Бала ақын- жас дарын



Дата17.04.2017
өлшемі32,86 Kb.
#14105
Бала ақын- жас дарын

Айтыс десе арқасы қозатұғын алты алаш отызыншы қараша күні Арқаның төрі Көкшетау қаласының «Орыс драма театрына» жиылды. Айтыс дегеніміз қанымызға сіңген қасиет, бабадан қалған өсиет екені белгілі. Айтыс қазіргі күні оқушылар арасында сиреп бара жатыр. Ұмытылып бара жатқан өнеріміз халықтың санасына қайтадан оралды. Ақмола облысының әр аудандарынан келген жүйріктер топқа түсіп, тұлпардай сыналды. Бұланды ауданынан үш айтыскер қатысты. Ақындарымыз жерге қаратпай, жалауымызды жықпай, аудан атын асқақтатты. Бала ақын- жас дарын айтысының қорытындысы бойынша үшінші орын Бағдат, екінші орын Әділбек, бірінші орын Ақтілек ал, бас жүлдені Азатбек Бергенбек алды. Жүзден озған жүйріктерді жеңістерімен құттықтаймын! Бергенбек Азатбек мектебіміздің ған емес ауданымыздың да мақтанышына айналды. Аудандық, Республикалық сайыстарының жеңімпазы. Енді қаңтар айында облысымызда айтыс бәсекесі өтеді. Азатбек Бергенбек осы бәсекеге қатысады. Бәсекеде қаламың ұшталып, биіктен көрінуіңді шын жүректен тілеймін.Сәттілік!

Қуатбек Арман 7 «А» сынып оқушысы

Тәуелсіз ел деп соғады жүрегіміз

Біздің мектепте желтоқсанның төрті күні Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығына арналған « Тәуелсіз ел деп соғады жүрегіміз» атты концерт өтті. Концертке 5- 11 сынып аралығында оқушылар өнерлерін көрсетті.Мектептің атын шығарып жүрген ақын балалар рухты көтеретін жырларын оқып, тамаша ән салып, керемет билер биледі. Өз басыма жаста болса, бас болып жүрген 6 «Б» сыныбының өнері қатты ұнады. Өздеріне арнайы киім тігіп, керемет би биледі. Концертке келсе барлығы жақсы өтті. Балалардың отанын жақсы көретіндері , көңілдерінен көрініп тұрды. Ата-аналар балаларының өнерлеріне риза болып, тілектерін және алғыстарын айтты. Осы кешті ұйымдастырып өткізген оқушыларға, ұстаздарға көп-көп рахмет! Тәуелсіздігіміз баянды, тұғырымыз биік, ғұмырымыз бақытты. Егемендігіміз еңселі болсын!

Азатбек Бергенбек «8» сынып оқушысы

Футбол сайысы

Мен мектебіміздің ұланбасы болғандықтан «Тұңғыш президент» және « Денсаулық» мемлекеттік бағдарлама аясында жоғары сыныптар арасына футбол сайысын өткіздім. Аталған жарысқа 11 «А», 10 «А», 9 «А», 9 «Б» және 8 «А» сыныптары 5 команда болып отызға жуық оқушы қатысты. Қалған оқушылар көрермендер болды. Сайыс қызықты, тартысты өтті. Қорытынды бойынша 1- орын 10 «А», 2- орын 9 «А», 3- орын 11 «А» командалары алды. Сонымен қатар жарыс барысында үздік ойын көрсеткен балаларға «үздік қорғаушы», Асылбек Жұмақан,«үздік шабуылшы» Батырхан Біржан, «үздік қақпашы» Янгибаев Бегзат және Қайрат Шалқар «үздік жартылай қорғаушы» номинацияларымен марапатталды. Сайыс жоғары деңгейде өткізіліп, балалар белсенді қатысты.

Мектеп ұланбасы 10 «А» сынып оқушысы Жанібек Қанат

Тәуелсіз елім

Тәуелсіз менің ұраным,

Тәуелсіз елде тұрамын.

Тәуелсіз елде тұрғанға,

Мақтанып ән саламын.

Қазақстан

Қазақ елі әрқашан,

Танылсын бар әлемге.

Елбасымыз аман болып әрқашан,

Желбіресін көк байрағымыз әлемге.

Алдабергенова Аружан 7 «А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ



Семинар сабақ



Қаңтардың отыз бірі күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша аудандық семинар сабақ өтілді. Мақсаты: Аттестатциядан өтетін мұғалімдерді әдістемелік сүйемелдеу; тәжірибе алмасу, оқу мен оқытудағы озық әдіс – тәсілдерді тарату. Семинар сабаққа аудан мұғалімдері мен Шұбар ағаш және Айнакөл мұғалімдері қатысты. Семинарды аудандық әдіскер Ажданова Жанар Шукрадиновна ашып ұстаздарға сәттілік тіледі. Бірінші сабақты мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Муса Маржангул өткізді. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» тақырыбында 6 «А» сыныбына сабақ берді. Сабақ жоғар деңгейде өтілді. Балалар да сабаққа өте жақсы қатысып өз ойларын , білімдерін көрсетті.Шұбарағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 5- сыныпқа С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» ,,,сабақ берді. 1О- сыныпқа Айнакөл орта мектебінің мұғалімі Шаймұрат Нұртас әдебиет сабағынан Абай аудармасы «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінен сабақ берді. Бесінші және оныншы сынып оқушылары сабақтарға белсене қатысты. «Қазақ тілінен қорытынды емтиханда эссе жазуға дайындау тәсілдерінен» тақырыбында мектебіміздің мұғалімі Хасихан Елік баяндама оқыды. Баяндамадан барлық мұғалімдер өздеріне керекті көп мәліметтер алды. «Жаңартылған бағдарлама бойынша үйде оқытылыатын оқушының сабақ жоспары» тақырыбында Сураганова Алия Бекеновна, Макинск мектеп- лицейі мұғалімі баяндама оқып оз ойын бөлісті.Семинар соңында келген қонақтар барлық ұстаздарға алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет