Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оспанова Б.А., 
Бейсембаева К.Д.
АКМЕОЛОГИЯ
Оқулық 
Алматы, 2014

2
3
УДК
ББК 
О
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Рецензенттер:
Таубаева Ш.Т. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Арымбаева К.М. – педагогика ғылымдарының докторы;
Ералин К.Е.  педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Оспанова Б.А.
Акмеология: Оқулық. – Алматы, 2014. – 392 бет
ISBN
Оқулықта  «Акмеология»  пəнінің  мазмұны  ашылады,  аталған  пəннің 
тарихы баяндалады, инновация жағдайындағы жоғары кəсіби білім берудің 
сапасын  арттыру  негіздері  ретінде,  білімнің  теориялық-əдіснамалық, 
технологиялық  жəне  акмеологиялық  аспектілері  қарастырылады  жəне 
проблематика заманауи тұрғыда түсіндіріледі. 
Басылымның мазмұны қазіргі психологиялық-акмеологиялық білімнің 
əлеуетін  жəне  оларды  жоғары  оқу  орнында  оқыту  үдерісінің  шынайы 
тəжірибесінде  қолданудың  мүмкіндіктерін  қамтиды,  сонымен  бірге 
оқырманға  акмеологиялық  білімді  кəсіби  жəне  тұлғалық  мəселелерді 
шешудің құралы ретінде қолдануға ықпал етеді. 
Оқулық  студенттерге,  магистранттарға, PhD-докторанттарға,  жоғары 
оқу  орнының  оқытушыларына  жəне  ғылыми  қызметкерлерге,  жоғары 
мектепте  оқыту  мен  тəрбиелеу  мəселелерімен  шұғылданатын  көпшілік 
қауымға арналған.
ƏОЖ
КБЖ
ISBN
© Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д., 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының
 қауымдастығы, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ................................................................................................5
1-модуль. Акмеология ғылым ретінде............................................10
1.1 Акмеологияның ғылым ретіндегі пəні жəне міндеттері.
Пайда болуы, қалыптасуы жəне дамуы. Акмеологияның
адам жəне қоғам туралы ғылымдармен байланысы .........................10
1.2 Акмеология ғылымындағы базалық ұғымдардың мəні .............28
1.3 Құзыреттілік базалық акмеологиялық категория ретінде ..........56
1.4 Кəсібилікті дамытудың жалпы жəне ерекше 
акмеологиялық факторлары ................................................................82
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар.............................................103
Рефераттар, эсселердің тақырыптары...............................................104
Əдебиеттер...........................................................................................105
2-модуль. Студенттердің тұлғасын акмеологиялық  
дамытудағы теориялық тұғырлар.................................................111
2.1 Акмеология жəне даму психологиясының өзара 
əрекеттестігінің əдіснамалық негіздері.... ........................................111
2.2 Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамыту ..........................129
2.3 Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық 
дамытудың мəні, мазмұны жəне құрылымы ...................................148
2.4 Акмеологиялық білім беру ортасы .............................................179
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар.............................................201
Əдебиеттер...........................................................................................202
3-модуль. Кəсіби акмеологияда креативтілікті  
дамытудың психологиялық негіздері...........................................208
3.1 Кəсіби шығармашылықты қалыптастырудың 
акмеологиялық мəселелері ................................................................208
3.2 Акмеологиядағы креативтілік категориясы  ..............................236
3.3 Креативті акмеологиялық тəжірибедегі 
инновациялық үдерістің спецификасы  ...........................................260
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар.............................................279
Рефереттар, эсселердің тақырыптары...............................................280
Əдебиеттер...........................................................................................281
4-модуль. Қазіргі жоғары білім берудегі  
акмебағдарланған технологиялар................................................286
4.1 Жоғары білім беру тəжірибесіндегі 
акмеологиялық технологиялар .........................................................286

4
5
КІРІСПЕ 
Психологиялық-акмеологиялық  мəселелерге  қатысты  қазіргі 
заманғы  көзқарастарды  зерттеу,  инновациялық  жоғары  кəсіби 
білім  берудің  əлеуеті  ретінде  қарастырылады,  ол  білім  беру 
үдерісіне  қатысушылардың  кəсіби  іс-əрекетінің  тиімділігін  жəне 
өнімділігін арттырады, сонымен бірге кəсіби қалыптасудың өзіндік 
стратегияларына қатынасы бойынша рефлексияның мүмкіндіктерін 
қарастырады.  
Болон  үдерісі  Еуропа  жəне  АҚШ-да  білім  беру  саласындағы 
бəсекелестіктің  нəтижесінде  пайда  болды.  Бұл  жарысушы 
мегаəлемдегі  білім  берудің  қызметін  болжауды  қамтамасыз  ететін, 
тексерілетін деректер мен іргелі заңдарға сүйенетін, іргелі ғылыми 
теорияға деген қажеттілікті арттырады. Білім беру үдерісінің негізгі 
қатысушылары:  басшылардың,  оқытушылардың,  білімгерлердің 
қайта  құрушы  іс-əрекетінің  тиімділігін  өлшеу  тəсілдерін, 
технологияларын  жəне  теорияларын  меңгерген,  елдегі  жəне 
дүние  жүзіндегі  білім  берудің  дамуы  туралы  біліммен  қаруланған 
мамандары бар білім, шынайы түрде іргелі білім болып саналады. 
Білім беру адамды дамытуға бағытталған. Ғылымның дамуында 
туындайтын  қарама-қайшылықтар  жаңа  ғылымды  құру  құралдары 
арқылы шешіледі. Осылайша, акмеология  ғылымы пайда болды. 
Б.Г.Ананьев  өзінің  «Человек  как  предмет  познания» 
монографиясында  акмеологияның  адам  туралы  ғылымдар 
жүйесіндегі орнын айқындап көрсетті. Ол білім берудің ықпалымен  
ересек  адамның  дамуына  алғашқылардың  бірі  болып  лонгитюдті 
зерттеулер  ұйымдастырып  жүргізді,  сонымен  бірге  білім  беру 
құралдары арқылы ересектер мен балалардың дамуын зерттеді. Бұл 
іргелі білім берудегі акмеологиялық теорияның құрылуына əкелді. 
Акмеологтарға, акмеологиялық білім мен технологияларға деген 
қажеттілік,  қазіргі  заманғы  əлеуметтік  өмірдің  барлық  саласында 
пайда  болды,  сонымен  бірге  осы  салаларға  байланысты  нақты 
зерттеулерге деген қажеттілік те пайда болды. Акмеолог-теоретиктер 
қысқа  мерзім  ішінде,  бір  жағынан,  көптеген  əлеуметтік-тұлғалық 
жағдайлар  мен  мəселелерді  жалпылай  отырып,  акмеология  мен 
акмеологиялық қызметтің, мамандардың, əртүрлі саладағы білімнің 
негізгі  бағыттарын  құрастыра  алды  (А.  А.  Деркач,  Е.  А.  Яблокова 
жəне т.б.), ал екінші жағынан, осы мəселені шешудің психологиялық 
4.2 Контексті оқыту технологиясы  ..................................................303
4.3 Жобалық оқыту технологиясы ....................................................326
4.4 Оқытудың ойын технологиялары  ..............................................345
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар............................................365
Рефераттар, эсселердің тақырыптары..............................................366
Əдебиеттер..........................................................................................368
Қорытынды.......................................................................................373
Акмеологиялық сөздік....................................................................378  
«Акмеология» курсы бойынша емтихан сұрақтары................387

6
7
құралдарымен  теориялық  тұрғыда  қаруландыру  мақсатында,  зама-
науи,  адекватты  əдіснамалық  принципті – Б.  Г.  Ананьев  ұсынған 
детерминизм принципін жəне С. Л. Рубинштейн мен оның шəкірт-
тері құрастырған субъектілік жəне даму принциптерін атады. 
Акмеологияның  жалпы  əдіснамалық  принциптері,  оның 
басқа  ғылымдармен  өзара  əрекеттестік  сипатын,  адам  туралы 
білім  жүйесінде  алатын  орнын,  оны  жетілдірудегі  практикалық 
рөлін,  сонымен  бірге  осы  жетілдірудегі  əлеуметтік  жəне  тұлғалық 
қажеттілікті, оның мəні мен мақсатын анықтайды.  
Акмеология – адамның кемелдену сатысында дамуының, əсіресе, 
адамның осы дамудағы аса жоғары деңгейге жетуінің заңдылықтары 
мен  механизмдерін  зерттейтін,  жаратылыстану,  əлеуметтік  жəне 
гуманитарлы  ғылымдардың  түйісуінде  пайда  болған  ғылым  (грек 
тілінен. «акме» – шың).
Акмеологияның  гуманистік  бағдары  көптеген  стратегиялар 
арқылы  қамтамасыз  етіледі: 1) субъектінің  шынайы  жəне 
идеалды  күйін  қамтитын  жалпы  модельді  құрайды; 2) субъектінің 
дамуының оңтайлы сапасы мен деңгейіне жетуді қамтамасыз ететін 
акмеологиялық  қолдау  құралдарының  жиынтығын  құрастырады 
жəне  жүзеге  асырады; 3) өзін-өзі  реттеу,  рефлексия,  өзін-өзі 
ұйымдастыру,  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  анықтау  жəне  өзін-өзі 
таныту принциптерін анықтайды, яғни өзін-өзі дамытудың тұлғалық  
механизмдерін анықтайды. 
Акмеология адамдардың индивидтік, тұлғалық жəне субъектілі-
əрекеттік  əлеуетін  іс-əрекетте  шынайы  етуге  көмек  беретін, 
стратегияларды,  тактикаларды  жəне  техникаларды  құрады  жəне 
ендіреді. 
Аталған  мəселені  зерттеу,  акмеологияның  теориясы  мен 
əдіснамасына сүйеніп, қазіргі мамандарды оқыту мəселесін жаңаша 
сапалы  тұрғыда  қарастыруға  мүмкіндік  береді,  себебі  бұл  ғылым 
кəсіби шеберлік саласындағы аса жоғары жетістіктер туралы ғылым 
болып  табылады.  Кемелденген  тұлғаны  үдемелі,  ілгері  дамыту, 
оның өзін-өзі жүзеге асыру жəне өзін-өзі маңызды етудің жолдары 
туралы  жалпылама  білімдер,  қазіргі  жоғары  кəсіби  білім  берудегі 
инновациялық  үдерістерді  жүзеге  асыруда  тұжырымдамалы  буын 
бола алады. 
Білім  берудегі  қазіргі  беталыстар  тұрғысынан  қарастырылатын 
акмеологиялық  білімнің  дамуы  жəне  оның  білім  беруші  əлеуеті, 
кəсіби  даярлықтың  мазмұнын,  сипатын  жəне  бағыттылығын 
өзгертуді  талап  етеді,  онда  кəсіби  білімді  меңгеру  үдерісі  жоғары 
оқу  орнындағы  білім  беру  үдерісінің  субъектілерінің  тұлғалық, 
құндылықты-мағыналық аясы арқылы басқаша түсіндіріледі. 
Акмеология ғылым ретінде адамның құндылығын, оны жетілдіру 
мен  өзінің  кəсіби  іс-əрекетін  жоғары  тиімділікпен  жүзеге  асыру 
қабілетін,  тұлғаның динамикалық тұрғыда өзін-өзі дамытуын, оның 
өзін-өзі жүзеге асыра отырып, толыққанды өмір сүруін зерттейді. 
Білімділік,  құзыреттілік,  шеберлік – бұл  білім  беру  арқылы 
құрылатын  «рухани  өнімдер»  немесе  білім  беру  үдерісіне 
қатысушы  тұлғалардың  қасиетіндегі  психикалық,  физикалық  жəне 
акмеологиялық жаңа құрылымдар. 
Акмеология  гуманитарлық  ғылымның  басқа  саласындағы 
зерттеу  нəтижелерін  біріктіріп,  оның  қайта  ойлау  барысында, 
«өзін-өзі  дамыту», «өзін-өзі  маңызды  ету», «өзін-өзі  жетілдіру», 
«өзін-өзі  жүзеге  асыру»  ұғымдарының  «акме»  жəне  «мəдениет» 
ұғымдарымен  тығыз  қатынаста  болатынын  көрсетті.  Акме  бір 
мезгілде  нəтиже    жəне  адамның  өзін-өзі  дамыту  үдерісі  ретінде, 
оның мəдениетінде көрініс табады. Өз кезегінде, мəдениет өзін-өзі 
дамытудың біріктіруші көрсеткіші болып табылады, ол бір мезгілде 
осы үдерістің тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғалық сапа ретінде 
болады. 
Акмеологиялық  мəдениеттің  жоғары  деңгейі,  адамға  өзін-өзі 
дамыту  үдерісін  өмірлік  құндылық  ретінде  ұғынуға,  өмір  сүру 
əрекетінің  барысында  өзін-өзі  жетілдіру  жəне  өзін-өзі  жүзеге 
асыруға жағдай жасауға, өзінің даралығын тануға, өзектілеуге, оны 
шығармашылықпен  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Акмеологиялық 
мəдениетті  тұлғалық  сапа  ретінде  дамыту,  тұлғаның  жаңа  өмірлік 
таңдауларына мүмкіндіктер ашатын жаңа міндеттерді қоюға əкеледі, 
сонымен бірге акме – өзін-өзі жүзеге асыруға жету үшін жаңа қадам 
жасауға мүмкіндік береді.  
Аталған  оқулық  «Акмеология»  курсының  аясында  инновация-
лық  жоғары  кəсіби  білім  берудің  əлеуеті  ретінде,  психологиялық-
акмеологиялық  мəселелерге  қазіргі  заманғы  көзқарастарды  дербес 
зерттеудің  бағдары  болады.  Оқулықта  жəне  ұсынылған  əдебиет 
көздерінде көрсетілген материалдарды зерттеу, сонымен бірге дер-
бес  библиографиялық  ізденіс,  курсты  меңгерудің  тиімділігін  жəне 
өнімділігін  көтереді,  сонымен  бірге,  кəсіби  қалыптасудың  өзіндік 
стратегияларына қатынаста рефлексияның мүмкіндіктерін арттыра-
ды.  

8
9
Оқулықта  білім  берудегі  қазіргі  өзгерістер  тұрғысынан 
қарастырылатын  акмеологиялық  білімнің  даму  үрдістері,  оның 
білім  беруші  əлеуеті,  кəсіби  даярлықтың  мазмұнын,  сипатын  жəне 
бағыттылығын  өзгертудің  қажеттілігі  тұрғысында  қарастырылған, 
онда кəсіби білімді меңгеру үдерісі жоғары оқу орнындағы білім беру 
үдерісінің субъектілерінің тұлғалық, құндылықты-мағыналық аясы 
арқылы басқаша түсіндіріледі. Оқулықтың мазмұны акмеологияның 
теориялық  деңгейін  көрсетеді,  қойылған  мəселелерді  зерттеу, 
акмеологиялық  білім  жүйесімен,  оны  нақты  сабақта  жүзеге 
асырумен, білім беру бағдарламасын құрумен байланысты болады, 
өзіндік нақты практикалық шешімдерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Жұмыстың  құрылымы  жəне  логикасы,  акмеология  пəнінің 
мазмұнды  жағын  көрсетеді.  Оқулықта  акмеологияның  міндеттері 
анықталған,  акмеологияның  қалыптасуының  тарихи  кезеңдері 
қамтылған, оның əдіснамалық, бастапқы ұстанымдары жүйеленген, 
кітаптың əрбір тарауына қатысты негізгі ұғымдар түрінде берілген 
категориялық  аппарат  құрастырылған,  акмеологиялық  талдаудың 
өзгеше  əдістері  мен  технологиялары  реттелген. «Акме»  феномені 
жас,  индивидтік,  тұлғалық,  кəсіби  жəне  дара  даму  контексінде 
сипатталады. 
Бірінші  модульде  кəсібилікті  дамытудың  жалпы  жəне  ерекше 
акмеологиялық факторлары, акмеологияның пəні жəне нысанының 
өзгешелігі,  базистік  айырмалар,  акмеологияның  пайда  болуы, 
қалыптасуы жəне дамуы қарастырылады, акмеологияның адам жəне 
қоғам  туралы  ғылымдармен  байланысы,  кəсіби  құзырлылықтарды 
бағалаудың қолданбалы міндеттері ашылады. 
Екінші  модульде  студенттердің  тұлғасын  акмеологиялық 
дамытудағы жалпы теориялық айырмашылықтар, негізгі феномендер 
мен заңдылықтар берілген, акмеологиялық тұлғаның ерекшеліктері, 
«Мен-тұжырымдамасының»  жəне  жастық  шақ  кезеңінде  өзіндік 
сананың жаңа деңгейінің қалыптасуы сипатталады, акмеологиялық 
білім беру ортасының тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамытуға 
əсері сипатталады, қазіргі замандағы акмеологиялық зерттеулердің 
мəселелік өрісі қарастырылған. 
Үшінші  модульде  кəсіби  шығармашылықты  қалыптастырудың 
акмеологиялық  мəселелері  қарастырылған,  кəсіби  акмеологиядағы 
креативтілікті 
дамыту 
динамикасы, 
тұлғаның 
креативті-
акмеологиялық  өзін-өзі  жүзеге  асыру  ерекшеліктері,  креативті 
акмеологиялық  тəжірибедегі  инновациялық  үдерістің  өзгешелігі 
зерттелген. 
Төртінші  модульде  жоғары  білім  беру  тəжірибесіндегі 
акмеологиялық  технологиялар,  əртүрлі  дамытушы  инновациялық 
ойындардағы акмеологиялық тұлғаны дамыту əдістемесі берілген. 
Аталған курсты оқытудың қорытындысы ретінде, акмеологияның 
теориясы  мен  əдіснамасына  сүйеніп,  қазіргі  мамандарды  оқыту 
мəселесіне  сапалы  жаңаша  тұрғыда  зерттеу  мүмкіндігі  алынуы 
мүмкін, себебі бұл ғылым кəсіби шеберлік саласындағы аса жоғары 
жетістіктер туралы ғылым болып табылады. 
               

10
11
1-модуль. Акмеология ғылым ретінде
1.1  Акмеологияның  ғылым  ретіндегі  пəні  жəне  міндеттері. 
Пайда  болуы,  қалыптасуы  жəне  дамуы.  Акмеологияның  адам 
жəне қоғам туралы ғылымдармен байланысы
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  акмеология,  пəн,  акме, 
педагогикалық акмеология, акмеологиялық тұғыр. 
Ғылым – оның пəнін, заңдылықтарын, зерттелетін заңдылықтар-
ға ену үдерісін қамтамасыз ететін, ғылымдағы ұғымдар мен əдістер 
жүйесін  сипаттайтын  жүйені  анықтаудан  басталады.  Акмеология 
ғылымы пəнінің қоғам сияқты ұзақ тарихы бар. Адамзат мəдениеті – 
кемелденген  адамдардың шығармашылық нəтижесі. 
Акмеологияның  пəні  ретінде,  кең  мағынасында,  адамның  өз 
дамуында жетістіктерге жетуінің, өзін-өзі жүзеге асырудың оңтайлы 
жолдарына жетелейтін, адамды индивид, даралық, еңбек субъектісі, 
кəсіптегі,  қарым-қатынастағы  тұлға  ретінде  жетілдіру  үдерістері, 
оның  заңдылықтары  мен  механизмдері  алынады.  Бұл  ең  алдымен, 
кемелденген  тұлғаның  үдемелі,  ілгері  дамуына  ықпал  ететін, 
жоғары  тұлғалық-кəсіби  жетістіктерге  əсер  ететін  заңдылықтар, 
механизмдер,  жағдайлар  мен  факторлар  болып  саналады.  Тар 
мағынасында,  акмеологияның  пəні  ретінде,  өзіндік  ұйымдасу  мен 
өзін-өзі  түзету,  өзіндік  білім  алудың  алуан  түрлі  аясында  өзін-өзі 
жүзеге асырудың, кемелденген тұлғаның өзін-өзі дамытуының жəне 
өзін-өзі жетілдірудің заңдылықтарын іздеу алынады. 
Акмеологияның мақсаты – адамды жетілдіру, оған дене, рухани-
адамгершілік жəне кəсіби дамуда шыңға жетуге көмек беру, аталған 
дамуды ізгіліктендіру. 
Акмеологияның нысаны – өзінің дамуында жоғары жетістіктерге 
жететін жəне кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі жүзеге асыра алатын, ілгері  
дамушы кемелденген тұлға. 
Кезінде Б. Г. Ананьев белгілеп көрсеткен қазіргі кездегі акмео-
логия пəні аса ауқымды болды, бұл үрдіс қазір де жалғасып келеді. 
Акмеологияның нысандық өрісін кеңейтуге ұмтылыстар жасалуда. 
Бұл  өз  кезегінде,  жүргізілген  акмеологиялық  зерттеулер  мен 
акмеологиялық  тəжірибенің,  қазіргі  заманғы  акмеологияның 
тек  онтопсихологиялық  аспектіге  тірелмейтінін  көрнекі  түрде 
дəлелдейді.  Сондықтан  ғылымның  пəнін  жəне  нысанын  анықтау 
мəліметтері,  аталған  уақыттық  кезеңде  оның  қалыптасуының 
белгілі  дəрежесін  көрсетеді.  Мазмұнды  қатынаста  акмеологияны 
кемелденген  тұлғаның  ілгері  дамуы  туралы  ғылымның  мəніне 
сүйенетін  болса,  олар  аса  тар  ауқымда  болады.  Акмеологиялық 
білімнің жинақталу шамасына, нысандық өрісінің кеңеюіне, алынған 
эмпирикалық  деректерді  жалпылауға,  акмеологияның  теориялық-
əдіснамалық  негіздерін  дамытуға  байланысты,  акмеологияның 
пəні  мен  нысанының  ғылыми  мазмұны  нақтыланатын  болады. 
Акмеологияның  пəндік  аясының  дамуы  оның  аспектілерін 
күшейтуді есепке алып, жүзеге асырылатын болады: онтологиялық, 
гносеологиялық,  əлеуметтанушы,  мəдениеттану,  аксиологиялық, 
этикалық,  діни,  тұрмыстық  жəне  т.б.  Оған  акмеологтардың 
теориялық зерттеулері бағытталатын болады. 
Акмеологияның  пəні  мен  нысанының  өзгешелігі,  оның  ғылым 
ретінде  дамуының  қазіргі  сатысындағы  өзекті,  басты  міндеттерде 
көрініс тапты.  Оларды атап өтейік. 
Міндеттердің бірінші тобы, АКМЕ феноменологиясын ғылыми 
тұрғыда  қарастырумен,  акмеологияның  теориялық-əдіснамалық 
негіздерін  əрі  қарай  құрастырумен,  оның  мəртебесін,  ғылымдар 
жүйесіндегі  орнын  сипаттаумен,  АКМЕ  сандық  жəне  сапалық 
анықтамаларын айқындаумен байланысты. Соңғысы АКМЕ-ге жету 
үдерісін мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. 
Міндеттердің  екінші  тобы,  АКМЕ  жетістіктерінің  жалпы 
жəне жеке заңдылықтарын зерттеуге, индивид, іс-əрекет субъектісі, 
тұлға ретінде аса жоғары жетістіктерге жеткен адамдардың жалпы 
белгілерін  зерттеуге  бағытталған.  Сонымен  бірге,  жалпыны 
айқындау,  міндетті  түрде  кəсіби  іс-əрекеттің  нақты  түріне  тəн 
ерекшені  талдаумен,  жеке  индивидке  тəн  бірегейлі  талдаумен 
қамтамасыз етіледі. 
Міндеттердің  үшінші  тобы,  АКМЕ-ге  қозғалысқа  жəне  даму-
дағы шыңға жетуге ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдай-
лар  мен  факторларды  (кең  мағынасында)  анықтауға  бағытталған. 
Мұнда  субъективті  факторларды  іздеуге  жəне  жүйелеуге,  отбасы 
тəрбиесінің рөлін талдауға, тұлғалық жəне кəсіби стандарттар мен 
эталондарға, кəсіпқойлар мен кəсібилікке ерекше назар аудару қажет. 
Міндеттердің  төртінші  тобы,  тұлғаның  дамуымен  жəне 
өзіндік акмеологиялық зерттеу əдістерін құрастырумен байланысты. 

12
13
Кез  келген  ғылымның  өзіндік  зерттеу  жəне  əдістемелік  аппараты 
болғанда ғана, ол шынайы түрде дербес мəртебеге ие болады. Бұл 
мəселе  акмеологияға  да  қатысты.  Оның  қалыптасуының  басында 
акмеологиялық  міндеттер,  жалпы  ғылыми  жəне  психологиялық 
əдістердің  көмегі  арқылы  шешіледі,  алайда  өзіндік  əдістерді 
құрастыру  міндеттері  өзекті  болатын  уақыт  келді.  Осы  бағытта 
жұмыс жалғасуда, қазір біраз нəтижелерге қол жеткізілді. 
Міндеттердің  бесінші  тобы,  кəсіби  іс-əрекеттің  алуан  түрлі 
санатындағы  кəсіпқойлықтың  жəне  кəсібиліктің  акмеологиялық 
модельдерін  құрастыруға  бағдарланған.  Мұнда  «акмеологиялық 
модель»  категориясын  теориялық  тұрғыда  негіздеу  талап  етіледі. 
Акмеологиялық  модельдерді  құру,  тұлғалық-кəсіби  дамудың,  осы 
үдерісті  оңтайландырудың  маңызды  бағдары  болатын  кəсібиліктің 
біртұтас  жəне  құрылымдық  стандарттарын  сипаттауға  мүмкіндік 
береді. 
Міндеттердің алтыншы тобы, тұлғаның ілгері дамуының жəне 
бірінші  кезекте  кəсібиліктің  өзіндік  акмеологиялық  технологияла-  
рын құруға бағытталған. 
Міндеттердің жетінші тобы, нақты қолданбалы акмеологиялық 
зерттеулерге  бағдарланған,  бұл  өз  кезегінде  ғылымды  саралауға, 
оның ғылыми бағыттарының қалыптасуына деген табиғи үрдістерді 
бекітеді. 
Н.В.  Кузьмина  акмеологияның  пəні  ретінде,  шығармашылық 
тұрғыда  өзін-өзі  жүзеге  асырудағы  біртұтас  адамды  атаған. 
Кемелдену – адам  өмірінің  кəсіпті  жəне  оқу  орнын  дербес 
таңдауынан бастау алып, жұмыстың ырғағы мен тəртібін жоспарлау, 
өз уақытын ұйымдастыру мен қалаған нəтижелерге жету тəсілдерін 
жоспарлау  аралығындағы  кезең.  Бұл  кезеңде  білім  беру,  тəрбие, 
оқыту  үдерістерінің  орнын  бірте-бірте    шығармашылық  əлеуетті 
дамытуға  бағытталған  өзін-өзі  тəрбиелеу,  өзіндік  білім  алу,  өзін-
өзі  бақылау,  өзін-өзі  жетілдіру  түріндегі    өзін-өзі  жүзеге  асыру 
үдерістері алынады. 
Ежелгі  дүние  тарихының  дамуындағы  акме-кезеңдер,  дамудың 
бір  дəуірінен  екінші  дəуіріне  дейінгі  терең  білім  мен  нақты 
тəжірибені беру жүйесі ретінде, дамудың терең мəнін түсінуге көмек 
береді.  Əсіресе,  адамның  дамуы  темір  дəуірінде  аса  жоғары  акме- 
нəтижеге жетті.  
Акмеологияның бастау көздері Ежелгі Грекияға байланысты. Бұл 
кезеңде адам ақыл-ой жəне дене дамуының шыңдарының үйлесімі 
ретінде кемелдену идеалына ұмтылған болатын. Адамзат қоғамының 
дамуының əртүрлі тарихи кезеңдерінде идеалдар алуан түрлі болды, 
алайда олар əрдайым интегративті құрылымдар, табиғаты бойынша 
гетерогенді  үдерістердің  шыңдарының  үйлесімі  нəтижесі  ретінде 
қарастырылды. 
Ежелгі  Үндістанның  данагөйлері  адамның  жер  бетіндегі 
өмірінің  жақсаруын  оның  тұлғасын  жетілдірумен  байланыстырды; 
Конфуций  жəне  Лао  Цзы  азаматтық  жəне  əскери  жетілдірудің 
біріктіруін  негіздеді;  Демокрит,  Сократ,  Эпикур  өзін-өзі  дамытуды 
адамзат  өмірінің  мақсаты  деп  санады;  Марк  Аврелий,  Плутарх, 
Сенека  адамгершілік  жетілдірудің  өзіндік  сана  мен  аскетизм 
түрінде көрініс беретінін атап көрсетті; Фома Аквинский, Д.Бруно, 
Г. Лейбниц, Б. Спиноза жетілдірудің мүмкіндігін рухани дамытуға 
деген  сенімділікпен  байланыстырды;  еркіндік,  жалпыадамзаттық 
құндылықтар, адамгершілік мəселелерін Г. Гегель, И. Кант, И. Фихте, 
Ф. Шеллинг зерттеді.
Тарихи-философиялық  аспект  адамның  мəні  мен  оның  əлемде 
алатын  орны  туралы  мəселелерді  қамтиды.  Бұл  өз  кезегінде 
дүниетанымды  қалыптастырудың  негізіне  алынады.  Адамзаттың 
мəдени дамуының басталуынан-ақ, адамның дамуы туралы ұғымдар 
қалыптасты,  индивидтің  дамуында  бірқатар  шыңның,  жоғары 
деңгейдегі  нүктенің,  көтерілу,  дамудың  белгісінің,  кемелденудің 
жоғары дəрежесінің болатыны туралы идеялар айтылды. 
Дамудағы  шыңды  тарихи-философиялық  тұрғыда  негіздеу, 
акмеге  деген  үдемелі  қозғалыс  үдерісі  ретінде  қарастырылады. 
Ежелгі  грек  тілінде  «акмеде  болу»  ұғымы  «дамудың  жоғары 
сатысында болуды, толыққанды түсте (өркендейтін кезең) болуды» 
білдіреді.  
Кемелденудің  жоғары  сатысы,  оның  шыңы – «акме» – бұл 
адамның  азамат  ретінде  қаншалықты  дəрежеде  қалыптасқанын, 
өз  ісінің  маманы  жəне  тұлға  ретінде  қалыптасқанын  сипаттайтын, 
оның дамуының белгілі кезеңін қамтитын көпшамалы күйі. 
Акмеологияның  нысаны  ретінде,  кемелдену  сатысындағы 
дамушы  тұлға  алынады.  Кең  мағынасында,  оның  пəні  ретінде – 
кемелденген тұлғаның ілгері дамуына ықпал ететін немесе кедергі 
келтіретін  объективті  жəне  субъективті  факторлар  алынады,  яғни 
ересек  адамның  дамуда,  қатынастарда,  шығармашылықта,  өзінің 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет