Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
Акмеология


196
197
нақты  жағдайлардағы  белсенділік  сипатын  анықтайды.  Бұл 
тəжірибенің құрамы жəне құрылымы, əрбір адам үшін алуан түрлі, 
сондықтан  адамдар  өздерінің  танымдық  мүмкіндіктері  бойынша 
айрықшаланады.  Бұдан  басқа,  адамдар  темпераменті,  когнитивті 
стильдері,  басым  болатын  биоритмдері,  психо-əлеуметтік  типтері 
бойынша айрықшаланады. 
Ақпарат  күрделі  субстанция  болып  табылады,  оны  əрбір  адам 
жеке  қабілеттеріне,  психологиялық  ерекшеліктеріне,  ойлаудың 
даму деңгейіне жəне т.б. байланысты қабылдайды. Қазіргі жағдайда 
адамның  білімі  бірыңғай  арнайы  тезаурусқа  сүйенбеуі  керек,  ол 
алуан түрлі пікірлер, тұғырлар, идеяларға сүйенуі керек, ең алдымен, 
тұлғалық,  когнитивті  жəне  əдіснамалық  дағдыларға,  сыни  бағалау 
қабілеті, алынған ақпараттың алуан түрлерін салыстыру қабілетіне 
сүйенуі керек. 
Сондықтан білім беру ортасының əрбір білімгер үшін ақпарат-
тық тұрғыда толыққанды болуы үшін,  көпдеңгейлі, ауқымды, шексіз 
болуы керек. 
Осылайша, білімгердің тұлғасын дамытудың өзара байланысқан 
екі аспектісі болады: 
1. білімгердің интеллектуалды іс-əрекетінің тиімділігін  себепті-
салдарлы  байланыстарды  талдау,  салыстыру,  жалпылау  қабілетін 
қалыптастыру, аталған байланыстарды есепке алу, өз білімін зерттеу, 
жүйелеу,  өзіндік  көзқарасын  негіздеу,  жаңа  идеяларды  туындату 
қабілеті есебінен арттыру; 
2.  əрбір  білімгердің  жеке  өзіндік  бейнесінің  дара  танымдық 
бейімділіктерді,  биоритмдерді,  психо-əлеуметтік  типтерді,  ког-
нитивті  стильдерді,  оқу  материалын  іріктеудегі  таңдамалылықты 
есепке алу негізінде өсуі.  
Оқытудың  белгілі  формалары  мен  əдістерінің  тиімділігінің 
өлшемі ретінде, білім, білік жəне дағдыларды меңгерудің дəрежесін 
есепке алатын көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге білімгерлердің 
шығармашылық 
қабілеттерін, 
руханилығын, 
интеллектісін 
дамытудың  əртүрлі  қырларын  сипаттайтын  белгілі  тұлғалық 
сапалардың  қалыптасу  көрсеткіштері  болуы  қажет.  Соған  сəйкес 
бағалау  біршамалы  үдерістен,  тұлғаны  дамытудың  ерекшеліктерін 
аса толыққанды ескеретін күрделі, көпшамалы, көпқырлы үдеріске 
айналады. 
Кемелденген тұлғада келесі базалық құрамдастар айқындалады: 
1. құндылық; бұл адам үшін өміріндегі басты нəрсе тұрғысынан  
сипаттайтын  тұлғаның  орталық  базалық  негізі;  құндылықты 
тұлғаның  белгілі  сыртқы  бағыттылығы  мен  адамның  өзі  туралы 
ұғымдарының  (өзіндік  бағалау)  бірлігімен  сипатталады;  креативті 
білім  беру  ортасы  тұлғаның  іс-əрекетті,  тұлғалық  қатынастарды 
жəне танымды барынша өзін-өзі жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 
құндылықтың базалық үш типін дамытуға ықпал етуі керек; 
2. жауапкершілік (бақылаудың ішкі жəне сыртқы локусы); жоға-
ры  жауапкершілік  білім  беру  жауапкершілігі  мүмкін  болмайтын, 
білім  беру  ортасының  еркіндік  жəне  автономиялық  дəрежесін 
білдіреді; 
3.өзін-өзі  дамыту;  бұл  мəні  бойынша  «адамды  құрудың» 
психологиялық механизмі; бұл таным жəне даму кеңістігінде өзін-өзі 
анықтау, өзіндік қозғалыс, өзіндік бақылау, өзін-өзі жүзеге асыруға 
ұмтылыс,  мəдениетті  байытудың  қайнар  көзі  жəне  оның  өнімі; 
адамның  əлеуетті  шексіздігі  өзін-өзі  дамытудың  үздіксіз  сипатын 
анықтайды,  ал  өзін-өзі  дамытуға  деген  қабілет  тұлғаны  біртұтас 
дамытудың дəрежесін анықтайды; 
4. өзін жəне басқаларды қабылдауға диспозициялық төзімділік, 
мейірімді  қатынас,  конструктивті  диалогқа,  өзара  түсіністікке 
даярлық;  аталған  құрамдастарға  байланыс,  жауапкершілік,  бірге 
қатысу  дəрежесі,  бірге  толғану  жəне  «бірге  қуану»  шеберлігі,  өзін 
басқа адамдармен теңдестіру қабілеті жатуы мүмкін; 
5. ішкі бірлік, тұтастық; аталған базалық құрамдас адамның тұл-
ға құқығына ие болатын «белгілердің өзгеше жиынтығы», даралық, 
сапалы өзіндік бейнесін қамтамасыз ететін интегралды немесе жүйе 
құраушы құрамдас болып табылады. 
Білім  беру  ортасының  тиімділігін  бағалаудың  өлшемдерінің 
алуан  түрлі  болуы,  тəжірибеде  бағалаушы  функцияны  жүзеге 
асырудағы қиындықтарды туындатуы мүмкін. Сондықтан тұлғаның 
тереңдігіне,  көп  компоненттілігіне  жəне  шексіздігіне  қарамастан, 
тиімділіктің бір интегралды өлшемін шығару жатады, ол білім беру 
ортасының жеке бағдарлануының деңгейі ретінде, тұлғаның өзін-өзі 
жүзеге асыру мен өзін-өзі дамыту үшін жағдайлармен қамтамасыз 
ету дəрежесі ретінде көрінуі мүмкін. 
Инновациялық  технологиялар  негізінде  білім  беру  ортасында, 
білімгерлердің  креативтілігін  дамытуға  ерекше  назар  аударылуы 
керек.  Мұнда  креативтілік  тұлғаның  бірегей  жəне  пайдалы  ой-

198
199
пікірлерді туындату, стандартты емес қайта құрушы ойлау, жаңаны 
қабылдау,  шығармашылық  қабілетін  анықтайтын,  интегралды 
тұрақты  сапасы  ретінде  түсіндіріледі.  Креативті  білім  беру 
ортасының негізгі мақсаты – адамда «шығармашыл» тұлғаны ояту 
жəне онда негізі қаланған шығармашылық əлеуетті барынша дамыту. 
Креативті  білім  беру  ортасы  əрбір  білімгерге,  əрбір  білім 
беру  деңгейінде  бастапқы  шығармашылық  əлеуетті  дамытуға 
мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге оның əрі қарай өзін-өзі тану, 
шығармашылық  өзін-өзі  дамыту  қажеттілігін  оятуы,  объективті 
өзіндік бағалауын қалыптастыруы керек. 
Креативті  білім  беру  ортасына  қойылатын  негізгі  талаптар 
ретінде,  белгісіздік  пен  проблемалықтың  жоғары  дəрежесі, 
үздіксіздік пен сабақтастық, білімгерді қабылдау жəне оны белсенді 
білім беру əрекетіне ендіру алынады. 
Креативті  білім  беру  ортасының  коммуникативті  компо-
ненті  ретінде,  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық  техно-
логияларды  қолдану  ұсынылады.  Білім  беруде  ақпараттық  жəне 
телекоммуникациялық  технологиялары  қолданудың  өзектілігі, 
келесі себептермен анықталады: 
–  білім  беруді  дараландыру  бойынша  ақпараттық  жəне  теле-
коммуникациялық технологиялардың кең мүмкіндіктері; 
–  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық  технологияларды 
қолдануда,  білімгерлердің  мотивациясын  арттырумен  жəне  білім 
берудің эмоционалды фонын күшейтумен; 
– білімгерлерге дербес белсенді іс-əрекеттің кең өрісін ұсынумен; 
–  байланыстың  кең  аймағын  қамтамасыз  етумен;  кез  кел-
ген  адаммен  оның  кеңістіктік  орналасуы  мен  əртүрлі  уақыт 
айырмашылығына тəуелсіз Интернет арқылы қарым-қатынас жасау 
мүмкіндігі; 
– əртүрлі сезім мүшелеріне кешенді əсер етудің мүмкіндігі; 
–  жедел  өтетін  жəне  өте  баяу  үдерістерді  көрсетуде  (уақытты 
алмастыру мүмкіндігі), көлемді немесе керісінше микроскопиялық 
объектілерді  көрсетуде  (кеңістікті  алмастыру  мүмкіндігі),  дина-
микадағы  құбылыстарды  модельдеуде  оқу  материалын  ұсынудың 
көрнекі  жоғары  көрсетуі;  жоғары  көрнекілік  зерттелетін  құбылыс-
тар мен үдерістердің мəніне терең ену мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 
–  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық  технологиялардың 
артушы интерактивті мүмкіндіктері; 
–  білімгерлерге  кез  келген  уақытта  қолайлы  ақпараттық  жəне 
телекоммуникациялық технологиялардың қолжетімділігі;
–  қарапайым,  əдеттегі  операцияларды  бірнеше  рет  жеделдету 
жəне  қысқарту  (мысалы,  көлемді  есептулерді  өндіру,  кестелерді  
құру,  құбылыстарды  модельдеу,  оқыту  жəне  зерттеу  нəтижелерін 
құжаттау жəне т.б.);
–  оқытудың  ойын  түрлерін  ұйымдастырудың  жеңілдігі  жəне 
бірқалыптылығы. 
Америкалық ғалымдардың зерттеулері, оқу үдерісінде ақпарат-
тық  жəне  телекоммуникациялық  технологияларды  қолданудан, 
үлгерім  мен  мотивацияның  аса  жоғары  көрсеткіштері  бар 
білімгерлердің алатынын көрсетті. 
Ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық  технологиялар,  білім 
берудің  мотивациясын  арттырудың  жеткілікті  күшті  факторы 
болып  табылады.  Алайда,  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық 
технологиялар негізінде, креативті білім беру ортасын құруда ескеру 
қажет  мотивацияның  келесі  жолдары  мен  тəсілдерін  айқындауға 
болады:
–  нақты  оқу  мақсаттарына  жетуге  жəне  нақты  əрекеттерді 
меңгеруге  бағдарлану;  егер  оқытудың  мақсаттары  мен  əрекеттің 
жоспарын білімгерлердің өздері құрастыратын болса, онда мотива-
ция біршама жоғары болады; мақсатты болжау үдерісін жеңілдететін 
сараптамалық  жүйелер  ретінде  алынатын  арнайы  компьютерлік 
бағдарламалар құрастырылады; 
–  мазмұнның  өзектілігін  жəне  жаңалығын  арттыру;  электрон-
ды  оқулықтар  баспаханалық  шығындағы  үлкен  қаржы  жұмсамай, 
материалды үнемі толықтыруға, жаңартуға мүмкіндік береді;
–  кəсіби  білімнің  мəнін  ашу;  ақпараттық  жəне  телеком-
муникациялық  технологиялар  құралдары  арқылы  білімнің  пайда 
болуын, оның эволюциясын, даму үрдістерін модельдеуді көрсетудің 
үлкен мəні болады; 
– білімгерлердің оқу үдерісінде бір рөлді қабылдауын қамтама-
сыз ету: зерттеуші рөлін – сараптамалық жүйемен жұмыс барысында; 
конструктор  рөлін – конструкторлық  бағдарламамен  жұмыс 
барысында;  виртуалды  субъект  рөлін – ойын  бағдарламаларында 
жəне т.б.; 
–  ұсынылған  шектеулер  аясында  меңгерілетін  объектілерді 
басқаруда  білімгерлерге  əрекет  еркіндігін  ұсыну;  компьютер 

200
201
білімгерлердің əрекетіне күрделі жүйелердің реакциясын модельдей 
алады;
–  көрнекілік,  эмоционалдылық,  парадокс,  таң  қалу  эффектісін 
қолдану;  аталған  мəселеде  компьютердің  орны  ерекше;  құбы-
лыстарды, үш шамалы графикті, бейнені, мультипликацияны жəне 
дыбыстарды  модельдеу мүмкіндіктері, білімгерлерге жадыға терең 
енетін жəне əрі қарай өзіндік дамуды ынталандыратын меңгерілетін 
материалдан алатын əсерді барынша көбейтуге мүмкіндік береді;
–  білімгерлерге  жақын  жəне  түсінікті  салыстыруларды,  ана-
логтар  мен  ассоциацияларды  қолдану;  ол  үшін  ақпараттық 
технологияларды  қолданудағы  білім  беруді  дараландырудың, 
білімгерлердің динамикалық моделін құру мүмкіндігінің үлкен мəні 
болады; 
–  өнер  жəне  əдебиет  шығармаларын  қолдану;  электронды 
оқулықтағы  меңгерілетін  материалға  картиналар  мен  суреттерді, 
үзілісте  берілетін  музыкалық  безендіруді  динамикалық  тұрғыда 
ендіру, олар білімгерлердің  шаршауының алдын алуға, материалды 
«тірілтуге», оны өмірлік қызықты етуге мүмкіндік береді;
–  оқытудың  белсенді,  əрекеттік  əдістері  мен  формаларын  қол-
дану:  бірлескен  желілік  жобалар,  компьютерлік  іскерлік  ойындар, 
шешім  қабылдауды  сараптамалық  жүйелермен  қолдау,  дамыған 
ізденістік  жүйелер  арқылы  компьютерлік  ақпаратты  проблемалық  
оқыту əдісі;  
–  оқу  материалын  құрылымдау,  оны  логикалық  тұтас,  шағын 
көлемді блоктарға бөлу; басты идеяларды жəне пікірлерді ажырату; 
компьютерде материалды гипермəтінді ұсыну, аталған тапсырманы 
шешуге ықпал етеді;
–  оқу  тапсырмаларын  жаңашылдық  элементтерімен  қолдану; 
электронды  оқулықтағы  материалды  жеткілікті  жиі  жаңартуға 
болады; ЭЕМ-ның кездейсоқ сандарының көрсеткіші, болжанбайтын 
элементті шынайы етуге мүмкіндік береді;
–  білімгерлерге  материалды  құру  жүйесін,  пəннің  бірізділігін 
жəне  оны  меңгеру  тəсілін  түсіндіру;  білімгерлерге  материалды 
бағдарлаудың жеңілдігін жəне өзінің дамуын динамикалық бақылау-
ды  қамтамасыз  ететін,  компьютерлік  оқытуды  бағдарламадағы 
арнайы  навигациялық  панельдер  мен  əртүрлі  деңгейлі  көмекті 
қолдану; 
–  сабақта  жарысу,  ынтымақтастық  жағдаяттарын  қолдануды 
шектеу;  мұнда  білімгерлердің  рефлексиясының  өзіндік  нəтижелері 
мен жетістіктерін талдауға жəне салыстыруға болады;
– уақыттық шектеулерді алу. 
Білімгерлердің тереңдетілген ішкі мəнін анықтау, «өсіру» жəне 
жүзеге  асыруға  бағдарланған  білім  беруді  баяндауға, «беруге», 
қалыптастыруға,  ұсынуға  болмайды.  Оны  тек  білімгерлердің 
өзіндік дамуына барынша ықпал ететін, ақпараттық технологиялар 
мен  телекоммуникацияларды  кең  қолдануға  негізделетін  ортаны 
ұйымдастыруды қамтамасыз етуге болады. 
Сондықтан  білім  беру  ортасы  біртұтас  дамушы  жəне  өзін-өзі 
ұйымдастырушы  бастау  ретінде,  білімгерлердің  тұлғасын  өзіндік 
дамытудың  көп  факторлы  детерминациясының  құралы  немесе 
нəтижелі білім берудің басты факторы ретінде болады. 
Осылайша,  акмеологиялық  ретте  дамитын  жоғары  мектептің 
мақсаты  ретінде,  адамды  оның  руханилығы  мен  жетілдіруінің 
шарты  ретінде  біртұтас  дамыту  алынады;  жоғары  оқу  орнының 
түлегінің əлеуметтік кемелденуі, оның тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі 
анықтауына даярлық алынады. Қазіргі білім беру ортасында оқыту 
акмеологиялық  кеңістікті  қалыптастырумен  толықтырылуы  керек, 
онда тұлға дами жəне жетіле алады, ал білімгерлер өзіндік шыңдарға 
жете алады.  
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар
1.  Акмеологияның  негізгі  əдіснамалық  бағдарларының  анық-
тамасын жасаңыз.
2. Акмеологияның басты ғылыми жəне əдіснамалық бағдарлары 
қандай?
3. Əдіснама жəне əдіснамалық принциптер дегеніміз не?
4.  Акмеологияның  жалпы  əдіснамалық  принциптерін  атаңыз. 
Олардың акмеологиялық мазмұны қандай?
5. Акмеологияның қандай жекеленген əдіснамалық принциптері 
бар?
6.  Кемелденген  тұлғаның  дамуын  зерттеудегі  акмеологиялық 
тұғырға жалпы сипаттама беріңіз.
7.  Осы  мəселеде  акмеологиялық  тұғырдың  психологиялық  тұ-
ғырмен салыстырғандағы негізгі айырмашылықтарын атаңыз.

202
203
8. Акмеологияның іргелілігіне сипаттама беріңіз.
9. Акмеологияның дамуындағы гетерохрондық неде байқалады?
10.  Акмеологияның  əдіснамалық  міндеттерін  атаңыз,  олардың 
мазмұнын ашыңыз.
11.  Акмеологиялық  заңдылықтардың  жалпы  сипаттамасы  қан-
дай?
12.  Акмеологиялық  заңдардың  мəнді  сипаттамаларын  анықта-
ңыз.
13.  Адамның  əлеуметтік-мəдени  болмысының  акмеологиялығы 
неден құралады?
14. Акмеологияның ғылыми-əдіснамалық бағдарлары қандай?
15. Рефлексивті-акмеологиялық тұғырдың құрылымы қандай?
16.  Кəсіби  менталитетте  рефлексияның  жүйе  құраушы  рөлін 
сипаттаңыз.
17. Болашақ мамандарды акмеологиялық даярлаудағы креативті 
тұғырдың рөлі.
18. Акмеологиялық білім беру ортасының мəні.
19. Креативті акмеологиядағы өзін-өзі дамыту мəселелері.
20. Акмеология контексінде жоғары білім берудегі қазіргі басым-
дылықтар.
21. Акмеологиялық білім беру мəселелері.
Əдебиеттер
1. Кузьмина Н.В. Акмеологическая теория повышения качества 
подготовки специалистов образования. – М., 2001.
2.  Кричевский  Р.Л.  Самоэффективность  и  акмеологический 
подход к исследованию личности // Акмеология. – 2001. № 1.
3.  Кириченко  А.В.  Акмеологическое  воздействие  в  про-
фессиональной  деятельности:  теория,  методология,  технологии. – 
М., 1998.
4.  Зазыкин  В.  Г.  Амеографический  подход  в  развитии  про-
фессионализма  государственных  служащих  (Конспект  лекций). – 
М., 1999.
5.  Зазыкин  В.Г.,  Чернышев  А.П.  Акмеологические  проблемы 
профессионализма. – М., 1993.
6.  Деркач  А.А.,  Москаленко  О.В.  Профессиональное  само-
сознание  руководителей  образовательных  учреждений:  теория, 
методология, практика. – М., 1999.
7.  Деркач  А.А.  Методолого-прикладные  основы  акмеологичес-
ких исследований. – М., 1999.
8.  Деркач  А.А.,  Михайлов  Г.С.  Методология  и  стратегия 
акмеологического исследования. – М., 1998.
9. Деркач А.А. Теоретические проблемы акмеологии / Психоло-
гия  личности:  новые  исследования  /Под  ред.  К.А.Абульхановой, 
А.В.Брушлинского, М.И. Воловиковой. – М., 1998.
10.  Брушлинский  А.В.  Проблема  психологии  субъекта. – М., 
1994.
11. Буякас Т.М. Смыслы и ценности в деятельности психолога-
профессионала // Акмеология. – 2001. № 1.
12. Бодалев А.А., Ганжин В.Т., Деркач А.А. Предмет акмеологии 
сегодня // Акмеология. – 2001. № 1.
13.  Богданов  Е.Н.,  Зазыкин  В.Г.  Введение  в  акмеологию. – 
Калуга: КГПУ, 2000; 2001.
14.  Анисимов  О.С.  Принятие  управленческих  решений:  мето-
дология и технологии. – М., 2002.
15.  Ананьев  Б.Г.  Избранные  психологические  труды  в  двух 
томах. – М: Педагогика, 1980.
16.  Агапов  В.С.  Становление  Я-концепции  личности:  теория  и 
практика. – М., 1999.
17.  Чеснокова  И.И.  Проблема  самосознания  в  психологии.  АН 
СССР, Ин-т психологии. – М.,1977. – 144с.
18.  Бороздина  Л.В.  Исследование  уровня  притязания:  Учебное 
пособие – РОС. АН, Ин-т психологии. – М., 1993.-141с.
19. Акмеология. Учебник под общ. ред. Деркача А.А. – М., 2002.
20.  Кузьмина  Н.В.,  Пожарский  С.Д.,  Паутова  Л.Е.  Акмеология 
качества профессиональной деятельности специалиста. – Коломна, 
Рязань, 2008.
21. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. 2-е изд. М.: 
Педагогика, 1976. – 416 с.
22.  Семенов  И.Н.  Экзистенциально-акмеологический  и  реф-
лексивно-психологический  подходы  к  изучению  одаренных 
и  личностных  ориентации  непрерывного  образования.  В  кн.: 
Психолого-педагогические аспекты перестройки образования. T.VI. 
Тверь:, 1994. – С.78-82.

204
205
23. Семенов И.Н., Степанов С.Ю. Типы взаимодействия наук и 
методологические ориентации творчества и рефлексии. В кн.: Наука 
о человеке. Под ред. Б.Ф. Ломова и др. – М., 1990. – С.35-48.
24.  Ломов  Б.Ф.  Методологические  и  теоретические  проблемы 
психологии.  – М., 1992. – 444 с.
25.  Кузьмина  Н.В.,  Зимичев  А.П.  Проблемы  акмеологических 
наук. – М., 1990.
26.  Деркач  А.А.,  Старовойтенко  Е.Б.,  Кривокулинский  А.Ю. 
Реализация  концепции  «Я»  в  системе  жизненных  отношений 
личности (акмеологический аспект). – М., 1993. – 156 с.
27.  Брушлинский  А.В.  Проблемы  психологии  субъекта. – М., 
1994. – 108 с
28.  Абульханова-Славская  К.А.  Акмеологическое  понимание 
субъекта.  В  кн.:  Основы  общей  и  прикладной  акмеологии. – М: 
РАГС, 1995. – С.85-95, 108.
29.  Ананьев  Б.Г.  О  проблемах  современного  человекознания. 
2-ое изд. – СПб.: Питер, 2001. – 260 с.
30. Деркач А.А., Зазыкин В.Г., Маркова А.К. Психология разви-
тия профессионала. – М., 2000. – 124 с
31. Тəжiбaeв Т. Жaлпы пcиxoлoгия. – Aлмaты: 1993. – 300 б.
32.  Мұқанов  М.М.  Жас  жəне  педагогикалық  психология. – А.: 
1991. – 143 б.
33. Жapықбaeв Қ. Жaнтaнy нeгiздepi. – Aлмaты,  2002. – 250 б.
34.  Таубаева  Ш.Т.,  Кудайбергенева  К.С  Становление  педаго-
гической  инноватики    как  науки // Вестник  высшей  школы 
Казахстана. – Алматы, 1996. №5. – С. 95-102.
35. Ospanova B.A., Pralieva R. Technology of a teacher’s activity on 
formation of students’ creativity // Proceeding of International conference 
“Europian pedagogical theory integrative function in the world educa-
tional domain”. – Paris – London, – 2013. – 693-698 p.
36.  Тəжібаев  Т.Т.  Қазақстанда  халыққа  білім  берудің  жəне 
педагогикалық ойлардың тарихы: научное издание. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2002. – 377 б.
37. Мұқанов М. Жас жəне педагогикалық психология. – Алматы, 
2000. – 247 б. 
38.  Жарықбаев  Қ.Ж.  Психология  негіздері:  оқулық. – Алматы:, 
2005. – 464 б. 
39. Бердібаева С.Қ. Творчестволық іс-əрекеттің этнопсихология-
сы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 216 б. 
40.  Шерьязданова  Х.Т.  Психологические  основы  профес-
сиональной  подготовки  педагогов  и  психологов  дошкольного 
образования: автореф. ... док.психол. наук. – 1999. – 47 б. 
41. Асанов Н. Университеттік білім беру жүйесінің оқу үрдісінде 
басқарудың  педагогикалық  негіздері:  пед.  ғыл.  док. ... автореф.: – 
Алматы, 2004. – 52 б. 
42.  Əбдіманапов  С.Ə.  Кредиттік  оқыту  жүйесі  бүгінгі  күннің 
басты мəселесі // Егемен Қазақстан. – 2004, 23 сəуір. – Б. 2. 
43. Бидайбеков Е.Ы. Развитие методической системы обучения 
информатике специалистов совмещенных с информатикой профилей 
в университетах Республики Казахстан: автореф. ... док. пед. наук. – 
М., 1998. 
44.  Бектұрғанова  Р.Ч.  Формирование  ориентации  студентов 
педагогических  колледжей  на  исследовательскую  деятельность: 
автореф. ... канд. пед. наук: – Алматы, 1997. – 27 с. 
45.  Беркімбаев  К.М.,  Сыдықов  Б.Д.  Информатикалық  пəндерді 
оқытудың педагогикалық технологиясы // Қазақстан мектебі. – 2006. 
- №11. – Б. 33-35. 
46.  Құдайқұлов  М.Ə.  Нарықтық  оқытудың  жүйесі  мен  тех-
нологиясы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2010. – 152 б. 
47.  Кенжебеков  Б.  Жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ 
мамандардың кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед. ғыл. док. ... 
дис.: 13.00.08. – Қарағанды, 2005. – 267 б. 
48. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика 
как теория и практика нововведений в системе образования: науч-
ный  фонд  и  перспективы  развития. – Алматы:  Ғылым, 2001. – 
Книга1. – С. 200. 
49.  Қозыбаев  Е.Ш.  Научно-педагогические  основы  управления 
современной  высшей  школы  на  основе  менеджмента  в  условиях 
многоуровнего  образования:  дис. ... док.  пед.  наук. – ЮКГУ  им. 
М.Ауезова, 2005. – 265 с. 
50.  Сейталиев  Қ.Б.  Қазақстанда  жоғары  педагогикалық  білім 
берудің қалыптасуы мен дамуы (1920-1991 жылдар): пед. ғыл. док. 
... автореф. – Алматы, 1998. – 47 б. 
51. Бекмағамбетова Р.К. История развития учебных заведений по 
подготовке  учительских  кадров  дляначальной  школы  в  Казахстане 
(1917-1991гг.): автореф. ... док. пед. наук. – Алматы, 2007. – 49 с. 
52.  Кайдарова  А.Д.  Логика  исследования  проблем  становления 

206
207
и  генезиса  развития  содержания  высшего  педагогического 
образования: учебно-методическое пособие. – Алматы: 1997. – 300 с. 
53.  Нəрікбаева  Л.М.  Развитие  профессиональной  одаренности 
будущего специалиста в высшей педагогической школе: автореф. ... 
док. пед. наук. – Алматы, 2008. – 43 с. 
54. Тұрғынбаева Б.А. Болашақ мұғалімдердің əлеуетін дамыту: 
кəсіби шығармашылық жолында. – Алматы, 2012. – 316 б. 
55.  Оспанова  Б.А.,  Жолдасбеков  А.  А.,  Жолдасбекова  К.  А. 
Креативті психология. Оқулық. –
 
Алматы, 2013. – 409 б. 
56. Баймұхамбетова Б.Ш., Ким Н.П. Экспериментальная работа 
по  формированию  готовности  магистрантов  к  исследовательской 
деятельности // Вестник  Костанайского  государственного  педа-
гогического института. – 2011. №1. – С. 3-7. 
57.  Баймұхамбетова  Б.Ш.  Теоретико-методологические  осно-
вы  исследовательской  деятельности  (курс  лекций):  учебно-
методическое пособие. – Костанай: КГПИ, 2011. – 108 с. 
58.  Баймұхамбетова  Б.Ш.  Научно-педагогические  аспекты 
проектирования  магистерских  диссертаций:  научно-методическое 
пособие. – Костанай, 2011. – 98 с. 
59.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.  Феномен  креативности  и 
самоактуализации  в  контексте  личностного  развития  студентов / 
Международная научно-практ.конф.  – Новокузнецк, 2013. – С. 167-
172.
60.  Оспанова  Б.А.  Сагдуллаев  И.  Креативно-акмеологический 
подход  в  формировании  коммуникативной  компетенции  будущего 
учителя  английского  языка / Международная  научно-практ.конф. 
Т.19 Педагогически науки. – Болгария, София, 2013. – С. 39-43.
 61. Оспанова  Б.А.  Сагдуллаев  И.  Акме-креативное  развитие 
студентов  с  позиции  личностной  рефлексии  /  ІІ  Международный 
Симпозиум.  – Алматы, 2013. – С. 276-280.
62. Оспанова Б.А. Сагдуллаев И. Использование инновационных 
технологий  как  условие  реализации  акмекреативного  развития 
личности  будущих  учителей  английского  языка / Международная 
научно-практ. конф.  – М., 2013. – С. 174-179.
63.  Оспанова  Б.А.  Сагдуллаев  И.  Генезис  развития  концепции  
формирования  акме-креативной  деятельности  студентов  в 
психолого-педагогической  науке / Международная  научно-практ. 
конф. – Туркестан, 2013. 
64.  Оспанова  Б.А.  Пралиева  Р.Технология  деятельности  пре-
подавателья  по  формированию  креативности  студентов/  Междуна-
родная научно-практ. конф. – Лондон, 2013. – с.693-698
65. Ospanova B.A., S.T. Nyshanova, I.I.Sagdullayev, A.E.Tashbula-
tova, N.T. Rustamov, A.E..Bekaev Important priorities of forming of fu-
ture teacher’s creativity / Conference on Innovation and Computer Sci-
ence Belek – Antalya, Turkey. – 2013.
66.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.Е.  Сагдуллаев  И.И.  Акме-
креативная  самореализация  студентов  вуза / Materials of the v 
international research and practice conference. Мюнхен,  Германия.- 
2013. – с 30-34.
67.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.Е.  Сагдуллаев  И.И.  Развитие 
креативной  личности  в  профессиональной  подготовке    будущего 
педагога / III «Science, Technology and Higher Education. – Канада. – 
2013. – с 256-263.
68.  Оспанова  Б.А.  Ташбулатова  А.Е.  Сагдуллаев  И.И.  Профес-
сионально-контекстное  обучение  как  инструмент  развития  креа-
тивной  компетенции  будущего  учителя // International Distance 
Scientifi c and Practical Conference. 2013. – Будапешт, с 179-185.
 69. Оспанова Б.А. Джумабаева Л. Оқу үдерісінде білімгерлердің 
сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту – қазіргі заманның өзекті 
мəселелерінің  бірі / Халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  интернет-
конф. – 2014. – Түркістан-Мəскеу.
70.  Оспанова  Б.А.  Калиева  А.  Болашақ  мамандардың  акме-
креативті  қабілетін  қалыптастырудың  дидактикалық  мүмкіндіктері 
/  Халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  интернет-конф.  – Түркістан-
Мəскеу,  2014.
71. Оспанова Б.А. Научные основы формирования креативности 
будущего  специалиста  в  условиях  университетского  образования.- 
Монография. – Туркестан, 2006. – 254 с.
72.  Оспанова  Б.А.  Теория  и  технология  формирования 
креативности  будущего  специалиста. –  Монография.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет