Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев



бет8/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
§ 23. Метонишш

Метафораға қарағанда, метонимияның (ауыс мағынасы бір, зат пен екінші бір заттың өз ара ұқсастығының негізінде жасалатын сөздердің) қолданылу аясы әлдеқайда тар. Метафора стиль түр-лерінің қай-қайсысында (бірінде аз да, басқасында одан көбірек) қолданылатын болса, метонимия мүлдем олай емес. Метонимия тілдегі стильдердің бәрінде бірдей қолданылмайды. Ал ғылыми стиль (тіпті қоғамдық ғылымның өзінде де) мен ресми-кеңсе сти-лінде жалпы кездеспейді. Оның көбірек қолданылатын жері — көр-кем әдебиет стилі. Метонимияның көркем әдебиет стиліндегі қол-данылуы метафорадан гөрі өзгешелеу: яғни бұл екі тропаның жа-зушы шығармаларындағы жұмсалу дәрежесін бірдей деуге болмайды. Өйткені, метонимияны көркем әдебиетте қолдану мәсе-лесі, яғни оның шығармадағы аздығы немесе көптігі ең алдымен әрбір жеке автордың сөз қолдануындағы өзіндік шеберлігімен ты-ғыз байланысты. Шығармада метонимияны қолдану үшін белгілі дәрежеде шеберлік кажет. Метонимияның кей жазушыда“азырақ, кейінде одан көбірек болатыны міне осы себепті. Осы тұрғыдан алғанда, метонимияны М. Әуезов пен Ғ. Мүсіреповтің қолдану ше-берліктері ерекше көңіл аударады.

Теңіз қарнын семсердей тілгілеп жүрген жалғыз өзі рана емес екенін көкқасқа енді абайлады. Өзімен ата тегі бір Азат-мая нэсі-лінің естияр еркектері түгел құтырынып, олар да жарқырап ағып,

68

жорық әнін салып жүр. Теңіз астында найзағай көбейген, жарқыл-дау көбейген. Сол найзағайлар барлық ана балықтарға ұлы жо-рықтың бет алысын, жөнін сілтейді (Ғ. Мүсірепов).

Жазушының мұндағы найзағай деп отырғаны — көкқасқа тә-різдес ата балықтар. Әрине, “Теңіз астында ата балық көбейген. Сол ата балықтар барлық ана балықтарға ұлы жорықтың бет алысын, жөнін сілтейді” деп те жазуға болар еді. Бірақ мұның көркем экспрессивтік, эмоционалдық бояуы алдыңғыдан әлдеқайда солғын да, өте көмескі. Жазушы соны алдын ала ескеріп, ата балық деудің орнына найзағай метонимиясын әдейі және өте тапқырлықпен, дәл қолданып отыр. Демек, метонимия — көркем әдебиет стиліне барынша тән құбылыс Көркем әдебиет стилінде метонимияны қолдануда қалыптасқан мынадай бір тәсіл бар. Мысалы, әлгі найзағай зат есімін немесе сондай басқа бір сөзді метонимия дәрежесінде келтіру үшін, алдымен оны -дай (дей) қосымшасын жалғап, бір рет қолданып алады. Бұл метонимияның қандай мағына білдіріп тұрғанын аңғару үшін де қажет.

Көкқасқа бұлардан ығысқан жоқ. Қанды ауыздар тобын қақ ортасынан найзағайдай жарып өтті. Құлқын. тырбаңымен жүрген-дер найзағайды қалай ұстай алсын, ауыздарын. ашқан бойы қала берді (Р. Мүсірепов). Алғаш кездескен құламадан аналықтар да көп іркілмей өтті... Бір сэт құлама үстінде күміс қанжар лақтырысып, ойнап жүрген біреулер бардай еді. Төменнен жоғары қарай лақтырған қанжарлар күн көзінде бір жарқ етіп қалды да, суға шаншыла түсіп жоқ болды (сонда).

Жоғарыдағы найзағай метонимы тәрізді, мұндағы қанжар ме-тонимы да сол балық мағынасында қолданылған. Метонимия көр-кем әдебиет стилінде тек жеке сөз түрінде ғана емес, тұтас бір орам, тіркес болып та келіп отырады. Мұндай орам түріндегі ме-тонимияның мағынасы да жалпы контекстен аңғарылады. Мето-нимияның өзіндік осы ерекшеліктеріне байланысты, ол өзге стиль түрлерінің көбінде қолданылмайды. Метонимияның табиғаты, оған тән сипат-ерекшелік көркем әдебиет стилінде ғана жан-жақты, то-лық көрінеді. Бұған ілгеріде келтірілген үзінділер де, сондай-ақ мына бір мысал да әбден дәлел бола алады.

Алдыңғы күні Ержан аңшы үйіне екі түлкі әкеліп еді. Екеуі де алтайы қызыл, алтындай жымыңдайды екен... Қалың қызыл алтынның бетінде азғана ақ қылаң күміс сызықтар бар

(Ғ. Мүсірепов). Жемсауын шалқайта ұстап, темір найзаларын тоса бврді. Тырнақты да білекті екен (сонда).

Бұл үзіндідегі метонимиялық мәнде жүмсалғандары: қалың қызыл алтын және ақ қылау күміс сызықтар, темір найзаларын деген сөз орамдары.

69

§ 24. Синөкдоха



Сөздің синекдохалық мағынасы басқа стиль түрлеріне қарағанда әсіресе сөйлеу стилі мен көркем әдебиет, публицистикалық стильдерде көбірек байқалады. Ал ғылыми, ресми-кеңсе стильде-рінде ондай дәрежеде кездеспейді. Синекдоха өте-мөте көркем шы-ғармада неше алуан стильдік мақсатта жұмсалады. Бұл жеке жазушылардың тіл байлығымен, сөз қолдану шеберлігімен бай-ланысты.

.. .Құнын айтпаймын. Бірақ, Қарашоқыны қайтесің? Ол мына баланың сыбағасы емес пе еді? (М. Әуезов). Қарашолақпен алғаш тоғысқан жерде тайталаста, біздің қостың абыройын айрандай төк-ті-ау (сонда). Амандаса келген, қайырлы болсын айта келген Бай-сал, Құлыншақ дәл бүгінгі күн амандасу емес, Бөкенші, Борсаққа қыр көрсете келіп тұр (сонда).

Алдыңғы сөйлемде Қарашоқыны емес, сол жерде өлтірілген Қодарды қайтесің деген мағына берілген. Сондай-ақ қостың абыройы, Бөкенші, Борсақ деген жеке сөз тіркесі мен жалкы есім-дер де осындай ауыс мағынада қысқа қайырылған, яғни соңғы екі мысалда әңгіме қостың өзі туралы емес, онда тұратын адамдардың абыройы жөнінде және Борсақ, Бөкенші руларының адамдары жайында болады. Бұл сияқты сөздер көркем әдебиетте кейіпкер тілінде де, авторлық баяндауларда да келе береді. Әрине, “қостың абыройы” тіркесі қостағы адамдардың абыройы жөнінде айтылғаны түсінікті. “Қарашоқыны қайтесің” дегендегі Қарашоқы “Қодар өлтірілген жер” мағынасында қолданылып тұрғанын оқушы контекске, шығарманың сюжет желісіне қарап түсінеді.

Әдетте қандай бір зат не құбылысты дәл өз атауымен атамау, яғни оны басқа белгісімен, не бір бөлшегімен атау дағдысы күнделікті сөйлеу тілі аясында, сондай-ақ түрлі жазба еңбектерде, әсіресе көркем шығарма стилінде де кездеседі. Бірақ бір атауды осылай синекдохалық мағынада жұмсауда коммуникативтік функциядан гөрі, стильдік мақсат басым жатады. Синекдоха тәсілі арқылы жасалатын стильдік реңк қазіргі көркем шығарманың қай-қайсы-сының тілінен де аңғарылады.

Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді... Ділдә келісімен ас жа-салып, төр де, шымылдық іші де ас жеді (М. Әуезов). Менің ал-дымнан жемірілген өкшелер жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты (Ғ. Мүсірепов). Термостар біресе поселкеге қарай, біресе шықырауға қарай жөңкіледі. Өзге тамақтар азаяр емес (сонда).

Шынында да, синекдохалық сөз қолдану тәсілі көбіне-көп сөйлеу тілі табиғатына бейім тұрады. Сөздің метафоралық, метонимиялық мәнінен гөрі, синекдоханың білдіретін мағынасын оқушы әдетте оңай байқайды. Ол (синекдоха) осы ерекшелігіне байланысты көркем әдебиет стилінде көп те және барынша жан-жақты пай-даланылады. Жазушылар оны өзінің айтайын деген ойына әлде бір әзіл нышанын, юморлық өң беру үшін де жиі колданады. Мысалы: Үйлерінде қонақ жоқ, оцаша шығар дем ем. Жаңағы арбаның үс-

70

тіне тиеп қойған сақалдарың немене? Сақалдарын тамашалайым деп, өздерін танымай да қалдым. Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар?... Абай таңертеқ түрып, беті-қолын жуып, Дэмежанның шайына асықпай кеп отырғанда түндегі бұл сұраған сақалдар бірі артынан бірі шұбыра кеп еді... Жаңағы сақалдар Абайдан бұрын қол қойып еңсере тиіскенде... (М. Әуезов). Сақал-мұртына мұз к;а-тып, шақыр-шұқыр басып келген кім десем, ауыл екен ғой (сонда). Синекдохалар сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданы-лады. Олар күнделікті баспасөз бетінде әр тарап болып келеді. Мұнда да сол белгілі бір ойды ықшам түрде, ұғымға қонымды етіп жеткізу мяқсаты көзделеді. Мұндай мақсатта жұмсалған синек-дохалардың қай-кайсысы да жалпы халықтық сипат алған. Сон-дықтан оның мағынасын кім де болса бірден дәл түсінеді. Мысалы мына бір үзінділердің өзінен-ақ оны анық байқауға болады.

Бұл турнирге еліміздің 200-ден астам былғары қолғап шебер-лері қатысты (газеттен). Үлкен кілемнің айла-тәсіліне қанық аға буын спортшылармен бірге жастар да кубок жолындағы сынға тү-седі (сонда). Араб мемлекеттерінің нығая түсіп келе жатқан бірлігі Тел-Авивті ерекше алаңдатып отыр (сонда). Ақ үй президент

Р. Никсонньщ мэлімдемесін таратты (сонда). Тель-Авив арабтарды қорқытуға тырысып... (сонда). Бұл іс Пекиннің тым нашар бүркемеленген қытымырланушылығын да туғызды (сонда). Си-некдоха қолжазба түрінде жазылған публицистикалық мақалаларда да жиі қолданылады. Оның стильдік кызметінің өте әр тарап-тылығы, көркемдік жағынан да соншалықты ұтымдылығы публи-цистикада айқын көрінеді. Мысалы, бір колхоздағы екі Социалистік Еңбек Ері жөнінде жазылған мақаладағы жұлдыз деген синекдо-хаға көңіл аударайық.

Аға, қай отарға тартамыз?

— “Қос жұлдыздың” аулына

-Бұл кісі біздің “Қос жұлдыздың” жасы үлкені---

Күнболат Сейітов... Серікті “Қос жұлдыздың” екіншісі — Нұртай Шаймерденовты шақырып келуге жіберді... “Қос жұлдызбен” әңгімелесе, пікірлесе келгенде шопан еқбегінің ауыр да абыройлы екеніне қанықтық... Осынау “Қос жұлдыздың” еқбек жолдары соның куәсы болғандай (газеттен).

§ 25. Сөздің көп мағыналылығы жәнө омоним



Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады. Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да

71

(айдай, ай десе аузы..., Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жет-кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қол-данылып тұр. Төрт жердегі ай сөзінің ұғымы басқа-басқа болға-нымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. Омоним де осын-дай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; ай Айша, бері келші; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағына-лы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат — зат есім, ат — етістік. Алайда, бұл екі “ат”-тың ара-сында да, сондай-ақ жоғарыдағы “ай”-лардың арасында да мағы-налық байланыс жоқ. Екеуі жеке-жеке екі сөз. Көп мағыналы сөз бен омоним стиль түрлеріне қатысы жөнінен де өзді-өзіне тән ерек-шеліктері, айырмашылығы бар, бір-бірінен алшақ тұрған құбы-лыстар. Енді осы екеуін стильдік сипаты жағынан жеке-жеке алып талдайық.

Сөздің көп мағыналыры жалпы халықтық ауыс мағынаның негізінде жасалады. Көп мағыналы сөз қай стильде болса да қол-данылады. Бірақ оның ең көп жұмсалатын жері — көркем шығарма.

Бер жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден денесін жасыра бастады (М. Әуезов). Қалаға барып ескі көздерді көрген соң, қыр есіңнен шығып кетті (сонда).

Бүгінгі күн түрленген қынаулымын

Айналамда көз де көп сынаулымын (сонда).

Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сұлу сағымдай, жазғы-тұрғы мамық түсті бұлттай болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Қасымның үміті, жарық күні де батты,. Сізді мен күтке-мін, ол кезде сіз үшін кіммен болса да, кетісуге шыдағамын. Бірақ ол күндер өтті (сонда).

Бұл үзіндідегі көз және күн сөзінің екеуі де көп мағыналы. Екеуінің осылай түрлі-түрлі мән алуы көбінесе көркем әдебиет стилінің табиғатымен тығыз байланысты. Өйткені, жазушы мұнда әрбір тілдік құбылысты белгілі бір көркемдік мақсатта қолдануға тырысады. Ал ондайға әдетте көп мағыналы сөздер бейімірек. Мы-салы, жоғарыда келтірілген көз сөзі әуелі адам деген ұғымды, одан соң таныс мағынасын, соңғы сөйлемде ел (жұрт) мәнін білдіріп түр. Көз есімінің әр алуан мағынасын осылай түрліше ыңғайда пайдалану — жалпы сөз қайталаудан қашқандық. Көп мағыналы күн сөзінің стильдік қолданылу аясы бұдан да әр тарап. Соны авторлар көркем әдебиет стилінде өте шебер пайдаланады. Ілгерідегі мысалда күн сөзі кез, уақыт (шақ) мәнінде алынған. Бірақ стильдік жатықтығы жағынан әжесі тірі болған кез (уақыт) деуден гөрі әжесі тірі болған күн деген ұтымдырақ. Сондай-ақ қайғысыз, қамсыз шағы (кезі), ол кез (ондайга бел байлаған кез), ол уақыт дегенге қарағанда, үмітті жарық күні, ол күндер (өтті) деп алғанның көркемірек екенін, стильдік жағынан ұтымдылығын оңай байқауға болады. Әсіресе күн есімінің көп мағы-

72

налылығы сөйлеу стилінде, өте-мөте көркем әдебиет стилінде жан-жақты көрінеді. Ол тіпті бір ғана Абай өлеңдерінің өзінде неше алуан стильдік астар береді. Солардың (бәрі емес) кейбірі мына тө-мендегі тәрізді:

Не күн туды басыңа...

Не қорлық, құр қылжаңмен күн өткізбек...

Ит қорлық немене екен сүйткен күні...

Сасып қалдым күн тығыз

Тың тұяқ күнім сүйтсе де

Қор болды жаным

Сенсіз де менің күнім...

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз (Абай).

Күн сөзі мұнда не зор (туды), қиын-қыспақ не жағдай, уақыт, кез, өмір, келешек деген тәрізді мағыналарда жұмсалған. Сөзді осылай әр қырынан алып, түрлі мәнде қолдану, яғни көп мағыналы сөзді бұлай пайдалану публицистикалық стильден де (жоғарыда айттық), сөйлеу стилінен де ара-тұра байқалады. Өзге стильдерде: ғылыми, ресми, кеңсе қағазы стильдерінде көп мағыналы сөздің қолданылуы мүлдем басқаша.

Көркем әдебиет стилінде ақын, жазушылар өздерінін, шығарма-ларында көп мағыналы кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар альш та жұмсай береді. Жарыстыра пайдаланады. Ресми, кеңсе, ғылыми стильдерде көп мағыналы сөзді пайдаланудың бұл түрі жалпы сирек кездеседі. Мысалы, жаңағы күн сөзінің, сондай-ақ көп мағыналы жан зат есімінін, бір сөйлемдегі қайталануына сәл көңіл аударып көрейік.

Сонымен кәрі әженің ықтиярынан бір күн шет жайлап көрмеген Жәмеш алдыңғы күнін өз бетімен ойлаған да жоқ-ты (М. Әуезов). Әжесі өлген соқ, көңілінде бір күн тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ (сонда). Мейрам күннің түс мезгілтен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайрақдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр (сонда). Келер күні күн көтеріле бере... кәнігі Қөкқасқа көп ұзамай Құламаға кезігетіндерін сезінді (Ғ. Мүсірепов).

Бұл күніме бір күні

Боламын ғой деймін зар...

Менің де күнім күн емес...

Екі күймек бір жанға эділет пе,

Қаны қара бір жанмын, жаны жара (Абай).

Соңғы екі жол өлеңде жан сөзі үш рет келтірілген. Екі жерде адам мағынасында (бір жанға, бір жанмын) алынған. Одан соңғы, яғни ең кейінгі жолдағы жан көңіл, ақыл-ой, сана деген мәнді аң-ғартады (жаным жара, көңілім қаяу, уайымдымын, мұңдымын деген тәрізді мазмұнда айтылып тұр). Ал бірінші жолда автордың осы екі мағынаны қайсысында алып отырғанын дәл басып айту қиын. Өйткені оқушы оны адам ұғымында да, сондай-ақ тура жан мағынасында да түсінуіне болады. Автор бұл сөзді бірінші жолда осы екі мағынада тіпті бірдей алғанға да ұқсайды. Сөздің көп мағыналылығымен байланысты мұндай өзгешелік көркем әдебиет

73

..тілінен жиі ұшырасады. Осы ерекшелік ғылым мен техника жөнін-дегі зерттеулерден, оқулықтардан үнемі байқала бермейді.

Жоғарыдағы екі жол өлеңде үш рет қолданылған жан есімінің мағыналық сипаты әр басқа, яғни стильдік қолданылуы жағынан осы үш жердегі жан сөзі өз ара бір емес. Сөздің көп мағыналығы мен стилистиканың бір-біріне қатысы деген мәселе міне осы тұр-ғыда аңғарылады.

Бұл сөздің осы бір стильдік ұтымдылығы, яғни оны жоғарыда аталған екі мағынасында қатар қойып жұмсау тәсілі көркем әдебиет стилінде жалпы жиі кездесіп отырады. Жан есімі әлгі екі түрлі мағынасында, кейде бір өлең жолының өзінде-ақ бүлай іркес-тіркес келіп отырса, енді бірде ол басқарақ ыңғайда, бір-бірінен сәл алшақтау да қолданылып келеді. Мысалы:

Тән сүйгенін бермесе,

Жан шыдамас жаны ашып...

Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?/..

Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ...

Сүйер жансып, “сүйкімді бет берем” деп...

Қысылған жерде жан жалдау...

Сол досты сая таппай іздейді жан.

Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім (Абай).

Жауымнан айырған жан алсын дейін,

Әлібек жаны болса іле қусын, (М. Әуезов).

Бір жанына сыйып тұр бар дүниенің мол жаны,

Талай жан өткен екен шамшырақтай

Айтыста ақылымен жан шыдатпай (О. һайям).

Бір сөзді осылайша қайталап қолданудың нәтижесінде оның стильдік қызметі, мағыналық аясы кейде сәл өзгере түседі. Сөйтіп, стильдік қолданылу ерекшелігіне қарай көп мағыналылығы барын-ша айқын көрінеді. Мұны ілгерідегі үзіндіден байқауға болады: Сүйкімді тірі жанға неткен жансың... Бұл жолдағы жан сөзінің бі-рінші қолданыстағы ұғымы ел дегенге бейімірек. Ол тірі есімімен мағыналық байланысқа түсіп, елдің бәріне (бар елге) дегенді біл-діріп тұр. Ал бұған жарыстыра қолданылған жан есімі кәдімгі адам мәнінде алынған. Демек, автордың айтайын дегені. елдің бәріне сүйкімді не еткен адамсың деу. Бірақ ақын бұл ойын осылай созалаңға салмайды, шұбалтпайды. Қайта көп мағыналы бір сөздің өзін әр түрлі мәнде қатарластыра алып жұмсайды. Солай еткендіктен өлең жолындағы әрбір сөз стильдік жағынан өз ара ұтымды орайласқан, ондағы ой да анық. Жан сөзінің көп мағына-лылығымен байланысты сөз қолданыстағы осындай стильдік ұтым-дылық прозалық шығармалардан да кездеседі. Жанды жеген азаппен қиналып шыққан Қарагөзді білген жан жоқ (М. Әуезов). Қостадым, жаным, жаныңмен үріккен зарыңды (сонда). Соңғы мысалда да жан есімі екі түрлі мәнде қолданылған, алдыңғысында айналайын, қарғам тәріздес мағынада алынған да, кейінгіде өзінің тура ұғымында жұмсалып тұр. Демек әр түрлі стильдік ыңғайда құбылтып қолданудың нәтижесінде жан сөзінің көп мағыналылығы бұл сөйлемде өзінің тағы бір қырын аша түскен.

74

Тілімізде сондай-ақ көп, мал сөздері де көп мағыналы болып кездеседі. Мұның да қолданылудағы стильдік аясы әр жақты. Жеке бір сөздін, әр түрлі мағыналары әдеби тілдегі стильдердін, бәрін-де де және сөйлеу стилінде де (рас бірінде аз, екіншісінде одан көбірек) қатар келтіріледі. Бірақ солардың ішінде көп мағыналы сөздің қолданылуындағы осы бір стильдік ерекшелік көбінесе жеке ақын, жазушылардың тілінде белгілі бір көркемдік мақсатқа байланысты барынша ерекшелене түседі. Мысалы:

Абұйыр, атақ сол жанда

Кімді көп жұрт мақтаса.

Ол мақтаудан не пайда

Көп мақтауын таппаса,

Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек

Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек...

Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің...

Мал құмар көңлі — бек соқыр,

Ақыл таппак,, мал таппақ, адал жүрмек...

Арын сатқан мал үшін ант ұрғаннық (Абай).

Жоғарыдағы жолдардағы көп есімі де, мал сөзі де ғылыми стильде, кеңсе, ресми, іс қағазы стильдерінде дәл мұндай дәрежеде қолданылмайды. Жалпы көп мағыналы сөзді сан алуан құбылтып, көбінесе көркем әдебиетте, сондай-ақ публицистикалық стиль мен ара-тұра сөйлеу тілінде, қоғамдық ғылым саласындағы зерт-теулерде пайдалануға болады. Өйткені ауыс мағына да, ауыс ма-ғынадан келіп шығатын көп мағыналық та әуелі соларда жиірек қалыптасады.

Көркем әдебиет стиліндегіге қарағанда көп мағыналы сөзді әсіресе қатар алып қолдану жағы публицистикалық стильде сирек ұшырасады.

Моральдық басымдықты” қайткен күнде де қолдай отырып, күн сайын шамалы болса да табыстарға жетіп отыру керек (В. И. Ленин. Жастар туралы, 219-бет). Сондықтан жұртшылық жұмысының болашағы бұлыңғыр, күні күңгірт еді (“Ғани Мұратбаев”, 1972). Ал СССР чемпионаты мен кубогы жолындағы жарыстар да көп көңілінен шығуда (газеттен).

Қөп мағыналы сөз кейде ғылыми стильде де қолданылады. Мы-салы сағат сөзі бір сөйлемде өзінің екі түрлі мағынасында да ара-тұра қолданылады.

Егер сағат әр сағат сайын согып отыратын болса, ол бір тэулік ішінде неше рет соғады (Алгебра).

§ 26. Омоним



Омонимдер (сырт формасы, дыбыстық құрамы бірдей, бірақ білдіретін мағынасы әр түрлі сөздер) жеке тұрған қалпында стиль түрлерінің жалпы қайсысында да қолданыла береді. Омонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдануға келгенде, стиль түрлерінің бәрінен мұндай ерекшелік байқалмайды. Оларды бір контексте, не

75

*бір сөйлемнін. өзінде дәл осылай өз ара жарыстыра пайдалану кө-бінесе публицистикалық стиль мен сөйлеу, көркем әдебиет стиль-дерінен айқын көрінеді.

Омонимдердің әдеби шығарма стиліндегі көркемдік қызметі әр түрлі. Бұл — әрбір жазушының шеберлігімен байланысты құбылыс. Бірақ көркем әдебиет стиліндегі омонимдер мен сөйлеу стиліндегі омонимдерді бір-бірінен ажыратуда біраз қиындық бар. Себебі, көркем әдебиет стилінде қолданылатын омонимдердің көпшілігі — күнделікті сөйлеу стилінде әбден қалыптасып, жалпы халықтық сипат алып кеткен сөздер. Ал бұлардан басқа, көркем әдебиет стиліне бейім тұратын омонимдердің қашан да контекстік сипаты басым болып келеді. Сырт тұлғасы бірдей, екі сөздің өз ара омонимдік қатынасы белгілі бір контекс ішінде ғана байқалады. Мысалы: Қара түнде қара баспаса, Ертісті арлы-берлі кезген қайықшыны қашан көрдің (М. Әуезов). Мысалдағы түс мәніндегі қара сын есімі әдебиеттегі албасты мағынасындағы қара сөзімен омонимдік сипат алып тұр. Бірақ қара сөзі осы контексте ғана омоним бола алады.— Қара қасқа кедей болсам да, қара ниет болмаспын деуші ең. Жамандық сенің жатың еді. Қасиетің сол еді. Сен қартайған шағыңда бізді қара басайын деді ме (М. Әуезов). Мұндай, контекстік (стильдік) омонимдер ақын, жазушыларда біркелкі бола бермейді. Өйткені жоғарыдағыдай контекстік омо-нимдердің көркем әдебиет стиліндегі колданылуы автордың сөз қолдану шеберлігімен байланысты.

Аяғыңды аңдап бас, ей Жақсылық!

Өз басыңда жының бар бір бақсылық,...

Қарсақ жортпас кара адыр,

Қарамай неге шабасың...

Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір1 (Абай)

Қызған жанға жану деген сөз емес (Сағди)

Туғандай еді әдет арнап шешесі

Жандырсын деп, жігіт жанын өртесін (сонда).

Суы молдыгына және ақ от, қара отына қарап қоныс етеді (М. Әуезов). Кәрлі көздерін бір түйреп қалып, қат-қабаттап өрген темір сымдай шор саусақтарын тоса берген кәрің, ұстасса-ақ ай-

1 Осы жолдары алдыңғы жүз — сан есш, кейінп жүз — ар, ұят мағынасында қолданылып тұрған зат есім. Демек бұлар омонимдер Қазақ тілінде дыбыстык. құрамы, яғни сырт түлғасы осылармен бірдей, бірақ мағынасы басқа және бір сөз бар Ол — кіші жүз, орта жүз, ұлы жүз дегендердеп жүз Мұның, мағынасы жөнінде айтылып жүрген пікір әр түрлі Ал, бұл сөз жайлы біздің ойымыз ол пікірлерден өзгерек Мысалы, А Габәннің неміс тілінде жазылған Көне түркі грамматикасында (Леипциг, 1950 357 бет) жүз деген жеке-жеке үш омоним қатар келтіріледі Бұл үшеуінің соңғысы звено (цепи), колено, поколение (“Глиед”) мәніндеп сөз екен Көне түркі тіліндегі осы сөз тува, хакас тілдерінде казір дыбыстық құрамы жағынан сәл басқашарақ болып, яғни чүс түрінде “сустав” мағынасында айтылады, ал алтай тіліндегі “йүстүк” “кольцо” мәнінде колданылады (В И Рассадин. Фонетика и лексика тофаларского языка Улан-Уде, 1971, 199) Міне, осы деректерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі әлгі кіші жүз, орта жүз, ұлы жүз дегендердегі жүз сөзі ұрпақ, буын деген мағына білдіреді демекпіз Екіншіден, қазақ тіліндегі бұл буын, ұрпақ мағынасындағы жүз сөзі — сонау, көне түркі заманынан келе жатқан құбылыс.

76

ырғакда, ұйқасқа құрылған. Мысалы: сабыр түбі — сары алтын, сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа, қысыла-қысыла қыз болдым, айтпа, айтқаныңнан қайтпа, аманат, аманатқа қылма қиянат т. б.

Фразеологизмдердің өлең тәрізді осындай ырғаққа, ұйқасқа құрылуының өзі кездейсоқ емес. Тұрақты сөз тіркестерінің ұмы-тылмай ұзақ жылдар “өмір сүру” сырының өзі осы ырғақ пен ұй-қасқа құрылуында болу керек. Өйткені ырғақ, ұйқасқа құрылған мақал-мәтелдер мен шешендік нақыл сөздер белгілі бір қалыпта айтылып көңілге қонымды, жаттауға оңай келеді. Бұл жалпы фра-зеологияның табиғатына тән қасиет.

Жоғарыда келтірілген фразеологиялық бейнелік мәнерлегіш тәсілдердің барлығы да дайын тілдік единица ретінде жұмсалады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет