Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

54
55
үдерісі. Студенттік ортада азаматтық құндылықтарды қалыптастыру  
болашақ педагогтардың кəсіби құзыреттілігіне тікелей əсер етеді. 
Азаматтық-патриоттық  құндылықтарды  қалыптастыру,  аза-
маттық  пен  патриотизм  терминдерінің  өзара  байланысы  аясын-
да,  азаматтық  акмесі  туралы  жəне  азаматтың  сапалары  мен 
педагогикалық  кəсібиліктің  бір-біріне  қатынасы  туралы  айтуға 
болады. 
Акмеологияның негіз құраушы категориясы ретінде, «кəсібилік» 
категориясы алынады, бұл еңбек əрекетін оқу жəне тəжірибелік іс-
əрекет  барысында  құзыретті  орындаудағы  қабілетті;  орындалған 
міндеттердің  күрделілік  деңгейіне  сəйкес  келетін  сабақтың  белгілі 
түріндегі шеберліктің деңгейін білдіреді. 
Қазіргі  кезде  тұлғаны  біртұтас  қалыптастыруды  зерттеу  үшін,  
сұранысқа  ие  болатын  базалық  акмеологиялық  категориялардың 
əрекеттік анықтамалары құрылған: 
• акмеологиялық жағдайлар –  маңызды жағдайлар, оларға тұлға 
мен іс-əрекеттің жоғары кəсібилігіне жету байланысты болады; 
•  акмеологиялық  факторлар – кəсібиліктің  басты  детерминант-
тары, қозғаушы күштің сипатына ие негізгі себептер. 
Акмеологияда  кəсіпқойдың  қалыптасуына  ықпал  ететін 
жағдайлар мен факторлар анықталған (Е.Н. Богданов, В.Г. Зазыкин 
жəне т.б.). Ғалымдардың пікірлері бойынша, «белгілі бір жағдайлар 
мен факторлар кəсібиліктің дамуына ықпал ететін болса, онда олар 
акмеологиялық деп аталады». 
Аталған  категориялардың  айырмашылығы,  олардың  объективті 
(жағдайларға  қатысты)  жəне  субъективті  (факторларға  қатысты) 
құрамдастарымен 
анықталуында 
көрінеді. 
Психологиялық-
акмеологиялық  зерттеулерде  маңызды  акмеологиялық  жағдайлар 
ретінде,  еңбек  субъектісінің  нышандары,  жалпы  жəне  арнайы 
қабілеттері,  қоғамның  қалыптасу  кезеңіндегі  күйі,  отбасылық 
тəрбие  мен  білім  берудің  жағдайлары,  мəдени  құндылықтарға 
қолжетімділік  алынады.  Н.В.  Кузьминаның  пікірі  бойынша, 
акмеологиялық  факторлар  субъективті  болуы  мүмкін  (кəсіби  іс-
əрекеттің  жетістік  шамасының  дара  алғышарттары – мотивтер, 
бағыттылық,  қызығушылықтар,  құзыреттілік,  шеберлік  жəне  т.б.), 
сонымен бірге кəсіби ортаны жəне өзара əрекетті ұйымдастырумен, 
басқару  сапасымен,  басшылардың  кəсібилігімен  байланысты 
субъективті-объективті  болуы  мүмкін.  Маңызды  акмеологиялық 
факторлар  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  ұмтылыспен,  жоғары  тұлғалық 
жəне кəсіби стандарттармен, кəсіби қабылдау мен ойлаудың жоғары 
деңгейімен,  кəсібиліктің  мəртебесімен,  сонымен  бірге  кəсібиліктің 
өсуіне ықпал ететін барлық субъективті факторлармен анықталады. 
Ғалым  А.А.  Бодалевтің  пікірі  бойынша,  кəсіпқой – бұл  «ақыл-
ойы,  ерік,  сезімдер  сияқты  сипаттамаларға  ие  іс-əрекет  субъектісі, 
аса  жалпылама  түрде  айтатын  болсақ,  тұрақты  құрылымы  бар 
субъектінің психикалық қасиеттері, тиімділіктің жоғары деңгейінде 
өзін үлкен маман ретінде іс-əрекетті орындауға мүмкіндік береді». 
Н.  В.  Кузьмина  кəсібилікті  анықтауда  əрекеттің  құрамдасқа 
бағдарланатын атап көрсетеді. Сонымен бірге, іс-əрекетті бір субъ-
ект орындайды, іс-əрекеттің бағыттылығының өзіндік мəні  болады.  
А.  Адлер  əлеуметтік  қызығушылықты  қамтитын  жəне  адамдарға 
пайда əкелетін еңбек қолдауға лайық болатынын айтады. 
Дергач  А.А.,  Зазыкин  В.Г.  кəсібилікті  тұлғаның  кəсібилігімен 
жəне  іс-əрекеттің  кəсібилігімен  өзара  байланыста  қарастыруды 
ұсынады. 
Іс-əрекеттегі  кəсібилік – жоғары  кəсіби  біліктілікті  жəне 
құзыреттілікті көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы. 
Кəсіби  біліктер  мен  дағдылардың  алуан  түрлілігі,  сонымен  бірге 
шығармашалық  шешімдерге    негізделген  біліктер  мен  дағдылар, 
кəсіби  міндеттерді  шешудің  заманауи  алгоритмдері  мен  тəсілдерін 
меңгеру,  іс-əрекетті  жоғары  жəне  тұрақты  тиімділікпен  жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. 
Тұлғаның  кəсібилігі – кəсіби  маңызды  немесе  тұлғалық-
іскерлік  сапалардың  жоғары  деңгейін,  кəсібиліктің  акмеологиялық 
инварианттарын,  креативтілікті,  қалаулардың  адекватты  деңгейін, 
ілгері  дамуға  бағытталған  мотивациялық  саланы  жəне  құндылық 
бағдарларды көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы. 
Кəсібиліктің  акмеологиялық  инварианттары – жоғары  тұрақ-
ты  тиімділікті  жəне  орындалатын  іс-əрекеттің  сенімділігін  қам-
тамасыз  ететін  кəсіпқойдың  негізгі  сапалары  мен  біліктері.  Кəсі-
биліктің  акмеологиялық  инварианттары  маманның  белсенді 
өзін-өзі  дамытуды,  оның  шығармашылық  əлеуетін  жүзеге  асыруда 
қамтамасыз ететін ішкі қозғаушы себептерде көрініс табады. 
Кəсібиліктің  акмеологиялық  инварианттары  келесі  үлгіде 
болады: жалпы, олар іс-əрекеттің кəсіби өзгешелігіне тəуелді емес: 
тұлғаның  күші,  дамыған  антиципация  (жағдайды  болжау),  өзіндік 

56
57
реттеудің  жоғары  деңгейі,  шешім  қабылдау  білігі,  креативтілік, 
жетістіктердің жоғары жəне адекватты мотивациясы. Сонымен бірге, 
кəсібиліктің өзгеше немесе ерекше акмеологиялық инварианттарын 
ажыратуға  болады,  олар  өз  кезегінде  белгілі  дəрежеде    кəсіби  іс-
əрекеттің нақты түрінің өзгешелігін  көрсетеді. 
Тұлғалық-кəсіби  дамыту – кəсіби  іс-əрекет  пен  кəсіби  өзара 
əрекет  үдерісінде,  оқыту  мен  өзіндік  дамыту  арқылы  жүзеге 
асырылатын,  кəсібиліктің  жəне  кəсіби  жетістіктердің  жоғары 
деңгейіне  бағдарланған  тұлғаны  дамыту  үдерісі.  Ол  екі  бағытта 
көрініс табады: кəсіби-білікті дамуда, яғни кəсіби біліктілікте жəне 
кəсіби-қызметтік дамуда, яғни кəсіби мəнсапта көрініс табады. 
Кəсіпқой – бұл тұлғаның жəне іс-əрекеттің кəсібилігінің жоғары 
көрсеткіштеріне ие, жоғары кəсіби жəне əлеуметтік мəртебесі бар, 
тұлғалық жəне əрекеттің нормативті реттеу жүйесі дамыған,  үнемі 
өзін-өзі  дамытуға  жəне  өзін-өзі  жетілдіруге,  тұлғалық  жəне  кəсіби 
жетістіктерге бағытталған, əлеуметтік-жағымды мəні бар, кəсіби іс-
əрекет субъектісі. Аталған категориялар мен ұғымдар қазіргі кезде 
акмеология үшін базалық болып саналады. 
1.3 Құзыреттілік базалық акмеологиялық категория ретінде
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  құзыреттілік,  құзыреттілік 
тұғыр,  құзырлылықтар,  білім  беру  құзырлылықтары,  түйінді 
құзырлылықтар, базалық құзырлылықтар, арнайы құзырлылықтар. 
Кəсіби  білім  берудегі  акмеологияның  мəселелерін  зерттеу, 
акмеологияның  теориялық  аппаратын  айқындау  мен  негіздеуді, 
ноосфералық  педагогиканың  ерекшеліктерін,  педагогиканың 
біріктіруші  сипатын  есепке  алатын,  кəсіби  білім  берудің 
мамандарының кəсіби құзыреттілігін жетілдіруді талап ететін өзекті  
мəселе болып табылады. 
Кəсіби білім беру жүйесінің дамуының қазіргі заманғы үрдістері, 
білім  беру  мекемелерінің  болашақ  түлектеріне  жоғары  талаптар 
ұсынады.  Педагогикалық  ой-пікірлердегі  жаңа  ұғым  ретінде 
құзырлылықты қалыптастыру алынады. 
Əлемдік  білім  беру  тəжірибесінде  құзыреттілік  ұғымы,  білім 
берудің  мақсаты  ретінде,  соңғы  жылдары  түйінді  ұғымдардың 
бірі  ретінде  болады,  ал  түйінді  құзырлылықты  қалыптастыруды 
мектептің  білім  беру  мақсаттарына  ендіру  (атап  айтсақ,  жоғары 
мектеп)  жəне  сонымен  байланысты  оқу  жұмысының  əдістерін 
өзгерту – жоғары мектепті қайта құрудың (жаңарту) негізгі бағыты 
ретінде  болады. «Адамдармен  қарым-қатынас  жасау,  өз  бетімен 
туындайтын мəселелерді шешу» қабілеті  кəсіби іс-əрекеттің жəне 
білім беру аясына тəуелсіз əмбебап сапалар болып саналады. Білімге 
бағдарланатын жоғары мектеп əлемдегі еңбектің жаңа сұраныстары 
тұрғысында ескірді». 
Соңғы  онжылдықта  инновациялық  білім  берудің  теоретиктері 
мен  практиктері,  мамандардың  белгілі  білімдері  мен  біліктерін 
қалыптастырудың қажеттілігі туралы ғана емес, сонымен бірге алуан 
түрлі өмірлік жағдайларда, тəжірибеде аталған білім мен біліктерді 
қолдану  қабілетіне  бағытталған  ерекше  «құзырлылықтарды» 
қалыптастырудың  қажеттілігі  туралы  пікір  білдіреді.  Нəтижесінде 
коммуникацияға жəне командалық жұмысқа дайындықты, жобалық 
менеджмент  əдістерін  меңгеруді,  пəнаралық  тұғырды  қолданып, 
мəселелерді  талдау  жəне  шешу  біліктерін,  іргелі  жəне  техникалық 
білімді қамтитын, құзырлылықтар кешенін қамтамасыз ететін білім 
берудің жаңа сапасының қажеттілігі туындайды  (Eyerer P., Hefer B. 
and Krause В., Enemark S.).
Қазіргі заманғы экономика орта жəне жоғары мектептің көпшілік 
түлектерінің  білімінің  көрсеткіштерінен  біршама  асып  түсетініне 
бағдарланған.  Нəтижелі  кəсіби  іс-əрекетте,  оқшауланған  білімдер 
емес,  өмірлік  жəне  кəсіби  мəселелерді  шешу,  шетелдік  қарым-
қатынас  жасау  қабілеті,  ақпараттық  технологиялар  саласында 
даярлық  қабілетінде  көрінетін  жалпылама  біліктер  аса  маңызды 
жəне  тиімді  болып  табылады.  Осылайша,  құзыреттілік  тұғыр 
қазіргі  заманғы  білім  берудің  біршама  мəнді  жаңартуды  талап 
етуімен  сұранысқа  ие  болады,  ал  осы  үдерісті  жүзеге  асырмау, 
заманауи  педагогикалық  идеялар  мен  тұжырымдамаларды  ендіру 
негізінде, білім беруді жетістікпен қайта құруға деген көп жылдық 
ұмтылыстардың  арасындағы  кезекті  компания  болу  мүмкіндігін 
иеленеді (И. Капинос, А.Г. Бермус)
Қазіргі  кезде  біз    білім  беру  жүйесіндегі  қайта  құруды  əртүрлі 
бейіндегі  мамандарды даярлаудағы сапалы жаңа тұғыр ретінде айта 
аламыз.  Жоғары  білім  беру  жүйесін  екі  деңгейге  бөлу,  еңбек  іс-
əрекетіне бағдарланған студенттер мен ғылыми дамуға бағытталған 
студенттер арасындағы нақты шектеуге əкеледі. Осы жағдайда жаңа 

58
59
типтегі мамандарды озық кəсіби даярлау жүйесін құрудың қажеттілігі 
өзекті болып саналады. Бірінші қатарға кəсіби тəрбие беру мəселесі, 
тəрбие үдерісінің жаңа сипаттамалары шығады, олар кəсіби даярлау 
мен  педагогтарды  қайта  даярлауға  жаңа  талаптар  ұсынады.  Жаңа 
мəдениеттанушылық  тұжырымдаманың  авторларының  пікірлері 
бойынша, «тəрбие  мəдениеттің  аса  жоғары  жетістіктерінің 
негіздерін  көрсететін,  ғылыми-педагогикалық  бағдарламамен 
қамтамасыз етілген, білімгерлердің өмірін педагогтардың мақсатты 
бағытталған,  кəсіби  басқаруы  арқылы  ұйымдастыруда,  мəдениет 
контексінде тұлғаны қалыптастыру жəне дамытудың кең, ауқымды 
үдерісі»  болып  саналады.  Алайда,  тəжірибе  көрсеткендей,  уни-
верситеттердің  профессор-оқытушылар  құрамы  студенттермен 
тəрбие жұмысын жүргізуде белгілі қиындықтарды басынан өткереді. 
Мұны қазіргі студент қауымының бұрынғы студенттерден өздерінің 
дүниетанымдық  ұстанымдарымен,  құндылық  бағдарларымен, 
тəрбиелілік  деңгейімен,  жаңа  өмірлік  жағдайларда  өзін-өзі  жүзеге 
асыруымен айрықшаланатынымен түсіндіруге болады.  
Құзыреттілік  тұғырды  жүзеге  асырудың  тұжырымдамалы 
мəселелерінің мəні, осы үдеріске қатысушы барлық субъектілердің 
мүдделерінің көптігімен жəне əртүрлі бағыттылығымен анықталады. 
Мысалы,  мемлекеттің  біліктілік  сипаттамаларды  құрастыру  тə-
жірибесі  болады,  яғни  мемлекеттік  қорытынды  аттестациялау 
туралы диплом алу тұрғысында маңызды білім мен біліктің нақты 
тізімдемесі болады, сонымен бірге, жұмыс берушілер үшін базалық 
коммуникативті,  ақпараттық  құзыреттіліктер  үлкен  маңызға  ие 
болады, сонымен қатар мамандығы бойынша жұмыс тəжірибесінің 
жəне ұсыныстарының болуы маңызды болып саналады. Түлектердің 
өздері  білімділік  жетістіктерін  талдау  жағдайында,  біршама 
дəрежеде  дипломның  мəртебесіне  жəне  білімді  жалғастырудың 
мүмкіндігіне  бағдарланады.  Сондықтан  əлеуметтік-тұлғалық,  эко-
номикалық,  жалпы-ғылыми  жəне  кəсіби  құзырлылықтар,  өзінің 
құрамы бойынша айрықшаланып қоймайды, сонымен бірге əртүрлі 
субъектілердің қажеттіліктерімен байланысты болады, өз кезегінде 
объективті бағалауға ие болу үшін, мазмұны мен құрылымы бойынша 
диагностикалық процедураларды талап етеді. 
Психологиялық-педагогикалық 
əдебиеттерде, 
кəсібилікті 
қалыптастыру  жəне  дамыту  үдерісін  қарастыруда,  екі  ұғым 
қолданылады:  құзыреттілік  жəне  құзырлылық.  Біріншісі  кəсіби  іс-
əрекеттің  белгілі  түрімен  байланысты  болады  жəне  С.И.Ожеговтің 
сөздігіне  сəйкес  «белгілі  бір  салада  хабардар  болу,  беделге  ие 
болуды»  білдіреді;  ал  екінші  ұғымның  келесідей  мəні  болады: 
«белгілі бір адамның, органның міндеттемелері мен құқықтарының 
шеңбері, белгілі бір адамның қарауындағы мəселелер мен істердің 
шеңбері».
«Құзыреттілік»  термині  əдетте  белгілі  əлеуметтік-кəсіби 
мəртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, олардың түсіндірі-
луі, білімдері мен біліктерінің орындайтын міндеттердің, шешілетін 
мəселелердің күрделілік деңгейіне  сəйкестік шамасын сипаттайды. 
Құзыреттілік – бұл құзырлылықтар жиынтығы. Құзыреттіліктер 
көптеген  құзырлылықтардан  құралуы  мүмкін,  олардың  көпшілігі 
салыстырмалы түрде бір-біріне тəуелсіз, əртүрлі салаларға қатысты 
болады.  Құзырлылықтар  деп  білім,  кəсіби  тəжірибе  жəне  мінез-
құлықтың мақсат пен жағдайға сəйкес бірлігіне негізделетін, əрекет 
ету  қабілеті  арқылы  көрінетін,  маманның  сипаттамасы  аталады. 
Құзырлылықтар – бұл аталған қызметті атқаратын нақты маманның 
меңгеруі қажет сапалары.
Құзыреттілік  жəне  құзырлылық  бір-бірін  өзара  толықтыратын 
жəне  өзара  негізделген  ұғымдар  болып  табылады:  тең  құқықтары 
(құзырлылық)  меңгермеген  құзыретті  адам  толыққанды  дəрежеде 
қызметті  əлеуметтік  маңызды  аспектіде  жүзеге  асыра  алмайды. 
Мұндай  түсіндіруді  біз  А.С.  Белкиннің  анықтамасынан  табамыз, 
аталған  анықтамада  құзырлылық  келесі  үлгіде  берілген: 
«құзырлылық  адамның  ие  болатын  жиынтығы,  ал  құзыреттілік – 
адамның меңгерген жиынтығы».  
Əдетте құзырлылықтар əмбебап жəне арнайы деп бөлінеді.
Мұнда  əмбебап  құзырлылықтар  инструменталды,  тұлғааралық 
жəне жүйелі деп бөлінеді. 
Құзыреттілік  тұғырдың  жаңарту  үдерісінің  негізгі  аспектіле-
рін  аса  терең  көрсететін,  барлық  мəндер  мен  аспектілердің  интуи-
тивті  түсінікке  негізделетін  көзқарасты  қарастырамыз.  Дəл  осы 
«ілгері  дамушы»  бағдардың  аясында  ой  тұжырымдары  жасалады 
(В.В. Краевский):
• құзыреттілік тұғыры өндірістік саланың сұраныстарына жауап 
береді (Т.М. Ковалева);
•  құзыреттілік  тұғыр  өзгермелі  əлеуметтік-экономикалық 
шындыққа  жауап  білім  беру  мазмұнын  жаңартуда  көрініс  табады                           
(И. Д. Фрумин);

60
61
•  құзыреттілік  тұғыр  адамның  оқу  сюжеттері  мен  оқу  жағ-
даяттарының  шекарасынан  тыс  тиімді  əрекет  ету  қабілетінің 
жалпылама шарты ретінде (В.А. Болотов);
• құзыреттілік жаңартудың түбегейлі құралы ретінде көрініс та-
бады (Д.Б. Эльконин);
• құзыреттілік қабілеттерді жағдайларға өткізудің мүмкіндігімен 
сипатталады (В.В. Башев);
• құзыреттілік «маманның белгілі іс-əрекетке енуге дайындығы» 
ретінде (А.М. Аронов) немесе маманның болашақ кəсіби іс-əрекетке 
даярлығының белгісі ретінде анықталады (П.Г. Щедровицкий). 
Осылайша, құзыреттілік тұғырды талқылау, соңғы онжылдықта 
қазіргі білім берудің келесі үрдістерімен ұсынылған, ерекше мəдени-
білім  беру  контексіне  енгізілгенін  айтуға  болады  (В.В.  Краевский, 
С.А. Пиявский, Н.Ф. Виноградова, В.И. Капинос, А.Г. Бермус):
•  бірлік  пен  білім  беру  жүйелерінің  анықталуының  жоғалуы, 
еңбек  нарығының  жəне  онымен  байланысты  білім  беру  қызметі 
нарығының қалыптасуы; 
• білім беру бағдарламаларының нұсқалығы жəне баламалығы, 
білім  беру  жүйесінің  қызметінде  бəсекелестік  пен  коммерциялық 
фактордың артуы; 
•  білім  берудегі  мемлекеттің  қызметінің  өзгеруі:  жаппай  бақы-
лаудан жəне жоспарлаудан – білім беруде туындайтын қатынастарды 
жалпы құқықтық реттеуге дейін; 
• жоғары білім беруді жəне қазіргі заманғы экономиканы еңбекті 
бөлудің  халықаралық  жүйесіне  біріктірудің  перспективасы  (атап 
айтсақ, еуропалық). 
Құзыреттілік  тұғырдың  қазіргі  заманғы  ұғымдарының  қайта 
құрылған  бейнесі  ретінде,  дамытушы  жəне  тұлғалық-бағдарлы 
білім  берудің  психологиялық-педагогикалық  тұжырымдамалары 
контексінде  құрастырылған,  жалпы  жəне  тұлғалық  даму  идеялары 
алынады.  Соған  байланысты  құзырлылықтар  дəстүрлі  білімдерді, 
жалпылама  интеллектуалды,  коммуникативті,  креативті,  əдіс-
намалық, дүниетанымдық жəне басқа біліктерді біріктіретін жанама, 
метапəндік құрылымдар ретінде қарастырылады. 
Құзыреттілік тұғырдың категориялық базасы, білім беру үдері-
сінің мақсатты бағыттылық жəне мақсат ұсыну ой-пікірімен тікелей 
байланысты,  оның  барысында  құзырлылықтар  білімгерлердің 
біліктері  мен  дағдыларының  жоғары,  жалпылама  деңгейлерін 
ұсынады,  ал  білім  берудің  мазмұны  аталған  білім  берудің  маз-
мұнының төрт компонентті үлгісімен анықталады (білімдер, білік-
тер,  шығармашылық  іс-əрекет  тəжірибесі  жəне  құндылық  қатынас 
тəжірибесі). 
Құзыреттілік тұғырдың ішінде екі базалық ұғым айқындалады: 
құзырлылық  жəне  құзіреттілік,  мұнда  бірінші  ұғым  «заттар  мен 
үдерістердің  белгілі  шеңберіне  қатынасы  бойынша  ұсынылатын, 
тұлғаның  өзара  байланысқан  сапаларының  жиынтығын  қамтиды», 
ал  екінші  ұғым  «адамның  іс-əрекет  пəніне  тұлғалық  қатынасын 
қамтитын,  сəйкес  құзырлылықты  меңгеруімен,  игеруімен» 
арақатынаста  болады.  Бұл  контексте  «білім  беру  құзырлылығы» 
ұғымы  қызмет  етеді,  аталған  ұғым  «тұлғалық  жəне  əлеуметтік-
маңызды  тиімді  іс-əрекетті  жүзеге  асыруға  қажетті,  шынайы 
болмыстың  объектілерінің  белгілі  шеңберіне  қатынасы  бойынша, 
студенттердің  білімдері,  біліктері,  дағдылары  мен  іс-əрекет  тəжі-
рибесі, мағыналық бағдарларының жиынтығы» ретінде түсіндіріледі  
(Хуторской А.В.). 
Білім  беру  құзырлылықтары  білім  берудің  мазмұнының  дең-
гейлері бойынша сараланады: 
•  түйінді  (барлық  пəндерге  ортақ,  метапəндік  мазмұнда  жүзеге 
асырылатын); 
•  жалпы  пəндік  (білім  беру  саласындағы  пəндердің  жиынтығы 
үшін біріктіруші мазмұнда жүзеге асырылатын); 
• пəндік  (жекеленген пəндердің аясында қалыптасатын). 
Білім  берудің  нормативті  жəне  тəжірибелік  құрамдасына  білім 
беру құзырлылығы ұғымын енгізу, студенттердің теориялық білім-
нің жиынтығын меңгергеннен кейін, осы білімді нақты міндеттерді 
немесе проблемалық жағдаяттарды шешуге қолдануды талап ететін, 
іс-əрекетте  біршама  қиындықтарға  кезіккенде  мəселені  шешуге 
мүмкіндік береді. 
Алайда, құзыреттілік тұғырды талқылауда келесі мəнді қарама-
қайшылықтарды айқындауға болады: 
1.  Құзыреттілік  тұғырдың  бастапқы  тəжірибелік  бағдарлануы 
мен  педагогикалық  тəжірибенің  пəндік  (атап  айтсақ,  метапəндік) 
бағдарының сəйкессіздігі (Е.А. Ямбург).
2. Құзыреттілік тұғырдың тұжырымдамалы жəне инновациялық 
əлеуетінің  белгісіздігі,  атап  айтсақ  əрекеттік  жəне  дамытушы 
бағыттылықта  психологиялық-педагогикалық  тұжырымдамалар-

62
63
дағы  түбегейлі  айырмашалықтардың  айқын  болмауы  (Н.Д.  Ни-
кандров, М.В. Богуславский, В.М. Полонский).
3.  Құзыреттілік  тұғырдың  пəндік  жəне  жас  ерекшелік  ара-
қатынасының болмауы (Г.Н.Филонов), сонымен бірге, құзыреттілік 
тұғырды  ендірудің  ұйымдастырушылық-басқарушы  аспектілерінің 
болмауы (Н.Д.Никандров, И.И.Логвинов).
4.  Стандарттарды  құрастырудағы  ұлттық-мəдени,  əлеуметтік-
саяси  жəне  əлеуметтік-психологиялық  контекстің,  ондағы  құ-
зыреттілік  тұғырды  жүзеге  асырудың  айқын  болмауы  (В.И.  Сло-
бодчиков, Т.М. Ковалева).
Атап  өтетін  бір  жайт,  құзырлылыққа  бағдарланған  білім  беру 
(құзырлылыққа негізделген білім: competent-based education – CBE) 
Америкада  адамның  əлеуметтік-кəсіби  өмір  сүруінің  интеллекту-
алды жəне тұлғалық негізделген іс-əрекет тəжірибесіне, білімдерге 
негізделген  «құзырлылық»  ұғымының  жалпы  контексінде  қалып-
тасты. 
Құзырлылық жəне құзыреттілік мəселелері бойынша еңбектерді 
талдау (Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Марко-
ва,  В.Н.  Куницына,  Г.Э.  Белицкая,  Л.И.  Берестова,  В.И.  Байденко, 
А.В.  Хуторской,  Н.А.  Гришанова  жəне  т.б.)  білім  берудегі  СВЕ-
тұғырдың  қалыптасуының  үш  сатысын  шартты  түрде  анықтауға 
мүмкіндік береді.
Бірінші саты (1960-1970 жж.) ғылыми аппаратқа «құзырлылық» 
категориясын  ендірумен,  құзырлылық  жəне  құзыреттілік  ұғым-
дарын  ажыратудың  алғашарттарын  құрумен  сипатталады.  Осы 
уақытқа дейін трансформациялық грамматика жəне тілдерді оқыту 
теориясының  аясында,  тілдік  құзырлылықтың  алуан  түрлерін 
зерттеу басталды, «коммуникативті құзыреттілік» ұғымы енгізіледі 
(Д. Хаймс).
Екінші  саты (1970-1990 жж.)  құзырлылық  жəне  құзыреттілік 
категорияларын  тілдерді  оқытудың  теориясы  мен  тəжірибесінде 
қолданумен,  сонымен  бірге  басқаруда,  менеджментте,  қарым-
қатынасқа  оқытуда  кəсібилікке  оқытуда  қолданумен  сипатталады; 
«əлеуметтік 
құзырлылықтар/құзыреттіліктер» 
ұғымдарының 
мазмұны құрастырылады. 
Ғылыми  категория  ретінде  құзыреттілікті  зерттеудің  үшінші 
сатысы  білім  беруге  қатысты,  ол  өткен  ғасырдың 90-жылдары 
басталды  жəне  А.К.  Маркованың  еңбектерінің  пайда  болуымен 
байланысты (1993, 1996), аталған еңбектерде еңбек психологиясы-
ның жалпы контексінде кəсіби құзыреттілік жан-жақты жəне арнайы 
қарастырудың  пəні  болды.  Осы  кезеңдегі  еңбектерде,  құзыреттілік 
ұғымы алуан түрлі түсіндіріледі: кəсібиліктің синонимі жəне оның 
бір құрамдасы ретінде. 
Құзыреттілік  тұғыр – бұл  нақты  өнімді  алумен  қайта  құрушы 
іс-əрекеттің  тəсілдерін,  тəжірибенің  бейімделген  мүмкіндіктерін, 
біліктерін,  хабардар  болудың  кешенді  жүйесін  дамытуға  бағ-
дарланған,  білім  беру  үдерісінің  логикасын  анықтайтын  жалпы 
қағидалардың  жиынтығын  О.Е.  Лебедев  құзыреттілік  тұғырға 
қатысты атап көрсетеді: 
–  білім  берудің  мəні  білімгерлердің  əлеуметтік  тəжірибені 
қолдану  негізінде,  іс-əрекеттің  түрлерінде,  алуан  түрлі  салаларда 
мəселелерді өз бетімен шешу қабілетін дамытудан құралады, оның 
элементі ретінде білімгерлердің өзіндік тəжірибесі алынады; 
–  білім  берудің  мазмұны  танымдық,  дүниетанымдық,  адам-
гершілік,  саяси  жəне  басқа  мəселелерді  шешудің  дидактикалық 
бейімделген əлеуметтік тəжірибесі болып табылады;  
– білім беру үдерісін ұйымдастыру, білімгерлердің білім мазмұ-
нын  құрайтын  танымдық,  коммуникативті,  ұйымдастырушылық, 
адамгершілік жəне басқа мəселелерді өз бетімен шешудің тəжірибе-
сін қалыптастырудың жағдайларын құрудан құралады; 
– білім беру нəтижесі,  білімгерлердің оқытудың белгілі сатысын-
да қол жеткізген білімділіктің деңгейлерін талдауға негізделеді. 
Атап өтетін бір жайт, білім берудегі құзыреттілік тұғырдың мəнін 
сипаттайтын ұғымдық аппараттың біржақты анықтамасы болмайды. 
Қазіргі  кезде  психологиялық-педагогикалық  əдебиеттерде  «құзы-
реттілік» жəне «құзырлылық» ұғымдарының анықтамасына қатыс-
ты алуан түрлі тұғырлар анықталған. 
С.Е.  Шишов  жəне  И.Г.  Агапов  құзырлылық  деп  оқу-танымдық 
үдеріске  тұлғаның  өз  бетімен  қатысуына  бағдарланған,  оны  еңбек 
іс-əрекетіне  жетістікпен  ендіруге  бағытталған,  оқыту  нəтижесінде 
меңгерілген білім мен тəжірибеге негізделген, тұлғаның  іс-əрекетке 
деген жалпы қабілеттілігі мен даярлығы ретінде түсіндіреді. 
Д.Б.  Эльконин  құзыреттілікті  индивидті  іс-əрекетке  ендіру 
сəтінде алынған біліктілік сипаттамасы ретінде анықтайды. 
Б.И.  Хасан  құзырлылықты – мақсаттар  (адамның  алдына  қой-
ған), ал құзыреттілікті – нəтижелер ретінде анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет