Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев



бет6/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
§ 17. Кітаби лөксика

Кітаби лексикаға саяси әлеуметтік терминдер, әр алуан техни-калық атаулар т. б. жатады. Бұлар өздерінің стиль түрлеріндегі қолданылу аясына қарай бір-бірінен өз ара ерекшеленеді. Мысалы

50

ғылыми стильде, әр түрлі оқулықтар тілінде терминдер, техникамен байланысты сан сала атаулар көбірек ұшырасады. Мысалы:

Химиялык, элементтердің барлығы дерлік тотықтар түзе алады: Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді: Негізгі жэне қосымша топша дегеніміз оттек бойынша валенттілігі бірдей... (Химия). Өз ара перпендикуляр екі жасаушы арқылы жүргізілген қиманың ауданын табыңдар: Берілген түзуден берілген жазықтыққа пер-пендикуляр етіп... (Геометрия). XIX ғасырдың аяк; кезінде белгілі болған оптикалық құбылыстар жарықтың толқын түрінде тарала-тынын көрсетті. Сол толқындар таралатын орта шартты түрде эфир деп аталады (Физика). Үлгі баулар бойынша өнімді есепке алу дәнді дақылдарға, жэне талшықты жэне жемшөптік дақылдарға қолданылады. Мөлдектен түскен дэннің өнімін мына теңдеу бойынша есептеп шығарады (Биология).

Химия, биология, физика оқулықтарында кездесетін тотықтар, қышқылдар, топша, оттек, валенттілік, теңсіздік, теңдеу, шама, қо-сынды, көбейтінді, жанама, диаметр, кесінді, перпендикуляр, жа-саушы, қима, түзу, жазықтық, жарық, толқын, эфир, тығыздық, тербеліс, серпінділік, дақыл, мөлдек сөздері қазақ тілінің лексика қорына жататын сөздер. Олар ғылыми стиль саласында термин ретінде, атау түрінде қалыптасты. Бұл сөздер көбінесе зерттеу ең-бектерде, оқулықтар тілінде қолданылады. Ал көркем әдебиетте, ресми-кеңсе, публицистикалық стильде сирек ұшырасады. Лекси-калық топтардыд осылай бір-бірінен ара жігі ашылып, өз алдарына даралана түсуі, бас-басына сараланып шығуы — әдеби тілдегі функционалдық стильдердің, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерінің әрқайсысыньщ өзіндік табиғатына, мазмұн-мақсатына байланысты. Әрбір стильдің негізгі және қосалқы белгілері болады. Шығармада бастан-аяқ лексикалық қүрамдағы байыргы сөздердің мол қолданылатындығы көркем әдебиет стилінің негізгі белгісі.

И. Р. Гальпериннін, атап көрсетуінше, ғылыми стильдің мұндай не-гізгі белгісі — термин сөздердің жиілігі1. Рас, ғылыми стильдің ауызша формасында сөйлеу тілінің ерекшелігі недәуір орын алуы мүмкін. Бірақ термин сөздердің, әр түрлі атаулардың жиілігі бұл ретте де сол негізгі белгі ретінде ерекшеленіп түрады.

Дәл ғылым саласындағы арнаулы терминдер мен атаулардың стильдік сипаттамасын жоғарыдағы зерттеу еңбектерден, оқулық-тардай; келтірілген мылсалдардан айқын көруге болады. Осы ретте, яғни қазақ тілі лексикасының стильдік сипаттамасына тоқталғанда, қоғамдық ғылымдармен байланысты қалыптасқан термин сөздер де ерекше көңіл аударады. Өйткені дәл ғылымға тән терминдер мен атауларға қарағанда, қоғамдық ғылымдар саласына байланысты қалыптасқан терминдер мен атаулар қай стильде болса да жиірек кездесіп отырады. Мына бір үзінділерді алып көрейік.

Танымның сезімдік жэне рационалдық сатыларын қарастыра

1 И. Р. Гальперин. К проблеме дифференциации стилей речи. Жинақ: Проблемы современной филологии М., 1965, 69—71-беттер.

51

келіп, олардьщ бір-бірімен тығыз байланысты екенін тағы да атап өткен жөн (Философияның бастауыш курсы). Алғашқы. қауымдық құрылыстағы ең көне семья формасы топты некеге негізделген. Жұп семья тағылық дэуірдің соңында қалыптаса келе, варварлық дәуірде эбден кэмелетіне келіп, қоғамдағы басты семья формасына айналды. (X. А. Арғынбаев. Қазақ халқындағы семья мен неке. Монография). Қоғамдық қордан эрбір семьяның алар үлесінің ар-туы, жұмыс жэне өзгеруі — бәрі де ғылым мен техниканыц еркін уақыт арақатынасының соңғы. жетістіктерін сарқа пайдаланумен астарлас істер (ғылыми мақаладан). Осындағы таным, сезімдік саты, рационалдық саты, топты неке, жұп семья, варварлык,, қоғамдык, щор, еркін уақыт терминдері көбінесе ғылыми стильде, саяси әдебиеттердің тілінде қолданылады. Олар сондай-ақ ресми-кеңсе, сөйлеу стилінде де кездесіп отырады. Дәл ғылымда техникада қалыптасқан терминдерге қарағанда, қоғамдық ғылым саласындағы терминдер әр түрлі стильде жұмсалады, яғни бұлардың стильдердегі қолданылу аясы кеңірек. Қейбір сөзді ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде қолдану өрескел көрінеді. Ал оны көркем әдебиет стилінде пайдалануға әбден болады. Мысалы: Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді (М. Әуезов). Қарагөздің Сыбанбай аулына барғысы келмей жүретіні паш болып қалған (сонда). Ал 28 октябръде Қазақстанның биыл да мемлекетке миллиард пұт астық бергені дүние жүзіне паш етілді (газеттен). Бұлар ұзын бойлы, сіңірлі, өңшең атан жілік, атпал азаматтар көрінеді (М. Әуезов). Құнанбай жүз елудей атпал азаматқа ец жүйрік аттарды мінгізіп, қолдарына тегіс сойылдарын тастатып, айбалта, найза бергізді (сонда).

Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,

Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр (Абай).

Сэбидің көп жуылған жөргегіндей

Сайын қыр қалған екен сары ала боп (Қ Мырзалиев)^.

Мұндағы атпал, қарындас, паш, сайын — көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильде жиі колданылады. Бұл сөздер ғы-лыми стильде, ресми іс-қағаздары стилінде кездеспейді. Өйткені атпал да, сайын да, ағайын-туыс, бауыр мағынасындағы қарындас та қазіргі сөйлеу стилінде сирек айтылады Паш сөзі көбінесе көтеріңкі стильге тән.

Қітаби лексикада Совет өкіметі тұсында аударма әдебиет арқылы, кальки жолымен қалыптасқан тіркеме, айналым, сілтеме, біріншілік, кіріс, шығыс, жүлдегер, сүрлем, пішендеме, шамшырақтар, аманат, бесжылдық, озаттар тұғыры, қолқат, шешім, қарар, қаулы, сенім қағаз тәрізді толып жатқан балама сөздер, терминдер, әр түрлі ұғым атаулары неше алуан. Бұлардың да стильдік сипаты, қолдану аясының кеңдік дәрежесі бірдей емес. Мысалы, әсіресе ресми-кеңсе стилінде айқын көрінеді. Семьяға көмек көрсету мақсатымен оқу-материалдық база болған жағдайда күн ұзағына болатын жалпы білім беретін -мектептер немесе күн ұзарына

52

болатын топтар құрылады (ССР Одағы мен одақтас республика-лардың халыққа білім беру туралы заңының негіздері). Қвалифи-кациясын арттырған және ойдағыдай тапсырған адамдарға квалификациялық емтиханды алган мамандығы жэне разряд, класс, категория берілгені туралы бірыңгай формадағы куэлік беріледі (сонда).

Жоғарыда келтірілген әр сала сөздер, термин мен түрлі атаулар жалпы жазу тәжірибесінде қай стильде болсын үнемі қолданылады. Кітаби лексикаға жататын неологизмдер де осылай жиі жұмсалады. Ал архаизмдер бұларға қарағанда әлдеқайда сирек жұмсалады.

§ 18. Көнерген сөздер мен неологизмдердің ңолданылуы



Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Се-бебі халықтың әлеуметтік өміріндегі: өнеркәсіптегі, ауыл шаруа-шылығындағы, ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қой-майды. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным, әр түрлі әдет-ғұ-рып, күнделікті пайдаланып келген жекелеген үй мүлкі, шаруашы-лық бұйымдары халық тұрмысында бірте-бірте азайып, кейін ақыры мүлдем жоғалып кетеді. Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіре бастайды, өте сирек қолданылатын болады. Мысалы: би, болыс, старшын, елубасы, онбасы, отарба, қосын, бэйбіше, тоқал, әмеңгер, күндес, сеп, ояз, дулыға, шарайна, дуан, ұя, пері, періште, даю, азан, ысқат, отамалы, өлара, тоғам, сәукеле, жыға, барымта, қүн, дабыл, кит, ілу т. б. Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады. Қөнерген сөздер архаизм және историзм болып екіге бөлінеді.

Ел өміріндегі, халық шаруашылығындағы ұдайы болып жататын қарқынды дамуға сәйкес небір жаңа ұғымдар, көптеген тың сөздер қалыптасады. Солардың бұл жерде кейбірін ғана атауға болады. Мысалы, спутник, планетааралық станция, салмақсыздық, атом мұзжарғышы, көрермен, оқырман, балмуздақ, аялдама, жүлде, айналым (бірінші айналым дегендегі), көпсайыс, бессайысшы, космос, космодром, космонавт, астронавт, шамшырақтар, тілші (тіл зерттеуші), тілші (газет тілшісі), әзірлік сапы т. б. Бұл тәрізді нео-логизмдер тілімізде өте көп. Ал қазіргі көркем әдебиет стиліне, сөйлеу стиліне қатысы жағынан алғанда бұлардың (көнерген сөздер мен неологизмдердің) әрқайсысыныд өзді-өзіне тән ерекшелігі бар.

К ө н е р г е н с ө з д е р ара-тұра сөйлеу стилінен де кездесіп отырады, әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, тарихи шы-

53

ғармада жиі ұшырайды. Мысалы, исі, игі, селебе, келе, би, болыс, елу басы, он басы, ауылнай, старшын, тоқал, бәйбіше және осы сияқтылар әдеби шығарма стилінде белгілі бір көркемдік мақсат үшін жұмсалады. Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы ту-ралы шығарма жазуда автор сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі атауларға зер салып, сол өзі суреттеп отырған уақыт-тың тілімен сөйлетеді. Көркем әдебиет стилінде қолданылатын көне сөздердің мағынасы қазіргі оқушыға, әсіресе жастарға көбінесе түсініксіз болып келеді. Мысалы келе сөзі қазақ тілінде ағайын ауқымы, елі-жұрты, ортасы, сөзге, қатарға деген ұғымда да, жол-жора, рет-жөні, айтыс, талқы деген мәнде де жұмсалады. Тентегі үшін келесі қарыздар болмаса. Осы елге, өз келеңе келгенде осы отырған бэрімізге салық. Мына Тобықтының ағайын келесі сендерге бір сөзді сынатқалы отырмыз. Олар сойыл соғар. Бірак, келеге әсте кірген емес. Ас келесі солай ғой. Жұрт келесіне салармыз. Ел келесінен қалыспайтын пысық сөзуар, өзі мыс-қылшыл Абралы отыр (М. Әуезов).

Бағы, тауарық сөздеріне келсек, бұлар осы күнде жиі айтыла-тын, әркімге әбден түсінікті баяғы, тарих есімдерінің көне форма-сы. Мұндай сөздер көркем әдебиет стилінде, мысалы тарихи тақы-рыпқа, бұрынғы өмір жайлы жазылған шығармаларға, жазушының өз баяндауына көбірек жарасымды. Сондай-ақ тіліміздегі арсы, дабыл, шың — бұлар да көне сөздер. Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы — арман, тілек мағынасын білдіретін сөз. Жоғарыда аталған келе,- арсы, дабыл, шың, бағы, тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте және ғылыми стильде кездеседі. Ғылыми еңбек тілінде ілгеріде аталған көне сөздердің бәрі бірдей кездесе бермейді, оқулықтарда және бір атау түрінде келген, нақтылы мағыналы көне сөздер ғана қолданылады. Мысалы: дабыл, шың, сауыт, елу басы, старшын, тоқал, әмеңгер тәрізділер. Ал онда исі, игі, келе, селебе, арсы, бағы сияқты көне сөздер негізінен қолданылмайды. Бұлар ресми, кеңсе, іс қағаздары стилінде жалпы сирек ұшырасады. Сөйлеу тілінде, публицистикалық және көркем әдебиет стилінде олардың бәрі (нақтылы мағыналы атау түріндегі көне сөздер де, абстракт мағыналы көне сөздер де — қай-қайсысы да) кездесіп отырады. Дабыл, сауыт, шың сияқты көне сөздер эпостық жырларда жиі болады.

Алтын терек арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің дейді Әйгерім сазы. Бұл жөнінде бағы заман ғұламалары жазып кеткен дағуалар бар. Оралбайды жеңгенімен, өмірді, тауарықты жеңе алмас. Шәке ерінің қасына байлаған дабылды қатты даңғыратып, соғып жіберді. Шыңды шабуыл жалғыз көзді жал-мауыздыц өзіне беттеп жөнелгенде (М. Әуезов). Алдына дабыл төңкерген, Артына сауыт бөктерген... Барабан соғып, шың қағып (Қобыланды).

XIX ғасырдағы әкімшілік атауларының ішінде әсіресе болыс және би есімдері ерекше көңіл аударады. Өйткені осы сөздерге байланысты әр алуан терминдік сөз қолданыстар қалыптасты. Мы-

54

салы: болыс, болыстық сайлау, болыстық старшын, болыс кеңсесі, төбе би, “тіретей” би, “тіретей” билер, долынжы би, урядник, стражник, аға сұлтан, кандидат, атшабар, елу басы, он басы, поч-табай, ояз, ол тұста сондай-ақ кұн, барымта, дуан, дуан басы, қол, қол басы, жатақ, бас жатак,, орта жатақ, аяқ жатақ, жасауыл, дүре, майыр, приказдың бастығы, үкілі почта, “еңбекшерік”, “кәсіп-шерік”, қарашырын, недоимка сияқты көне сөздер де айтылды. Көпшілігі историзм, біразы — архаизм. Қазір қай-қайсысы да негі-зінен көркем әдебиет стилінде (онда да тарихи шығармаларда), ғылыми стильде (тарих оқулықтарында және осы тақырыпты зерт-теу жұмысының тілінде) ғана қолданылады. Оқта-текте ресми және сөйлеу стилінде (баяндама, лекцияда) жұмсалады. Архаизмдер ресми-кеңсе стилінде өте аз кездеседі. Олардың ең көп қолда-нылатын жері — көркем әдебиет стилі. Оны мына бір үзінділерден айқын көруге болады.

Сыбан, Тобықты, Қерей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты (М. Әуезов). Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой (сонда). Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді (сонда). Осында “еңбекшерік”, “кәсіпшерік” болысып орналасып қалган көптеген елдің үйлері бар (сонда). Мұндайлық айналма пәленің ашық аты — “недоимке”, “қарашығын” және биыл түскен “түңдік басы” (сонда). Өтеп біріншінің старшыны еді (сонда). Соның Дәмежан қорасы тұрған жағы. бас жатақ атанады (сонда). Дуаны бұл болыстардан бөлек болса да, жері көршілес Керей де бар. Жасауыл әр шақырганға келмейді (сонда). Енді бұл қосын өздерінен баск,а дүниеден түгел қол үзіп жалғыз қалды (Ғ. Мүсірепов).

Соңғы сөйлемдегі қосын көне сөзі тарихи тақырыпқа жазылған публицистикалық еңбектерде де қолданылады. Публицистикалық стильде, сондай-ақ, өзге де кейбір көне сөздер кездеседі. Мысалы серіктік қосшы ұйымы, қосшы одағы (союз қосшы), ортақшыл жастар, астыц салғырты, азыц-түлік салрырты, тұтыну салғырты т. б.

Ғани бастаған жігерлі, жас қосын тірі (“Ғани Мұратбаев”, 1972). Бұл жағдай болмайынша нағыз пролетарлың саясатты жүргізуге де, астық салғыртын дұрыс бөлуге, оныц өндірісін ұлғайтуға, т. б. болмайды (В. И. Ленин жастар туралы, 1972, 206-бет). Бұлар тұтыну салғыртына қатысты (сонда, 212-бет). Міне бұл сасық сарқын кейін ортақшыл, жастар ұйымына да өзінің дағын салды (“Ғани Мұратбаев”, 1972). Түркістан советтерінің халық ағарту комитеті президиумының жиылысында қощы одағы, жастар ұйымы жөндерінен қандай мәселелер қаралса да... (сонда). Коммуналар, серіктіктер және артельдер өкілдерініқ жалпы. жиналысы мұны талқылап, мұндай әдісті қолдану шынында да коммунар мен серіктіктерді ныгайту ірінде зор құрал болатынын түсінеді (В. И. Ленин. Тандамалы шығармалар, 3-том, Алматы, 1963, 326-бет).

55

Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің даму барысында да кейбір атаулар көне сөзге айналады. Мысалы, бодия, атбарабан, қайла, бу (шахтадағы), жезл, суфляж, жарты казарма, толкач пионер (темір жолдағы), жылу мөлшері, жылу беру, жылу алмасу, жылу сыйымдылық (физикадағы) қазір жалпы пайдаланылмайды. Бірақ ғылыми стильде осылардың қай-қайсысы да қолданылады. Қейбіреуіне мысал келтірейік.

Бірак, жылу тегі теориясының негізінде қалыптасқан “жылу мөлшері”, “жылу беру”, “жылу алмасу” жэне “жылу сыйымды-лық” тэрізді ескі ұғымды білдіретін терминдер физикада қалып. қойды (ғылыми мақаладан).

¥ÿ, ñåріктік, кандидат топтары, азық-түлік салғырты тәрізді біраз көне сөз кезінде, яғни сол 20—30 жылдардың ресми-кеңсе стилінде де қолданылған. Мысалы: Бұдан былай бірнеше колхозға ие бірнеше ауылға ортақ ұялар, иә кандидат топтары құрылмасын (газеттен). Ұсақ кәсіп кәперетсесі брындарының жұмысын қайта құруға белсеніп қатынасып, артелъдщ, серіктіктің кэперетсе-шаруашылық жағын нығайтуға айырықша көңіл бөлінсін (сонда).

§ 19. Неологизм



Неологизмдер стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында, тіпті сөйлеу стилінде де азды-көпті қолданылады. Олар көбінесе ғылыми стиль мен публицистикалық стильде жиі ұшырасады. Өйткені неологизмдер көбіне-көп сонда , (сол стильдерде) қалыптасады. Бірақ, көркем әдебиет стиліндегі неологизмдер мен өзге стильдер-дегі неологизмдер бір емес. Осы екі сала неологизм бір-б.іріне ұқ-самайды. Мысалы, оқырман, балмұздақ, аялдама, жасанды жер серігі, кіші механизация, Қазақстан сағаты, биікшілер, озаттар тұ-ғыры, ұстаз —- бригадир тәрізді жеке сөз не бір тұтас тіркес (орам) түрінде келетін неологизмдер бар. Бұлар әсіресе публицистикалық стильде жиі көрінеді. Сондай-ақ ресми-кеңсе және көркем әдебиет стилінен де кездеседі. Ғылым мен техника саласындағы неологизм-дер өте көп. Олар сол ғылыми стильдің өзінде жиі пайдаланылады. Неологизмнің сондай-ақ тағы бір түрі бар. Ол_— контекстік неоло-гизмдер. Бұлар публицистикалық, өте-мөте көркем әдебиет стиліне тән.

Жоқтықтың барлыққа жіберген келгіні біз дегендей шаттана жайнайды (М. Әуезов). Шабарман емес, сабарман ғой (сонда). Тоғжанды жылаулар жүрекпен жоқтайды, (сонда).— Абай аға міне осындай жылаулар жайымен келдім. Жылаулар халықтың қа-сынан табылсам дейтін бопты. Тағы да Мағашқа алғаш өткен күндердей ағылып, төгіліп келіп жатқан жылаулар көп (М. Әуе-зов). Ал мұндай неологизмдер үнемі жалпы халықтық сипат ала бермейді. Жеке жазушының шығармасында ғана кездеседі. Көркем әдебиет стиліндегі неологизм әдетте әлдебір тосыннан жасалған, мүлдем жаңа сөз емес. Неологизм (көркем-әдебиет стилінде, публицистикалық стильде) тілде жалпы бұрыннан бар, белгілі

56

сөздің негізінде жасалады. Жазушы иә ақын тілдегі дайын үлгі (модель) бойынша сөздің тұлғалық жағына түрлі өң беріп, өзінше кұбылтып қолданады. Ал өзге стильдерде (сөйлеу тілі, ғылыми, кеқсе, ресми стильдерде) неологизмнің мұндай контекстік түрі кездеспейді. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде-гі неологизмдер өте әр тарап болып келеді. Ал, малдан, бұ байғус-ты, сөзді созба Балалат, Қолбасалат сал ауызға... Ал, гүрсілдет! Балғалат! Ал, ұрандат! Алғалат (I. Жансүпров). Советстан, біздің стан, Совстан (С. Сейфуллин). Сенің арың арлайтыным өмірде

(Б. Майлин): Жүз әулие, мың пір кеп милағанмен (С. Торайғыров). Мен колхозда төлшімін (Т. Бердияров). Сүйем мен өлмейтұғын жыршылықты (С. Баймолдин). Біріншілік, көрермен, жүлде, жүлдегер, шамшырақ неологизмдері қазақ тілінде осы он-онбес жылдың ішінде көбірек қолданыла бастады. Бұл сөздер әуелде кальки жолымен пайда болды. Бірақ, уақыт өте келе қолданылуда тосаңдығы сезілмей кетті. Олар қазір публицистикалык стильде жиі кездесіп отырады.

Әлем мен Европа біріншіліктерінің көрермен қауымға қалдыр-ған эсері ерекше екені баршаға мәлім (газеттен) Еліміздіқ күміс жүлдегері С. Муқашев сияқты балуандар да рвспублика намысын қорғайтын болады (сонда). Жүлде жаңа міндеттерді шешуде алдағы уақытта да талап деңгейінде көріне беруді жүктейді (сонда). Қараңғыны жарық қылып, ленинизм сәулесін ашып беріп келе жатқан шамшырақтардың бірі Гани еді (“Ғани Мұратбаев”, 1972).

Соңғы мысалдағы шамшырақтар нсологизмі ғылыми стильде де қолданылады. Одан және еш тосаңдық байқалмайды. Әсіресе халық шаруашылырының барлық саласында, ғылым мен техникада, мәдениетте қалыптасқан неше алуан терминдер мен не бір түрлі жаңа атаулар, балама сөздер кездеседі. Солардың кейбіріне мысал келтіре кетейік.

Совет Одағы дүние жүзіндегі жалғыз социалистік мемлекеттен бүкіл социалистік елдердің үлгі тұтарлық шамшырағына айналды (ғылыми мақаладан). Өнер табушылар мен жаңашылдардың бүкіл одақтық қоғамының мүшелері жыл сайын көбейіп келеді (сонла).

Неологизмдер қоғам дамуына байланысты стиль түрлерінің бәрінде де жасалады. Бірақ бірінде көп болса, екіншісінде одан азырақ мөлшерде кездеседі. Жаңа сөздердің тіліміздегі стильдердің кай-қайсысында да қолданыла беретіні міне осы себепті. Олар сондай-ақ ресми-кеңсе стилінде де жиі жұмсалады.

Өлшемдік қуаты / миллион киловат жэне одан да артык, реак-торлар орната отырып, ірі электр станцияларын салу жолымен атом энергетикасын анағурлым өркендету көзделсін. Жарыстың жария-лылығын арттыру жөтндегі бұқаралық-саяси, ұйымдастырушылық жұмыс күшейтілсін (Қазақ ССР партия-шаруашылық активі жиналысының қаулысы). Тиісті министрліктер мен ведомстволар аспаптың жэне ультрадыбысты қондырғылардың алуан түрлерінің жылжымалы құрамының шу деңгейін азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға міндетті (КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің қаулысынан). СССР Министрлер Советінің

57

Өнертапқыштық пен жаңалық істері жөніндегі Мемлекеттік комитетіне өнертабыс экспертизасының сапасын түбегейлі жақсарту тапсырылды (сонда).

Міне, қоғам дамуымен байланысты жеке сөз осылай қолданудан біртіндеп шығып қалады не жаңадан пайда болып жатады. Қоғам дамуы сондай-ақ белгілі дәрежеде адамдардың рухани-эстетикалық жетілуіне де, олардың өздерін қоршаған дүниені экспрессивтік, эмоционалдық тұрғыда түйсінуіне де, жалпы сөз мағынасына да әсерін тигізеді.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет