Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулар бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгейінен алғанда, биіктіктің өзгеруіне байланысты, топырақтар да өзгеріп отырады. Ол жерлер климаттың, топырақтың жəне өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай 27-кестеде Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Сауыр-Тарғабатай жəне Оңтүстік Батыс Алтай топырақ про- винцияларына бөлінеді.
376 27-кесте
Қазақстанның таулы облыстарына экологиялық сипаттама
Батыс Тянь-Шань провинциясында (Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы) мынадай топырақ өңірлері бар: тау етегіндегі шөлейт жазықтықта құба топырақ; таудың орта шеніндегі шөбі молорманның күрең топырағы, биік таулыжерлерде шалғындық субальпілік жəне альпілік топырақтар тараған.
Солтүстік Тянь-Шань провинциясында (Қырғыз Іле Ала- тау жоталары жəне Кетмень) мынадай топырақ өңірлері бар: тау етегі жазықтығындағы шамалы карбонатты (солтүстік) құба топырақпен ашық қара-қоңыр топырақ; аласа таудың күңгірт қара- қоңыр топырағы жəне таулы жердің қара топырағы; таулы жердің сілтісізденген қара топырағы; орташа таулы жердің шалғындық- ормандық жəне таудың күңгірт түсті ормандық сұр топырағы, биік таулы жердің шалғындық субальпілік жəне алпілік топырағы тараған. Бұдан жоғары жерде мұзарттармен мəңгі қарлар жатады. Сауыр-Тарғабатай жəне Оңтүстік Батыс Алтай провинцияла- рында тау етегімен аласа тауларда қара-қоңыр топырақпен қара топырақтың бір ғана өңірі бөлініп шығады. Алғашқы жазықтықтағы қуаң даланың нағыз қара қоңыр топырағының тікелей жалғасы бо- лып табылады. Бұдан жоғары таудың орта шенінде шалғындық қара топырақ жəне орманды-даланың сұр топырақты өңірі, сондай-ақ тау- шалғындық субальпілік жəне алпілік топырақтар өңірі орналасқан. Сонымен қатар, Оңтүстік Батыс Алтай провинцияларында қайың жəне көктеректі орманның күлгін топырағы, сол сияқты балқараңай, майқарағай, самырсын орманының қоңыр топырағы басым; ожан жоғары тасты тундраның мүк, қына өсетін биік таулық топырақ
өңірі орналасқан.
Тау бөктеріндегі облыстар жерінің аумағы 17,4 млн. га, яғни 6,6
пайыз. Ал тау етегіндегі өңір (Батыс жəне Солтүстік Тянь-Шаньдық)
-16 млн. га, яғни республикамыздың жер аумағының 6 пайызына жуық. Бұл өңірдің топырағы биік тік белдеудің төменгі сатысы бо- лып табылады.