Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

156
157
ұзақтығына  тікелей  пропорционалды;  дамыту  үдерісінің  мақсатта-
рын саналы ұғыну, адамның оқу іс-əрекетіне ендіру тəсілі, дамыту-
шы  əдістер  мен  құралдарды  қолдану,  оқу  материалын  меңгеруге 
қажет бөліктерге бөлу тəсіліне тəуелді болады; 
– үшіншісі – бұл жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық 
дамыту  үдерісін  басқарудың  заңдылықтары.  Аталған  үдерістің 
тиімділігі, кері байланыстың жиілігіне жəне көлеміне тікелей про-
порционалды болатыны анықталған; жастық шақ кезеңінде тұлғаны 
акмеологиялық  дамытудың  құрылымы  жəне  сапасы,  бақылаудың 
тиімділігіне тəуелді болады; аталған үдерістің сапасы осы үдерісті 
басқарудың  сапасына  тікелей  пропорционалды;  басқарудың  тиім-
ділігі  ақпаратты  басқарушының  саны  мен  сапасына,  адамның 
күйлері  мен  мүмкіндіктеріне,  басқарушы  əсерлерді  қабылдаушы 
жəне  қайта  өңдеушіге  тікелей  пропорционалды  тəуелділікте  бола-
ды;  егер орындауға қажет əрекет моделі – «қозғалыс бағдарламасы» 
жəне  оның  нəтижелері – «мақсаттың  бағдарламасы»  тұлғаның 
іс-əрекетінен  озып  кететін  болса,  онда  даму  үдерісінің  тиімділігі 
артады. 
Жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаны  акмеологиялық  дамытудың 
əлеуметтік-мəдени  заңдылықтары,  аталған  үдерістің  тұлғаны 
əлеуметтендіруге  жəне  оны  басқа  субъектілермен  өзара  əрекетіне 
тəуелділігін  көрсетеді.  Жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаның  акмео-
логиялық дамуының, оқытушы мен басқа субъектілердің бірлескен іс-
əрекетін ұйымдастырудың келесі ережелерге сəйкес болған жағдайда 
позитивті  динамикасының  болатыны  анықталған:  əрбір  тұлғаға 
іс-əрекетті еркін таңдау мүмкіндігін ұсыну; оған өмір сүру əрекеті 
барысында  əлеуметтік  ұстанымын  алмастыру  мүмкіндігін  беру; 
тұлғаны  басқа  адамның  орнына  қоюға  ынталандыру  (идентифика-
ция механизмін қолдану). Оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастырудың аса 
тиімді түрі ретінде, авторитарлы қатынас түрінен тұлғаның беделіне 
негізделетін  қатынасқа,  қарым-қатынастың  монологты  стилінен 
диалогты  стильге  өтуге  мүмкіндік  беретін  бірлескен  іс-əрекет 
алынады;  ол  индивидтің  өзінің  «жақын  даму  аймағын»  жүзеге 
асыруды  қамтамасыз  етеді;  референтті  тұлға  арқылы  тұлғаға  жəне 
топқа  əсер ету механизмдерін əрекетке келтіреді. 
Жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаны  акмеологиялық  дамытудың 
заңдылықтарын  зерттеу  нəтижесінде,  тұлғаның  акмеологиялық 
дамуының  психологиялық-педагогикалық,  тұлғалық  жəне  əлеу-
меттік-мəдени  заңдылықтарын  анықтауға  болады.  Жастық  шақ 
кезеңінде  тұлғаның  акмеологиялық  дамуының  заңдылықтары 
акмеологиялық  болып  саналады,  себебі  тұлғаны  дамыту  эта-
лондарына,  атап  айтсақ,  тұлғаны  дамытуға  жəне  нəтижелі  оқу-
кəсіби іс-əрекетке деген қозғалыстың үрдістері мен қатынастардың 
тұрақты байланыстарын көрсетеді. 
Осылайша,  жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаны  акмеологиялық 
дамытудың  айқындалған  механизмдері  мен  заңдылықтары,  бір 
жағынан  зерттелетін  үдерісті  оңтайландыруға,  ал  екінші  жағынан 
оларды тұлғаның акмеологиялық дамуында есепке алуға мүмкіндік 
береді. 
Мұнда оқу-кəсіби іс-əрекетті жастық шақ кезеңінде субъектінің 
акмеологиялық    дамуының    негізі  ретінде  ескеру  маңызды,  се-
бебі    өзін-өзі  жүзеге  асыру  қабілеті  мен    индивидтің  субъектілі 
ұстанымының  қалыптасуы  жүретін,  ерте  жастық  шақ  кезеңіндегі 
қажеттіліктің  кез  келген  көріну  дəрежесінде,  əлеуметтендіру, 
дараландыру  жəне  теңестіруді  жүзеге  асырудың  деңгейлері  жəне 
құрылымы  арасында  тығыз  жəне  шынайы  байланыс  болады. 
Сонымен  бірге,  жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаның  акмеологиялық 
дамуына  əлеуметтік-мəдени  жəне  білім  беру-тəрбиелік  ортамен 
тиімді өзара əрекеттестік маңызды үлес қосады. Мұның бəрі кешен-
ді  түрде  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуына  жəне  өзін-өзі  жетілдіруіне 
ықпал етеді. 
Интеграциялық  жүйе  тəрбие,  білім  беру  жəне  даму  жүйесі 
ретінде,  мақсаттар  мен  міндеттерден  басқа,  тəрбие,  білім  беру 
жəне  дамытудың  мазмұнын,  əдістерін,  түрлері  мен  құралдарын 
анықтайтын  негізгі  қағидаларды  қамтуы  қажет.  Жүйенің  маңызды 
компоненті ретінде, жастық шақ кезеңіндегі тұлғаның өзі жəне атал-
ған үдерістің басқа субъектілері алынады: оқытушылар, ата-аналар, 
достар  жəне  қатарластар.  Бұл  субъектілерді  тең  құқылы  серіктес 
ынтымақтастықтың  субъектілері  ретінде,  жастық  шақ  кезеңіндегі 
тұлғаның  іс-əрекетінің  фасилитаторлары  ретінде  қарастыруға 
болады.  Бұлар  тұлғаға  өзбетінділіктің  барынша  ауқымын  ұсынып, 
тұлғаның  акмеологиялық  дамуына  жағдай  жасайды.  Тұлғаның 
акмеологиялық  дамуының  басқа  субъектілерінің  негізгі  міндеті 
ретінде, бірқатар психологиялық-педагогикалық жағдайларды құру 
алынады: тұлға толыққанды дəрежеде белсенді тұлғалық ұстанымды 
ұстауға  қабілетті,  оқу-кəсіби  іс-əрекеттің  субъектісі  ретінде 

158
159
ашылады;  тұлғаның  акмеологиялық  даму  үдерісінде  «акмеге» 
жету  үшін,  оның  ішкі  мотивациясы  қалыптасуы  мүмкін;  тұлғаның 
өзін-өзі  жүзеге  асыру  жəне  өзін-өзі  ашуға  дайындығын  дамытуға 
бағытталған тəрбие, білім беру жəне дамытудың əдістері, түрлері мен 
құралдары  қолданылады;  оқытушылардың,  ата-аналардың,  достар 
мен  қатарластардың  жетекшілігімен  жəне  өз  бетімен  тұлғаның 
акмеологиялық  дамуы  барысында, «акмеге»  жету  мақсатында 
тұлғаның оқу-кəсіби іс-əрекетін арнайы басқару ұйымдастырылады. 
Тұлғаның  акмеологиялық  даму  детерминациясының  прин-
циптері  жəне  интеграциялық  жүйенің  аталған  мақсаты  мен  мін-
деттері,  аталған  жүйенің  құрылымдық  элементтерін  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Оқытудың  мазмұнына  ғылыми  жəне  көркем 
əдебиеттер,  ойын  жағдаяттары,  проблемалық  тапсырмалар  мен 
рөлдік  ойындар  жатады,  олардың  аясында  жастық  шақ  кезеңінде 
тұлғаның  акмеологиялық  дамуы  жүзеге  асырылады  (маманның 
коммуникативті құзыреттілігі қалыптасады). 
Тұлғаның  акмеологиялық  дамуының  əдістеріне,  түрлеріне  
жəне  тəсілдеріне  жататындар:  оқу  ақпаратын  құрастыру  əдістері, 
проблемалық  əдіс,  бағдарламалық  əдіс,  көпшамалы  сипаттау  əдісі, 
жүйелі  құрастыру  жəне  баяндау  əдісі,  ақпараттық-ұсыну  əдісі, 
студенттер  мен  оқытушылардың  оқу-зерттеу    міндеттерін  бірлесіп 
шешу əдісі жəне т.б. 
Интеграциялық  жүйенің  қарастырылған  құрылымдық  эле-
менттері,  осы  жүйенің  мазмұнды  компоненттерін  анықтауға 
мүмкіндік  береді:  педагогикалық,  дидактикалық,  психологиялық 
жəне  əлеуметтік-мəдени.  Аталған  компоненттер  бір-бірімен  өзара 
байланысты  жəне  бір-бірін  өзара  толықтыратын  жүйелер  ретінде 
болады. 
Педагогикалық  компонент  құрылымдық  элементтер  арқылы 
(мақсатты,  ынталандырушы,  мазмұнды,  əрекеттік,  бағалаушы, 
аналитикалық)  жəне  функционалды  элементтер  арқылы  беріледі 
(гностикалық,  жобалаушы,  конструктивті,  коммуникативті,  ұйым-
дастырушылық). 
Дидактикалық  компонент  жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаның 
акмеологиялық  дамуы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 
принциптерін  көрсетеді.  Дидактикалық  құралдарға  материалдық 
құралдар  (дидактикалық  материал,  көрнекі  оқу  құралдарының 
түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар жинағы жəне т.б.), сонымен 
бірге,  материалдық  емес  сипаттағы  құралдар  (оқыту  əдістері  мен 
тəсілдері, оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастыру түрлері) жатады. 
Интеграциялық  жүйенің  дидактикалық  компонентінің  құрамдас 
элементтері  ретінде,  аксиологиялық,  мазмұнды  жəне  технология-
лық компонент алынады. 
Психологиялық  компонент  акмеологиялық  дамыту  мақсатында 
тұлғаның дамуын төмендегі бағыттар бойынша қайта жаңғыртуды 
қамтамасыз  етеді:  даярлық  мəселесінің  мəнін  ашу,  өзін-өзі  жүзеге 
асыру  қажеттілігін  қалыптастыру,  субъектілікті  жаңа  құнды  құры-
лым ретінде өзгерту, тұлғаның іс-əрекеті мен дамыту бағыттарының 
өзара байланысы. 
Əлеуметтік-мəдени компонент жастық шақ кезеңінде тұлғаның 
акмеологиялық  дамуындағы  əлеуметтік  қоршаған  ортаның  рөлін 
ескереді: педагогтар, қатарластар, достар жəне осы үдерістің басқа 
субъектілері.  Бұдан  басқа,  тұлға  акмеологиялық  тұрғыда  дами 
отырып,  социумның  мүшесі  ретінде  оның  мəдениетін  меңгеруі 
қажет.  Оған  өзі  өмір  сүретін  ортасы  əсер  етеді.  Сондықтан  бұл 
компонентте  келесі  элементтер  анықталады:  өзіндік  мəдени,  ата-
аналар жəне педагогикалық, орта, референтті-топтық (қатарластар), 
топаралық (əртүрлі жастағы білімгерлер). 
Тұлғаның  акмеологиялық  дамуының  акмеологиялық  тұрғыда 
қамтамасыз  етілуі,  орта  жəне  жоғары  жалпы  жəне  кəсіби  білім 
беру  жүйесінің  аясында,  жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаның 
акмеологиялық дамуының технологияларын құрастыру мен жүзеге 
асырудың бірыңғай, біртұтас үдерісін құрайтын, қамтамасыз ететін 
элементтердің  субъективті  факторлары  мен  өзара  байланысқан, 
өзара негізделген объективті жағдайлардың біртұтас жүйесі ретінде 
болады.  Бұл  қамтамасыз  ету  тұлғаның  акмеологиялық  дамуына 
ықпал  ететін  жəне  тұлғалық  қалыптасудың  негізі,  əрі  қарай 
тұлғалық жəне кəсіби өсудің іргетасы болатын психологиялық жəне 
акмеологиялық іс-шаралардың жиынтығы ретінде болады. 
Өзін-өзі  дамытушы  механизмдер  тұлғаның  акмеологиялық 
дамуын субъект-субъектілі өзара əрекетте жүзеге асырады, тұлғаның 
жастық  шақ  кезеңіндегі  өзіндік  мотивациясын,  өзіндік  іс-əрекетін, 
өзбетінділігін  қалыптастырады,  оның  жастық  шақ  кезеңіндегі 
акмеологиялық  дамуын  тұлғаның  психикалық  дамуындағы  жас 
ерекшеліктерін  қалыптастыру  есебінен  қамтамасыз  етеді,  мұнда 
жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаның  акмеологиялық  дамуының 
компоненттерінің  бірыңғай  болмауы,  біртекті  болмауы,  əртүрлі 

160
161
жылдамдығы есепке алынады. Аталған үдерістің жас ерекшеліктерін 
ескеру,  бір  жағынан,  жас  кезеңінің  əртүрлі  сатысында,  тұлғаның 
акмеологиялық дамуының болжанатын динамикасына əкеледі. 
Жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаның  акмеологиялық  дамуының 
аксиологиялық  жəне  коммуникативті  əлеуетпен  байланысты 
болатыны  анықталған,  себебі  тұлғаның  акмеологиялық  дамуы 
құндылықтардың  алмасуы  ретінде  болатын  қарым-қатынас 
барысында  жүзеге  асырылады.  Тұлғаның  коммуникативті  жəне 
аксиологиялық  əлеуеттерін  дамыту,  оның  əлеуетті  құндылық 
мүмкіндіктері  жүзеге  асырылған  жағдайда  сəтті  болады.  Бұдан 
басқа,  тұлғаның  өмірдің,  мəдениеттің,  өнердің  құндылықтарына 
деген  қажеттілігін  арттыруға  ықпал  ететін  аксиологиялық  ой-
пікірлер  беріледі.  Тұлғаның  өзін-өзі  маңызды  етуге  жəне  өзін-
өзі  дамытуға  тұрақты  бағдарын  қалыптастыратын  жағдаяттың 
құрылғаны маңызды. 
Жастық  шақ  кезеңінде  тұлғаның  акмеологиялық  дамуының 
негізгі компоненттері ретінде, тұлғаның өзін-өзі ашуға дайындығы 
мен өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі алынады. Жастық шақ кезеңін-
де  тұлғаның  акмеологиялық  дамуының  келесі  мəнді  белгілері 
болады:  субъектілік  жаңа  құндылық  құрылым  ретінде  болады,  ол 
жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы үдерісінде, 
өзін-өзі жүзеге асырудың негізі жəне шарты болады, мұнда өзін-өзі 
маңызды  етуге,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  ерекше  рөл  беріледі;  олар 
ерте жастық шақта тұлғаның даму орталығына шығады жəне ерекше 
мəнге ие болады, ең алдымен, адамның аталған жас кезеңінде өзін-
өзі жүзеге асыруында «акме» контексінде ерекше мəнге ие болады. 
Тұлғаның акмеологиялық дамуы психологиялық-акмеологиялық 
жағдайлар мен факторларды ескеру арқылы жүзеге асады. Тұлғаның 
акмеологиялық  дамуын  оңтайландыру,  жастық  шақ  кезеңінде 
тұлғаның акмеологиялық дамуының психологиялық-педагогикалық, 
акмеологиялық технологиялар жүйесін ендірудің табысты болуына 
тəуелді болады. 
Кəсіби 
өзін-өзі 
анықтаудың 
маңызды 
психологиялық 
алғышарттары  ретінде,  қалыптасқан  интеллектуалды  əлеует, 
адекватты өзіндік бағалау,  эмоционалды кемелдену жəне тұлғаның 
өзін-өзі реттеуі алынады. 
Ішкі  детерминация  екі  полисферадан  тұрады:  мотивациялық-
тұлғалық  жəне  «Мен-полисферасы».  Мотивациялық-тұлғалық 
полисфера  субъектінің  əрекетінің  ішкі  мотивациялық  нұсқадағы 
бағыттылығын  анықтайды,  үнемі  өзін-өзі  өзгертуге  жағдай  жасай-
ды. Ол келесі салалар арқылы көрінеді: дүниетанымдық бағдарлау-
шы,  онда  адамның  əлемге  көзқарасы,  оған  деген  қатынасы 
бағытталады,  құндылық  бағдарлар  жүйесі  анықталады:  жалпы-
тұлғалық сала, ол адамгершілік-этикалық жəне дара-типологиялық 
қабаттардан тұрады; эмоционалды-ерікті сала, ол объектіге белгілі 
қатынасты құрайды, адамның барлық ішкі ресурстарын субъектінің 
қойған мақсаттарына жетуге жұмылдырады. 
«Мен-полисферасы»  көптеген  тұлғалық  таңбаларды  кез  келген 
үдеріске  жəне  өнімге  салады.  Ол  «Мен-өзін  саналы  ұғынушы» 
жəне  «Мен-үлес  қосушы»  түрінде  болады. «Мен-үлес  қосушы» – 
бұл  адамның  үлестің  бастамашыл  тəсілдеріне    іштей  жəне  үлесті 
өндіруге деген мотивациялық-тұлғалық бейімділігі, сонымен бірге, 
басқаларға əсер ету жəне басқалардан əсер алу қабілеті. 
«Мен-өзін  саналы  ұғынушы»  үш  қырдың  бірлігінде  болады: 
өзін-өзі  тану,  өзіндік  қатынас,  өзін-өзі  реттеу-өзін-өзі  басқару.  Ол 
адамның  өзімен  үнемі  арақатынасында    қалыптасады:  өткендегі  
жəне  қазіргі  кездегі  өзімен  арақатынаста  (Мен-шынайы),  аталған 
уақытта 
басқалармен 
арақатынаста 
(Мен-айнадағы, 
Мен-
басқалардың  көзімен),  болашақтағы  өзімен  арақатынаста  (Мен-
идеалды,  яғни  Мен  қандай  болғым  келеді),  сонымен  бірге  «Мен-
кəсіби» арақатынасы енгізіледі (Е.А.Климов).
Кəсіби өзін-өзі дамыту мəселесінің негізгі идеясы – бұл тұлға-
ның  дамуының  іс-əрекетпен  детерминациялау  идеясы,  сондықтан 
адам  өзінің  кəсіпке  сəйкестігі  жəне    іс-əрекеттегі  жетістігі 
тұрғысында  зерттеледі.  Кəсіпқойдың  қалыптасуы,  кəсібилікті 
дамыту мен тұлғалық дамудың бірлігі нəтижесінде мүмкін болады. 
Адамды өзінің өмір жолында зерттеу, білім берудің жəне ондағы іс-
əрекеттің белсенді субъектісінің сапасының көрінуі, осы іс-əрекеттің 
жалғасатынын көрсетеді. 
Акмеологиялық  адамзаттың  бүкіл  тарихында,  білім  беруде, 
мəдениетте,  əлеуметтік  дамуда  көрініс  береді.  Акмеологиялық 
тұғырдың аясында, өзін-өзі дамыту келесі ұстанымдар тұрғысында 
қарастырылады:  жоғары  жетістіктерге  жету  жолында,  іс-əрекет 
барысында шығармашылық əлеуетті өзіндік жүзеге асыру;  шыңдар-
ға  жетуге  ықпал  ететін  жəне  кедергі  келтіретін  объективті  жəне 
субъективті  факторлар;  іс-əрекеттегі  кəсібиліктің  жəне  оқытудың 

162
163
заңдылықтары;  өзіндік  білім  алу  жəне  өзін-өзі  ұйымдастыру,  өзін-
өзі  бақылау,  кəсіптен  жəне  қоғамнан,  ғылымның,  мəдениеттің, 
техниканың дамуынан, өзіндік қызығушылықтар, қажеттіліктер мен 
бағдарлардан, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өзіндік іс-əрекеттің 
жетістіктері  мен  кемшіліктерінен  туындайтын  жаңа  талаптардың 
əсерімен  іс-əрекетті  өзіндік  жетілдіру,  өзіндік  түзету  жəне  өзіндік 
қайта ұйымдастырудың заңдылықтары.
Осылайша,  өзін-өзі  дамыту  тұлғаның  өзара  əрекеті  мен  
қатынастар, оның қажеттіліктері, эталондары, құндылық бағдарлар 
жүйесінің  өзгеруімен  қамтамасыз  етіледі.  Сондықтан  тұлғаның 
дамуын зерттеудің жалпы мəселелер жиынтығында, оның тұлғалық-
кəсіби  дамуына  ерекше  орын  беріледі,  онда  кəсіби  жəне  тұлғалық  
өзін-өзі  дамыту    тек  əлеуметтендіру  үдерісі  ретінде  ғана  емес, 
сонымен  бірге  екінші  рет  дараландыру  ретінде  түсіндірілуі  жəне 
сипатталуы  мүмкін,  оның  нəтижесі  ретінде,  білімнің  белгілі 
деңгейіне  жетуде,  нақты  іс-əрекетте  субъектілі  белсенділіктің 
сипаттамасы,  кəсіби  тұлғалық  сапа  ретінде  болатын  қалыптасқан 
даралық  алынады.  Өз  кезегінде,  білім  беру  өзіндік  білім  алуға, 
тəрбиеге жəне өзіндік тəрбиеге өтетін болса, ол тұлғаның кəсіпқой 
ретінде  қалыптасуына  ықпал  ететін  болады.  Ол  үшін  тұлға    өз 
жетістігінің шыңына – «акмеге» жетуге қабілетті болатын іс-əрекет-
ті өзіндік анықтауы маңызды. 
И.С.Кон  бұл  туралы  былай  деп  жазады: «Саналы  «Меннің» 
пайда  болу  кезеңі  ретінде,  оның  жеке  компоненттері  бірте-бірте 
қалыптасқанмен,  бұрыннан  бері  жасөспірімдік  жəне  жастық  шақ 
кезеңі  алынады.  Өзіндік  сананың    дамуы – өтпелі  жас  кезеңінің 
орталық психикалық үдерісі. Барлық көрнекті психологтар бұл жас 
кезеңін «өзіндік сананың қалыптасуының қиын кезеңі» деп атайды». 
16-17 жасқа қарай психологиялық əдебиеттерде «өзін-өзі анық-
тау» терминімен белгіленетін ерекше тұлғалық жаңа құрылым пай-
да болады. Субъектінің өзіндік санасының тұрғысында, ол адамның 
өзін  қоғам  мүшесі  ретінде  саналы  ұғынуымен  сипатталады,  жаңа, 
қоғамдық  маңызды  ұстанымда  нақтыланады.  Жасөспірім  мен  жас 
жігіттің жағдайының қарама-қайшылығы, оның əлеуметтік рөлдері 
құрылымының  жəне  қалаулар  деңгейінің  өзгеруі – бұл  факторлар 
«Мен  кіммін?»  деген  сұрақты  өзекті  етеді.  Бұл  сұрақты  қою – 
психиканың алдыңғы дамуының заңды нəтижесі. Дербестіктің өсуі, 
сыртқы  басқару  жүйесінен  өзін-өзі  басқаруға  өтуді  білдіреді.  Кез 
келген өзіндік басқару, объект туралы ақпаратты талап етеді. Өзіндік 
басқаруда  бұл  объектінің  өзі  туралы  ақпараты  болуы  керек.  Ерте 
жастық  шақтағы  құнды  психологиялық  меңгеру – бұл  өзінің  ішкі 
əлемін ашу. 
Кез  келген  күрделі  психикалық  жаңа  құрылым  сияқты,  өзіндік 
сананың  дамуы  бір-бірін  алмастыратын  сатылардан  өтеді.  Бұл 
тұрғыда ерте жастық шақ кезеңін өзіндік сананың жаңа деңгейінің 
қалыптасуының басталуы ретінде, интегративті сапаларды дамыту, 
тереңдету  кезеңі  ретінде  сипаттауға  болады.  Өзіндік  сананың 
деңгейінің  қарқынды  дамуы,  жастық  шақ  кезеңінде  жүзеге 
асырылады.  Оның  айрықша  белгілері – өзіндік  құндылықтар 
жүйесінің  «Мен-тұжырымдамасын»  қалыптастыру  үшін  мəнін 
арттыру  жəне  қабылдаудың  тұлғалық,  психологиялық,  динамика-
лық  аспектілерін  күшейту – олар  кемелденген  тұлғаға  тəн  деңгей 
ретінде бағалауға мүмкіндік береді. 
Жастардың  өзін-өзі,  өзінің  ішкі  əлемін  тануының  негізгі 
механизмдерінің  бірі  ретінде,  тұлғалық  рефлексия  алынады, 
ол  міндеттерді  шешуге  бағытталған  логикалық  рефлексиямен 
салыстырғанда,  жеке  өзін-өзі  тану  əрекеті  ретінде,  адамның  тек 
өзінің ішкі əлемін ғана емес, өзін зерттеуші ретінде қарастыратын 
ерекше  зерттеу  актісі  ретінде  түсіндіріледі.  Тұлғалық  рефлексия 
феномені  ретінде,  рефлексивті  үміттер  алынады,  олар  адамның 
өзі  туралы  басқа  адамдардың,  қарым-қатынас  аясын  құрайтын 
адамдардың пікірлерін білдіреді. 
«Мен-тұжырымдамасының» 
құрылымын 
қарастырып, 
Р.Бернс  «Мен-бейнесінің»  жəне  өзіндік  бағалаудың  шартты 
тұжырымдамалы  айрықшалауға  болатынын  атап  көрсетеді, 
себебі  психологиялық  тұрғыда  олар  бір-бірімен  ажырамас  өзара 
байланысты. «Мен-бейнесі» жəне өзінің «Менін» бағалау, индивидті 
белгілі  мінез-құлыққа  бағыттайды;  сондықтан,  жаһандық  «Мен-
тұжырымдамасын»  индивидтің  өзіне  бағытталған  бағдарлардың 
жиынтығы ретінде қарастыруға болады. 
Р.  Бернс  өзіндік  бағдардың  келесі  негізгі  ракурстарын  немесе 
модальдықтарын анықтап көрсетеді: 
–  Шынайы  Мен-бағдарлары,  олар  индивидтің  өзінің  өзекті 
қабілеттерін,  рөлдерін,  өзінің  өзекті  мəртебесін  қабылдайтынымен 
байланысты; 
–  Айнадағы  (əлеуметтік)  Мен-бағдарлар,  олар  индивидтің  өзін 
басқалардың қалай көретінімен байланысты; 

164
165
–  Идеалды-Мен-бағдарлар,  олар  индивидтің  қандай  болғысы 
келетінімен байланысты. 
В.В.Столин тұлғаның өзі туралы, «Мен-бейнесі» немесе «Мен-
тұжырымдамасы»  туралы  ұғымдарын  құруда  көрінетін  өзіндік 
сананың  қорытынды  нəтижесін  талдаудың  «Мен»  бейнесінің 
түрлерін жəне жіктеулерін іздеу арқылы жүзеге асырылады. 
«Мен»  бейнесінің  танымал  айырмасы  ретінде, «Идеалды 
Мен»  жəне  «Шынайы  Мен»  бейнелерін    айыру    алынады,   
олар  У.  Джемс,  З.Фрейд,  К.Левин,  К.Роджерстің  жəне  басқа 
ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады, сонымен бірге У.Джемс 
ұсынған  «материалды  Мен»  жəне  «əлеуметтік  Мен»  арасындағы 
айырмашылық  алынады.  Бейнелерді  аса  қызықты  жіктеуді  Розен-
берг  ұсынды: «нағыз  Мен», «динамикалық  Мен», «деректі  Мен», 
«мүмкін боларлық Мен», «идеалданған Мен». 
Жастардың  өздерінің  санасында  құратын  «Мен»  бейнелері  ал-
уан түрлі болады – олар оның өмірінің барлық байлығын көрсетеді. 
Өзін  тану,  өзінің  алуан  түрлі  сапаларын  тану, «Мен-
тұжырымдамасы» компонентін қалыптастыруға əкеледі. 
Жастық  шақ  кезеңінде  екі  саты  анықталады:  біреуі  балалық 
шақпен  шекаралас – ерте  жастық  шақ (15-16 жас),  екіншісі – 
кемелденумен шекаралас жас – ересек жастық шақ (20-21 жас), оны 
кемелденудің  бастапқы  буыны  ретінде  қарастыруға  болады.  Жас-
тық  шақтың  бірінші  сатысы  үшін  дербес  өмірлік  жолға  дайындық 
тəн  болады  (кəсіпті  таңдаумен  байланысты  қажетті  білімді, 
біліктерді жинақтау, іздеу, тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгеру 
жəне т.б.). Екінші сатыға өндірістік еңбекке қатысу жəне меңгерген 
біліктер  мен  дағдыларды,  білімді  қолдану,  шеберлікті  əрі  қарай 
жетілдіруге  ұмтылыс,  өз  тұлғасының  адамгершілік  сапаларын  əрі 
қарай жетілдіруге ұмтылыс тəн болады.  
Өзіндік  сана – бұл  В.С.Мерлин  бойынша,  біріншіден,  өзінің 
ұқсастығын  саналы  ұғынуды,  екіншіден,  күрделі  психологиялық 
құрылым, белсенді, əрекетті бастау ретінде өзіндік «Менін» саналы 
ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын 
саналы  ұғынуды,  төртіншіден,  əлеуметтік-адамгершілік  өзіндік 
бағалаудың белгілі жүйесін қамтитын ерекше компоненттер ретінде 
болады. 
Өзінің психикалық қасиеттерін саналы ұғыну, өзіндік бағалаудың 
жасөспірімдік  жəне  жастық  шақ  кезеңінде  аса  үлкен  мəні  болады. 
Алайда,  бұл  компоненттердің  барлығы  өзара  байланысты 
болғандықтан, олардың бірін байыту бүкіл жүйенің түрін міндетті 
түрде өзгертеді. 
А.Г.Спиркин өзіндік санаға келесі анықтама береді: «өзіндік сана 
– бұл адамның өз əрекеті мен оның нəтижесін, ойларын, сезімдерін, 
моральды  бет-бейнесін  жəне  қызығушылықтарын,  мінез-құлық 
идеалдары  мен  мотивтерін  саналы  ұғыну  жəне  бағалау,  өзін  жəне 
өзінің  өмірдегі  орнын  біртұтас  бағалау.  Өзіндік  сана – тұлғаның 
қалыптасуымен бірге қалыптасатын анықтаушы белгісі». 
Өзіндік сананың пəні ретінде сана алынады. Сонымен бірге, сана 
өзіндік  сананың  құрамында  кезең  ретінде  сақталады,  сондықтан 
өзіндік  мəніне  жетуге  бағдарланған.  Егер  сана  адамның  қоршаған 
əлемде бағдарланудың субъективті шарты болса, онда өзіндік сана 
адамның өзіндік тұлғасында, адамның өзі туралы білімінің бағдары, 
яғни бұл «өзін жəне басқаларды табатын рухани сəуле». 
Өзіндік  сананың  нəтижесінде,  адам  өзін  табиғаттан  жəне 
басқа адамдардан жеке дара шынайылық ретінде саналы ұғынады. 
А.Г.Спиркин бойынша, өзіндік сананың негізгі мəні ретінде, «біздің 
болмыстың  қарапайым  санасын,  өзіндік  өмір  сүруді,  өзін,  немесе 
өзіндік «Менді» саналы ұғынуды атау керек. 
Өзіндік  сана  жоғары  психикалық  функциялардың  дамуының 
шыңы  болып  табылады,  ол  адамға  сыртқы  əлемді  көрсетуге 
мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге адамның өзін осы əлемде 
айқындап,  өзінің  ішкі  əлемін  тануға,  оны  бастан  өткеруге,  белгілі 
жағдайда  қатынас  білдіруге  мүмкіндік  береді.  Бірқатар  тұрақты 
объект  ретінде  өзін  саналы  ұғыну,  ішкі  тұтастықты,  тұлғаның 
тұрақтылығын    қамтиды,  олар  өз  кезегінде  өзгеретін  жағдайларға 
тəуелсіз өзгеріссіз қалады. 
Алайда,  А.Н.Леонтьев  өзіндік  сана  мəселесін  «тұлғаның 
психологиясын  қамтитын  жоғары  өмірлік  мəн»  мəселесі  ретінде 
сипаттап,  оны  «ғылыми-психологиялық  талдаудан  шеткері, 
шешілмеген» мəселе ретінде бағалайды. 
Өзіндік бағалау салыстырмалы түрде тұрақты құрылым ретінде, 
«Мен-тұжырымдаманың»,  өзін-өзі  танудың  компоненті  ретінде, 
өзіндік  бағалау  үдерісі  ретінде  болады.  Өзіндік  бағалаудың  негізін 
индивидтің тұлғалық мəндер жүйесі, оның қабылдаған құндылықтар 
жүйесі  құрайды,  ол  орталық  тұлғалық  құрылым  жəне  «Мен-
тұжырымдаманың» орталық компоненті ретінде қарастырылады. 
А.З.Зактың  зерттеулерінде  өзіндік  бағалау  талдау  құралы  жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет