Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 55. Сөйлем мүшелерінің орын тэртібі



бет16/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
§ 55. Сөйлем мүшелерінің орын тэртібі

Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы — сөйлем мүшелерін дүрыс орналастыру. Өз орнында тұрмаған сөз оқушыға оғаш көрініп тұрады немесе сөйлем мағынасы өзгеріліп кетеді.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдіқ өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс қүралған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге етер әсері де өзгеше болады. Әдеби тілде қалыптасқан сөйлем құрылысын бұзып, оның басын аяғына келтіріп жазу, әрине, шеберлікке жатпайды — дөре-кілік. Кейбіреулер солай екенін сезбей ме, әлде сөйлемнің аяғын аспаннан келтіріп айтуды қызық көре ме, әйтеуір қалай болса, со-лай жаза береді. Мысалы:

Шіркін, тың жер ... Біз төсіне келгелі өтті', міне, он жыл да ... 'Ашушаң, долы апрельдің мінезі емсс, бірақ, бұл. Қателескен ұлы-ның жазасы алған анадан (Ә. Қалмырзаев).

Кейде сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып айтпағандықтан, өрескел қателер кетіп жатады. Мысалы: Ұзын мүйізді немістің қы-зыл сиыры жайылып жүр. Мұнда ұзын мүйізді деген анықтауыш өз орнында тұрмай сөйлемнің басына шығып кеткендіктен, “ұзын мүйізді неміс” болып тұр. Дұрысы — немістің ұзын мүйізді қызыл сиыры жайылып жүр.

Сол сияқты мына сөйлемдөрде де анықтауыштар өз орындарын-да тұрмағандықтан, басқа сөздерді анықтап теріс ұғым тудырып тұр:

Көп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт береміз (Радио, 28.1.1961). Дұрысы — Қазақтың жұртқа көп тараған ха-

170

лык, музыкасынан концерт береміз. Орындағанда үлкен шеберлік-

ті керек ететін Рахманиновтық фортепьянолық пьесалары ... (Ра-дио, 14.ХІ.1961). Дұрысы — Рахманиновтың орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін фортепьянолық пьесалары ...

Л. Н. Толстой айтқандай, сөз суреткерлерінің шеберлігі “бірден-бір керекті сөзді тауып қолданып, оны дұрыс орналастыра білуде”. Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де бұл жайында қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек.

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыс-тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша — баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелері-нің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматика-ларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды” десе,

Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік” деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Дәл осы арада автордың бұлай етуі өте орынды. Ол солай ету арқылы Бораштың тілім-тілім жаралы аяғын көріп Шегеннің таңданғанын, сол айтқан сөздерінің интонациялық өңі қалай екенін білдірген. Сол сияқты, Қолыңды тарт дегенді, айтушының ашулана, көтеріңкі дауыспен айтқанын білдіру үшін

М. Әуезов Тарт қолыңды! деп жазған. Бұл да — өте дұрыс жасалған инверсия.

Сөздердің айтылу әуенін, ой екпінінің қай сөзге түсетінін білді-ру үшін, жазушы Ғ. Мұстафин де (басқалар да) өз шығармаларында сөйлемдегі сөздердің орын тәрібін өзгертіп қолданады. Әсіресе “Қарағанды” романында ондай инверсиялар көп. Бірақ олардың азын-аулағы болмаса, көпшілігі-ақ жоғарғыдай белгілі мақсатқа лайық басқа сөздермен орын ауыспай, қалай болса, солай жазыла салған сияқты. Мысал келтірейік.

... Сергей Петрович ойымен осылайша болып келе жатты да, отыра қалды бір тасқа. Талдырмаш, ақ құба жігіт алып-ұшқан жүрегінің әуенімен асығыс шықты үйден. Алысқа жіберді көзін, Мейрам... атынан түсіп жаяу келді бұларға... Ганеев экспедициясы келіпті бұл араға. Атырапқа жіберді көзін. Бұл тәрізділер диалог ретінде айтылған сөйлемдер болса, бірсәрі ғой,— автордың атынан айтылған сөйлемдер. Автор әдейі' сөйлемнің ортасында, аяқ шенін-де тұруға тиісті сөздерді онын, аяқ жағына қоя берген. Тіпті орын ауыстырура болмайтын тұрақты фразалық тіркестердің де (мысалы, көзін алысқа жіберді) орын тәртібін өзгертіп жазған. Бірақ солай ету қазақ тілінің синтаксистік заңын бұзбай ма, сөйлемді солай құрауда не көркемдік, не стильдік өң бола ма?

Сөйлеу тілінде, ел аузында айтылғанның бәрі әдеби норма бо-

ла бермейді. Онда (ауызекі сөйлеу тілінде) сөйлем мүшелері ауы-

сып айтыла береді. Ал әдебиетте тілдік биік нысана болу керек қой.

171

Сол нысанамыз әдеби норма болса, оны жөні жоқ бұза бермесек керек.

Сөйлем мүшелерін қалай болса солай орналастыру жазушының өз еркіндегі нәрсе емес. Сөйлемнің бастауышын қай жерге қойып айту кісінің, субъективті көзқарасымен емес, тілдің белгілі бір нор-масымен, заңдылығымен байланысты. Сондықтан сол заңды жете білмесе де, тілдің табиғатынан тыс, құлаққа жат естілетін үнін се-зетін кісілер сөйлем мүшелерін дұрыс орналастырады.

Бастауыштық жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады:

1. Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жі-гіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш — жігіттер^ баяндауыш — кірісті. Сол екеуінің ортасындағы сөздер — тұрлаусыз мүшелер. Олар баяндауышқа қатысты: баяндауышты пысықтайды (білектерін сыбанып), баяндауышты толықтайды (жұмысқа). Ал осы қалыпты орнын өзгертіп, сөйлем мүшелерінін, орындарын ауыстырып айтуға да болады. Мысалы, Білектерін сы-банып жігіттер жұмысқа кірісті, білектерін сыбанып жұмысқа жі-гіттер кірісті. Бұлар қай уақытта осылай айтылуы .мүмкін? Бас-тауышқа ой екпіні түсіп, оны басқа сөзден гөрі басым мағынада айту үшін осылай болуы мүмкін. Бұл — бір.

2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы, Университетте оқып жүрген жігіттер бі-лектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Бұл сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?— Болады, бірақ онша жатық болмайды. Дегенмен, былай десек: Білектерін сыбанып университетте оқып жүрген жігіттер жұмысқа кірісті. Мұнда білектерін сыбанып оқып жүргенге қатысты болады, сөйлемнін мағынасы өзгеріледі.

3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштық дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа).

Осылардан нені аңғарамыз? 1) Бір мүшенің сөйлемдегі орны басқа мүшелердің сөйлемдегі орнына қарап белгіленеді. 2) Сөйлем мүшелерінін, қалыпты орнын өзгөртіп айтуға болатын болса, солай еткенде, қалай да сөйлемнің бұрынғы мағынасына өзгеріс енеді.

Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыс-тырып айтуды и н в е р с и я дейміз.

Инверсия мақсатты болу керек. Олай етпей, сөйлеу тілінде кез-деседі екен деп немесе сөйлем құрылысы әр алуан болсын деп, сөйлемді шәлкес, теріс құруға болмайды.

Бұл жөнінде де тілдің нәзіктігін ескеріңіз: анықтауыш, жалпы ереже бойынша, анықтайтын сөзінің дәл алдында тұрады. Егер бір заттың бірнеше, әр алуан анықтауышы болса, оның қайсысы бұ-

172

рын, қайсысы соң тұру керек? Мұнда да тиянақты ереже бар: зат-тың түпкілікті, ең негізгі сапасын білдіретін анықтауыш сол заттың дәл қасында тұрады да, өзгелері одан бұрын орналасады. Мысалы, торы, ақсак, деген сындарды бие сөзінің анықтауыштары етіп айтқымыз келсе, ақсақ торы бие дейміз, керісінше, торы ақсақ бие демейміз. Себебі биенің, торылығы жусаң да кетпейтін түпкілікті, негізгі сапасы, ал ақсақтығы — қосымша, көлденең, міні,

Осындайды тіл айырады. Сондықтан үш терезелі биік үй дегенді “биік үш терезелі үй” деуге, тәртіпті жуас бала демей, “жуас тәртіпті бала” деудін, жөні жоқ. Сонда да осындайды сезбеген кісі дұрыс-терісін талғамай жаза береді.

Сөйлем құрау шеберлігінің бір ұшы инверсия жасай білуде жатқандықтан, әрбір сөйлем мүшесінщ бұл жайында қандай мүм-кіншілігі бар екенін айтайық.

Бастауыштың сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі қалай болуға тиісті екені жоғарыда айтылды. Сол айтқанымыздай болмай, бас-тауыш кейде сөйлемнің ен. соқында тұратын да орайы болады:

1. Диалогты сөйлемге автордың, берген түсінігінде бастауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да түра береді, мысалы:

Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсомол жа-уапты,— деді Әбдікәрім.

Самолет ұшуға әзір!деді звено технигі Таися Вахрамиевна (X. Досп.).

Аман ішіп отырған асын тастай сала

-:Мынау эншіні көріп қалайықшы,— деп тұра жүгірді (¥. Мұс-тафин).

Асан:.

--Әкем көп жылдан бері колхоздың жылқысын бақты, --деді

(С. Бақбергенов).

Төл сөз бен автор сөзінің осылай орналасып, бастауыштың сөй-лемнің соңында не басында тұруы — оның. үйреншікті қалыпты орны. Мүндайға инверсия жасау үшін төл сөздің арасына автор сөзі қыстырылады:

Тоқта!деді ол,— Үшқұмбезден кетерде,— мен не деп едім, есіңде ме?

Мен,— деді Асқар,— сені жақсы көремін. (С. Мұқанов).

2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлемдердің бас-тауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Келмей қойды бүгін ол! Айтып едім ғой саған мен! (Айтпап па едім саған мен?!) Үміт-тен айрылса, не болар еді адам? (С. Мүканов).

Хабарлы сөйлемдерде, осы тәрізді, бастауыштарға екпін түсіре, оларға ерекше мән бере айту үшін олардың орнын басқа мүшелер-мен ауыстырамыз.

Б а с т а у ы ш қ а л ы п т ы Б а я н д а у ы ш қ а

о р н ы н д а и н в е рс и я ж а с а л ғ а н

Қарымсақ Зылиханы іздеуге- Зылиханы іздеуге Қарым- шықпақшы болды. сақ шықпақшы болды.

173

Қарымсақ інісінің үйіне қа- Інісінің үйіне қарай Қарым-

рай жүгірді сақ жүгірді

Келіні пештің мұржасын Пештің мұржасын келіні

ашып жүр екен. (Б. Майлин ). ашып жүр екен

.

Абай Айқұдықтағы аулына Айқұдықтағы аулына Абай

салқын түсе жетті. салқын түсе жетті

.

.

Сөйтіп, бастауыштың керегінде орнын өзгертіп айтудың үлкен мәні бар өкен. Ол қалыпты орнын өзгертіп, баяндауыштың жете-гіндегі сөздің орнында тұрғанда, оған логикалық екпін түседі де, бастауыштың бұрынғы орнына қойылған сөздер де бұрынғысына қарағанда, басым мағынада айтылады. Ал өз орнында тұрған сөз-дердің ешқайсысы, әдейілеп дауысты құбылтып, көтеріңкі дауыс-пен айтқанда болмаса, оларға ой екпіні түсіп, сөйлемдегі басқа сөздер шумағынан бөлектенбейді. Олардың құрылысын өзгертіп бастауышты баяндауыштың жетегіндегі тұрлаусыз мүшелердің ор-нына қойғанда, орын ауысқан сөздердің айтылу ырғағы да, ло-гикалық екпіні де өзгертіледі. Сонда баяндауыштың қасында тұрған бастауыш ерекше басым әнуенмен айтылады.

Баяндауыштың үйреншікті орны — сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса,— көп өзгертпейді. Дегенмен, оған да инверсия жасауға болады:

Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден басым мағы-нада айту үшін, кейбір ұранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтуға болады.

Жойылсын жауыздар! Жасасын сүйікті Отанымыз! Жоғалсын өлім! Жасасын өмір! (3. Шашкин).

Тарт қолыңды!

Отыр орныңа!

Көне алмаймын оның зорлығына! (М. Әу^зов).

Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көрінбей!— деп Ысқақ кимелеп кетті (С. Ерубаев).

Өшір үніңді, оңбағанның баласы! (Ә. Сәрсенбаев).

Қой әрі балалықты! (Ғ. Мұстафин).

Қайтейін бұрын кім болғанын? (С. Мұқанов).

Толықтауыштардың сөйлемдегі қалыпты орны — баяндауыш-тың алды. Бұлардың да ол орнын басқа мүшелермен 'ауыстыруга болады.

Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болма-са, хабарлы сөйлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыш-тың соңында келе бермейді. Келе жатыр ол үйден. Ол отыра кетті орындыққа. Қатты сағындым қарындасымды дегендей сөйлемдер әдебиетте кездеседі, бірақ оларда пәлендей стильдік қызмет жоқ.

Бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде баяндауышты күшті ек-пінмен, көтеріңкі дауыспен айту үшін, сөйлемнің басына, ал то-лықтауыш, пысықтауыштарды одан кейін қоямыз. Ондайда баян-дауышпен орын ауысқан толықтауыштар да бұрынғы мағынасында қалмайды:

Бар, осынымды айт дегендегі толықтауышты баяндауышпен

174

орнын ауыстырып: Бар, айт осынымды! деуге болады. Алдыңғы сөйлем жай хабар ретінде айтылса, соңғы сөйлем ерекше ырғақты әуенмен күйіне сөйлеген кісінің сөзі болып ұғынылады. Ол айыр-машылық толықтауыш пен баяндауыштың орын ауысуынан болып отыр. Ондайда толықтауыштардың да ерекше екпінмен басым ма-ғынада айтылатынын мына мысалдардан көруге болады:

Не ақысы бар менде? Дұшпан сөзіне еріп дұшпан боламысың Нұржанға? Бердім атты! (С. Мұқанов). Қөрсетпе көз жасыңды! (М. Әуезов).

Толықтауыштарға көбірек инверсия жасалатын сөйлем — диа-логты сөйлем. Диалогты сұраулы сөйлемнің мазмұнына лайық оғаш берілетін жауап толықтауыштан басталса, онда оған инверсия жасалып, басқа сөздерден гөрі басым мағынада айтылған-дағысы.

Кімді кутіп отырсың?

Амантайды күтіп отырмын.

Бұл ақшаны кімге берейін?

Рабиғаға бере гой.

Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сөздермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездеспейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтауыштарра толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сондай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш — мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пы-сықтауыштар:

1. Үлкен кісісің ғой, апа, көпті көрген (С. Мұканов).

Осындай да табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мүсірепов). Сақижан, жүр тезірек! (Ғ. Сланов).

Бүгін, міне, қарасам, бір көш кетіп барады (Жамбыл).

Тэңірі сұлулықтың, ақын Сара, үйректің сұңқарындай тудың дара (X. Жұмалиев). Ақырындап ат қозғалды (Б. Майлин). Кетерде Боржадай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқаным жоқ

Мұқанов).'Дұрысы—... менімен амандасқан жоқ, мен онымен амандасқаным жоқ.

Заттың түрін, түсін білдіретін бірыңғай анықтауыштардың орындарын өзгертіп айтуда мән болмайды. Сондықтан қайсысын бұрын" койсам екен? деп қиналмайсың. Мысалы: сары, көк, жасыл түс (жасыл, көк сары түс), күшті, қарулы, епті жігіт (қарулы, епті, күшті жігіт), түлкі тымақты, барқыт қамзолды, ақ сақалды кісі (ақ сақалды, түлкі тымақты, барқыт қамзолды кісі).

Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса, және бір заттың маңында әр түрлі бірнеше анықтауышы болса, олардың ішіндегі заттың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады:

Дередей үлкен жұп-жұмыр ақ тай — қысырдың тайы. Сары қыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жақтылау, қыр мұрын-дылау сияқты еді, қазір дөңгелек көзді, май мұрындылау, ет-жеңді, толық әйел болуга бет алыпты (Ғ. Мұстафин).

175

Оң жақ бұрышта ешбір сэнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш тұр ... Үстінде ыждаһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті, көнетоз-дау екі-үш көрпе, жастық (М. Әуезов).

Сөзді дұрыс орналастырудың стильдік қызметі ерекше бола-тындықтан, соның жайын көбірек айттық. Бұдан сөйлем мүшеле-рінің сөйлемде орналасу, орын ауысу тәртібі қалай болатынын аңғаруға болар. Одан сөйлемді тек осылай құр деген ұғым тумау керек. Тілдің' бұл жайында да мүмкіншілігі мол. Соларды таңдай, талғай білу — үлкен өнер. Сөздің қит етсе, қисық кететін, дөп түс-се, жымдаса кететін сырын сезгіш, білгіш болу керек.

§56. Қайталама сөздөр лен бірыңғай лүшелердің



стильдік ңызметі

Сөйлемдердің, стильдік кескінін сөз еткенде, олардың құрамын-дағы мүшелердің тек санына қарамаймыз,— сапасына қараймыз. Әдетте сөйлемдердің сөздері барынша сығымдалған, аз сөзбен көп мағына беретіндей болмай, шұбалаңқы болса, не бір сөзді бір және іргелес сөйлемдерде қайта-қайта айтыла берсе, ондайды стильдік қате, тіл жарлылыгы деп білеміз. Жазушы Ғ. 'Мүсірепов “Әдебиет тілі.жайында” деген бір мақаласында мына бір сөйлемдерде сондай басы артық орынсыз қайталауы бар екенін сынга алған болатын:

Сонымен Сұлтанмахмұттың лирикасы поэма сияқты ұзақ бо-лып, позмасы"' лирикалық болып, лирикасы мен поэмасының арясы жақын жатады. Яғни, Султанмахмуттың өлеңдері әлеуметтік лирика больш, сочдықтан да көлемді, ұзақ болып келсе, поэмалары сюжетсіз болып, бірақ, лирикалы болып, элеуметтік лирика болып келеді”.

Осы бір іргелесіп, қатар айтылған екі сөйлемде лирика, поэма, әсіресе болып сөздері жөн-жосығы жоқ бірнеше рет қайталанып айтылған. (Мен сол сөйлемдерді оқығанда, есік алдында құрт езіп отырғаң бір әйел есіме түсті). Мұндайды өрескел стильдік қате деп білеміз. Әдетте қаламының ебі бар кісі бір сөзді қайта-қайта жазып окушыны ығыр қылмайды, бір сөзді мүмкін болғанынша екі рет айтпай, синонимдерді кең түрде пайдалануға тырысады, мысалы:

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім (Махамбет).

Жел жіберіп, бір желпіп, '>-.

Ауық-ауық құшақтап,

Әлсін-әлсін нұр сеуіп

Есейген асқар Гималай

(I. Жансүгіров).

Сөйлемдегі бір сөзді, кейде сөз тіркесін сол сөйлемде не көрші сөйлемде қайталаудың ерекше стильдік қызмет атқаратын да орны бар. Мысалы, Б. Майлин ... бала көп, барып жатыр, жайнап жа-

176

тыр бірі кіріп, бірі шығып жатыр, мәз-мейрам болып ойнап жа-тыр өздерінше қуанышты, шаттық тойын тойлап жатыр деген-де, әдейі күрделі етістік баяндауыштар құрамында жатыр көмек-шісін бес рет қайталаған. Сол арқылы жазушы мәз-мәйрам көп баланық жалынды жастық күйін өте әсерлі суреттеген. Бір сәтте, біріне-бірі ұласа көзден өтіп жатқан ауыл көрінісін әсерлі етіп, жандандыра суреттеу үшін жатқан есімшесіне біткен кұрделі анықтауыштар көршілес сөйлем сайын әдейі қайталап отырған мына үзіндіге назар аударайық:

Қабаққа келіп қарасаң, көз ұшындағы жердің бәрі көрінеді: еріп жатқан қар, ... көлкіп жатқан су, қардан-қарды сағалап итініп бара жатқан жүргінші, андайлап жайылып жатқан мал, асыр салып асық ойнап жатқан жас балалар, суат басына алқа-қотан тұра қалып эңгіме соғып жатқан қыз-келіншек_.. (Б. Майлин). Бұл атаулы сөйлемдерді үндестіріп дала көрінісін осылай суреттеген жазушының сөздік бояуынан бір мезгілде өз ара ұласкан қимыл, күй, экспрессивті әрекет, дала, ауыл өмірінің динамижасын көз алдыңа елестетеді.

Сөйлемге эмоциялық әр берудің көп тәсілінің бірі — бір сөзді әдейілеп бірнеше рет айту болса, кейде бір сөйлем мүшесін түрлі-түрлі сөздермен бірыңғай етіп жұмсай білу. Мысалы: Қазір менің ойым Ақбота мен Нинаны бір машинаға мінгізіп, осы үлкен жолмен осы үлкен көпірге қарай ағызып алып келе жатыр (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлем — әрі экспрессивті, әрі эмоциялы. Біріншіге негіз бо-лып тұрған — ағызып алып келе жатыр деген баяндауыш та, екін-шіге негіз болған — осы үлкен деген анықтауыш. Ол бір сөйлемде екі рет айтылып, екі заттың анықтауышы болған. Солай ету арқылы жазушы кісі арманыныд ойнақы, көтеріңкі қиял екенін анғартады.

“Ақ Жайық” романында Мәмбет казармаға кіріп келіп, қарауыл жасақшыға: Әжіғали мен Жапалақты оят!.. Тез!—деп зекіп асықтырады. Жасақшы оның әмірін екі қылмай:— Қазір Мэмбет аға. Қазір оятам...— дейді. Осындағы қазір сөзінің екі рет айты-луында үлкен мән бар. Жазушы сол арқылы жасақшы сөзінің ек-пінді, өзінің тіл алғыш екенін сездіреді. ' Мына сөйлемде сол сөзі үш рет қайталанады:

Сол ақ жібек шымылдық, сол биік сүйек төсек, сол жасау тегіс орнында. (М. Әуезов).

Бұл мысалда сол сөзін қайта-қайта айту арқылы бір сөйлемдегі әрбір бірыңғай мүшеге ерекше назар аударылған. •

“Қазақ солдатында” бір жауынгердің туып-өскен қаласын көруге ынтықтығын сездіру үшін жазушы: Туып өскен қаланың таныс заводтары мен таныс үйлері, таныс адамдары көз алдыңа келер еді,— дейді. Мұнда таныс сөзі үш рет айтылған. Сол арқылы анық-тауыш қызметіндегі таныс сөзіне ерекше ой екпіні түсірілген, сөй-лем әсерлі болып шыққан. Сондай-ақ Бұл да әлі тым жұқа, тым нәзік, тым қалтырауық (С. Мұқанов) деген сөйлемде де сөз қайта-лау арқылы айтылган ой тайға таңға басқандай айқын да әсерлі шыққан.

177

Сөйлемнің бір мүшесін қайталау әсіресе шешендік өнердің, көркем әдебиеттің өте ұтымды, әрі әсерлі тәсілінін, бірі болады. Оларда қайталаулар екі түрлі орайда эмоциялы-экспрессивті қызмет атқарады:

1. Анафора (басталуы бірдей). Мұнда қатар айтылған бірнеше сөйлем, кейде өлең шумағының бірнеше жолы бір сөзден басталады. Сөзді солай қат-қабаттап жұмсау арқылы ойды күшейтуге, әсерлі етуге бдлады. Анафора қазақ 'тілінде өлеңді сөйлемдерде көбірек кездеседі: _

Мен — мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім (Махамбет).

Жау, жау, жаңбыр! Жау, жаңбыр!

Жау! Егіннің көгі өссін!

Сұлудай бұрақ құрақты

Айдын шалқар көгі өссін! (Б. Майлин).

Әлде жеке кетсін бе?

Әлде жаппай сепсін бе?

Болмас па екен қиындық. (\. Жансүгіров).

Соқ, жігіт! Соқ, соқ, жігіт! Күйіңді тарт!

Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!

(I. Жансүгіров).

2. Эпифора (аяқталуы бірдей). Мұнда қатар айтылған сөйлемдердің, өлең жолдарының аяқталуы бірдей болады.

Қазақ тілінде сөйлемнің соңында көбінесе баяндауыш тұра-тындықтан, іргелес сөйлемдердің баяндауыштары қайталанады. Сол арқылы кісінің ойы ерекше тәптіштеліп айтылған болады:

Шыныңды айт, неге бөгелдің,

Жүрекке жара салған кім?

Махаббат, талап, жібердің

Тамырын қиып алған кім? (I. Жансүгіров). '

Ер қайда? Аруақ. қайда? Намыс қайда?

Жау шапты аулыңды Алатауда

(I. Жансүгіров).

Мұнар да мұнар, мұнар күн

Бұлттан шыққан шұбар күн...

(Махамбет).

Сөздерді осылай, белгілі мақсатпен лайық қайталау бар да, мақсатсыз қайталау бар. Мақсатсыз айтылған басы артық сөз көзге шыққан сүйелдей жазу стилін ауырлатып тұрады. Ондайдан безу үшін сөз бен сөзді, жалғау мен сөзді, жалғау мен жалғауды топтастырып, ықшамдау керек. Сонда сөзге орын тар болсын, айтқан ойың кең болсын деген мақсат қойылады.

Сөйтіп, бір сөзді бір сөйлем ішінде бірнеше рет қайталаудың да

Ерекше стильдік қызметі лоады екен. Сол сияқты стильдік

178

қызметі бірьщғай мүшелерге де жүктеледі. Бірыңғай мүшелердің ол қызметін түсіну үшін бір-екі сөйлемге талдау жасайық:

1. Қорықпаймын енді мен,

Аңыздан, желден, бораннан (Т. Жароков).

Бұл сөйлемде шығыс жалғаулы үш жанама толықтауыш бар. Олар біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы өз бетімен, бірақ өз ара байланысты тізбек ретінде бір сөзге бағынған: аңыздан қорықпай-мын, желден қорықпаймын, бораннан қорықпаймын. Осылай бөл-шектеп айтсақ, ойымыз ықшамдалмаған болар еді. Мұндай сөй-лемді жинақты етіп құрау үшін біріне-бірі қарайлас, синтаксистік қызметі бірдей бірыңғай мүшелерді бір сөзге бағындырып, бір сөй-лем құрамында айтамыз.

Осылай ету, бір жағынан, бірнеше сөйлемді бір сөйлем ішіне сыйыстыру амалы болса, екінші жағынан, көп сөздерді бір сөйлем ішіне тізбектеу арқылы оның іргесін кенейтіп, жайылма ету амалы болады. Мұндайда бірнеше бірыңғай бастауыштын, бір баян-дауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы, бір толықтауыштың бірнеше анықтауышы т. б. болуы мүмкін. Сөйтіп, бірыңғай мүшелі сөйлемдердін, мағыналары кеңіп, ой айқындала, саралана түседі.

2. Айшаның майысыңқыраған, сымбатты ұзын бойы, ашық жүзі, қоп-қою, қап-қара қасы, мұңайған кер көзі оның қальң ойда, ауыр қайғыда екент білдіретін еді. (С. Сейфуллин).

Бұл — жайылма сөйлем. Оның бірнеше бастауыштары бар: бойы, жүзі, қасы, көзі. Бүлардың тұлғасы бірдей, баяндауыштары бәріне ортақ — білдіретін еді. Әрбір бастауыштың анықтауыштары бар. Соның ішінде бойы — майысыңқыраған бойы, сымбатты бойы, ұзын бойы.

Бұл анықтауыштардың тұлғалары да, мағыналары да төрт түрлі: Айшаның — ілік жалғауындағы зат есімнен болған анықтауыш, майысыңқыраған — есімшеден, сымбатты — туынды сын есімнен, ұзын — сапалық сын есімиен болған анықтауыштар.

Мұндай түрлі тұлғадағы әр қилы анықтауыштар бірыңғай бол-май, әрқайсысы айырым әуенмен айтылмай, бәрі біріне-бірі ұласа айтылады. Соларды қоп-қою, қап-қара қасы дегенмен салысты-райық; мұнда екі анықтауыш бар: қоп-қою (қасы), қап-қара (қасы). Бұлар — біріне-бірі ұқсас, бірыңғай анықтауыштар, олардың айтылуы да басқаша: ол екеуін екі айырып, әрқайсысын ұластыру-шы интонациямен айтамыз.

Бірыңғай мүше болған сөздердіқ мағыналары әдетте біртектес, тұлғалары біркелкі.

3. Қыран көзді, цаһарлы қара мұртты, атақты қолбасшыны бірден таныдым (Ғ. Мүсірепов). Осында төрт бірьщғай анықтауыш бар: қыран көзді, қаһарлы, қара мұртты, атақты. Бәрі де — зат есімдерге -лы, -ді,- ты жұрнағы жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер. Бірыңғай мүшелерді осылай, мағыналық, түлғалық сыбайластығына қарап сөйлем құрай білуге де белгілі дағды керек.

Сонымен қатар, тұлғалас бірыңғай мүшелерді әрқайсысына бө-

179

лек-бөлек жалғау, жұрнақты жалғай бермей, оларға қатысты шылау сөздерді көп қоспай ықшамдап, ортақтастырып та жұмсауға болады. Мысалы: Туған жер, өскен ел, жақын жандарды сағынғанда, эр кезде жаксы жағдайда көргің келеді (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі бірыңғай толықтауыштар: туған жер, өскен ел, жақын жандарды — бәрі де табыс септігінде, бірақ табыс жалғауы тек ең соңғы тура толықтауышқа жалғанған да, ол басқаларына да ортақ болған. Әбілда ... ауылға атпен бір келіп, бір кетіп жүр (С. Сейфуллин). Мұнда көмекші жүрді етістігі бірыңғай екі баяндауышқа ортақ — бір келіп жүрді, бір кетіп жүрді. Осылай айтылса, сөйлем ықшамдалмаған, шұбалаңқы, жазушының стилі нашар болар еді. Ондай стильдік қателер жібермеу үшін мынадай мүмкіншілікті пайдалана білу керек:

1. Бірыңғай мүшелердін, мысалы, толықтауыштардың, ең соң-ғысы жинақтаушы болады да, тиісті септік жалғау тек соған жал-ғанады.

Құнанбай ... Тоғалақ, “Әнет, Бекенді де шақыртты. Олар үлкен-үлкен теңдерді шешіп, қымбат кілем, әсем түс киіз, алаша, көрпе-лерді алды (М. Әуезов). Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала ба-рады (Ғ. Сланов).

2. Бірыңғай күрделі мүшелерге қатысты көмекші етістікті не бір көмекші есімді барлығына ортақ етіп, ең соңғысынан кейін бір-ақ рет айтуға болады:

Жайқалып келіп, жағаға тірелген көк майсалы майда жел акырын ғана тербетіп, теңселтіп қояды. (Ғ. Мүсірепов). Жұрт кешкі шаруаларын жайғап, малдарын қотандап жүр. Бай балалары ... қызыл кілем барқыт көрпелердің үстінде жатады. (С. Сейфуллин). Қөк жүзінің шарбы бұлты элдеқайда тарап, сіңіп, жоқ болып жатты (Б. Майлин). Айшаныц ... мұңайған кер көзі оныц қалың ойда, ауыр қайғыда екенін білдіретін (С. Сейфуллин). Бэкен щуанған да, ренжіген де жоқ. (Б. Майлин).

Бірыңғай мүшелерді саралап, әрхайсысына ерекше мән бере, екпін түсіре айту үшін мынадай амалдар қолданылады:

1. Бірыңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін де жалғаулығы қойылады:

Сарғайып қураған шөптер де, бұталар да, бұталардың жапы-рақтары да жаңбыр суын жұтіп, жасарыңқыраған сиқты (С. Сей-фуллин). Жақсылық та, Баршагүл де, Қайырбек те, Мұхит та қуаң қағып, шапшаң бұрылып, төңірекке көздерін жіті жүгіртеді

(Ғ. Сланов). Сот та, милиция да — бэрі де комитет” (С. Сейфул-лин).— Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалы-ғымен де ұнайтын еді” (Ғ. Мұстафин).

2. Бірыңғай мүшелер мен, пен, бен (менен) жалғаулығы арқылы екеу-екеуден қосақталады:

Олардың бұтақтарынан алма мен алмұрттың, өрік пен инжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің (С. Мұқанов). Ак, пен қара, қызыл мен көк, күрең мен қына сары біріне-бірі еппен тоғысып, бэрі жымдасып тұр” (Ғ. Мүсірепов).

180

3. Бірыңғай мүшелердің алдына бір, я, әрі, не, кейін сөздерін қою арқылы да оларды тәптіштеп таңдап-талғап жұмсаймыз:

Оның көзі бір ашылып, бір жұмылады, (М. Әуезов). Әбілдэ ... ауылға ... бір келіп, бір кетіп жүрді (С. Сейфуллин). Қара жігіт саған бір, Айшаға бір қарады (С. Сейфуллин). Олар әрі қызғаншақ әрі жорымтал, аңдығыш (М. Әуезов).

Ол сенің я нағашың, я жиенің... (Абай). Оның сазарған түрінен не көнгендігі, не қарсылығы байқалмайды (Ғ. Мүсірепов). Кейде оңға бұрып, кейде солға бұрып темір жолдар кетіп жатыр (Ғ. Мү-сірепов).

4. Бірыңғай мүшелер (көбінесе бастауыштар) тізбектеліп ай-тылады да, олардың ең соңғысына көптік жалғауы жалғанады, кейде одан кейін да жалғаулығы да қойылады. Мұндайда көптік жалғаудағы соңғы сөз бірыңғай мүшелерді жинақтаушы да болады:

Ербол, Қөкпай, скрипкашы, әнші Мұқа, Баймағамбеттер бір топ болып кірді. Ұраққайда Қөкпай, Ерболдар да шайын ішіп болыпты. Мол жастық, қалың көрпелі жер төсек пен. айнала тұтқан қалың текемет, түс киіз, кілемдер бар (М. Әуезов).

5. Қатарынан айтылған бірнеше бірыңғай мүшелерді саралап көтеріңкі мағынада, әрі бәріне де ой екпінін түсіре айту үшін олардан кейін жинақтаушы-жалпылаушы сөз қойылады:

Плуг, тырма, трактор, комбайн — бәрі де жөндеуден өтіп сақадай сай тұр (газеттен). Жігітек, Бөкенші, Борсақ, Көтібақ баршасы да Құнанбай үстінен шағым айта бастады. (М. Әуезов). Баланың да, жігіт-желеңнің де, егде-мосқал үлкеннің де — барлығының аузында бір жаңалық, бір хабар (М. Әуезов).

Мұндай сөйлемдер көбінесе көркем әдебиет тілі стилінде жиі қолданылады да, ғылыми және іс қағаздар стилінде жалпылауыш сөздер бірыңғай мүшелөрдің алдынан қойылады. Мысалы: Тауда өсетін ағаштар: қайың, қарағай, терек, емен.

Өлеңді сөйлемдерде ойды құйқылжытып, әсерлі етіп айту үшін дыбысталу ырғағы ерекше сөздерді бірыңғай мүше қызметінде үйіп-төгіп жұмсауға да болады. Мұндайға -ып тұлғалы көсемшелерден болған пысықтауыштары бар мына үзінділерді мысал етуге болады:

Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебені, әсерлетіп,

Шырқатып, шығындатып, шалықтатып

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп,

Талдырып, орағытып баса өрлетіп

Самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп,

Ұрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп.

Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап

Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп

(I. Жансүгіров).

Бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда, қай жалғаулықты қандай сөз арасында пайдалануды білу керек. Мы-

181

.салы, мағыналық жақындығы күшті сөздер арасына мен жалғау-лығы, әркайсысының дербестігі бар бірыңғай мүшелер арасына және жалғаулығы қойылады. Мысалы: кемпір мен шал, қаз бен үйрек, тау мен тас, тіл және әдебиет, химия және биология, жолдас жэне бауыр.

Мен, және жалғаулықтарын бір сөйлемдегі бірыңғай мүшелер-дің арасында пайдалануда мынаны ескеру керек: және жалғаулығы бірыңғайлардың тұйықталып біткенін де көрсетеді. Сондықтан мен сөйлемнің бас жағындағы бірыңғайлар арасында, жэне ең соңғы-сынан бұрын қойылады. Мысалы, Базаралы мен Дәркенбай бірі үлкен, бірі жаё болғанмен, екеуі бірдей өр және көңілі жүйрік адамдар (М. Әуезов). Райком секретары да Байжанға ауданнық қазіргі және болашақтағы шаруасын жақсы білетін адам болып көрінді (С. Мұқанов).

Жалғаулықтардың бәрі бірдей кез келген бірыңғай мүшелерді байланыстыра бермейді. Мысалы Жұмысшы совхоз директорына немесе бас инженерге келді. Мұнда немесе жалғаулығы мағыналық байланысы жоқсөздерді байланыстырып тұр. Жүмысшы совхоз директорына немесе бас инженерге барады болса, бір жөн. Өткен шақта, “келді” болып айтылған етістікпен немесе жалғаулығының әуендестігі жоқ. Оның орнына және жалғаулығын қойса, не “келді”-нің орнына “бармақшы” деп айтса, сөйлемдегі сөздер жымдаса қалады. '

Сөйлем мүшелерін бірыңғай етіп құрудың да қиындығы бар. Оларды қосып сөйлем құрауда қателеспеу үшін мыналарды ескеру керек.

1. Бірыңғай мүшелердің қатары бір тегіс болуға тиіс. Қейде олай болмай, бүтін мен бөлшекті, тұр мен тұрпатты араластырып айту кездеседі. Мысалы: Қиоскілер мен ларектерде өндіріс товарлары, ет, сүт, ыдыс-аяқ, киім-кешек, сыра сатылады. Ыдыс-аяқ, киім-кешек ұғымдары. “өндіріс товарлары” деген ұғымға енеді. Жауынды күні қолым, аяғым, саусақтарым сырқырайды (саусақтарым — “қолым, аяғым” деген ұғымға кіретіндіктен, бұл сөзді де айтпау керек еді). Заводтар мен фабрикалар жэне ауданымыздың өндіріс орындары үстіміздегі жылы ірі табыстарга жетті. Заводтар мен фабрикалар өндіріс орындары деген ұғымға енеді. Сондықтан “және ауданымдаздың өндіріс орындары” деген сөйлем артық айтылып тұр.

2. Бірінен-бірінің мағынасы алшақ сөздерді бірыңғай мүше қызметінде жұмсауға болмайды. Мысалы, қаз бен үйрек, кемпір мен шал, тау мен тас — мағына жағынан сыбайлас қосақтар. Олардың орнына қаз бен ағаш, кемпір мен көмір, тау мен өнер десек, мүлде алшақ мағыналы сөздер қосақтары екені бірден сезіледі. Сондай-ақ, Ұстазда кіші пейілділік, актерлік, дикторлық өнерден басқа, суретшілік, эншілік қасиеттер болуға тиіс дегенде, “кіші пейілділік”— өнер емес, сондықтан “актерлік, дикторлық” деген-дермен ыңғайлас мүше бола алмайды. Анадайда апыл-ғупыл қи-мыл, жан-жақтан тынбай шығып жатқан дыбыстар, ат айдаушының айқайы естіледі. Мұнда қимыл, дыбыстар, айқай саздері бі-

І82

рыңғай болып естіледі деген сөзбен тіркескен. Дыбыстар, айқай естіледі деуге болар, ал солардың қатарында “қимыл естіледі” деуге болмайды.

3. Басыңқы сөзбен тіркесу қабілеті жоқ сөзді бірыңғай мүшелер қатарына енгізуге болмайды. Мысалы, сэлем айтты, сэлем жолдады деген сөздер тіркесін өзгертіп, Почтальон шопанга ферма бастырының сәлемін жэне сәлемдемесін тапсырды деуге болмайды. Көппен бірге таза, мөлдір ауаны еркін жұтып Ақмолда келеді (таза ауа, мөлдір су, мөлдір аспан деуге болады, мөлдір ауа демейміз).

А. С. Пушкинніқ біліміне, талабына, талантына бас иеміз (біліміне, талантына бас июге болар, “талабына бас ию” болып тіркеспесе керек).

4. Мағынасы бірдей екі сөзді ептеген тұлғалық айырмашылы-ғына қарап бірыңғай етіп айтуға болмайды. Мысалы: Ақмолданың жұмыс күнінің эр сағатынан әр сағаты қызықты да қызғылықты. “Лениншіл жас” газетінен алынған бұл мысалда екі қате'бар: “жұ-мыс күнінің әр сағатынан әр сағаты” қазақша емес, дұрысы — бір сағатынан бір сағаты ... екіншісі — “қызықты да қызғылықты”. Бұлай айтудың есітер құлаққа жайлы тиетіні бар, бірақ ондай ма-ғынасы бірдей екі сөзді тек сырт әуендестігіне қарап, бірыңғай сөйлем құрамында жұмсаудың қажеті жоқ.

57. Ңаратпа, қыстырма сөзді сөйлемдер



Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа, қыстырма сөздердің де қызметі ерекше. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста айтылмағанымен, мағыналық байланыста жұмсалып, ойды тартымды, әсерлі, дәл түсіндіруге үлкен қызмет атқарады.

Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлем-де, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің. ішкі сезімін аңғарту үшін жұмсалады. Мысалы, Шырағым, сен ағаңның тілін ал — деген сөйлемді кім айтса да, жылы шыраймен айтылып отырғаны бірден ан.ғарылады, оның орнына Сен, оңбаған, ағаңның тілін ал!— десек, біреудің екінші біреуді жек көріп айтқаны аңғарылады. Бұл мағыналық, эмоциялық айырмашылықтың болуы, бір жағынан, сөйлемнін, айтылу эуенімен байланысты болса, екінші жағынан, ең бастысы сөйлемде қолданылған қаратпа сөздердің мағынасымен байланысты. Қаратпа сөздердің түрлері де, сөйлемдерге енгізетін мағыналық өзгерістері де аса елеулі, олардың негізгілері мыналар:

1. Әй, ей — қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді. Әй, Олжабек бері кел (Ғ. Мұстафин). Бала, әй бала, қайдасың?деді аттылы адам (С. Ерубаев).

2. Бірқатар қаратпа сөздер біреуге жылы шыраймен жасы кішіні жақын көріп сөйлегенде қолданылады. Олар — қалқам, шырағым, күнім, сэулем, бауырым сияқты біреуді басқа затқа балап айтқан сөздер. Мысалы:

183

Қарағым, бермен кел,

Бізге де көңіл бөл! (Абай).

--Құстың жемін экелші, қалқам,деді Амантай Ботакөзге

(С. Мұқанов). Шырағым, сен абыржыма. Жыламашы, күнім.

(Ғ. Мүсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым? (Жамбыл). Не сездің, айтшы, күнім, айым (М. Әуезов). Әбіш, қалқам, сенбісің? (М. Әуезов).

Мұндағы сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де болса құбылта түсу үшін қаратпа сөздердің құрамына модальді шылау сөздер (ай, ау) қосылған.

Қарағым-ай, сен бе едің? (Ғ. Мүсірепов).

Қарағым-ай, тұршы тезірек ... Күнім-ау, не істегелі жұр едің? (С. Мұқанов).

3. Біреуді жақын көріп, ұлық санап не еркелеп сөйлегенде, кісі атын қысқартып Ақа, Сәке, Жәке деп немесе інішек, қарындас, апа, апеке, ағатай, жеңеше деп, пәленше аға, пәленше апа деп, немесе орысшаның ізімен кісінің аты мен әкесінің, атын қоса айтады.

Ақа, қозың бүгін түгел ме?

Түгел, қарағым! (Ғ. Сланов).

Ибрагим Құнанбаевич! Әрине, белгілі, сіз басы алтын адам-сыз (М. Әуезов). Апа-ау, алты ата екені рас емес пе? >

Әдетте қаратпа сөздер адамды нысанаға алып айтылатын сөз болса, көркем әдебиетте сөйлемге ерекше эмоциялы әр енгізу үшін жансыз затты жанды, адам тәрізді қаратпа етіп те жұмсайды.

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оянсын! (Абай).

Тыңда, дала, Жамбылды,

Тыңда, Қастек, Қаскелең,

Сөйлесін кәрі бауырың

(Жамбыл).

Ей, Аққу, сэлем деші жолыққанға ..

. Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім.

Қүйленіп бұрынғыдай серме, көңілім.

(С. Сейфуллин).

Е, қызыл гул, таң атарда шешек атып

сыланасың...

(С. Ерубаев).

Уылжыған ақша бет, қуарсайшы!

Жылап-жылап, мөлдір көз, суалсайшы...

Мал орнына қор болып кеткеніңше...

Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы!

(С. Сейфуллин).

5. Қаратпа сөздер — жұртқа шешендік бет бұрудың, ұран-үн-деудің ерекше бір тәсілі ретінде де жұмсалады. Мысалы, жолдас--тар! Қымбатты жолдастар! Азаматтар! сияқты сөздер мұндайда жиі қолданылады.

6. Қаратпа сөздердің мағыналарын күшейту үшін олар бірың-

184

ғай қатар тұрып, кейде екі жарылып не одағай сөздермен қабат-тасып айтылуы да мүмкін.

Сақтаған, Нұрбек, сендер өз үйлеріңе баратын шығарсыңдар? (С. Мұқанов). Арылма, өлең, арылма, домбырам, күйден жа-ңылма!—Күнім, қарағым, сен бе едің? (Ғ. Мұсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым, майысып көлге біткен шұрақтарым? (Жамбыл). Ойбай, Балжан-ау, менің ойымда... ештеңем жоқ ... Қө-ңіліңе ауыр алма, қарағым! (С. Сейфуллин). Ойбай-ау, не дегенің, қарағым!? (С. Сейфуллин).

Қыстырма сөз — сөйлемге модальді мағына үстейді. Мо-дальділік — айтылған ойға айтушының көзқарасын қоса білдіру. Әрбір сөйлемге сондай модальділік тән. Мысалы, сөйлеуші, жазушы бірдеңенің жайына көзі жетіп не болжап, не күмәнданып сөйлем құрауы мүмкін: Қайыржан келді. Қайыржан келетін шығар. Қайыржан келер ме екен? Сөйлемнің осындай мағыналық айырма-шылықтарын түрлендіре түсу үшін оның. ішіне оқшау сөз қосып айтуға да болады. Мысалы, Мен білсем, Қайыржан бүгін келеді. Кайыржан, шамасы, бүгін келетін болар. Қайыржан, кім біледі, келе ме екен?

Қыстырма сөздердің бірқатары ойдың айтылу тәсілін, өз ара қа-тынасын, тағы басқа мағыналарды білдіреді. Қысқа сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын да білдіру мақ-сатымен қыстырма сөздер сөйлем құрамына еніп отырады.

Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше эмоциялы-экспрессивті де мағына енгізеді. Бұл жағынан •әсіресе кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздердің орны ерекше.

Мына атының сымбаты, шіркін, өзгеше екен! Шіркін, жер-ақ екен! (Ғ. Мүсірепов). Шынын айту керек, мен мұны бұрын білмеу-ші едім. Не істер дейсің, тәйір?деп, Кайракбай экеме қайрат бе-рейін деді (С. Мұқанов). Е. бәсе, солай болу керек еді! (С. Мұқа-нов). Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсық (Ә. Әбішев). Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы!


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет