалдың алдын-

143

дағы өз жайым мен жер астының кейбір жайларын айтайын

(С. Сейфуллин). Ауыспалы осы шақ тұлғасы сонымен бірге үнемі болып тұратын, әдетке айналып, сіңісіп кеткен іс-әрекетті де білді-реді. Мысалы: Қазақта түйе дейтін мал болады,деді Қонысбаев Купциановқа сүйкімсіз қисық көзін қадап,— қалай адастырсақ да өз жүртын табады.

Түйені неменеге қыстырып отырсың,— деді Купцианов жақ-тырмай.

Жақсы адам жоғалмайды дегенім ғой (Т. Ахтанов). Осы мәнде нақ осы шақ тұлғасын қолдануға болмайтыны айқын. Халық тілінде осы тұлғада қальштасып кеткен құс ұшады, бұлбұл сайрайды, су ағады, от жанады, адам сөйлейді тәрізді тіркестер де мол. Бұл тұлғаның мезгілден гөрі сипаттау мәні басым. Ауыспалы осы шақ тұлғасы осы мәнде әсіресе ғылыми жазбаларда жиі қол-данылады. Мысалы: Жер бетінің және жатқан кеннің орындары экранда екі дөңес ирек болып көрінеді. Міне, осы екі дөңестің ара қашықтығна қарап, табылған кеннің қандай тереңдікте жатқанын есептеп шығаруға болады (“Білім және еңбек” журналынан).

Сонымен бірге, бұл тұлға көркем әдебиетте кісінің портретін беруде немесе зат пен құбылысты жүйелі баяндауда да қолда-нылады.

Бұзаубақтың көрмегені жоқ. Жұмыс қылғанда шаршауды білмейді. Қимылы өте шапшаң. Мінезі қимылынан да артық шап-шаң. Айтайын деген сөзін бетің бар, жүзің бар демейді, айтып салады. Тез ашуланады. Шаңқылдаған, даусы ащы, күзеннің айғы-рындай. Тілі де ащы. Қандай өзінен әлді, күшті, бай, ұлық кісі болса да қорлағанын көтере алмайды. Бірақ білімі жоқ. Білімім жоқ деп ойламайды. Диуаналау, бұғып қалмайды” (С. Сейфуллин).

Үнемі болып отыратын іс-әрекетті білдіру мәнінде -атын, -етін тұлғалы есімшелер де жұмсалады. “.. Өздері киімді тэуір киетін. Ылғи қарадан-қарап бос жүретт болған соң, заводың қыз-келін-шектерін айналдыратын. Домбыра, сырнай үйренбек болып бар-ылдататын, насыбай ататын, шылым тартатын” (С. Сейфуллин).

Бұл — өткен кезеңде болып кеткен іс-әрекеттер туралы хабар-лаудың ұтымды тәсілдерінің бірі. Өмірбаян туралы жазбаларда, тарихи тақырыпқа жазылған еңбектерде бұл тұлғаның өткен шақ мәнінде қолданылуы аса жиі кездеседі. Бұл баяндау тәсіліне сер-гектік, уыттылық мотивін енгізеді. Осы шақ мәнде бұл тұлға есім-шенің -ған формасымен орайлас келеді. Алайда есімшелік форма көбінде бір кезеңде ғана болып тоқыраған іс-әрекетті білдіреді де, сөз мағынасы динамикалық қалыпта ұғынылмайды. Ұзақ баян-дауларда мұндай тәсілді қолдану сөйлемдердің өз ара жымдасуына нұқсан келтіреді. Ал, -атын тұлғасы іс-әрекет, процестің ұзақ уақытқа созылғандығын білдіре алады. Сүйтіп, бұл екі тұлғаның мәндестігі жалпы өткен шақты, уақытты білдіруінде ғана. Сөйлеушініқ істің өткен уақытта болу, болмау фактісіне шүбәмен болжай айтуы немесе болған іске тікелей араласпауы -п тұлғалы көсемшенің жіктеулі формасы арқылы беріледі:

Ол туралы Дәркембай қысқа айтты. Базаралы тағы екі күн бо-

144

лыпты. Атшабарлар кетіп, жатақ тыныш тұрған екен. Содан База-ралы аттанып, қорыққа кетіпті. Ал, болыстар ертеңінде старшин, елубасыларын бастық етіп, отыз кісі боп келіпті де, жатақтық мы-нау қазір жалаңаш қалған, баспанасыз қалған үйлерінің бэрін де бір-ақ сэтте тік көтеріп, көтеріп әкетіпті (М. Әуезов).

Алайда бұл тұлға (-п көсемшелерінің жіктеулі түрі) кейде ха-барланып отырған іске сөйлеушінің айрықша қатынасын білдірудің де тәсілі болады. Ёгер кісі өзінің істемеген, жасамаған әрекеті жайлы басқа біреуден естісе, екінші жаққа (тыңдаушы жаққа) нен арыз жазыппын, оны Оспан біліпті деп айтар еді. Әрине айтылу үстіндегі дауыс интонациясының ерекшелігіне қарай мұндай сөз не мысқыл мәнінде, не ашу-ыза мәнінде ұғынылады. Мұндай мән-мәнерді беруде кейде -мыс, -міс аффиксімен қосарланып қолданы-лады. Бұл жағдайда экспрессиялық мән бұрынғысынан да айқын-далып, даралана түседі. Салыстырыңыз: Мен арыз жазыппын Мен арыз жазыппын-мыс. Дегенмен, осы мән-мәнерді беруде бұрынғы өткен шақ тұлғасының бірінші жағы мен екінші, үшінші жақтарының арасында кейбір ерекшелік байқалады. Мысалы: Мен арыз жазыппын. Сен арыз жазыпсың. Ол арыз жазыпты. Біршші жақта айқын байқалатын экспрессиялық мән екінші, үшінші жақта онша айқын емес. Сол себептен болса керек, екінші жақтың сол мәнін айқындай түсетін синтаксистік топ айтылуы қажет. Ал, үшінші жақта мұндай мән туғызу үшін -мыс аффиксі қосарлы қол-данылады.

Өткен уақытта болып, тоқталып қалған іс-әрекет -ған есімше-лерінің жіктеулі тұлғасы немесе осы есімшелердің еді көмекші етістігімен тіркесі арқылы және -п көсемшелері мен еді көмекші етістігінің тіркесі арқылы беріледі. Бұл арада мына жайды ескеру қажет. Бұл тұлғалар білдіретін іс-әрекеттер дағдыда өне бойы бо-лып тұрған емес, бір кезде болып, тоқталған, біткен істі еске түсіру, солай болғандығын басқа бір жағдаймен байланысты тағы да қайталап отырғандығын білдіру есебінде ұғынылады.

Өзеннің және қара сулардың жаға-жиектеріндегі селдіреген қамыстардың шашақтары үлбіреп, жел соқса ақырын ғана желбіреп, сары үкідей болып сарғайған. Қамыстардың ақырын судырай, әдемі сыбдырлаған жапырақтары да сары ала болған (С. Сейфул-лин). Анық біле алмадық. Бізді тосқауылға тастап еді, немістер арамызды үзіп кетті (Т. Ахтанов). Мен сен үшін қатты қорқып едім. Сондықтан да тура осылай қарай жүгірдім (М. Ибрагимов). Есенқұл сол бір күні-ақ әскерге жүріп кеткен еді. Оралмады (“Қа-зақ әдебиеті”). Бұл тұлғалардың қайсысы да іс-әрекетті көзімен көргендей етіп білдіреді. Дегенмен, жалаң тұлғаға (-ған) қарағанда, күрделі тұлғалардың (-п еді, -ған еді) өздеріне ғана тән ерекшелігі бар: мұндай тұлғалы етістіктерге аяқталған сөйлем логикалық жағынан тиянақты болып тұрмайды, өзіне жалғас басқа бір сөйлемнің айтылуын қажет етеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар да осындай: Есенқұл сол бір күні-ақ, эскерге жүріп кеткен еді... Оралмады.

еді көмекші етістігімен келген өткен шақтық тұлғалардың кей-

145

бірі мағыналық мәнер жағынан -атын тұлғасына мәндес, сонымен синоним іспетті қолданылады. Бұндай реттерде еді көмекші етістігі

-шы (-ші) аффиксті қимыл есімдерімен бір тіркесте жұмсалады. Мысалы: Сенбеген адамға шыныңды айтпа деуші еді Жанқабыл,— деді ақырын ғана (Т. Ахтанов). Мен оған аңыздағы қасиетті адам-дардай қызығып қараушы едім. Сол сезімімді кезінде өлең етіп те жаздым. Бірақ ол алғашқы сүйсіну, алғашқы қызықтаудың үстірт эсері ғана болатын (“Қазак әдебиеті”). Осы мысалдардың алғаш-қысының құрамындағы деуші еді тіркесін синонимдік екінші бір тұлғамен ауыстырып, дейтін деп айтудан сөйлемге келер зиян жоқ. Ал соңғы үзіндіде -шы еді күрделі етістігі, бірде -атын тұлғасы қолданылған. Дегенмен, бұл екі тұлғаның бір-бірінен мынадай айырмашылығы бар: -ушы еді күрделі етістігінен кейін логикалық ойдың желісі басқа бір сөз немесе сөйлемнің айтылуын қажет етеді. Сол себептен болса керек, -ушы еді күрделі етістігі көбіне сөз арасында, екі сөйлемнің жігінде кездеседі. Ал -атын тұлғалы етістіктен кейін басқа бір сөз, сөйлемнің айтылуы қажет бола бермейді. Іс-әрекеттің болып өткендігін және ол істің болуына іс иесінің тікелей қатыскандығын айқын да дәл білдіретін форма — жедел өткен шақ тұлғасы. Бұл тұлға — бір-бірімен ұласып жатқан, бір-бірімен тығыз байланысты ұзақ уақиғалар, әрекеттер, құбы-лыстар тізбегін баяндауда аса ыңғайлы тәсілдердің бірі. Мына үзін-дідегі жалаң жедел өткен шақ тұлғасының мәні мен қызметіне көңіл аудару мақұл. '

Қартбай енді үюлі шөпті жағалап сол бұрышқа барды. Пішен қабырғаға тақап үйілмеген, екі арада жарты метрдей қуыс бар. Осы кезде немістердің дабырлаған дауыстары анық естілді. Олар үйдің қасына келіп азғана сөйлесті, сартылдап есік ашылып-жабылды, содан кейін дабыл сиреп, дауыстар алыстай берді. Қартбай есікке қарай жалт бұрылып арқасын пішенге тіреп, икемсіз ауыр қол пулеметінің аузын көтеріп алып аз тұрды да, мысықша еппен аңдап басып Көжектің қасына барды. (Т. Ахта“ов).

Істің болашақта болу, болмауы кесіп айтылмай, шамалау мәні

-ар тұлғалы есімшелермен беріледі. Мысалы: Өтер қайғылы қара түні! Міне, рауаңдаған таң белгісі! Ашылар бақытың! Зұлмат қара түнді қуып жарқырап таң атар (С. Сейфуллин). Жазба тілде кон-текстің ыңғайына қарай, ауызекі сөйлеу тілінде айтылу интона-циясының құбылуына қарай -ар тұлғасы келер шақтық мәнімен қоса әр түрлі экспрессиялық мәнер алып отырады.

Қазақтың халық тілінде -ар тұлғалы есімшелер әр қилы мағы-нада, неше түрлі қисында жұмсалады. Соның бір көрінісі — мақал-мәтел кұрамында және ауыз әдебиеті тілінде қолданылу ерек-шеліктері. Қөркем әдебиет туындыларында халық тілінің осы нә-ріне сүйеніп көп тарала қоймаған сөз қолданыстарға бой ұру жиі байқалады. Мысалы: Қейінгі жолда бұлар мінетін көлік неше алуан боп ауыса берер, бірақ, дэл Семейден Қарқаралыға шейін арбамен жайлырақ боп жүріп баруды Тінібек эсіресе қатты маслихат еткен (М. Әуезов). Бұл сөйлем құрамындағы -ар есімшесінің қолданылуы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі, әсіресе ертегілердегі сөз

146

қодданысқа көбірек ойысады. Әдеби тіліміздің қалыптасқан басқа салаларында мұндай мәнде еді тұлғасы жиі айтылар еді.

Әлі басталмаған, бірақ мақсат етілген іс -мақ, -бақ, -мақшы, -мекші есімшелерінің жіктеулі тұлғасы арқылы немесе осы есім-шелердің еді көмекші етістігімен тіркесі арқылы беріледі. Мысалы: Құнанбай осы жолы сол сөз қайта шықса, келісіп аттанбақ.

-мақ тұлғасының мақсаттық мәні еді көмекші етістігімен бір тіркесте жұмсалғанда айрықша айқын көрінеді. Мен бармақпын дегеннен гөрі Мен бармақ едім дегенде мақсаттық мән айқын екені белгілі Бірақ соңғы тұлға (-мақ едім) өзінен кейін тағы басқа бір сөздің, сөйлемнің айтылуын қажет етеді.

Егер -мақ тұлғасын -шы (-ші) аффиксімен қосарлап қолданса, ондай тұлға мақсаттан гөрі міндеттілік мәнге көбірек ойысады. Уақыт мерзімі әзір белгісіз болса да, болашақта қалай да болуға, бітуге тиісті істі білдіріп, соған мезгейді. Ол инженер болмақшы, мен кітап жазбақшымын деп айтуда істің болашақта болуымен қатар міндеттенушілік те бар.

Логикалық жағынан мақсатты келер шақ тұлғасына бір табан жақын тұлға — қалау рай. Қалау рай мен мақсатты келер шақ арасындағы негізгі айырмашылық — мезгілдік мән. -мақ тұлғасын-да мезгілдік мән басым да, барғым келеді тұлғасында солай болса дейтін тілек мәні басым.

Қазақ тілінде қалау, тілек, арман, күдік мағыналары етістіктің арнаулы тұлғалары арқылы беріледі. Қалау рай тұлғаларын бүгінгі әдеби тіліміздің құрамында қолданылу дәрежесі тұрғысынан екі топқа бөліп қарау керек. Қалау рай жасайтын -ғай еді, -са игі еді тәрізді тұлғалар бүгінгі әдеби тілімізде тек сирек кездесіп кана қоймай, қолданылу сферасы да тарылып келеді. Бұлар көбінесе сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте кездеседі. Ал тыңдағым келеді тұлғасы қазіргі әдеби тіліміздің көп жаярында жиі жұмсалады.

-ғай тұлғасы таза тілек, арман мәнін туғызады. Ол ақылды адам болғай. Сен жазылып кеткейсің тәрізді сөз орамдарын сөйлеуші солай болатынына көзі жетпей, өзінің анық, таза тілегін, арман-ойын білдіруде ғана қолданады. Осы мағынада бұл тұлға ауыз әдебиеті шығармаларында жиі кездеседі. Қазіргі тілімізде де бұл көбінесе күйзелгенде, әлдебір сенімсіздік пайда болған мезгілде ерекше дауыс интонациясымен айтылатын сөз жанрларында жұмсалады. Әйтпесе, жалпылама әдеби тілдің бар сферасында бірдей ұшырай бермейді.

Ағайын арасына дау түскелі отыр. Дәл осы. жерде ұғыспасақ, Құнанбай ортасы бүлінгені. Айырған Еркежан мен Абай деп бі-лемін. Артқы күн не болады — кінәны өздерінен іздесін. Тек көрі-серге күн жақсы болғай-ақ та!—деп барын айтты (М. Әуезов).

-ғай тұлғасынын, еді көмекші етістігімен тіркесі арман, тілектің орындалуына күдіктену мәнін береді. Оны мына екі мысалды са-лыстырудан да байқауға болады: Сен жазылып кеткейсің. Сен жазылып кеткей едің.

Қалау, тілек мәнді -са игі еді күрделі тұлғасы біршама кітаби тілге жақын, жазба тілде жиі кездеседі. Мысалы: Эр кез бейбіт-

147

шілік күні нүрланып тұрса игі еді деп тілейді адамзат (газеттен) . Кейде күрделі тұлға құрамындағы игі сөзі түсіп қалып е көмекші етістігі екен түрінде айтылады. Мысалы: ... айтушы сіз дегенде кү-мәнымыз жоқ. Соны тек бір қайырып айтсаңыз екен! деді.

Қазіргі әдеби тілімізде қалау, тілек мәнінде жиі қолданылатын тұлға -ғы (-гі, -қы, -кі) етістіктері мен кел көмекші етістігінің тір-кесі. Бұл тұлға өзінің алдында тұрған есім сөздің әр уақытта ілік септік жалғаулы болып отыруын қажет етеді. Менің инженер бол-ғым келеді. Бұл тұлғаның мағына-мәнер жағынан басты ерекшелігі: мұнда қалау, тілек мәні айқын көрінеді. Қалау, тілек мәнді алдыңғы тұлғаларда көбінесе күмән-күдік мәні араласа жүреді.

Етістіктің басқа топтарынан оқшау тұрған бір тобы -у тұлғалы тұйық рай. Мұндай сөздер өздерінің мағынасы мен қызметі тұр-ғысынан әрі етістік мәнінде, әрі есім мәнінде келіп, екі жақты қол-данылады. Алу, беру, жүру, сөйлеу, оқу, жазу т. б. сөздер, бір жа-ғынан, қимыл-әрекеттің өзін білдірсе, екінші жағынан оның аты, есімі де болады.

тұлғалы тұйық рай етістіктері (немесе қимыл есімдері) іс қа-ғаздарында, ғылыми әдебиеттер тілінде белгілі бір әрекет-қимыл-дын, құбылыстың атауы ретінде аса жиі қолданылады. Мысалы: Жазалау тәрбиенің бір тэсілі. Олар, сонымен бірге, сөйлем баян-дауышы қызметінде керек, тиіс, қажет, мақұл тәрізді субьективті қатынасты білдіретін сөздермен бір тіркесте жұмсалып, істің болу міндеттілігін, қажеттілігін білдіреді. Мысалы: Егер әңгіме мал шаруашылығы туралы болып отырса, жердің жүз гектарына есеп-тегенде ет пен сүтті көбірек өндіру керек (газеттен) . Мұндай тір-кестер философиялық толғанысқа құрылған сөйлемдерде жиі қол-данылуымен бірге, қазіргі әдеби тілімізде ресми сөздің, сөйлеудің де тәсілі есебінде тұрақталып бара жатыр.

тұлғалы қимыл есімдері қазіргі әдеби тілімізде жатыс септік тұлғасында жиі қолданылатын болды. Егер түбір күйінде бұл қи-мыл есімдері құбылыс пен әрекетті, қимылды атап қана білдіретін болса, -да тұлғасында динамикалық екпін, леп алады. Мысалы: Ал жергілікті жерлерден алуан түрлі деректер сұраудың өзі де кеңсешілдіктің бір түрі, ол іске үлкен нұқсан келтіруде (газеттен). -уда тұлғасының негізгі мәні — іс-әрекеттің, қимылдың созылың-қылығын білдіреді. Бұлайша қолдану шамамен алғанда, Октябрьден кейінгі дәуірде орыс тілінен аударма жасау ыңғайында пайда болып, келе-келе баспасөз бен ресми қағаздар (қаулы-қарарлар, ресми сөз т. б.) тілінің айқын, басы ашық бір белгісі болып кеткен. Бұл қолданыстың, әрине, тіліміздің икемділігін, оралымдылығын арттырғаннан басқа залалы жоқ. Дегенмен солай екен деп, орынды-орынсыз жердің бәрінде де осы тұлғаны айта беруге болмайды. Әсіресе күнделікті баспасөз бетінде көптеп жарияланатын корреспонденцияларда кездесетін: Маяланған шөптер мал қыста-ғына тасылуда. Бұл істе Әзірбаев бастаған комсомол-жастар бри-гадасы еселеген еңбек үлгісін көрсетуде тәрізді қолданыстарды тіл мәдениетінің жоғарылығы деп қарауға әсте болмайдьь

148

СИНТАКСИС


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет