Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 14. Сөйлеу тілінің лөксикасы



бет5/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
§ 14. Сөйлеу тілінің лөксикасы

Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жат-пайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын,''тіпті көркем әдебиет пен публицисти-калық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұ-ларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға — қолданылу аясына байланысты. Қөбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән ондай сөздерге қ а р а п а й ы м с ө з д е р, т а б у , э в ф е м и з м , д и а л е к т и з м д е р және к ә с і б и с ө з д е р жатады.

43

§ 15. Қарапайым сөздөр



Қарапайым сөздер, табу мен эвфемиздер көркем әдебиетте әсіресе сөйлеу тілі стилінде жиі қолданылады, ол көркем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік мақсат үшін жұмсалады. Қарапайым сөздер кейде публицистикалық стильден де байқалады. Бұлардың эстетикалық, эмоциональдық әсері, бейнелілігі өте-мөте көркем әдебиет стилінде ұтымды келеді.

Биыл сен осы жиырма түлкі алғыздың-ау, Ержан.

Жиырмаға жете қойған жоқ элі...— дейді де, Ержан қолын ақмойнаққа созады. Тағы сылқ-сылқ, тағы бүлк-бүлк... Ақмойнақ қырлы стакандарға тағы да еңкейді (Ғ. Мүсірепов).

Көбінесе сөйлеу тілі стилінде айтылып, ал әдеби тіл стильдерінде сирек ұшырасатын белгілі бір сөздер бар. Олар тұрпайы мағыналы сөздер. Мұндай қарапайым сөздер ара-тұра көркем әдебиет стилінде белгілі бір стильдік мақсатта -жұмсалады.

Жастау жігіт қойнынан бүктелген қағазды шығарып, Қамилаға қарап күлімсіреді:

Мынаған доңғал басыңды басып жіберші — деп.

Жоқ, жолдас, кеңсеге бар, мөрді қалтаға салмаймын, кеңсе-де болады,— деп Камила жауапты қысқа қайырды (Б. Майлин). Скендір сияқты судырлар елдің үрейін ұшырып: (сонда).

Осы мысалдардағы доңғал бас (мөр), судырлар (белсенділер) қарапайым сөздері кейіпкер тілінде айтылып тұр. Мұндай стильдік мақсаттағы қарапайым сөздер, негізінен, кейіпкер тілінде қолда-нылады.

Сөйлеу стиліндегі кейбір теңеу құралдары әдетте тым қарапа-йым, тіпті қарадүрсін, дөрекі болып келеді. Сөйлеу стиліндегі мұн-дай сөздердің бәрі бірдей көркем әдебиет стилінде қолданыла бермей, тек авторлық ремаркада ғана ара-тұра кездеседі. Бүл тәрізді жекелеген қара дүрсін сөз қолданыс ертеректегі әдебй' шы-ғармалардың тілінде, атап айтқалда, авторлық байндауда ұшыра-сатын. Бұған сол кезгі көркем әдебиет үлгілерінен бірер дәлел кел-тіре кетейік. Алпысқа қалай қарайсын- сексенді көзіме тықты, жарықтығым. Берген жоқпын. Осы "кезде сайтандай Ерден жетіп келді; Шал елу тиынды тастағасын, “тағы бес тиын тастайын, саған да ырым болсын” деді, бес сом тастап түрған немедей (С. Мұ-қанов). Әзірленіп қойған екен, бармасаң ол да, мен де қатты рен-жимін деп талақтай жабысты. Бірақ былайғы жерде тілдегі мұндай теңеу кұралдары көркем әдебиет стилінің өзінде де сирей бастады. Өйткені, жазушылардың бірте-бірте сөз қолданудағы талғамы, шеберлігі арта түсті. Шынында да, сөйлеу стиліндегі ондай тым қарабайыр сөздер көркем әдебиет стилінің табиғатына, тұтас контекс көлеміндегі көркемдікпен еш үйлеспейді, қайта оны тұрпайыландырып нұқсан келтіріп түрады. Мысалы: Сағындық-тардан бөлінгеннен кейін сүзісуге аңдысқан бұқадай, Мурат пен Қайролла біразға дейін пәлендей басты кеңеске кірісе алған жоқ (сонда). Жұман дейтін көлбақадай тырбиған біреу менің келгенімді хош алып... (Б. Майлин). Мұндай жерде Шақшайдың қимы-

44

лына көз ілескен емес. Ол сайтанша жүреді (I. Жансүгіров). Сүлей атынан секіріп түсіп, еркелеген иттей уэкілдерге келіп, қайнаңдай бастағанда (Ғ. Мұстафин).

Сөйлеу тілі лексикасын стильдік тұрғыда сипаттағанда мына бір сала сөздерді де өз алдына бөле, жеке айту керек. Мысалы пошым, неме, “көзір”, пэленше, түгенше тәріздес қарапайым сөздердің, варваризм атаулыньщ да тіл байлығына жататыны мәлім. Бірақ олар да белгілі бір стильде ғана жұмсалады. Әлгі сөздер, мысалы, сөйлеу тілі лексикасына тән. Осы себепті көбінесе сөйлеу стилінде қолданылады. Сондай-ақ, кейде белгілі бір стильдік мақсат үшін көркем шығармада да, сықақ-мысал түрінде жазылған очерктерде де кездеседі. Ал қалған стиль түрлерінде сирек ұшырасады, негізінен көркем әдебиет стилінде ғана қолданылады.

Түбінде Абайды үлкен жазаға ұшырататын болса, бұл іс бір үлкен көзір болып... (М. Әуезов). Түпкі үйдің есігінен кептеліп бір қырынан шыққан жеқгей қолындағы бір бөлке нан мен шөлмек пошымдас ораулы газетті көргенде “бұл байғұсты бірдеме шалған екен” деді (газеттен).

Тәуір екен тапаншац

Түсі суық неме екен (I. Жансүгіров).

Пәленшені урам деп,

Түгеншені қырам деп... (Абай).

Сондай-ақ мына бір-екі сөздің қолданылуына да сәл көңіл ау-дарып көрейік. Семей облысында күндіз-түн, толассыз соғатын жаяу борасынды ақжорға деп атайды. Бұл тәріздес әзілді астары бар, бейнелі сөздер ел ішінде неше алуан. Аққұйрық есімі де сондай. Екеуі де негізінен қарапайым сөйлеу стиліне бейім тұрған сөз. Бұлардан халықтық әзіл, ирония айқын сезшеді. Қөркем әдебиет стилінде әдетте осы сала сөздер' де жиі жұмсалып, белгілі бір стильдік мақсат үшін әдейі пайдаланылады. Бірак, “ақжорға” дей-тін жаяу борасынның жүрмейтін күні жоқ. Биылғы жұт қысында ақжорға ац боранға айналмаған шақтарында күндіз-түн толассыз соғады (М. Әуезов). Терісінен соққан суык, жел ақжорғамен дала-ны омбы қарға, опқа толтыра береді (сонда). Бұл кезде тергеуші Зенковқа қат-цат “аққұйрық” дейтін делдал араласып еді; Қаттау-лы аққұйрықтар да Казанцевтің темір сандығына салынғанды (сонда).

Ақжорға, аққұйрық сөздерінін, көркем әдебиет стиліне жақын-дығын осы келтірілген үзінділерден айқын көруге болады. Бұлар ғылыми немесе ресми-кеңсе стильдеріңде қолданылмайды.

Сөйлеу тілі лексикасына стильдік бояуы жарыйан т а б у сөздер мен эвфемиздер де жатады. Табу, эвфемизм — бір-біріне мағына-лары жақын, мәндес терминдер. Әлдебір, діни нанымға, ескі әдет-ғұрыпқа байланысты айтуға болмайтын, сондай-ақ цензуралық ретпен де қолдануға тыйым салынған сөздерді табу (эвфемизм) деп атайды. Бір жағдайды, хабарды тура айтпай, тұспалдап жеткізетін сөздер де т а б у (эвфемизм) делінеді. Өйткені стиль тұрғысынан алғанда, тура сөзден гөрі (яғни ашық түр-

45

де, тура айтуға қарағанда) оны ауыстырған тұспал сөздің өзі ұтымды. Табу мен эвфемизмнің көбіне-көп сөйлеу стилі мен көркем әдебиетте қолданылатыны олардың осы ерекшелігімен тығыз байланысты.

Октябрь революциясына дейін келін ата-енесінін,, бабаларының не қайынағаларының атын атамайтын. Олармен аттас басқа да түрлі заттарды тұспалдап, басқаша атайтын. Келіннің күйеуінің туған-туыстарына қоятын аттары табу сөздерге (эвфемизмге) жатады. Бұлар көбінесе сөйлеу тілі стиліне тән құбылыс. Табу сөздер сондай-ақ көркем әдебиет стилінде де қолданылады. Себебі автор көркемдіктің шарты бойынша кейіпкер тілінде кездесетін осы тә-різді, яғни табу түрінде келетін сөздерді де қадағалап отырады. Мысалы: Шырайлым-ау күйеуіңнің онысы несі, алайын деп отыр-ғанда сені тастап кеткені қалай (Б. Майлин). Жаным-ау, алпам-садай болған кім десем, мынау кенжем ғой... Әйгерімнің кенжем дейтіні Оспан болатын... Кенжем! Түнқатып шыққансың ба? Алыстан келген жолаушыдайсың ғой. Әйел ілгеріде күйеуінің де, жасы үлкен жалпы еркек атаулының есімін айтпай, “әлгі”, “үлкен кісі” дейтін. Келін немесе жас әйел тарапынан айтылатын табу (эвфемизм) үнемі бұлай жеке сөз түрінде келе бермейді. Қазақ тұрмысында бұрын-ырак кезде тұтас бір ауыл түгелдей үлкен аталарының атымен аталатын. Мысалы, ауыл егер Сексен деген кісінің атымен аталса, оны жүзден жиырмасы кемнің ауылы дейтін салт болған. Сөйлеу стиліндегі табудын (эвфемизмнің) бұл түрі ғылыми стильден, ресми-кеңсе стилінен, тіпті публицистикалық стилден де кездеспейді. Ол негізінен сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стиліне тән.

Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем ауылының жігіттері қайда жатады екен?

Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім.

Тэңірі деген, жүзге жиырмасы жетпесе сексен болмайтын ба еді!

Е, Сексен ауылының жігіттері ме? ... Жүзден жиырмасы кем ауылының жігіттері, далаға шығыңдар! Қатындарың қарға батып жатыр (Ғ. Мүсірепов).

Адамға байланысты әлде бір жайсыз, суық хабарды, ауыр жағ-дайды сарт еткізіп айтып салмау да әріден келе жатқан ескі әдет. Мысалы, қазақ тілінде өлді дегенді әр түрлі астарлы сөзбен айтады. Өлді дегеннің орнына қолданылатын астарлы, ауыс маганалы сөздер де табуға (эвфемизмге) кіреді. Табудың (эвфемизмнің) осы түрі де көбінесе сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилінде қолданылады. Себебі, сөйлеу стилінде, әсіресе көркем әдебиет стилінде “өлді” дегеннен гөрі, жан тәсілім қылды, үзілді, өтті, көшті тәрізді етіп айту жат, суық хабарды жіңішкелеп, өте бір жұмсақ, нәзік түрде жеткізу (суреттеу) жағынан алғанда, жатық, ұтымды. Оны мына бір үзінділерден анық көруге болады.

Осы күннің ертеңінде суық сыбыс анық боп, Бөжей қайтыс бол-ды деген хабар да жетті. Өткен түні, ел жатар кезде жан тәсілім қыпты (М. Әуезов). Сол сэтте Мағаш үзіле берді (сонда). Соның артынан, ұзак, түннің баяу таңы жаңа сызат беріп ата берген шақ,-

46

та Әбіш үзілді (сонда). Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Ұлы кеуденіц ыстық демі тоқталды. Өмірден Абай кетті (сонда).

§ 16. Диадектизмдөр. Көсіби сөздер



Диалектизм, кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Солай екенін оларды стиль түрлеріне қатысы жағынан алып талдағанда айқын көремізі Бірақ, диалектизм мен кәсіби сөздердің стильге қатысын бірдей деуге болмайды. Өйткені бұ-лардың өзді-өзіне тән ерекшелігі, бір-бірінен айырымы бар. Қәсіби сөздер диалектизмге карағанда,Көркем әдебиет және сөйлеу сти-лінде көп кездеседі." Белгілі бір-көркемдік мақсатпен әдеби шы-ғарма тілінде жұмсалады. Сондай-ақ, публицистикалық стильден де байқалады. Диалектизм ғылыми, ресми-кеңсе стилінде де қол-данылйды. Кәсіби сөздер қажетіне қарай стиль түрлерінін, қай-қай-сысында да бола береді. Кейбір кәсіби сөздің диалектілік те сыңары болуы мүмкін. Кәсіби сөздің ондай диалектизм түрінде келетін сыңары (яғни варианты) стиль түрлерінің бәрінде бірдей қолда-нылмайды\

Қөркем әдебиет стилінде кейбір диалектизм әдеби тілдік бала-масы бола тұрса да қолданылады. Бұл — таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Қейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көбірек қайталап қолдануға тура келеді. Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады. Бірақ Жамбыл облысы тұрғындарының тіліндегі ашық-машық сөзі сияқты диалектизм сөз қайталаудан қанша қашқанмен де, көркем әдебиет стилінде, авторлық ремаркада қолданылмайды. Осы ашық- машық (топса), немесе Жайық маңында аманбыз, сау-сәлеметбіз деген үғымда жұмсалатын мұз қара көк (мұздай қара көк деп те айтады) тәрізді диалектілік қүбылысты автор сөзінде қолданудың орынсыздығын былай қойғанда, кейіпкер тілінің өзінде де үнемі ұтымды бола бермейдічДемек,жергілікті тілдік ерекшелікті көркем әдебиет стилінде қолдануда да белгілі бір шек бар^

Диалектизмнің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі_—авторлық ремаркада, екіншісі — диалогта. Авторлық ре-маркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда,- диалектизм аз қол-данылады Тәжірибесіз қызалак, еш нэрсе түсінбесе керек...Қ,ыза-лақ сэби өзі де дэл көгершін тэрізді (сонда Қанат ағай Қары.нбай бөлесін көз нәлетімен атып, басын шайқайды... Бригада мүшелері-нің бәрі де Тоғайәліге көз нәлеттерін жаудырды (сонда). Дауысы пэтті шықты ғой, не бітіріп қайтты екен (Ә. Нұрпейісов). Күн кеш-тете күндізгі ыстықтық пэті қайтайын деді (сонда).

Ақын, жазушылардын, қай-қайсысының да шығармасынан (мүмкін біреуінде аз, екіншісінде одан көбірек болар) диалектілік ерекшелік кездеспей отырмайды. Өйткені, әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері — таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қоса белгілі дә-

47

режеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Мұның көркем әдебиет стиліне еш оғаштығы жоқ. Мысалы ат жегу деудің орнына кей жерде ат шегу деп те айтады. Соңғы — диалектілік ерекшелік — ж мен ш дыбысының алмасуьл Осы ал-масу көркем әдебиет стилінде оқта-текте бірлі-жарым басқа сөзден де байқалады^өркем әдебиет стилінде кейде жеке сөз түріндегі, яғни лексикалық диалектизм де кездеседі.Мысалы:

Абай күз бойы өзінше бір ощшау, жалғыз оолған. Қөбінше дом-быра тартып, күй күңіренте береді. Шешен қоңыр домбыра биыл тіпті ділмэр болып алғандай. Көп-көп сырлар айтады. “Саймақтың сары өзенін” тартса да, “Қос қыздыц жылағанын”, “Боз торғайдың шырлағанын тықдаса да баяғы сарын көп жайды баян ететін болды”1^Шақ, қана үн қатып, иек қаққан белгі атқан еді (М. Әуезов). Шалқалап барып шақ қалдым... Шаршап, талып, шақ жеттік (Ә. Сәрсенбаев).

Көркем әдебиет стиліндегі авторлық ремаркада шырлағанын, шақ, қызалақ, пәтті, пәті, көз нәлеті тәрізді жергілікті диалектілік ерекшелік сирек ұшырасады. Көркем әдебиет стилінде диалектизм көбінесе диалогта қолданылады. Автор жергілікті жердің тіл ерек-шелігін, сөз байлығын аңғартуды көздеп, кейіпкердің қай жақтың адамы екенін байқату үшін әдейі қосады. Ал әдеби тілдегі стиль-дерде: ғылыми еңбектерде, саяси әдебиеттерде, оқулықтарда, ресми стильде диалектизмдер көркем әдебиет стиліндегі сияқты қол-данылмайды.

Ал кеңсе іс қағаздары стилінде жергілікті жердің тіл ерекшелігі оқта-текте кездесуі мүмкін. Бірақ ондағы диалектизм көркем әдебиет стиліндегімен бір емес. Көркем әдебиет стиліндегі диалог-та қолданылған диалектизмге қарап, кейіпкердің қай жердің адамы екенін, қай жердің жергілікті тіл ерекшелігімен сөйлеп тұрғанын бірден білуге болады.

Осы қылғаныңа исі Үйсін, Дулат мұқым тегі улы жүз баласы мың мэртебе алғыс айттық саған. Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын. Тағын айтқын, айтқылашы, інішегім. Кеудеме, саңылау көрмеген кеудеме нұр төккендей болдың-ау, мүдем тегі (М. Әуезов).— Абай дария болғанда бы-лайғы жүрген бэріміз жар шұқанақ екеміз гой тәйір, шіркін. Бірді күлдіріп, бірді жұлдырып айталы десек те, табатынды таппаппыз да... Көріп отырмыз, о яғын айтпай-ақ қойғын (сонда).— Еше сол Абайдыц Пушкин, Лермонтовтан қазащша жазғаньм білесіц бе?... А, еше, ол сөзді мен есітпей бомайды (сонда).

Диалектизмге қарағанда, кәсіби лексиканың қолданылу аясы кеңірек. Лексиканың бұл саласына белгілі бір аймаққа ғана тән

1 Әуелде “дұрысы жырлағаның болар, әлде бір кездейсоқ қатеден осылай шырларанын болып кеткен шығар” деп ойлаған едік. Бірақ олай болмай шықты. Қітаптың барлық басылымын (1942, 48, 53, 55, 61 жылы шыққандарын түгел қарап шыруға тура келді. Бәрінде де 364, 373, 363, 364, 351-беттерді кара) — шырлағанын. Жазушынын, өз қолжазбасында қалай екен деп, оны да қарадық. Онда да осылай — шырлағанын делінген (ЛММА. КПР. № 2. 421-бет).

48

кәсіп түрлерімен, мысалы, көмір өнеркәсібімен, мақта балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ғы әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің , қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе аймақтағы жергілікті халықтьщ күнделікті ауыз екі тілінде және сол облыстың газет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лек элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқала. Мысалы:

Мен бүгін сүген үстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан га-на ілініп тұр екен. Ол неменіц асау болатыны қайдаЗ^

Қыста балықта қауқар қала ма.

Балықтық ішінде, жарықтық, бекіре ғой жуасы...

Онан көрі берегіректе, балық тоңдататын үлкен мұз қала бар. Мұз қаланың түкпірінен еңгезердей біреу шықты. Бұл осы промсолда қара жұмысшы. Жаз айларында балықты бабына кел-тіріп түздайтын солельщик (Ә. Нұрпейісов).

Жазушы мақташы не балықшы өмірін суреттеуді мақсат етсе, ол сол шаруашылық саласында бұрын-соңды пайда^болған термин сөздерді, жаңа атауларды аттап кете алмайды.^ Автор оларды көркем әдебиет стилінің шарты бойынша ретіне қарай, қажетінше пайдалана білуге тиіс. Өйтпейінше жазушы өзінің алдына қойған көркемдік мақсатқа толық жете алмас еді. Жоғарыдағы тәрізді белгілі бір кәсіп адамдары туралы жазылған шығармада кәсіби лексика элементтерінін, азды-көпті кездесіп отыратыны міне осы себепті.

Пароход енді сол барған жолын кеңейтуге кірісті. Енді экспе-диция үш мотор, он шақты мотофлюгаларға, кішкене қайықтарға бөліне тиеліп, “айқасца” ұмтылды... Қақпақтары ашылған трюм тереңінен іркілдеген ақ майлар шорши қарғып палубаға түседі. Екі ит балықты екі қолына алып Ақмамбет те кубрикке құлайды. Рубка ішінен тек алдыңғы бағытты болмаса, өзге тұсты болжай алар емеспін (Ә. Сәрсенбаев).

Осы үзіндідегі ит балық, сүген, бекіре, ақ май, мұз қала, пром-сол, солельщик, пароход, экспедиция, мотор, мотофлюга, қайык, трюм, кубрик, рубка атаулары кәсіби лексикаға жататын сөздер.

Мұндай жеке термин түрінде қалыптасқан кәсіби сөздерді көмір өндірісіне байланысты да келтіруге болады. Ондай кәсіп түріне қатысты арнаулы терминдер мен әр түрлі атаулардын, тым'жиілігі шығарма тілінін, жалпы көркемдігіне нүқсан келтіреді. Сондықтан, жазушылар әдетте кәсіби сөздерді өздерінің шығармаларында тек орнымен ғана пайдалануға ұмтылады. Оны, мысалы, мына бір үзінділерден айқын көруге болады.

Шахты асты. Негізгі штректің оң жақтағы еңбектеп жүретін лаваның жоғарғы, ең түбінде, үңгірде 5 адам шамдарын кірептер-ге іліп қойып, көмір шауып жатыр. Штректегі сырылдаған вагон даусы далаға жарыққа шыға алмай қабырғаға соқтығып, көмір сияқты опырылып, ұнтақталып жерге түсетін сияқты (С. Ерубаев). Жер астында уклон, штректерден соңғы бұл бір үлкен жол, бірсы-

пыра лава, пештердің көмірі осымен өтеді.,

49

Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі дәрежеде көркем әдебиет стилінен де көруге болады. Мысалы, әлгі штрек, лава, уклон, креп дегендер сол 1920—30 жылдарда өндірісте жиі кездесіп отырады.Бірақ, халық шаруашылығының неше алуан са-ласындағы атап айтқанда, ғылым мен техникадағы, сондай-ақ-өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті өзгеріске сәйкес бұлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды\ Айталық “Менің құрдастарымнан” “Қарағанды” романы әлдеқаида соң жазылды. Онда да өндіріс өмірі, кеншілер тұрмысы суреттеледі. Кәсіби лексикада кейін пайда болған атаулар, тың ұғымдар бұл шығарманың тілінен де айқын сезіледі. Мысалы: Алдында қос темір жолдың түйіскен басында барабан. Барабанға оралған сталь арқанның екі ұшы екі вагонеткада... Көміршілердіц қолында — врубмашина, электровоз, электрлі балға, конвейерлер ойнайды... Машина қайланы жойса, темір астау адам терін суша төккен, ташке, шана түгілі лавадан вагонеткаларды қуды. Электр теңсеген рештак ондаған адамнан өнімдірек істесе де, экім қанағаттанбапты (Ғ. Мұстафин).

Кәсіби лексика публицистикалық стильде де, мысалы, түрлі жол жазбада, очеркте т. б. ара-тұра қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады^

Сонымен МРС-“;а барып реюшка алдық. Онымыз желкенмен жүретін үлкен қайық.— Қайықты басқарушы кім?— деген менің сұ-рауыма: “Бұл араның тілінде ондай басқарушыны көршік дейді... Мәштің (мачта — кеменің ортасында желкенді көтеретін діңгек) жоғаргы жартысына көлденең жайылып, жарғанаттың қанатына ұқсап керіліп тұрған парызды Мүсілім оң қабыргадан сол қабырғаға шығарды (С. Мұқанов).

Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр алуан қаулы-қарарда, есеп до-кументтерінде, анықтама-мәлімет қағаздарында, 'яғпи ресми-кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ак ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданыла-ды. Мысалы: “Бұл айтылған анықтамалар, мысалдар және фактілер (распор, сүзгі, ақаң, шаң т. б.) профессионалдың лексиканың жаргоннан жэне кейбір элеуметтік топтардыц тіліндегі өзгешелік-тен (аргольщ т. б.) айырмашылығын ашып көрсетеді. Профессио-налдың лексиканың элементтері эр алуан кэсіптің өндірістіц туып дамуымен байланысты жасалады жэне лексикалық (завод, цех т. б.), лексика-семантикалыщ (ұйық, балық ұйығы т. б.), мор-фологиялық (ұйық, ұю т. б.), стилистикалық (мықын, жылымның мықыны т. б.) жағынан ерекше өзгешелікке, кәсіпшілік, өндірістік сипатқа иелік етеді” (Ғылыми мақаладан).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет