Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет95/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың жылулық режимі. Топырақтардың дамуы мен өсімдіктердің тіршілігі үшін жылу керек. Топырақтың жылулық қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің бірі. Топырақ жылуы белгілі бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда өсімдіктер тамыры өсе бастай- ды. Жылу əсерінен микробиологиялық жəне химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Топырақ жылуды негізінен күн сəулесінен, оған қоса топырақтың жоғарғы қабатынан, жердің ішкі қызған қабаттарынан, сонымен бірге топырақтағы микробиологиялық про- цестерден, тірі жəндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жану- арлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының суға айналуы- нан, судың булануынан алады. Сонымен, топырақтағы жылу режимі

  • жылудың күн сəулесінің топыраққа түсіп, оның қабаттарына еніп, жоғарыдан төмен қозғалып, қайтадан ауаға оралу процесі.

Топырақтың жылулығы топырақтың температурасымен белгіленеді. Температура тəуліктік, апталық, айлық, маусымдық жəне жылдық көрсеткіштермен ажыратылады.
Топырақтың жылулық режиміне ауа райы, өсімдік, жер бедері, қар жамылғысы, топырақтың механикалық құрамы, ылғалдылық пен түсі əсер етеді. Əртүрлі топырақ күн сəулесінен əртүрлі

15–1427
225



қызады. Ашық түсті топырақтарға қарағанда, қара шіріндіге бай қара топырақ пен қара қоныр топырақ анағұрлым тез жылына- ды. Ал құмдақ топырақтар балшықты топырақтарға қарағанда, тез жылынады. Дегенмен, ол топырақтар тез арада суиды. Ылғал топырақтармен салыстырғанда құрғақ топырақтар тез жылынады. Ылғал топырақтардың баяу жылынатын себебі, ондағы суды жылы- тып, буландыру үшін көп жылу жұмсалады.
Құм топырақтар саз топырақтардан құрғақтау болғандықтан анағұрлым тезірек жылынады. Топырақтың жылулығына оның орналасқан жері де əсер етеді. Мысалы, оңтүстік баурайдағы топырақтар солтүстік жағымен салыстырғанда жақсырақ жылына- ды.
Топыраққа берілген жылу оның бөлшектерімен, су жəне ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты бөлшектері су, жылуды жақсы өткізеді. Ал ауа жылуды нашар өткізеді.
Түнде топырақ бетінен бастап салқындайды, ал күндізгі жылу толқыны тереңірек қабатқа өтеді. Жылудың толқындары осылайша күнбе-күн тереңірек қабаттарға өтіп отырады. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып, біресе суықтан кішірейіп отырады. Бұл олардың тез жəне толық үгілуіне көмектеседі. Топырақтағы өсімдіктермен бірге тірі жəндіктердің дамуы үшін жылы топырақ қолайлы.
Қыста топырақты қар басып, ондағы су қатқан кезде жəне жылу толқындарының орнын суық толқындар басқанда топырақтағы тіршілік едəуір бəсеңдейді.
Топырақтың жоғарғы сипатталған физикалық қасиеттерінен басқа кейбір топырақтарға тəн жəне оның құнарлылығына едəуір нұқсан келтіретін, мысалы, топырақтардың сортаң немесе сорланған болып келетін жағдайлары болады. Мұндай топырақтар оңтүстік жəне кейбір солтүстік зоналарда кездеседі. Ол топырақтарды тиімді пайдалану үшін оларды алдын ала мелиорациялау қажет.
Топырақтың механикалық құрамын, əрқилы көлемдегі: ірі дəнді, ұсақ дəнді бөліктері бойынша айырады. Ірі дəнді топырақтар: балшықты, балшықтылау, шымтезекті (торф) болып бөлінеді.
Топырақтың механикалық құрамы физикалық қасиетіне, саңылаулығына, ауа жəне су өткізгіштігіне, ылғал сыйымдылығына, жылу өткізгіштігіне əсер етеді. Осы қасиеттерге топырақтың өнімділігі мен санитарлық күйі тікелей байланысты.
Ірі дəнді топырақтар ауа мен су өткізгіштігі жақсы топырақтар болып табылады. Олар құрғағырақ əрі санитарлық тұрғыдан қолайлы. Мұны бұндай топырақтарда органикалық заттарды ми- нералдау үшін қажетті оттегінің көп болуымен түсіндіруге бола- ды. Бұл ірі дəнді топырақтарда топырақтың сіңіру қабілеті мен ондағы микроорганизмдердің тіршілік ету қасиетіне байланысты топырақтың өздігінен тазару үрдісі жақсы өтетінінің дəлелі.
Ұсақ дəнді топырақтар төменгі дəрежеде сіңіргіштігімен си- патталады, алайда, олар ылғалды жақсы сіңіреді. Мəселен, құмды топырақ өз бойында 15-20%, балшықты топырақ 70%, ал шымтезекті 200-300% су ұстай алады.
Ылғалды топырақтар жоғары жылу сыйымды жəне жылу өткізгішті, олар нашар қыздырылады, оларда органикалық заттар ыдырауы баяу өтеді. Ұсақ дəнді топырақтардың капиллярлығы жоғары, бұл оларда салынатын құрылыс орындарындағы ылғалдылық себебі бола алады. Осы ерекшілікті органикалық тас- тандылар мен шайынды суларды залалсыздандыру телімдері мен фермалар салу кезінде ескеру қажет.
Топырақ түрлі химиялық қосылыстарды, бұзылып ыдыраған органикалық тастандылары, микроорганизмдерді сіңіріп, бойында ұстай алады.
Бұл қасиетінің үлкен санитарлық-гигиеналық маңызы бар. Оны топырақта өтіп жатқан түрлі үрдістермен жəне құрамында балшық бөліктері мен қарашіріктің орын алуымен түсіндіруге болады. Алайда, тастандылармен қатты ластанған кезде топырақтың сіңіру қабілеті бұзылады.
Бұл жағдайда органикалық заттар минералданбайды, ал топырақ пен ауаны сасық иісті шіру өнімдерімен (NH3, H2S, CH, индол) ластайды, топыраққа түскен заттар мен микроорганизмдер одан
атмосфералық жауын-шашындармен жуылып, онымен қоса жер су- ларына келіп түседі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет