Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

74
75
үдерісінің  нəтижелерін  сипаттауда  құзыреттілік  тұғырды  қолдану, 
отандық  жəне  шетелдік  жоғары  оқу  орындары  беретін  дипломдар 
мен дəрежелерді салыстыру мүмкіндігіне жағымды əсер етеді. 
Құзыреттіліктің «іс-əрекеттің белгілі бір саласында өзінің кəсіби 
рөліне  дайындық  жəне  міндеттерді  шешу  қабілеті»  ретінде  жəне 
құзыреттілік құбылысының акмеология аясында тек соңғы уақыттан 
бері  қарастырылатынын  ескеріп,  жоғарыда  сипатталған  қарама-
қайшылықтарды  шешу  (құзыреттілік  тұғыры  қазіргі  кезде  өзіндік 
тұжырымдама  мен  логиканы  құрмайды)  акмеологияның  теориясы 
мен  əдіснамасына  сүйене  отырып  мүмкін  болады,  ол  өз  кезегінде 
кемелденген тұлғаның ілгері  дамуы туралы білімді, өзін-өзі дамыту 
жəне  өзін-өзі  маңызды  ету  жолдары  туралы  білімді  біріктіре  жəне 
жалпылай  отырып,  қазіргі  кəсіби  білім  берудегі  тұжырымдамалы 
буын  болуы  мүмкін.  Кəсіби  шеберлікті  арттыруға  жəне  оны 
тəжірибеде  əрі  қарай  қолдануға  əсер  ететін  факторларды  зерттеуді 
өзінің  басты  міндеті  ретінде  ұсынып,  акмеология  «кəсібилік» 
түйінді ұғымының негізінде барлық ғылыми пəндердің мəліметтерін 
біріктіреді. 
«Құзыреттілік»  ұғымы  «кəсіби  тəжірибе»  жəне  «кəсібилік» 
ұғымдарымен  бірге  қарастырылады,  мұнда  көп  жағдайда  аталған 
ұғымдар теңестірілген ұғымдар ретінде анықталады. 
А.К.  Маркова  нормативті  жəне  шынайы  кəсібилік  ұғымдарын 
ажыратып көрсетеді, қызметкердің шынайы кəсібилігі көп жағдайда 
нормативті  ұсынылған  кəсібиліктен  біршама  оқшау  екендігін  атап 
көрсетеді.  Автор  нормативті  кəсібилік  деп  адамның  тұлғасына 
кəсіптің нормативті талаптарын атауды ұсынады, автордың пікірінше, 
шынайы  кəсібилік  адамға  кəсіптің  нормативті  талаптарына  сəйкес 
келуге  мүмкіндік  беретін  тұлғаның  ішкі  сипаттамасы  болып 
табылады. 
Аталған  жағдайларға  қарай,  автор  кəсібиліктің  екі  қырын 
айқындап  көрсетеді:  мотивациялық  жəне  операционалды-техно-
логиялық.  Бұлай  бөлудің  адамның  кəсіби  тəжірибесін  өлшеу 
технологиясын  құру  жəне  дамытудың  негізі  болатын  тəжірибелік 
мəні болады.
Кəсібиліктің мотивациялық саласы қамтиды: 
• кəсіби құндылықтар, идеалдар, менталитет; 
• кəсіптің мəнін түсіну; 
• кəсіби дүниетаным; 
• кəсіптегі этикалық нормаларды меңгеру; 
•  кəсіби  мотивтер  (тек  сыртқы  емес – жалақыға  деген  қызы-
ғушылық, ішкі – өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылыс), шынайы əрекет 
ететін мотивтердің болуы; 
• кəсіби мақсаттар, күшті мақсатты болжау; 
• кəсіби интерналдылық, адамның өзінің бойында жетістік-сəт-
сіздіктің себептерін іздеу ретінде; 
• кəсіби мəндер, кəсіби тұрақтылықты анықтайтын кəсіптегі  ма-
ғыналық шығармашылық; 
• мотивациялық саладағы позитивті динамика (жаңа мотивтердің, 
мақсаттардың пайда болуы, кəсіптегі жаңа мəндерді табу, олардың 
иерархиясын өзгерту, қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді мотивтер, 
мақсаттарды  біртұтас  өзін-өзі  болжауға  біріктіру),  кəсіби  өмірдің 
өзіндік сценарийін құру; 
•  даралық  кəсіби  дүниетанымның  өзгешелігі,  бағалау,  қатынас-
тар жүйесі ретінде; 
•  кəсіпқойдың  ұстанымы – өзін  кəсіпқой  ретінде  тану,  кəсіби 
өсуге  ұмтылыс;  біліктілікті  арттырудың  алуан  түрлеріне  деген 
мотивация; 
•  кəсіптің  аясында  жəне  одан  тыс  икемді  қайта  бағдарлануға 
дайындық; 
• кəсіби тұлғааралық қатынастар жəне ұстанымдар, кəсіби үміт-
тер; 
• кəсіптің талаптарының нəтижелеріне жеткізетін қалаулар дең-
гейіне сəйкестігі ретінде еңбекпен қанағаттану. 
Кəсібиліктің операционалды-технологиялық саласы қамтиды: 
• еңбек туралы кəсіби жəне психологиялық білімдер; 
• кəсіби өзіндік сана; 
• кəсіби біліктер, дағдылар, технологиялар; 
• кəсіби оқытылғандық, оқытылу, шеберлік; 
• кəсіби қабілеттер (жалпы жəне арнайы), кəсіби жарамдылық; 
• кəсіби ойлау; 
• еңбектің нəтижелілігі, тиімділігі; 
• еңбек нəтижесінің психологиялық бағасы; 
• еңбекқорлық, еңбексүйгіштік, кəсіпте мəртебеге жету (санат); 
• кəсіби өсудің тəсілдері, ондағы позитивті динамиканың болуы; 
•  еңбек  іс-əрекетінің  əртекті  нəтижелеріне  жету,  кəсіби  өсудегі 
«көпшыңдық»; 

76
77
•  кəсіби  іс-əрекеттің  дара  стилі,  кəсіптің  аясындағы  қарым-
қатынас; 
• іс-əрекеттің бірнеше түрлерін меңгеру, бір əрекеттен екіншісіне 
еркін, жеңіл өту; 
• еңбек субъектілерінің өзіндік толықтыруы (жеткіліксіз дамыған 
немесе ауытқыған қабілеттер мен сапалар); 
• өзгермелі жəне ерекше, шұғыл жағдайларда кəсіби іс-əрекеттің 
тəсілдері; 
•  кəсіби  іс-əрекеттің  жаңа  тəсілдері,  кəсіби  еңбектегі  шығар-
машылық жəне инновациялар. 
А.К. Маркованың көзқарасы бойынша, кəсібиліктің мотивация-
лық жəне операционалдық-технологиялық саласының көрсеткіште-
рін  толық  сипаттау,  жас  ерекшелік  психологиясында  құрылған 
маңызды  деректі  негіздеу  үшін  қажет,  онда  психикалық  дамудың 
қозғаушы  күші  ретінде  жетекші  іс-əрекеттің  мотивациялық-
қажеттілік  жəне  операционалдық-техникалық  аясы  арасындағы 
жинақталған қарама-қайшылық алынады. 
Кейінірек,  Б.С.  Братусь    бұл  қарама-қайшылықты  балалық 
кезеңде  ғана  емес,  сонымен  бірге  кемел  жасында  психологиялық 
талдаудың  пəні  ретінде  қарастыруды  ұсынды,  автор  кемелденген 
жаста  жас  ерекшелік  дамуы  мағына  құраушы  мотивтерді  қайта 
бағалауды  жəне  өзінің  шынайы  тəжірибелік  мүмкіндіктерін 
(іс-əрекеттің  инструменталды  қыры)  мотивтермен  жəне  өзекті 
мақсаттармен  келісуге ұмтылыс арқылы негіздеді. 
Білім  берудегі  құзыреттілік  тұғырдың  қалыптасуының  жалпы 
жоспарында  құзырлылықты/құзыреттілікті  қарастырудың  ұсыныл-
ған  стратегиялары  (СВЕ),  оларды  өлшеудің  жəне  бағалаудың 
күрделілігін  білдіреді.  Құзыреттілік  біріккен  сипаттама  (яғни,  бұл 
даярлықтың сапасының біріктірілген  сипаттамаларының шеңберімен 
білім  мен  білікті  байланыстыратын,  оқытудың  нəтижесінде 
меңгерілетін жаңа сапа) болып табылады, оны күрделі жүйелердің 
сипаттамалық белгілерімен білім беру үдерісінің бірқатар объективті 
шынайылығы ретінде қарастыруға болады, оларды зерттеу күрделі 
жүйелердің көрінісі мен дамуымен байланысты міндеттерді шешуді 
қамтиды. 
Көптеген  қазіргі  заманғы  зерттеушілер  атап  көрсеткендей, 
дамудың аталған сатысында педагогикалық іс-əрекеттің жетекші ой-
пікірі  ретінде,  тəрбиеленушіні  оқу-тəрбие  үдерісінің  объектісінен 
оның  субъектісіне  қайта  құрудың  қажеттілігі  алынады.  Бұл 
үдеріс  тəрбиеленушіге  таңдаудың  үлкен  еркіндігін  беруді,  білім 
алу  кеңістігін,  іс-əрекеттің  құралдарын,  түрлерін,  əдістерін, 
ұстанымдарын,  тəсілдерін  таңдауды  қамтиды.  Мақсатты  болжауда 
жəне рефлексияда өзбетінділікті дамыту, жағдаяттың өзгеруіне əсер 
ету қабілетін дамытуда қамтылады. Сонымен бірге, тəрбие үдерісінің 
мазмұны  əрекеттің  міндетті  бағдарламасын  көрсетіп  қоймайды. 
Мұнда  студенттерді  тəрбиелеу  мəселесі  бойынша  инновациялық 
жəне  тəжірибелік  жұмыстың  сапасын  белсендіру  мен  арттыруда 
көрінетін  студенттерді  тəрбиелеудің  жаңа  тəжірибесін  дамыту 
маңызды болып саналады.   
Тəрбиені  «нақты  мамандықты  жəне  біліктілік  деңгейін  меңге-
руді,  кəсіптер  əлемінде  бағдарлану  мен  бейімделуді  қамтамасыз 
ететін,  тұлғаны  еңбек  тұрғысында  əлеуметтендірудің  əлеуметтік, 
педагогикалық  ұйымдастырылған  үдерісі»  ретінде  көрінетін 
кəсіби  білім  берудің  аясында  қарастыру  қажет.  Алдыңғы  қатарға 
студенттердің кəсіби құзырлылығын дамыту, олардың рухани жəне 
адамгершілік  дамуы,  саналы  ұғынылған  азаматтық  ұстанымын 
қалыптастыру,  əртүрлі  деңгейдегі  мəселелерді  шешудің  тұлғалық, 
кəсіби тəжірибесін байыту үшін жағдай құру шығады.
Қазіргі кезде  оқытуға маман-практиктерді баулудың қажеттілігі 
туралы жеткілікті айтылып жүр. Əрине, осы мəселеге байланысты 
бірқатар  қарама-қайшылықтар  мен  қиындықтар  болады.  Алайда, 
үдеріс жүргізіліп келеді. Көптеген жоғары оқу орындары белгілі бір 
пəннің  аясында  белгілі,  практикалық  тақырыптар  бойынша  дəріс 
оқуға  өндіріс  пен  бизнестің  тəжірибелі  өкілдерін  баулиды.  Əрине, 
практик-маманның  біртұтас  пəннен  толық  дəріс  оқуы  мүмкін 
емес.  Ол  қандай  кəсіпқой  болса  да,  жоғары  мектептің  білім  беру 
үдерісін құрудың өзіндік принциптері болады. Жоғары білім берудің 
үшдеңгейлі жүйеге өтуі, студенттердің практикалық жəне ғылыми-
теориялық  дайындығын  саралауға  мүмкіндік  береді.  Практикалық 
дайындық  болашақ  түлектердің  бірқатар  құзырлылықтарын,  атап 
айтсақ кəсіби құзырлылықтарын қалыптастырудан құралады.     
Питер  Ф.  Друкер  өзінің  «Задачи  менеджмента XXI века» 
кітабында  қазіргі  заманғы  өндірістік  жағдайда  ұжымдағы  өзара 
қатынастардың 50 жыл  бұрынғы  қатынастардан  түбегейлі 
айрықшаланатыны туралы айтады. Оның пікірінше, қазіргі заманғы 
«бағынушы»  өзінің  жұмысы  туралы  «басшымен»  салыстырғанда 

78
79
бір адым жақсы, көп білуі керек, ол үнемі «басшыға» ұйымның іс-
əрекеті  туралы  ақпаратты  жеткізіп  отыруы  керек.  Кадр  мəселесін 
қарастырудағы  осындай  тұғыр,  болашақ  маман  үшін  маңызды 
болатын  түйінді  кəсіби  құзыреттіліктерді  айқындауға  мүмкіндік 
береді. 
Студенттік  өндірістік  мекемелерді  құру,  болашақ  мамандарға 
қажетті кəсіби құзырлылықтарды қалыптастырудың негізгі құралы  
болып  табылады.  Студенттік  өнеркəсіп  деп  білім  беру  үдерісінің 
белгілі  міндеттерін  шешу  үшін  құрылған,  білім  беру  мекемесінің 
аясындағы өндірістік құрылым аталады. Мұндай өнеркəсіпті білім 
беру мекемесінің қызметкерлері, студенттер құра алады. 
Өнеркəсіпті  ұйымдастыруға  студенттерді  баулу,  барлық 
студенттерді  тарту,  əртүрлі  дайындық  деңгейі  бар  студенттердің 
арасында  міндеттерді  бөлу  туралы  əртүрлі  пікірлер  бар.  Аталған 
мəселелерді  кешенді  тұрғыда  шешу  қажет.  Бұл  мəселені  шешудің 
негізгі  тірегі  ретінде,  нақты  кафедраға  қатысты  өнеркəсіптің 
формалары  мен  түрлерінің  алуан  түрлілігі  болуы  мүмкін.  Бұл 
студенттер  мен  оқытушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысының 
бағыттарын барынша қамтуға мүмкіндік береді. 
Бұл  кəсіби білім берудің отандық жүйесін дамытудың міндетте-
рінің  арасына  университет  жанынан  өнеркəсіптерді  құрудың 
қажеттілігін  жетекші  орынға  шығарады.  Əртүрлі  сатыда  соңғы 
нəтижені құру үдерісінде, орташа үлгерімі бар орташа студенттерден, 
жоғары 
интеллектуалды 
студенттерге 
дейінгі 
абсолютті 
əртүрлі  деңгейдегі  студенттер  қатыса  алады.  Бұл  студенттердің 
барынша  қамтылуын,  сонымен  бірге  оқытушыға  өзінің  ғылыми 
қызығушылықтар саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді бақылауға 
мүмкіндік береді. 
Адамды тануға жəне оны құруға бағытталған көптеген ғылымдар 
бар.  Алайда,  бұл  жеткіліксіз,  сондықтан  таныс  ғылымдарда  жаңа 
бағыттар пайда болуда. 
Жаңа ғылым пайда болды жəне дами бастады – ол акмеология 
(грек  тілінен akme – шың,  өркендеу).  Қазіргі  кезде  акмеология 
жаратылыстану,  қоғамдық  жəне  гуманитарлы  ғылымдардың 
түйісуінде пайда болған, адам дамуының кемелдену сатысындағы, 
əсіресе  адамның  осы  дамудағы  аса  жоғары  деңгейге  жетудегі 
заңдылықтары  мен  феномендерін  зерттейтін  ғылым  ретінде 
анықталады.  Акмеологияның  кемелденген  тұлғаның  дамуын 
зерттейтіні ерекше зейін аудартады. 
Мамандардың  жоғары  кəсібилігі  жəне  шығармашылық  шебер-
лігі – өзекті жаһандық-дағдарыстық мəселелерді оңтайлы шешудің 
факторы болатын, адамзаттың өзіндік маңызды ресурстарының бірі 
болып саналады. 
Кəсібилігі  мен  шеберлігінің  жоғары  деңгейі  бар,  басқару 
саласындағы, менеджмент, əлеуметтік жұмыс саласындағы əртүрлі 
бейіндегі  мамандарға  деген  əлеуметтік  қажеттілік  ерекше  өзекті 
болып  саналады.  Кез  келген  кəсіпте  бір  орында  тұруға  болмайды, 
адам  үнемі  өзін  жетілдіріп  жəне  өмірдің  барысына  ілесіп  отыруы 
керек. Жемісті жұмыс, бір жаңа нəрсені құру үшін, кең дүниетаным, 
мəселені  сауатты  шешу  шеберлігі  болу  қажет.  Оған  қалай  қол 
жеткізуге  болады?  Мүмкін,  акмеология  осы  сұраққа  жауап  бере 
алады. 
Бірқатар зертеушілер атап көрсеткендей, елдің экономикасында 
екі  үдеріс – индустрияландыру  жəне  модернизация  үдерістері 
байқалады.  Индустрияландыру  қоғамның  заманауи  өнеркəсіптік 
базасын  құруға  бағытталған;  модернизация  оны  қамтамасыз 
етудің  озық  жүйелерін  дамытуды  қамтамасыз  етеді.  Оларды 
жүзеге  асырудың  шарты  ретінде,  еңбек  құралдары  мен  заттарын 
тез  алмастырумен,  инновациялық  пен  вариативтіліктің  жоғары 
деңгейімен  қамтамасыз  етілетін  даму  алынады.  Мұнда  еңбекті 
алмастыру  заңдарының  əрекетінің  жеделдетілген  ырғағына 
адекватты əсер ететін қызметкерді даярлаудағы қажеттілік артады; 
мұнда үздіксіз даму жəне жетілдіру қабілетін меңгерген қызметкер-
ге деген қажеттілік артады.  
Кəсіпқойдың  тұлғасын  акмеологияландыру  мен  оны  даярлау 
үдерісін  акмеологияландыру  туралы  айтуға  болады,  бұл  кəсіби 
білім  беруде  акмеологиялық  білімді  педагогтің,  оны  даярлау 
мен  қайта  даярлаудың  акмеологиялық  бағдарланған  жүйесінің 
болуы  жағдайында  мүмкін  болады.  Қазіргі  кезде  мұндай  жүйе 
жоқ.  Айтылғандар  осы  жүйені  құрудың  іргелі  негіздерін  ғылыми 
зерттеудегі  қажеттіліктің  болуын;  кəсіби  білім  беруде  педагогты 
даярлаудың акмеологиялық бағдарланған жүйесін құру мəселесінің 
өзектілігінің  жоғары  дəрежесін;  зерттеу  жаңалығының  жоғары 
деңгейін – болжанатын  зерттеу  нəтижелері    кəсіби-педагогикалық 
кадрларды даярлау жəне қайта даярлаудағы жаңа тұжырымдамалы 
тұғырларды  негіздейді;  педагогикалық  акмеология  мəселелерін 
оқытушының  кəсіби  шеберлік  шыңдарына  жету  туралы  ғылым 
ретінде  зерттеу,  ғалымдардың  назарын  бұрыннан  бері  аударып 
келеді. 

80
81
Бoлaшaқ  мaмaндapдың  кəciби  дaяpлығын  білімдік  үрдісте 
aқпapaттық  тexнoлoгияларды  пайдалану apқылы  қaлыптacтыpу 
caлacындa opындaлғaн отандық ғылыми еңбектер қатарына бoлaшaқ 
мaмaндapдың  aқпapaттық  жəнe  зepттeу  мəдeниeтiн  қaлыптacтыpу 
(Е.Ы.Бидайбеков, P.Ч.Бeктұpғaнoвa,  К.М.Бepкімбaeв,  т.б.)  жəнe 
т.б.  жатады.  Болашақ  мамандардың  кəсіби  даярлығын  жетілдіру 
жолдары  туралы  М.А.Кұдайкұлов,  Б.Кенжебеков,  Ш.Т.  Таубаева, 
Е.Ш. Қозыбаев жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Құзыреттілік  тұғыр  құзырлылық  бейіндерін – іс-əрекеттің  ал-
уан  түрлі  бағыттары  үшін  парциалды  құзырлылықтар  жиынтығын 
құрастыруды қамтиды. Бейіндерді құрастырудың жалпы ережелері: 
əрбір парциалды құзырлылық нақты құрастырылуы қажет, бейінде 
басымдылықтар дəл жəне нақты қойылуы керек; бейінде көрсетілген 
əрбір  құзырлылықтың  өзіндік  «эталоны»  болуы  жəне  оған  қол 
жеткізілуі  керек.  Құзырлылықтардың    түзетіліп  құрастырылған 
бейіндері  білім  беру  бағдарламаларын  құрастырудың  негізі  болып 
табылады. Құзырлылықтар бейіндерін құрастыру үдерісінде қажет: 
–  білімгерлердің  сипаттамалары  мен  əрекеттерінің  байланысты 
емес жиынтығын жалпы мағыналық өріс ретінде алу; 
– білімгерлердің сипаттамасы мен əрекеттерінің топтастырылуын 
жүзеге  асыру,  құзырлылық  топтарын  анықтайтын  мағыналық 
кластерлерді айқындау; 
– құзырлылықтардың есімдерін беру жəне бастапқыда жазылған 
парциалды құзырлылықтарды  қайта топтастыру; 
– құзырлылықтың бейіндерін құрастыру, оларды өзара мақұлдау 
жəне оқытудың мақсаттарына сəйкес жүйелі біріктіру;  
–  құзырлылықтың  «өлшеуіштерін»  жəне  индикаторларды 
құрастыру. 
Кəсіби құзыреттілік кəсіби жағдайларда іс-əрекетті жүзеге асыру 
үшін қажетті білім, білік жəне дағдыларда көрініс табады. Оларды 
іріктеудің өлшемі ретінде, білімгерлердің кəсіби жағдайларға жақын 
жағдайларда шешуі қажет кəсіби міндеттердің мазмұны алынады. 
Осылайша,  құзыреттілік  тұғырды  оқу  үдерісіне  ендіру,  оның 
жоғары білім берудің оқу бағдарламасындағы көрінісі: 
– студенттің бойында əлеуметтік жəне жеке тəжірибе негізінде, 
іс-əрекеттің алуан түрлі саласында жəне түрлерінде мəселелерді өз 
бетімен шешу қабілетін дамыту;  
–  кəсіби,  танымдық,  дүниетанымдық,  адамгершілік  жəне  бас-
қа  мəселелерді  шешудің  дидактикалық  бейімделген  тəжірибесі 
негізінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын іріктеу; 
–  оқыту  мақсаттарына  жетудің  деңгейлері  негізінде  оқытудың 
нəтижелерін  бағалау  сияқты  принциптерді  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Сəйкес  құзырлылықтардың  болуын  айқындау,  сипаттау  жəне 
бағалау үшін, нақты жағдайдағы іс-əрекеттің көлемін жəне сапасын 
«өлшеу» қажет, ол үшін нақты кəсіби міндеттерді адекватты шешуге 
қажетті,  қабілеттерді  сипаттау  арқылы  құзырлылықтың  мазмұнды 
компонентін  құрастыру  талап  етіледі.  Мұнда  көрсетуді  қажет 
ететін  нақты  қабілеттер  сипатталады;  əрбір  қабілет  көрсетілетін 
жағдайлар;  барынша  аз  қабылданатын  жəне  барынша  жоғары 
қойылған міндеттерді орындауға арналған қабілеттердің жеткілікті 
деңгейлерінің стандарттары сипатталады. 
Түйінді  мəселелердің  бірі  ретінде,  қазіргі  мұғалімді  кəсіпқой 
жəне шығармашылық тұлға ретінде даярлаудың жаңа педагогикалық 
негіздемелерін  құрастыру  алынады.  Мұғалімді  кəсіби  даярлауды 
жетілдірудің резервтерін іздеу, оның шығармашылық құзыреттілігін 
қалыптастыру  мен  дамыту  кеңістігіне  ауысады.  Мұнда  бас-
тауыш,  орта  жəне  жоғары  педагогикалық  мектептің  бірыңғай, 
шығармашылықпен дамушы  білім беру кеңістігіне қайта құрудың 
қажеттілігі  туындайды,  ол  өз  кезегінде  болашақ  мұғалімнің 
шығармашылық  құзыреттілігін  кəсіпте  өзін-өзі  жетістікпен  жүзеге 
асырудың факторы ретінде, білімгерлердің  шығармашылық дамуын 
құзыреттілікпен  қолдаудың  алғышарты  ретінде  қалыптастыру  мен 
дамытуға ықпал етеді. 
Гуманистік  парадигма  ұстанымы  тұрғысында  білім  берудің 
басты  құндылығы  ретінде,  субъектінің  тұлғаның  шығармашылық 
əлеуетіне  сүйене  отырып,  кəсіби  іс-əрекетте  өзін-өзі  жүзеге  асыру 
қабілеті  алынады.  Тиімді  кəсіби  дамудың  негізі  ретінде,  болашақ 
мұғалімнің  өзін-өзі  жетістікпен  педагогикалық  қызметте  жүзеге 
асыруы алынады, ол өз кезегінде үздіксіз педагогикалық білім беру 
ықпал  етуге  бағытталған  кəсіби  құзыреттілік  құрылымы  арқылы 
көрініс табады. 
Кəсіби  білім  берудің  нəтижесі – бұл  индивидтің  білім  беру 
барысында  меңгерген  функционалды  міндеттемелерді  орындау 
қабілеті; белгілі кəсіби салада орындалатын міндеттердің күрделілік 
деңгейіне, яғни кəсібилікке сəйкес келетін шеберлік пен біліктіліктің 
деңгейі. 

82
83
1.4  Кəсібилікті  дамытудың  жалпы  жəне  ерекше  акмео-
логиялық факторлары
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  акмеологиялық  факторлар, 
акмеологиялық  жағдайлар,  акмеологиялық  талдау,  акмеологиялық 
зерттеу,  акмеологиялық  өлшемдер,  акмеологиялық  заңдылықтар, 
акмеологиялық тұғыр. 
Акмеологиялық  факторлар – іс-əрекеттегі  жоғары  кəсібилікке 
жетуді  негіздейтін  негізгі  себептер  (қозғаушы  күштің  сипатына 
ие)  жəне  кəсібиліктің  басты  детерминанттары  болып  саналады. 
Факторлар – бұл    адамның  кəсіби  іс-əрекеттің  шыңдарына,  яғни 
жоғары  жетістіктерге  өзіндік  қозғалысын  негіздейтін  объективті 
себептер. 
Акмеологиялық  жағдайлар – іс-əрекеттегі  жоғары  кəсібилікке 
жету тəуелді болатын маңызды жағдайлар. 
Акмеологиялық  факторлар  мен  жағдайлар  мазмұны  бойынша 
жақын  болғанмен,  оларды  теңестіруге  болмайды.  Тұлғаның 
дамуының əртүрлі сатыларында олардың əртүрлі мəні болады, олар 
кəсібилікке жетуге əртүрлі əсер етеді. Акмеологиялық зерттеулерде 
маңызды  жағдайлар  ретінде,  нышандар,  жалпы  жəне  арнайы 
(атап  айтсақ,  кəсіби)  қабілеттер,  отбасы  тəрбиесінің  жағдайлары, 
бастауыш,  орта  жəне  жоғары  сыныптардағы  тəрбие,  кəсіби  оқу 
мекемесіндегі  білім  беру,  кəсібиліктің  бастапқы  кезеңіне  жататын 
жағдайлар айқындалады. 
Жастардың  дарындылығын  дамыту  мəселелерін  талдау 
үдерісінде  мазмұны  бойынша  акмеологиялық  маңызды  жағдайлар 
анықталды. Оларға жататындар: 
– қоғамдық-тарихи сұраныс (қоғамға талантты тұлғалар, өз ісінің 
танымал  кəсіпқойлары  шынымен  қажет  пе),  еркіндік,  қысымның 
болмауы,  сөзсіз  бағыну  ахуалының  болмауы,  шеберліктің  жоғары 
беделі; 
–  лайықты  өмірлік  деңгей  (күнкөрісті  іздеуде  өзінің  талантын 
алмастырмау мүмкіндігін ұсынатын); 
– қоғамның ашықтығы, білім беруге жəне мəдени құндылықтарға 
барлығы үшін теңдей қолжетімділік; 
– құрмет пен мадақтаудың əрекеттік жүйесінің болуы.  
Акмеологиялық факторлардың екі түрін ажыратуға болады: 
1)  нəтижеге  жетуге  бағытталған  шынайы  іс-əрекетте  көрінетін 
объективті факторлар; 
2)  кəсіби  іс-əрекеттің  жетістік  шамасының  субъективті  ал-
ғышарттарымен  байланысты  субъективті  факторлар  (мотивтер, 
бағыттылық,  қабілеттер,  құзыреттілік,  шеберлік,  қанағаттану, 
шығармашылық). 
Акмеологиялық факторларды жүйелі тұғырда жіктеуге болады. 
Жүйелі  тұғырда  олар  жалпы,  ерекше  жəне  бірегей  болуы  мүмкін. 
Жалпы  факторларға  мотивацияның  жоғары  деңгейі,  күтпеген 
нəтижелерге жетуге қажеттілік, кəсіби-тұлғалық стандарттар, кəсі-
биліктің шыңдарына деген өзіндік қозғалыс жатады. 
Акмеологиялық талдау – кəсібилікті зерттеудегі акмеологиялық 
жағдайлар мен факторларды анықтау үдерісі. Ол маңызды категория 
болып  келеді.  Акмеологиялық  талдаудың  пəні  ретінде,  қоғам 
мен  тұлғаның  алдында  барынша  жауапты  іс-əрекетті  жүзеге  асы-
ру  жағдайында  барлық  психикалық  механизмдердің  болуының 
жоғары  түрлерінің  қалыптасуын  жəне  жоғалуын  зерттеу  алынады. 
Акмеологиялық  талдау  мен  зерттеулер  ғылыми  негізделген  прин-
циптерге сүйенген жағдайда нəтижелі болады. 
Акмеологияда  негіз  құраушы  ретінде  əдіснамалық  принциптер 
алынады: 
– жүйелілік, күрделі əртүрлі деңгейдегі жүйелерді қарастырады;  
–  адамды  индивид,  тұлға,  іс-əрекет  субъектісі,  даралық  пен 
универсум ретінде даму үдерісінде зерттеу; 
–  акмеология  тұрғысында  екі  тең  объектіні – адамды  жəне  іс-
əрекетті бір мезгілде зерттеу; 
– жекеде жалпыны, жалпыда жекені зерттеу; 
– даму жəне психологиялық детерминизм; 
– белсенділік; 
– инварианттылық. 
Жүйелілік  принципі.  Жүйелі  тұғырдың  базасында  акмеология-
ның  теориялық-əдіснамалық  негіздерін  құрастыру,  дербес  жəне 
өзекті  ғылыми  бағыт  болып  табылады,  себебі  акмеологияда 
зерттелетін  факторлар  мен  мемлекеттік,  материалды  жəне  рухани 
салада əрекет ететін болашақ ұйымдар үшін кəсіпқойларды даярлау 
арасындағы жүйелі тəуелділікті көрсетеді. 
Адамды,  оның  қозғалыстағы  дамуын  зерттеудің  қажеттілігі 
принципі.  Адамзат  көрінісінің  алуан  түрлілігінде  кəсібиліктің 
дамуын зерттеуді қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет