Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан да әр түр-лі. Демек экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мысалы: адам, көл, қабырға, үлкен, сусын, бала, тау, көтеру, аға, таныс, киім, шөп, отын тәрізді бір топ сөзді қылпың, тыраш, қақшу, тойтаңдау, жортақы, дедектеу, қаздаңдау, қымыңдау, шал-жию, қымқу, көститу, төпелеу, дардию, тыраю, ызғыту, еміну, тырбықай, пысықай, құқай, тықақ, шыпжықай, тұштақай дегендермен өз ара салыстырсак, өздерінің көркемдік бейнелілігі, эстетикалық әсерлілігі тұрғысынан бұлардың екі сала нәрсе екенін оңай аңғаруға болады. Мысалы соңғы топтағылар ғана экспрессивті сөздер. Бұлар көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилі және публицистикалық стильдерде жиі жұмсалады.
Экспрессивтік бояу — жеке сөздерге де, фразеологиялық орам-дарға да, сөз формаларына да, синтаксистік конструкциялардың қай-қайсысына да тән сипат. Бірак бұл арада мына 'бір мәселенің бетін аша кету керек. Әдетте әр сөздің өзіне тиісті қолданылу ерекшелігі, белгілі бір стиль түріне бейімі, ягни стильдік сипаты болады. Мысалы жоғарыда талданған саңлақ, парыз, пәті, еше, аға сұлтан, онбасы, ультрадыбыстық қондырғы, салмақсыздық, мұз-қала, шырайлым, т. б. кез келген стильде қолданылмайды. Кейбіреуі ғылыми стильге тән болса, өзге бір тобы көркем әдебиетте тиімді, ал енді бір саласы ресми кеңсе қағаздарына лайықтырақ. Бұлардан басқа тағы бірқыдыру сөз стиль түрлерінің бәрінде кездесіп отырады. Мысалы бейтарап лексика солай. Демек; тілдегі сөздің қай-қайсысының да өзіндік қолдану аясы, дәлірек айтқанда, белгілі бір стильдік сипаты болады. Ал тілдегі сөздің қай-қайсысының да экспрессивтік бояуы бола бермейді, бала мен бөбек, бүлдіршін дегенді, немесе қала мен кент, шаһар есімдерін өз ара салыстырып көрейік. Қала, бала сөздері экспрессивті емес. Ал бүл екеуіне қарағанда, бөбек, бүлдіршін, кент, шаһар дегендерден экспрессивтік бояу айқын сезіледі.
Экспрессивтік бояу әдетте екі тұрғыда сөз етілуі тиіс. Біріншіден, лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім түратын сөздер, екіншіден, қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен етістіктер. Бірақ сөздің лексикалық ма-
58
ғынасында экспрессивтік өң үнемі бола бермейді. Әрбір жазушы белгілі бір образ жасау үстінде өз шығармасының тіл көркемдігін жетілдіре түсу үшін бейнелеу құралының осы түрін де ретіне қарай пайдалануға тырысады. Экспрессивтік сөз қолдану тәсілі автордың жалпы сөз байлығына ғана емес, сондай-ақ материалды көркемдік мақсатқа сай қаншалықты дәл іріктеп ала білушен де тікелей байланысты. Сөздін, мұндай экспрессивтік қызметі публи-цистикалық, сөйлеу стильдерінде, әсіресе көркем әдебиет стилінде барынша ерекшелене түседі.
Бүгілген бойында құнысып, қозғалақтайберді. Қейде жер шү-қып қап, кейде қымықдап, қозғақ қағады (М. Әуезов). Қызыл құлжаны қымқырыпалып, өз үйіне қарай жөнеле берген болатын (сонда). Шаптығып қатты ұрсып, асығып келе жатқан кіші шешесі Айғызды таныды (сонда). Жаңа жамыраған қозылар ауылдардың екі жағындағы адырларға тырағайлапөріп барады.
Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың...
Тиянақсыз, байлаусыз байғус қылпың (Абай).
Қаза болды Мұради, ажал оны қақшыды (Рудаки).
Тартына берме тайтаңдап...
Күй шіркін ылпылдап, бипыңдады (Ілияс Жансүгіров).
Экспрессивтік бояу тілдің жалпы әр түрлі қабатынан-ақ бай-қалады. Әдеби нормада әбден тұрақтап кеткен қала зат есімі кейде көркем әдебиет стилінде шаһар түрінде қолданылып кетеді. Өйткені қаладан гөрі шаһар түрі айтылса, одан әлдебір пафостық әуен, поэтикалық сарын сезіліп тұрады, көркемдігі де әсерлі шығады. Бірақ бұған қарап, қала сөзі бұл стильде мүлдем қолданылмайды екен деуге болмайды. Тіліміздегі жырақ сөзі де сондай, ол да қа-шық сын есімімен қатар қолданылады. Қашық сөзіне қарағанда, мұның да экспрессивтік бояуы көбінесе көркем әдебиет стилшде айқын сезіледі. Шаһар, жырақ сөздерінің көркем әдебиет стиліндеті экспрессивтігін мына бір мысалдардан айқын көруге болады.
Бәрінде ел аз, иесіздік мол. Іргелі мекен, өнерлі шаһар жоқ (М. Әуезов). Қазіргі бұлтсыз аспандай алысқа, тазалық рақатқа шақырып, жыраққамеңзейді (сонда).
ЦІаһар сөзінің экспрессивтік бояуы алдыңғы сөйлемде анық кө-рініп түр. Қөркем әдебиет стилі үшін өнерлі қала дегеннен өнерлі шаһар. тіркесі жарасымды. Жалпы, осындай жекелеген сөздердің қай-қайысының да экспрессивтік бояуы негізінен көркем әдебиет стилінде айқынырақ көрінеді. Сөйлеу стиліндегі мына бір экспрес-сивтік құбылыс кейде көркем әдебиет стилінде де өте ұтымды пай-даланылады. Мысалы, дағдылы ауызекі тілде, кекесінді, юморлық, ъщғайда кейбір адам жөнінде сөлпекбай немесе бөспебай деп те •өз ара айтылады. Мұндағы экспрессивтік бояу Сәрсенбай, Мұратбай тәрізді кісі аттарының ізімен жасалып тұр. Осы әдісті жазушы кейде таза стильдік мақсатқа, көркемдік, ұтымдылық үшін пайдаланады. Мысалы, Ғ. Мүсірепов “Желкеден бір-екі рет түйіп жіберді” немесе “бір-екі рет желкелеп жіберді” деудің орнына былай дейді: Колхоздыц көпшілігі тосқауыл тосқан жаудыц үгіті екеніне
59
түсініп, Есілбай мен Сүгірбай молданы сәлдесінен бастап иманына детн сыпыра боқтап, үйіне де бір қуып тыққан. Бір-екі рет Желке-байда беріп жіберген. Сөйлеу стиліндегі бұл тәрізді экспрессивтік бояу басқа автордан да байқалады. Мысалы, I. Жансүгіров келген қонақтардың күн көріс, дәулет дәрежесінің біркелкі еместігін бір сөзбен ғана өте әсерлі етіп суреттейді. Қыр мен қаланың қос-пасынан, құралған бай аулының реңі сияқты олардың қонағы ара-ласпайболушы еді. Академик В. В. Виноградов айтқандай, тілдін, экспрессивтік сапасы стильді қалыптастырудьщ бір құралы болып табылады1.
Экспрессивтік бояу сондай-ақ тілдегі кейбір көне құбылыстан да айқын сезіледі. Мысалы бояу зат есімі көркем әдебиет стилінде кейде көне бояқ формасында қолданылады. Оның (бояқ сөзінің) көркем әдебиет стиліндегі экспрессивтік бояуы мына бір өлең жо-лынан анық көрінеді.
Қозға енді, бота көзім, Қызыл атым,
Сертті істе өнеріңді қызынатын!
Көк бояқ ен далада құлаш керіп,
Жұлдыздай көктегі ағып сызылатын (С. Сейфуллин).
Экспрессивтік бояуы бар жоғарыдағы тәрізді жеке сөз, кейбір көне құбылыс сөйлеу стилінде, публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде көбірек кездеседі. Ал ғылыми және ресми кеңсе стильдерінде сирек ұшырасады.
Экспрессивтік бояу қай стильде болса да әр түрлі болып келеді. Лексикалық мағынасының өзінен экспрессивтік бояу білініп тұратын сөздердің қатарына селтию, іншік, көйту, желкебай, ара-ласпай, итіну, тырағайлау, шертию, алшию, көститу, сүңгіту, сө-лектеу, қылпың, құйтыңдау,қымыңдау, құқай, күйкі т. б. жатады. Бірақ бұлардың өздері де білдіретін мағыналарына қарай өз ара бірнеше түрге бөлінеді. Оны мына тәрізді тұтас сөйлем ішінде контекстік қоршаудан айқын көруге болады: Қейбіреулер тырашта-ныпжуынып жатыр (С. Сейфуллин). Жез мұрты мысықтың мұрты, ғұсап селтиеді де тұрады (Ғ. Мүсірепов). Сөлектеп, алдымды орап, екеуің бір болмайсың (М. Әуезов). Ақыры, Абай мен Тәкежан алшайысып кетті (сонда). Жалаудан жел де сарнайды (С, Сейфул-лин). Тек кез келгенді белуардан көстите береді (М. Әуезов). Сол табақтарды, үй ішіне сүңгітіпжатыр (сонда).
Осы сөйлемдердің қай-қайсысы да экспрессивті. Бұлардағы экспрессивтік бояу сөйлемнің мазмұнына түрліше стильдік өң бе-ріп тұр. Өйткені жоғарыдағы тыраштану, селтию, сөлектеу, ал-шайысу, көститу, сүңгіту етістіктері белгілі дәрежеде автордың суреттеліп отырған оқиғаға деген көзқарасын аңғартады. Экспрес-сивтік сөздер көркем әдебиетте әдетте осындай белгілі бір стильдік мақсат үшін қолданылады. Экспрессивтік бояу тыраштану, селтию, сөлектеу, сарнау, жалаңдау дегендердегі сияқты бірыңғай жа-
^В. В. Виноградов. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. М, 53-бет.
60
ғымсыз мағынаға құрылмайды. Қөбінесе көркем әдебиет стилінде жиірек қолданылатын тыраштану, селтию, сөлектеу сөздерінің экс-прессиясы кейінгі алшайысу, сарнау, көститу, сүңгіту етістіктерінің экспрессиясынан өзгешелеу. Ол үшеуінде кекесінді, келемеж сары-ны басым. Экспрессивтік бояу әдетте не бір түрлі әзіл-оспақ, юмор түрінде де, салтанатты көтеріңкілік мәнінде де, адамның мінез-құл-қына, көңіл-күйіне байланысты да болады. Бірақ экспрессивтік бояудың осы қатпар-қабаттарының бәрі қай стильде болса да үнемі түгел көрінбейді, кез келген көркем шығарма тілінен бәрі бірдей байқала бермейді. Себебі бұл әрбір автордың тіл шеберлігіне, әрбір шығарманың жазылу стилімен тікелей байланысты.
Әзіл сыңқылдымайысқан қатар салдарға қарсы басты. Жаяу салдардың қастарында өңшең іріктісүлу келіншектер келеді екен (М. Әуезов). Өз үйіңде шертигенпаңы құрсын (Абай). Манасты көп көйткізді (М. Әуезов). Шоқша сақалы шанжау-шанжау боп, тырағайлапшыққан (сонда). Ысщақ пен эйелі майы туралған бір табаққа итінетүсті (I. Жансүгіров). Сасық іншіктүбінде Отыр жалғыз келіншек (С. Сейфуллин).
Осы мысалдардағы сылдырлы, сыңқылды, ірікті, шертию, ты-рағайлау, итіну, іншік сөздері өздерінін, экспрессивтік сипаты жа-ғынан әр түрлі. Мысалы итіну, шертию, көйткізу етістіктерінің экс-прессивтік бояуы мысқылға, сықаққа құрылған. Ал желкебай, ара-ласпай, тырқу, тырағайлау сөздерінің экспрессивтік бояуынан сы-пайы юмор айқын сезіледі. Егер автор тырағайлап деудің орнына әр жерден сирек шыққан десе, одан дәл мұндай экспрессия байқалмас еді. Іншік сөзінін, негізгі, лексикалық мағынасының өзі экс-прессиялы. Жоғарыдағы өзге экспрессивтік сөздердің мағынасы сән-салтанатқа, тойдуманды жиынға меңзейді. Бұлар контекске әлде бір көтеріңкілік сипат береді. Мысалы, сыңқылды, ірікті сөздерінің стильдік экспрессивтік бояуы тырқу, тырағай, желкебай сөздерінің итіну, көйткізу етістіктерінің экспрессивтік бояуына ұқсамайды. Іншік кейіпкердің тұрмысының жүдеулігін көрсететін экспрессивтік сөз. Ірікті, сыңқылды есімдері негізінен көркем әдебиет стиліне тән сөздер.
Экспрессивтік сөздер сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданылады. Мысалы, тіліміздегі сабаз зат есімінде де, жалаңдату деген етістікте де экспрессивтік бояу бар. Экспрессивтік бояу олардың лексикалық мағыналарының өздерінен-ақ аңғарылып түр. Осы екі сөз көркем әдебиет стилінде ғана емес, кейде публицисти-калық стильде де (мысалы, саяси әдебиет тілінде де) жұмсалады.
Жеңіліп қалганнан кейін біздің сабаздаржылап жіберді жэне қиын жағдай туралы байбалам салды (В. И. Ленин. Таңдамалы шығармалар. Үш томдығы, I том, Алматы, 1962^ 366-бет). Әскерлер шақырылады. Ұландар мен қазактар қылыштарын жалаңдатып,тобырға тарпа бас салады (В. И. Ленин. Жастар туралы. Аладаты, 1972, 184-бет)
61
.§ 21. Сөз жөнө оның мағынасы
Тілдің стильдік мүмкіндігі жалпы халық шаруашылығының, қала мен ауылдың өсу-өркендеу қарқынына, халықтың заттық және рухани мәдениетінщ даму дәрежесіне сәйкес бірте-бірте жетіле түседі, кеңейіп отырады. Сөздің түрлі ауыс мағыналары міне, осы тұста қалыптасады. Олар. белгілі бір стильдік қажетке байланысты, сөздін, негізгі (тура) мағынасынан келіп шығады. Ауыс мағына екі түрлі: бірі — жалпы халықтық стильде, екіншісі — оған керісінше, яғни белгілі бір автордың сөз қолдануында жалғыз-ақ рет не өте сирек кездесетін ауыс мағынада келеді. Соңғыны әдетте контекстік ауыс мағына деп атайды. Сөздің осы тура, ауыс және контекстік мағыналарын мына мысалдардан анық көруге болады.
Күйме алыстап барып, сар көделі белденаса берді (М. Әуезов). Ұзақ кешкен тірлікте қай белдіңастында жүрсем де, артымда отырған бір бел — өзің едің (сонда). Қазір бетпақ даланың ойы мен қырыкөкпеңбек бояқтай (Ә. Көшімов). Қыр жолаушысы сияқ-танган саптамасы бар (М. Әуезов). Дэмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма... тәтті ауыздан дэм кетпей (Абай).
Осы үзіндідегі бел, қыр, тәтті есімдері өздерінің тура мағына-сында да, сондай-ақ ауыс мәнде де жұмсалған. Бел сөзінін, қолда-нылуы ерекше көңіл аударады. “Сар көделі белден аса берді”. Бел бұл арада өзінің нақтылы, тіке мағынасында келіп тұр. Ал содан соңғы екінші сөйлемнің бір өзінде бел зат есімін жазушы қа-тарымен екі рет әдейі қолданады. Бірақ екеуі де екі түрлі ауыс мағынада: “Қай белдіңастында жүрсем де...”. Мұндағы бел сөзі қай жерде жүрсем де дегенді аңғартады. Ал “бір белөзің еді” дегендегі бел тірек, сүйеніш ұғымында алынған. Қыр сөзі де солай. Ол да әуелі тура мәнде, содан соң ауыс мағынада қолданылған.
Тәттіауыз дегендегі тәтті сын есімінін, мағынасы — контекстік. Тәтті сөзі ауыз зат есімімен тіркесіп, көркем әдебиет пен публи-цистикалық стильдерде ғана (онда да өте сирек) алынады.
Жалпы халықтық (сондай-ақ контекстік те) ауыс мағына үш түрлі: метафоралық, метонимиялық және синекдохалық жолмен жасалады.
§ 22. Метафора
Метафораның (ауыс мағыналы не әсірелеу мағынасындағы сөз-дің) ен, көп қолданылатын жері — публицистикалық стиль мен әсі-ресе көркем әдебиет стилі. Сөздің метафоралық мағынасы шешен-дік сарындағы өсиет өлендерден, мақал-мәтелден, айтыс жырла-рынан, қиссалардан, жұмбақ пен жаңылтпаштардан, ауыз әдебиетінің өзге де үлгілерінен кездеседі. Бірақ осылардың ішінде өте-мөте көркем әдебиет стилінде жиі және әр тарап түрде келіп отырады.
(М. Әуезов). Өмір бойы кімге кездессе де ылғи тарқап кеткен ба-
62
зардың соңына ілшумен өткені ме? Өткен соц базар, Қайқан соң ажар... Сен едіц базарым (Абай). Балуан қолы Ленинніц, Ұстады заман тұтқасын (А. Сүлейменов). Бұзау тіс қамшы құйрығын шан-шып алып қайқайып барады (Ғ. Мүсірепов).
Осы үзіндідегі қараламады деген етістік метафоралық тәсілмен өзінің тікелей мағынасынан шығып, стильдік жаңа ұғымда жұм-салған. Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі — бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал, ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дәл мұндай дәрежеде кездеспейді. Поэтикалық метафора көркем әдебиет стилімен тығыз байланысты. Әрбір жазушы образ жасауда осы метафоралық сөз қолдану тәсіліне көбірек барады. Мысалы: Даусы гүжілдеңкіреп шығатын, жарықшақ үнді Ділдә Әйгерімнің жүзінен көз алмайды (М. Әуе-зов). Барлық жаңағы. жас эйелдердің шыншыл сезгіш жүздерінде жағалай дуылдап шапшаң толкын, жеңіл қызғылт нұр жүгірді (сонда). Сол кеште үнсіз қоңыр тартып, жайлау-жайлауларына қайтысты (сонда). Бұл мысалдардағы метафоралык сөз қолданыстар мыналар: жарықшақ (үн), жеңіл (нүтз), қоңыр тартып. Көркем шығармада метафоралардын, стильдік қызметі неше алуан болып келеді. Тіпті жалпы халықтық сипат алып кеткен метафораның өзін де жазушылар әдетте неше алуан сақта түрліше құбылтып, құлпырта пайдаланады.
Бұл қағазда Ғайша жүрегінің қайғысы мен өз өмірініц өкінішті арманын түгендеп, тізіп жазып еді (М. Әуезов). Сондай кездің қарсаңында өз елініц ішімен қағаздасып жату лайык, емес (сонда). Молдалар қызылды сезген қарақұстай жанталасып жүр (М. Әуе-зов). Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді (сонда). Қызылы уқырманымның мая, қырдай (Керімбеков).
Қағаз, қызыл метафоралары тура мағынада да, метафоралық мағынада да қолданылған. Жалпы халықтық сипат алып кеткен мұндай метафоралар тілімізде өте көп, бұлардың қолданылу аясы; стильдік бояуы әр алуан болып келеді.
Аласыаз қара көзі нүр жайнайды...
Бұл іске кім виноват
Я Семейдіц қаласы?
Я қазақтың аласы?... (Абай).
Осындағы аласы сөзі екі түрлі мағынада: біріншіден, тура мағынада (аласы аз көз), екіншіден, метафора ретінде жұмсалып түр. Ол көбінесе жалпы халықтық сипаттағы метафорлық мағынада (ала ауыз, ала қол, мал аласы сыртында, адам аласы ішінде, алтау ала болса тәріздес түрақты тіркестер құрамында) жұмсалады. Ал көр-кем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік қажетке орай бүл тұ-рақтылық үнемі сақтала бермейді, яғни жоғарыдағы сияқты тір-кестердің ара жігі кейде ашылып, ондағы компоненттер ара-тұра өз алдарына жеке-жеке де қолданыладң. Абай ала сөзін әділдік, адалдық, береке-бірлік, жоқтық, алауыз мағынасында, дағдылы сөз орамын өзгертіңкіреп, өзінше стильдік ыңғай беріп, жаңаша
63
қолданып отыр. Бірақ-ол бұл жерде де (ала сөзі) өзінің жалпы халықтық ауыс мағынасынан ажырамаған. Осы тәріздес стильдік құбылу тәтті сын есімнің метафорлық мағынасында да айқын бай-қалады. Мысалы, оның мына бір өлең жолдарындағы қолданы-луына көңіл аударып көрейік.
Тәтті ауыздан дәм кетпей...
Уылжыған тәтті жас (М. Әуезов).
Жақынның сөзі тәтті деп...
Мінезі тәтті болмайды...
Жылы тәтті жауап айт.
Жақсы ән мен тәтті күй...
(Абай)
, Бұл үзінділерде тәтті сөзі бес рет қолданылған. Алдыңғы екі мысалдағы ауыс мағынасы контекстік қана, яғни тәтті жас, мінезі тәтті орамдары жалпы халықтық аяда' айтыла да, қолданыла да бермейді. Ал тэтті күй, сөзі тэтті тіркесіндегі тэтті сын есімінің ме-тафоралық мағынасы ондай емес. Мұнда олар жалпы халықтық ауыс мағынада қолданылып тұр. Олай дейтініміз жақсы ән мен тәтті күй деген сөз орамы казақ окушысының қазір қай-қайсысына да таныс, түсінікті. Тәтті сөзінің қолданылуындағы стильдік ерекшелік әсіресе мына бір контексте көрінеді.
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бұл арада тәтті сөзі өзінің тура мағынасында ма, әлде жалпы ха-лықтық сипаттағы метафора ретінде қолданылып тұр ма — дәл айту қиын. Себебі оны дәл осы жолда тура мағынасында да, ауыс мағынада да алып қарауға болады. Жазушы екеуін қатарластыра, қабаттастыра пайдаланған. Автор тәтті сөзін стильдік мақсат үшін әдейі қолданып отыр. Тура мағына мен метафоралык мағына бір-бірін толықтырып, бірімен-бірі астасып кеткен. Тәтті сын есімінің мұндағы ең негізгі стильдік мәнінің өзі де осы.
Метафора біткеннің бәрі бірдей жалпылык сипат алып кете бермейді. Өйткені ол сөздің тура (лексикалық) мағынасымен және қандай стиль түріне бейім, соған байланысты. Демек, кей сөздің метафорлық мағынасы белгілі бір стильде контекстік қана болып келеді, яғни белгілі бір ғана аяда көрінеді. Мұндай, контекстік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден байқалады. Ол әр автордың өзіндік сөз қолдану шебер-лігмен байланысты мәселе. Себебі, метафора түрінде келген ондай сөз белгілі бір контексте бір-ақ рет қана ұшырасады да, басқа жерде қайтып колданылмайды. Жалпы тілдік аяда кездеспейді. Сөздің ' метафоралык мағынасы стильдік құбылыс дегенде, әсіресе оның осы контекстік мағынасы негізге алынады. Контекстік метафора сөздің жалпы халықтық ауыс мағынасынан бөлек тұрған нәрсе емес.
Р. А. Будагов атап көрсеткендей, көркем әдебиет стиліне тән контекстік ауыс мағына жалпы халықтық ауыс мағынадан келіп шығады1.
Р А Будагов Введение в науку о языке, М, 1965, 45-бет
64
Мұндай контекстік метафора үнемі жалпы халықтық сипат ала бермейді.
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек...
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Оқыған білер әр сөзді...
Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп,
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардык, (Абай).
Жоғарыдағы қызыл, тер және сөз есімдері контекстік метафо-ралар. Алдыңғысы, мысалы, сырты жылтырақ, ал ішінде түгі жоқ бос кеуде, ойсыз, жеңілтек адам деген мағынада қолданылған. Оның мұндай мағынада жұмсалып тұрғандығын жалпы контекске, яғни айналасындағы сөздердің өз ара мағыналық байланысына қарап та байқауға болады. Ақын терін зат есімі арқылы еңбегін дегенді айтпақшы. Ал сөз есімі екі түрлі метафоралық мағынада жұмсалып тұр. Біріншіден, оқыған адам әр түрлі нәрседен хабардар болады, көп біледі деген мәнді білдірсе, екіншіден, соңғы шумақта өлең (өлең шығардық) мағынасында қолданылған. Сөйтіп контекстік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильге тән ерекшелік. Ол әрбір ақын, жазушының сөз қолдану қабілетімен, жеке өзінің ғана шеберлігімен тығыз байланысты.
Жүрсе екен өлецімде жаз көркіндей
Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ыргащ
Осы екі жол өлеңдегі жасыл сын есімі жас деген мағынада қол-даныльш тұр. Мұндай контекстік метафора ғылыми, кеңсе, ресми стильдерде сирек ұшырасады. Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ырғақ тәрізді контекстік мағынадағы метафоралар сөйлеу стилінде жалпы халықтық сипат алып кете алмайды. Міне, сондықтан да әрбір жазушы өзінің кейіпкерін сөйлеткенде, сөздің әлгі тәрізді мағынасьш, яғни контекстік мәнін де үнемі талғап отырады.
Мұқандай кең ақыл, кемеңгер
Мүрдеге сияды демеңдер.
Соны ойлап тайыздар тарынар
Тереңдер тереқге тереңдер (М. Әлімбаев).
Жоғарыдағы екі сөздің метафоралық мағынасы ерекше көңіл аударады. Олар — тайыздар, тереңдер. Алдыңғы сөз — ойсыз, па-сық адамдар мәнінде жұмсалып тұр. Соңғысы тереңдер, бұған ке-рісінше — ойлы, ақыл-парасаты мол, білімді адамдар деген ұғымда алынған. Екеуінің (тайыздар мен тереңдер сөзінің) тура, лексикалық мағынасы да сондай қарама-қарсы. Ақын карсы мәнді екі сөзді стильдік мақсат үшш катарластыра, әдейі осылай жұмсап отыр. Шағын өлеңдегі стильдік ұтымдылық — лексикалық мағынасы қарама-қарсы екі сөзді жарыстыра қолдану арқылы жасалуында. Соңғы жолда бір ғана терең сөзі үш рет қайталанған. Үшеуі де метафоралық мағынада берілген: Тереңдер тереңге тереңдер...
65
Мұндай кейбір жеке сөздің ара-тұра осылай қайталанып келіп отыруы тілде жалпы бар құбылыс. Ол көбшесе көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерде болады. Мысалы, терең сын есімін Абай қарсы мәндегі үстірт сөзімен қатар алып қолданады. Екеуі де өздерінін тура мағынасында емес, метафора ретінде шендестіріледі. Үстірт сөзі бұл арада ілгерідегі тайыз сөзімен мағыналас. Абай оны сондай-ак жеке алып та, қарсы мәнді сөзбен қатар қоймай да, қосарламай да жұмсайды. Қай-қайсысында да ол контекстік метафора ретінде келіп тұр.
Аспаса ақыл қайраттан
Тереңге бармас үстірттер...
Тіршіліктің несі сән
Тереңгебет қоймаса...
Көңілге түрлі ой түсер
Эр тереңге нусқасац
Осындағы тереңге есімінің өзекті, түкпірлі, терең ойға, парасатты-лыққа, үлкен мақсатқа, үлкен іске, әрекетке деген метафоралық мағынасы жалпы халықтық емес, контекстік қана. Көркем әдебиет стилінде кейбір метафораның мағынасы тұтас бір контекст ішінде ғана айқындалады. Бұл ретте ондай метафораның контексте әлде-неше рет кайталанып қолданылатын да кезі болады. Мысалы,
Ғ. Мусірепов бір ғана қоңыр сөзінің өзін бір контекст ішінде мына төмендегіше неше түрлі құбылтып қолданған. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сәулесі Шайзаны да қоңырландырып, сурғылтқа таңдық түс береді. Үй де қоңыр,көлеңке де қоңыр. Қоңырүйдегі түрмыста қоңыр. Қоңырүйдегі жандар да қоңыр. Қоңыройлы Шайзаның әні де қоңыр. Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады.
Осы үзіндіде қоңыр сын есімі он үш рет қайталанады. Екі-ақ жерде етістік түрінде (қоңырландырып, қоңырлатып) қолданыла-ды. Ал қалған жердің бәрінде есім қалпында жүмсалған. Алынған мысалдардағы қоңыр сөзі тоғыз жерде өзінің тура мағынасында, алты жерде метафора ретінде келген (түрмыс та қоңыр, жандар да қоңыр, қоңыр ойлы әні де қоңыр, қоңырлатып өлең айтады, қоңыр күймен). Осы метафоралар контекст арқылы бірінің стильдік сырын бірі аша түскен. Шебер суреткердің қоңыр сын есімін әр сөйлем сайын осылай жарыстыра қолдануы кездейсок емес. Контекске кірген әрбір сөйлемді жеке-жеке алып талдасак, қоңыр сөзінің шын мәніндегі стильдік қызметі толық ажыратылмай қалады. Автордың қоңыр сөзін бұлай әр түрлі құбылтып қолдануынан кейіпкердің бір сәткі көңіл күйін, ішкі жан дүниесін, айналасындағы өмір құбылысымен, сыртқы ортамен органикалық байланыста нанымды суреттегенін байқауға болады. Демек, жазушының қоңыр сөзін соншама көп қайталап қолдануындағы мақсаты біреу-ақ. Ол — өзінің суреттеп отырған кейіпкерінің тұрмыс жағдайындағы тапшылықты, осыған байланысты оның басындағы көңілсіздікті, көңілінде бұдан басқа да әлдеқандай алак бар екенін көрсету.
66
Қоңыр сөзінің тұтас контекстегі метафоралық мағынасы автордың осы мақсатына бағындырылған.
Кәрі әже күндегі машығы. бойынша бесік жырын айтады... Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. Бейуағына жеткен әженің өмірлік көй-көйі (М. Әуезов). Мұндағы қоңыр күт дегендегі метафораның (яғни қоңыр сөзінің) дәл мағынасын тұтас контекске қарап қана ажыратуға болады. Автор бұл арада оны сәл бір кірбің, мұң мәнінде қолданып отыр. Біз сөзді осылай метафоралық мәнде әлденеше рет қайталап қолдану арқылы белгілі бір көркемдік мақсатқа жету — көбінесе әдеби шығарма стиліне тән ерекшелік. Сөзді жалпы қайталап қолдану сөйлеу стилінде де жиі кездеседі. Бірақ, сөйлеу стиліндегі сөз қайталаудың сипаты басқарақ. Өйткені мұндағы қайталаулардан (яғни бір сөзді бірнеше рет қолданудан) көркем әдебиет тіліндегі қайталаулардағыдай көркемдік, стильдік астар байқалмайды. Бұл айырмашылық сөйлеу стилі сарынында жазылған шығармалардан, әсіресе ондағы авторлық баяндаулардан айқын көрінеді. Мұндай, сөйлеу стилі үлгісіндегі сөз қайталаулар ертерек ксзгі, мысалы, 1920—30 жылдардағы прозада көбірек. Олар мына тәрізді болып келеді. Көшенің кейбір бұрыштарындағы панар орнатқан бағаналардық цасына, панар жағушылар келіп, жоарыдан панардыбурап түсіріп май құйып, жағуға қамданысты
(Т. Жомартбаев). Иесіне еркелеген иттей бұлаңдап жаңа келгендер ояздың алдына барып бұлаң қақты. Олардьщ бұл бұлаңдауыба-сымыздағы бағымыз қалса, сен арқылы қалар деген бұлаңдаседі
(Ә. Әбішев).
Метафоралар, яғни ауыс мағыналы не әсірелеу мәнінде алына-тын сөздер көбіне-көп көркем әдебиет стилінде қолданылғанмен, ара-тұра өзге стиль түрлерінде де кездеседі. Мысалы олар публи-цистикалық стильде де бірқатар жерде жұмсалады. Әдеби шығар-малардағы метафора мен публицистикалық, саяси еңбектердегі метафора стильдік қызметі жағынан өз ара бірдей болып келе бер-мейді. Себебі, көркем әдебиет стилінде жалпы халықтық сипаттағы метафоралармен қоса, контекстік те метафора қолданылады. Публицистикалық стильде негізінен жалпы халықтық сипаттағы метафора жиі пайдаланады, Ал публицистикалық стильден кон-текстік метафора оқта-текте ғана ұшырасады.
Бүкіл елді қамтыған бұқаралық стачкалардьң толқындары ғана қалың шаруа бұқараларын ауыр ұйқыдан оятты (В. И. Ленин. Жастар туралы, 190-бет). Әскери форма киген жүмысшылар мен шаруалар көтерілістердің жаны болды (сонда). Программага қарсы жорықты Мартынов жолдас бастады (В. И. Ленин. Таңдамалы шығармалары, „Үш томдық, I том, 317 бет).
Метафора (ауыс мағыналы сөздер) ғылыми стильде де қолда-нылады. Мұнда тек жалпы халықтық сипаттағы метафоралар, яғни ауыс мағынасы кімге болса да жақсы түсінікті, әбден орныққан сөздер ғана пайдаланылады. Контекстік метафоралар ғылыми стильде жалпы кездеспейді. Бұл — ғылыми стильдің өзіндік сипа-тымен, оған тән ерекшелікпен тығыз байланысты. Ғылыми әдеби-еттерде, оқулықтарда қолданылатын сөздердің мағынасы жұртқа
67
жете таныс, жеңіл сөздермен, оңай тілмен жазылады. Сондықтан оларда үнемі жалпы халықтық сипаттағы метафоралар ғана қол-данылып отырады. Мысалы: Бірінші топқа масса, энергия, өріс тә-різді қазіргі физика ғылымының қаңқасын құрайтын негізгі ұғым-дар жатады (Ғылыми мақаладан). Игі бастамалардық тиегі жұ-мысшы табы болды (сонда). Пирамиданың табаны тең қабырғалы үш бұрыш (Тригонометрия). Берілген конусқа іштей сызылган шардың беті сол конустың табанымен тең шамалы (Геометрия).
Метафора сондай-ақ ресми кеңсе стилінде де қолданылады. Мұнда да негізінен сол жалпы халықтық сипаттағы метафоралар жұмсалады. Бірақ стиль түрлерінін ішінде метафора жалпы көркем әдебиет және публицистикалық стильдерден жиі байқалады. Ал басқаларға қарағанда ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде біршама аздау кездеседі. Мысалы, ресми-кеңсе стилінде мына тәрізді метафоралар қолданылады:
1-статья. Жалпы білім беретін орта мектептің міндеттері: ...оқушыларды терец және баянды ғылым негіздерімен қарулан-дыру (ССР Одағы мен одақтас республикалардың халыққа білім беру туралы заңының негіздері). СССР-де халыққа білім берудің мақсаты — марксизм-ленинизм идеялары арқылы тәрбиеленген, совет заңдары мен социалистік право тэртібін құрметтеу (сонда). Халыққа білім беру жүйесінщ жэне оқу орындарының барлык, түр-лерінін, сабақтастығы... (сонда).