Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында əр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлылығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауа- дан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан жəне жер астының
ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы əр жерде əрқилы. Бір жерлер- де топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшы- лау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі əртүрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.