Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 49. Синтаксистің стилистикалық қызметі



бет14/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
§ 49. Синтаксистің стилистикалық қызметі

Синтаксис — сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Бұл бөлімде сөздердід тіркесу қабілет-тілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлемдердің түр-түрі, құрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдін, синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылықтарын айқындау мақсаты көзделеді, тілдің синтаксистік тұлғалары мен синтаксистік құбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады.

Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар — адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөл-шектері де, сөйлем — ойды білдірудің негізгі формасы болып есеп-теледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақ-тарына мән беруге тиіс, ал тіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте қарастырылуға тиіс.

Олай болса, стилистика ғылымының синтаксисті зерттеуінің мақсаты не болмақ?

С т и л и с т и к а сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құ-ралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады,' дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды,— кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық 'кұбылыстар-ын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.

Сайын келгенде, стилистиканың мақсаты — дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету.

Шебер суретшінің Суреті, композитордың музыкасы, зергердің өнері — бәрі де нәзіктілікті керек етеді. Онысыз ешбір өнерде ше-берлік қасиет болмақ емес. Сөз шеберлерінің де жазғандарында қыбын тауып қиюластырып айтылған нәзік үн, әсерлі леп, терең мағына болуға тиіс.

Тілдің ой өрнегін салу қасиетін ұлы Абай сондықтан да былай суреттейді:

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас.

149

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәhра ала алмас...

Толғауы тоқсан, қызыл тіл,

Сөйлеймін дөсең өзің біл!

Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, осындай “толғауы тоқсан” тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкін-шілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрётеді.

Әрине, айтылғанның, жазылғанның бәрі бірдей “маржан” емес. Олардың да жақсысы бар, жасығы бар. Стилистика жақсыдан үйренуге, қате-кемшіліктен аулақ болуға шақырады.

Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, нақышы мол көркем тіл үлгілерін көркем әдебиет стилі-нен, синтаксистік амалдарды күрделі дәлме-дәл пайдаланып, сөй-лөмдерді қатал құрау үлгілерін ғылыми әдебиет стилінен бай-қаймыз. Әсіресе ғылыми стильде жазған адам ойының дәлме-дәл айтылуын көздейді. Ол логикалық байланыстағы ойды бұлтартпай, әрі дүрыс білдіретіндей тіл мүмкшшіліктерін пайдаланып, тура мағыналарында жұмсауға тырысады. Сондықтан ғылыми стиль синтаксисінде күрделі құрам, қүрмалас сөйлемдер жиі қолда-нылады.

Әдеби тілдің қай стилінде болмасын,— оның бәріне тән нәрсе — о й а й қ ы н д ы л ы ғ ы, ол үшін сөйлем дүрыс құралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлемдері әбден қиюластырылып, сөздері рет-ретімен орналастырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалыпқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сөйлеп тұрған кісі сөйлем қүраудыд бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білуге тиіс.

Әдеби тілдің синтаксисін дүрыс бағдарлау үшін оны сөйлеу-тілінің оинтаксисімен салыстыруға болады.

Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бермейді. Өйт-кені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып жазып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенмен, оның сөйлем кұрауында тілдік нормалар сақтала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қара-пайым, сөйлемдері кысқа—қысқа, көбнесе толымсыз болады.

Әдеби тіл халық тілінің ең жоғарғы формасы болатындықтан, студенттер стилистика пәнін әдеби тіл материалдары негізінде игеруге тиіс.

Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объекті бола-' тын бір бүтін бөлшегі — сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен құралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қыз-метте жұмсалады, олардың түрі көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бұдыр қыры көп. Сонымен қатар ол кісі ойының ғажайып жеміс бақшасы тәрізді. Сол бақшаның жемісінен “дәм татам” деген кі-

150

сі сөйлемдердің стильдік қызметіне қанық болып, өзі оларды дұрыс жұмсай алатын болады.

Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдермен шек-телмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақта-лып тұрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дұрыс байланыста болуға тиіс. Бұл — стилистика ғылымының басты талабының бірі. Мына мысалды сол талапқа сай құралған сөйлем-дер тізбегі деуге болады.

Күн батып бара жатқан кезде, күйеулер отырган үйден үш-төрт жігіт шығып, қыз-келіншек отырған үйге қарай жүрді. Төрт жігіттің біреуі батсайымен тыстаған ақ елтірі тымағын көзіне таман киіп, насыбай атқан ернін томпитып шырт түкіріп қойып, қолындағы кішкене ақ домбырасын сыңқылдатып шертіп келе жатты

(С. Сейфуллин).

Осындай, өз ара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерде ой дәлдігі, сөзбен салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сеземіз. Ал байланыстары айқын емес сөйлемдер қатары айтайын деген ойдың түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Оның үстіне сөйлемдер қа-тары дұрыс тізіліп әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығын сақтамаса, айтылған ойда көрік болмайды, кейде бұлдыр, түсініксіз болады:

1. Оның әйелге тән тартымды рең-басына маңғаз келбеті жа-расып-ақ тұр. Бірақ оған қарамастан Ольга Всеволодина ағынан жарылып аңқылдап, біздің сұрақтарымызға барынша зейін қойып, зердемізге толық жеткізгенше түсіндіруге тырысып бәйек болып-ақ отыр (“Адам және химия”, 72-6.). Бұл мысалда әйелдің әсем келбетіне сүңғақ денесі жарасып тұр деу үшін толып жатқан артық сөз қолданылған. “Оған қарамастан” екі сөйлемді ұластырушы жалғаулық қызметіндегі сөздер. Бұл арада олардың екі сөйлемді байланыстыру қызметінде жұмсалуының реті жоқ. Әйел тартымды, әдемі еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті дегенде, қандай логика бар? Әйел ауру еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті десе, оның жөні бір басқа. Онда оның — “дені сау”, өз ара дұрыс байланысқан салалас құрмалас сөйлем болғандағысы.

2. Біз жоғарыда Орхон ескерткіштеріне жататын Тонькөкке ар-налған ескерткіштің тіліне біркелкі шолу жасадық. Осыған байла-нысты Тонькөк ескерткішін тек қазақ тілі материалы тұрғысынан қарауға болмайды. Мұндай ескерткіштер бүкіл түркі тілдеріне ор-тақ мұра. Бұл салада істелетін жұмыстар алда сан алуан (Қазак тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 5-шығуы, 107-6.).

Осында төрт сөйлем бар. Оның біріншісі мен екіншісі арасында, үшінші мен төртінші сөйлем арасында ешқандай мағыналық байланыс жоқ, төртеуі төрт жаққа қарап тұр. Олардың басы зорлықпен бір жіппен байланып, қосақтала салынған сияқты. Оның үстіне текстегі жеке сөздер дұрыс қолданылмаған. Сондықтан автордың ойы дұрыс шықпаған. Оның айтайын дегені мынау:

151

Біз жоғарыда Орхон ескерткішінің бірі Тоньюкук ескерткіші тіліне біраз шолу жасадық. Соған қарағанда, ол ескерткіш тілінің мате-риалдары тек қазак, тіліне емес, бүкіл түркі тілдеріне ортақ мұра екендігі аңғарылады...

Ойы анық, қаламының ебі бар адамның сөзінен сөз туып, сөй-леміне сөйлем ілесіп, ондағы сөздер қатары дұрыс тізіліп, олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады. Бұл — жазу, сөйлеу өнерінің басты шарты. Сол өнерге баулитын да — стилис-тика ғылымы. Сонымен қатар стилистика ғылымының ерекше көңіл бөлетін мәселесінің бірі — синтаксистік синонимдердің қол-данылуы.

§ 50. Синтаксистік құрылыс жәнө стидьдер жүйесі



Мақсатты ойды дәлме-дәл айтуға жарамды тілдік тәсілдер жүйесі стильдер тобын құрайды. Әдеби тілдің ондай жүйелік қа-сиеті оның қоғамдық қызметі арту нәтижесінде, халық тілінің байлықтарын сұрыптап, талғап пайдалану нәтижесінде қалыпта-сады. Әдеби тіл қарым-қатынас қызмет бабына лайық түрлі стиль-дердің дамуына ұйтқы болса, керісінше, стильдер салаларының жетіліп кемелдене түсуі әдеби тілдің дамуына зор үлес қосады. Өйткені әр алуан әдебиет, мысалы, көркем әдебиет, ғылыми ең-бектер әдебиеті, публицистика өсіп-өркендеген сайын әрбір стильге тән тіл байлықтары сол топқа ойысады да, олар әдеби тілдің байлығына айналады. Тілдік тәсілдердің жеке стильдерге тиімділік орайында саралану барысында әрбір стиль тілде бұрын бардың негізінде және өзге тілдің игілікті ықпалымен кемелденеді, әдеби тіл жаңа сөз, жаңа орамдар тудырды, грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік құрылыстардың тілдегі бұрынғы қызметтерін жандандырып, молайтып, оларға ерекше мағына үстейді.

Тіл байлықтарының жеке стильге бейімделе саралану дәрежесі әрбір стильдің қоғамдық қызметімен, сол кұрамда жұмсалу та-рихымен байланысты. Жазба әдебиет стильдерінде бәрінен де сөз-дік қордың жеке стильдерге тиімді болып оқшаулануы айқын болады да, морфологиялық тұлғалардың, оларға қарағанда, стиль-дік мүмкіншілігі солғын болады, ал синтаксистік формалар мен синтаксистік тәсілдердің соңғылардан гөрі стильдік орайда жұм-салу мүмкіншілігі мол. Соның өзінде тілдің синтаксистік құрылы-сы, біріншіден, барлық стильге ортақтық қасиетінің күштілігінен оның бір-бір қазыққа арқандалған, басы байлы бөлшектері аз болады, екіншіден, дамыған стильдер жүйелерінің қарым-қатынасы күшейген сайын, бірінен-бірі нәр алып, ауыс-түйіс орайда дамиды.

Синтаксистің стильдік қызметі, стильдік тәсілдері ,мол бола-тындықтан, әсіресе көркем әдебиет тілі тұрғысынан оның мүмкін-

152

шілігі өте жоғары бағаланады. Сондықтан болар, А. И. Ефимов “Стиль дегеніміз — құрылымдық-синтаксистік категория”— деп есептейді. Өйткені синтаксистік тәсілдердің көріктеу мүмкіншілігі әр алуан болатындықтан, жазушының синтаксисінен оның шығар-маларының стильдік ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, шебер жазушы-стилистердің қаламынан шыққан көркем сөз үлгілерінде авторлық пафос та, баяндаудағы экспрессивті-эмоциялы бояулар да, авторлар мен персонаждардың дүниеге көзқарастары да, олардың ішкі сезімдері де көбінесе көркем туындылардың синтаксистік құрылыстары арқылы беріледі.

Басқа тілдік стильдер салалары үшін де тілдің синтаксистік құрылыстарын, олардың мол мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалану-дың мәні зор.

Әдеби тіл стильдерінің барлық түрлері үшін барлық синтак-систік категориялар мөн синтаксистік құрамдардың стильдік топ-тарға тәндік белгілері тайға таңба басқандай бадырайып көрініп тұрмайды, ондай нәзік құбылыстын, ысылған, көреген көзге бірден байқалатындары да бар. Оларды былай қойып, кез келген синтак-систік единицаларды белгілі стильдер аясында жалпы синтаксистік заңдылықтарын сақтай отырып, шебер, орынды, ретін тауып дұрыс қолданса, олардың бәрінің стильдік өңі, стильдік қызметі болады. Мысалы, Мен оны көрдім. Екі бала дедектеп жүгіріп келеді тәрізді қарапайым жай сөйлемдер жатық, дұрыс құрылса, жалпы стильдік кескіндері де дұрыс деп танылады. Ал сондай сөйлемдердегі сөздердін. біріне ой екпінін түсіріп, әуенін өзгертіп айтсақ, әрине олардың стильдік өңі бұрынғыдан өзгеше болады. Немесе Қолыңды тарт пен Тарт қолыңды! деген сөйлемдердегі сөздердің саны бірдей болғанымен, құрылысы, стильдік қызметі екі түрлі: алдыңғыда біреуге біреудің жай солғын бұйрығы айтылса, соңғыда долданып, өктемдікпен, ақыра, кейіп бұйырғандық ақғарылады.

Жақсы стилистер, осылайша, ана тілінің жалпы синтаксистік нормалары мен басқа да мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдерді өздерінше ерекше нақыш, әуен, екпінмен айтуға лайықтап та құрастырады. Көркем сөз шеберлері “ой тол-кынын, сезім ырғағын, психологиялық тартыс пен тай-таласты тың тілмен, өзінше бір ораммен орайлап айтқысы келеді”,— дейді.

М. О. Әуезов.1 Сол үшін сөз зергерлері тілде жоқты емес, әдеби тілде, халық тілінде барды “қиыннан қиыстырған” “тың тілмен” ой өрнегін құрастырады. Сондайдан әр сөз шеберінін, өзіндік стиль ерекшеліктері жасалады.

Әдеби тілдің, барлық стильдеріне қойылатын синтаксистік стиль талаптары тұрғысынан карағанда, сөз тіркестері мен сөйлемдер кұраудың нысанасы — ой айқындылығы екенін жоғарыда айттық. Сол үшін сөйлемдегі сөздер сымға тізілген маржандай таңдамалы, талғаулы, сөздердің, сөйлемдердің мағыналық және синтаксистік байланыстары мүлтіксіз болуға тиіс. Синтаксистік

1 М. Ә у е з о в. Қазақтын, әдеби тілі туралы, “Жұлдыз” журналы, 1951, № 4.

153

құрылыстың осындай сымбаттылық қасиеті ана тілінің ғасырлар бойында қалыптасқан заңды жүйелеріне негізделеді.

Солай бола тұра әр стильдің қызмет бабы ыңғайына қарай син-таксистік кұрылыстың жеке түрлерінің жеке стильге тән екендігі байқалады. Мысалы, әдеби тілде жиі жұмсалатын социалистік жа-рыс, прогресшіл адамзат, қарқынды еңбек, партия басшылығы, саяси сабақ, жүзеге асыру, қолдау табу қызу құттықтау, салтанатпен мерекелеу, бейбітшілік күштер, сәтті бастама, еңбек өнімі, зор ынта, озат коллектив, табыстармен жауап беру тәрізді сөз тіркестері публицистика стиліне тән болса, асау терек, асау жүрек, қанды кек, алтын күн, салқын самал, тулаған толқын, оянған өлке, ынталы жүрек, жанымның жарық, жұлдызы, жүректің кең дариясы, суық ақыл (Абай), ой астары, бейбітшілік бақшасы, октябрьдің таңы, Отанымның жүрегі, жүрек сыры сияқты ауыспалы метафоралық сөз тіркестері көркем әдебиет стиліне тән, ал дауысқа қою, баяндама жасау, басшылық ету, қаулыны орындау, қол қою, мөр басу ... сияқтылар кеңсе тілі стиліне тән. Сондай-ақ диалогты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән болса, Мидай дала. Жарық ай. Есік алды ығы-жығы тәрізді атаулы сөйлемдер көркем әдебиет тілі стиліне тән.

Сөйлеу тілі стилінде түсінігі ауыр күрделі орамдар, шұбатылған аралас кұрмалас сөйлемдер көп айтылмайды. Ондай күрделі синтаксистік құрылыстарды ауыз екі тілде бірден дұрыс құрастыра салу да, оларды сазына келтіріп айтып шығу да, таңдау да қиын болатындықтан, шешендер әдетте сөйлемдерді тап-тұйнақтай етіп ықшамдап, логикалық, синтаксистік байланыстарын берік ете баяндауға тырысады.

Ғылыми әдебиеттер стиліне де сондай талаптар қойылады, бірақ оқып түсінуге, кейде тыңдап ұғынуға арналғаи ғылыми еңбек, баяндамалардың текстерінде күрделенген орамдар, құрмалас сөй-лемдер, сірестіріп құрастырған жайылма сөйлемдер жиі ұшырайды. Қөркем әдебиетте де, мысалы Л. Н. Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік”, М. Әуезовтің “Абай жолы”, Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлке” романдарында күрделенген синтаксистік құрылыстар көп-ақ. Бұлардың жұмсалу мақсаты ғылыми әдебиеттегіден басқа.

В. Г. Белинский айтқандай, ғалым дәлелдейді, ал жазушы су-реттейді: “Философ силлогизмдер арқылы сөйлейді, ақын образдар, картиналар арқылы сөйлейді, бірақ екеуінің де айтатыны бір-нәрсе”1.

Бір “нәрсені”, бір ой, бір пікірді түрліше айтуға болатыны әдеби тілдің стильдік мүмкіншілігінің молдығын көрсетеді. Оларды белгілі стильдерге тан етіп, екшеп, шоғырлау әдеби тілдің қоғамдық қызметінің кеңеюі барысында пайда болады. Стильдердің оқшауланып қалыптасу дәрежесі әдеби тілдің тарихымен, әр стильге тән әдебиет жанрларының молайып, марқайып дербестік сапасының артуымен байланысты.

'В. Г Белинский Шығармаларынын. толық жинағы, III т. 1948, 798-бет.

154

Бір стильге тән құбылыс басқа стильдерге мүлде жат, оларда қолдануға болмайды деген ұғым тумау керек. Мысалы, терминдік тіркестер көбінесе публицистік және ғылыми стильге бейім, солай бола тұра олардың біразы көркем әдебиетте де кездесуі мүмкін. Мысалы, шахтерлер өмірінен жазылған “Қарағанды” романында кәсіби терминдер тіркестері көп, немесе айналаны суреттеу мақса-тында жұмсалатын атаулы сөйлемдер көркем әдебиетке тән бола тұра, публицистикалық әдебиеттерде де кездесе береді. Мысалы, Ленин атындағы алаң. Салтанатты шеруді бүкіл одақтық социа-листік жарыстың жеңімпаздары бастап келеді (газеттен).

Қөркем әдебиетке тән көріктеу тәсілдерінід кейбір үлгілері жо-ғарғыдай газет-журнал тілінде жұмсалуы, немесе көркем әдебиет-тегідей газет беттерінде ақ алтын (мақта), қара алтын (көмір), Сыр маржаны (күріш), табыс кілті, Отанымыздың жүрегі — Москва сияқты ауыспалы мағьналы тіркестердің жұмсалуы әдеби тіл стильдерінің жігі білінбейтін біртұтас екенін көрсетпейді, стиль мен стильдің қарым-қатынасьшың, байланысының мол екенін көрсетеді. Стильдер тармақтары сараланып кемелденген сайын олардың жоғарғыдай ауыс-түйіс байланыстары күшейе береді.

Синтаксистік категориялардың бірі ол стильге, бірі бұл стильге ойысады деуге болмайды. Солардың әрқайсысынық ішінара жеке түрлерінің, тәсілдерінің белгілі стиль аумағында көбірек қызмет атқаруы мүмкін (ондайды кейінгі талдаулардан көруге болады).

Синтаксистік құрылыстың стильдік қызметін, стильдік бояуын айқын білдіруге себепкер болатын амалдың бірі — интонация.

Әдеби тілде жазылғанның бәрі оқу үшін жазылады. Жақсы стилист әрбір сөйлемді құрастырғанда, оның айтылуы мен маз-мұны, стильдік қызметі арасында тығыз байланыс бар екенш сезеді. Сайып келгенде ол байланыс жазушы мен оқушы арасындағы байланыс болып шығады.

Әрбір сөйлемнің, тұтас сөйлеудің мазмұнына, стильдік кызме-тіне лайық айтылу сазы болады. Оларды өздеріне лайықты үнмен, тиісті екпінмен, өз әуенімен дұрыс оқып, дұрыс айтқанда, текст пен оның жеке сөйлемдеріне жан біткендей болады. Солар арқылы синтаксистік орамдар мен синтаксистік тұлғалардың әсіресе стильдік кызметтері өз орнында дұрыс танылады.

Сондықтан хатқа жазылмағанды ғана емес, жазылғандарды да дұрыс оқу, дұрыс айтудың стильдік қызметі ерекше болады. Ойға лайық құралған синтаксистік құрылысты нақышына келтіріп, табиғи сазымен, тиісті әуен-ырғағымен, тиісті қарқынымен айтылмаған сөйлемдер, басқа да синтаксистік тұлғалар нысанаға дәл тимеген оқ сияқты. Сонымен қатар, мысалы, ол жақсы жігіт екен. Сені кім шақырды? Айтқаным-айтқан, айтқанымнан қайтпан! сияқты сөйлемдердің белгілі стильдік орайда жұмсалуы олардың кұрам, құрылыстарымен де, айтылу ерекшеліктерімен де өлшенеді.

Сөйлемдердің айтылу қарқыны, дауыс ырғағы, айтылу екпіні, әуені — айтылу сазы (интонациясы) құбылмалы болуы, сөйлеуші-нің, айтушының еркіндігі субъективті құбылыс емес, ойдың айтылу

155

мақсаты, ойды білдірудің синтаксистік құрылысы өмірдің әр алуан жайттарын білдіруге негізделген құбылыс. Сондықтан әр сөйлемнің интонациясы оның өзіне тән табиғатына лайық болуға тиіс.

§ 51. Синтаксистік синонимдер



Жақсы стилист болу — сөз зергері болу деген сөз. Сөз зергері мақсатты ойдың тек түсінікті болуын ғана емес, көркем, әсерлі бо-луын да көздейді. Ол үшін сөз орамын түрлендіріп, нақыштап, ба-рынша жатық етіп құруға тырысады. Мысалы, жазушы М. Әуезов “Абай жолы” романында алыс жолдан келе жатқан Әбішті қарсы алып, алдынан шыққандар туралы былай дейді:

Омырауларын тер басқан, демігіп танауратқан сәйгүліктерді зорға тоқтатқан ауыл кісілері күймеге соқтыға жаздап, дабырлап сэлем берісті Қуаныштың айғай-шуын, шат күлкісін Әбіштің ал-дына ала шықты. Осы мысалдағы соңғы сөйлемді сурет зергері емес, жай қарапайым қазақ, “Ауыл кісілері Әбіштің алдынан шықты, оны қуанып қарсы алды” дер ме еді? Не десе де, сөз нақышын М. Әуез-овтей келтіріп айтпаған болар еді. Немесе:

Жанымның жарық жұлдызы,

Жамандық күнде жарымсың,

дегенді Абай ғана айта білді.

Тілде бар сөздерді, сөйлем құрылысын осылайша шеберлік биі-гінде тұрып жұмсаушы ойшылдар санаулы-ақ болар.

“Қөңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?” дегендей, адам ойының ұшы-қиыры жоқ. Сондай-ақ, тіл байлығы да ұшан-теңіз. Сол теңіз дүниесіне сүңгіп, ой өрнегіне керекті тілдік материалдарды, грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті керек етеді.

Тілге бай, сөзі жатық кісілер ана тілінің мүмкіншілігін молынан пайдаланады. Соның бірі — синонимдер. Мәндес сөздер, мәндес грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік тәсілдер өз орнында дұрыс қолданылса, тілге ерекше өң береді. Қазақ тілі синтаксисінің сондай мүмкіншілігін байқау үшін бірнеше мысал келтірейік:

1. Істің мақсатын білдіру үшін, егер: Мен Алматыға оқуға келдім десек, осыны тағы қалай айтуға болады? деген сұрақ туады. Осы сөйлемнің пысықтауышы “оқуға” дегеннің синонимдерін тауып, сол сөйлемді былай өзгертіп айтуға болады:

1. Мен Алматыға оқу мақсатымен келдім. •--

2. Мен Алматыға оқу үшін келдім.

3. Мен Алматыға оқығалы келдім.

4. Мен Алматыға оқиын деп келдім.

5. Мен Алматыға оқысам деп келдім.

6. Мен Алматыға оқиыншы деп келдім.

7. Мен Алматыда оқысам қайтер екен деп келдім.

. Осылардағы мақсат пысықтауыштардың тұлғалары әр түрлі болғанмен, сөйлемдердің негізгі мағыналары (мақсаттық) бірдей

156

сияқты, бірақ стильдік өңі бірдей емес. Стилистика үшін осындай бірдей еместердің үлкен мәні бар. Егер бұл пысықтауыштың сөй-лемдерде білдіретін мағыналары барлық жерде біріне-бірі тепе-тең болса, онда олардың бәрі жапа-тармағай жиі қолданылмаған болар еді. Дұрысында, олардың ептеп болса да айырмашылықтары бар. Мысалы, “оқуға келдім”, “оқу үшін келдім”— бір емес. Соңғыда мақсат баса айтылады. Сондықтан оларды қалай болса солай, бірінің орнына бірін қолдана салмаймыз. Абайдың Мен жазбаймын өлецді ермек үшін дегенін басқаша айтуға болмайды. Сол сияқты Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаққа (Абай) дегендердегі мақсат пысықтауышты басқа синониммен ауыстыра салуға болмайды.

Оның себебі екі түрлі: біріншіден, бұл синтаксистік синоним-дердін, мағыналарында стильдік елеулі айырмашылық бар, екінші, мұндай синонимдердің бәрі бірдей кез келген етістікпен тіркесе бермейді. Мысалы, Бізді аудандық партия комитеті колхоз жұмы-сына көмектессін деп жіберді дегенді көмектескелі жіберді дей ал-маймыз. Өйткені “көмектескелі” сөзі III жақтық жібер етістігімен емес, келдім, бардым, шақырдым тәрізді етістіктермен тіркеседі. Сондай-ақ “оқиын деп келдім” мен “оқысын деп жібердінің” пы-сықтауыштарын алмастыруға болмайды.

Стилі жатық жазушылар сол синонимдерді жақсы біліп, көбіне-се мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түрлендіру үшін де қолданады.

2. Қазақ тіліндегі сабақтастардың бағыныңқы сыңарлары түрлі-түрлі тұлғада жұмсалады. Солардың бірі — мезгіл бағыныңқы. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің бірнеше синонимі бар:

1. Бригадир келгенде, Жақып төсегінен тұрып жатыр еді.

2. Бригадир келген кезде, Жақып төсегінен тұрып жатыр еді.

3. Бригадир келсе, Жақып төсегінде жатыр екен.

4. Бригадир келісімен, Жақып төсегінен тұрды.

5. Бригадир келе сала, Жақыпты төсегінен тұрғызды.

Осындай мезгілдік мағынада сабақтас сөйлемдерді тағы да са-лалас етіп айтуға болады:

1Бригадир келіп еді, Жақып төсегінде жатыр екен.

2. Бригадирдің келуі мұң екен, Жақып төсегінен қарғып тұрды.

3. Бригадир келсе болғаны, Жақып төсегінен қарғып тұрады.

Бұлар мезгілді білдіру жағынан мәндес болмағанмен, әрқайсы-сының стильдік өңі, экспрессивтік мағынасы әр басқа: Бригадир келгенде (келген кезде), Жақып төсегінен тұрып жатыр еді —-ба-ғыныңқы басыңқыдағы істің өткен шақта болғанын білдірумен қатар, басыңқының баяндауышы да өткен шақтық тұлғада тұруын керек етеді. Сондықтан ол сөйлем соңғы еді — сөзінсіз айтылмай-ды. Ал Бригадир келсе... деген бағыныңқы да өткен шақта, басың-қының баяндауышы да өткен шақта, бірақ көмекші етістігі еді емес,— екен. Осынысында үлкен мән бар: Бригадир келсе, Жақып төсегінде жатыр екен дегенде, бағыныңқы басыңқымен тек мезгіл-дес болып қана ұғынылмайды, басыңқыдағы іске бағыныңқының бастауышы айғақ (көрген, көзі жеткен) болғаны аңғарылады.

157

Сондықтан шартты райды есімшемен алмастыра салу — сөйлемнің елеусіз болса да мағыналық нәзік айырмашылығын білдіруге қия-нат жасау болады.

3. Сөйлем мүшелерін синонимдік ыңғайына қарап түрлендіруде үлкен мән бар. Алдымен мына мысалдарды салыстырыңыз:

Дуандағы начальник тіл- Әбдірахманға писарь бол

маш бол деп өтінген екен, бол- деп жабысты, оған да болмады

.май елге келді (Б. Майлин) (Б. Майлин)

-

). '

Базаралы өз науқасының Ол үйде болған сөздің бар-.

бар жайын айтып шықты лығын Мағаш баяндап берді

(М. Әуезов). (М. Әуезов

Бұлардың бэрі бірдей неге Кейін... Павловқа түгел

бөріккенін Өтеп... тегіс мэлім- жеткізіп күлкілі түрде эңгіме-

деп берген (М. Әуезов). леп берді (М. Әуезов).

Бұл мысалдардағы мәндес мүшелер: тілмаш. бол деп өтінген екен — писарь бол деп жабысты, айтып шықты — баяндап берді,

мөлімдеп берген,— эңгімелеп берді. Бұлар бірін-бірі қайталамай, тек сәндік үшін түрленіп тұрған жоқ, мағыналық жүгі болғандықтан да белгілі стильдік қызмет атқарады. Бір мүше қайталанбай басқаша айтылған: тілмаш бол деп өтінген екен —жай тілек те, писарь бол деп жабысты — экспрөссивті тілек, айтып шықты — түгел хабарлады, баяндап берді — түгін қалдырмай, тайсалмай хабарлады деген мағынада.

Сөз шеберлері синоним сөздерді бірыңғай мүше қызметінде де көп жұмсайды. Ондайда бірыңғай мәндес мүшелер бірін-бірі то-лықтыра, сурет бояуы айқындала түседі.

Ісіндің, кебіндің

Сонда да не пайда (Абай).

Әлі де айтары көп адамдай қысылмай, жасқанбай, именбей күледі (Ғ. Мүсірепов).

Мұндайда көмекші сөз бен сөз тіркесінің сыңары бірыңғай сино-нимдерге ортақ болып бір рет айтылады, мысалы: Ғылым оқып білгенше, тыным, тыныштық таппаған (Абай). Сөйлемді солай құ-рауға әуес шебер жазушының бірі М. Әуезов 'болатын:

Ең аяғында Абай өзі бір тұспал, болжал жасады. Абай мен Ербол екеуі де қатты жүріске шыдамды, берік болатын. Іштей екеуінің шыдамдылыққа байласқан серті, бәсекесі бардай. Үлбіреген... жастықтық аса қатты қысылған, қымсынған белгісі білінеді. Кей жайларды анық, айқын етіп хатқа жазып келді (М. Әуезов).

Сол мақсатпен синонимді бірыңғай мүшенің бірі жеке сөз, бірі тұрақты тіркес болып та жұмсалады.

Ондай болса, мен де ойланып, қабырғаммен кеңесейін (С. Бақ-бергенов). Көзіме жас бер, жылайын, шыдам бер, сабыр қылайын (Абай). Ұғынбайды, ұғынғысы келмейді. Тығылмай, ашу шақырмай ұтқыр сөйлейтін кісі сияқтанды (Ғ. Мүсірепов).

Жоғарғыдай мәндес сөздердің арасына да та жалраулығын қо-

158

йып бірьщғай мүше қызметінде жұмсауға жазушы Ғ. Мүсірепов әуес. Бұл әуестікте де ерекше стильдік мән бар:

Бәрі де бір ұяда туып, өскендей топас та кеще. Білетіндері болымсыз да мардымсыз болғанмен, әрнеге әзір тұрғандарын ұна-тып қалды. Байжан іркілмей де бөгелмей бармағын басты (Ғ. Мү-сірепов).

Мұндайдың айтылу әуенінде ерекше ырғақ болады да, мәндес бірыңғайлардың мағыналары біріне-бірі еселеніп үстелетіндей экспрессивті мағына сезіледі. Сондықтан болар, бірыңғайларды осылай құрауға жас жазушылар көбірек еліктейтін болды. Бірақ онда оғаштық та бар. “Ұтымды да ұтықты”, “құда да құдағай”, “түсінікті де ұғымды” т. б. Мұндайда пәлендей мән жоқ, тек жел-піну бар. Өйткені бұлай қосақталатын екі сөз біріне-бірі синоним болғанмен, дербес мәні болу ,кере“. Бір сөзді бұзып екі рет айтқан-нан ондай мән шықпайды.

Сөйтіп, стилистика мәндес синтаксистік құрылыстардың тиімді-лерін пайдалана білуді де үйретеді екен, ондай синтаксистік сино-ним қазақ тілінде мол.

Әдетте жазуы жатық, тілі бай стилистер тілде бардың бәрін жай қарапайым қалпында түсінбейді, оның өте нәзік мәнін, өзгелерге еленбейтін иненің жасуындай кылаң еткен стильдік қызметін шеберлерше түсінеді. Сөйтеді де тіл байлықтарьш, әсіресе тілдің грамматикалық мүмкіншіліктерін, жақсы біліп, керегіне жаратьш отырады. Мысалы, тілге деген талабы, сезімі, білімі мол жазушы еш уақытта Ақ ат мінген қыз қойларды жамыратты, Ол белін арқанға буды демейді. Себебі: аттың түсі ақ болса да, қазак, “ақ ат” демейді, боз ат қай жерде дейді, әдетте қой жамырамайды, қозы жамырайды, белін арқанға бумайды, белін арқанмен буады. Не болмаса, қазіргі қазақ тілінде бірыңғай бірнеше сөйлем мүшелерін “және”, “мен” жалғаулықтарымен байланыстырып айтқысы келген стилі жатық журналист еш уақытта “және” ні бұрын, мен (бен, пен) жалғаулығын соң жазбайды.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет