Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

64
65
А.  В.  Хуторской  құзырлылық  деп  білімгерлерді  міндетті  даяр-
лауға қойылатын бірқатар талаптарды атайды, ал құзыреттілік деп 
қалыптасқан тұлғалық сапаны атайды (сипаттама). 
И.Д.  Фрумин  «құзыреттілік  ұғымының  күрделі  тəжірибелік  
міндеттерді  орындаумен  байланысты»  екенін  анықтайды.  Аталған 
міндеттерді орындау, белгілі білімдер мен біліктердің болуын талап 
етіп қоймайды, сонымен бірге осы білімдер мен біліктерді қолдануға 
қажетті белгілі стратегиялар мен процедураларды талап етеді...». 
Білім  беруде  құзыреттілік  тұғырды  қолдану  саласындағы  пси-
хологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулерін жалпылай келе 
(Т.Орджи, Дж. Равен, М.Холстед жəне т.б., И.Г. Агапов, А.А. Пин-    
ский, В.В. Сериков, А.П. Тряпицына, А.В. Хуторской, С.Е. Шишов 
жəне  т.б.),  құзырлылық  ұғымының  білімгерлердің  белгілі  пəндік 
саладағы  білімді  меңгеруде,  оның  категорияларын  ойлау  білігінде, 
пəндік-бағдарланған  міндеттерді  шешуде  көрінетін  білімділік 
нəтижесін белгілеу үшін қолданылатынын атауға болады. 
Құзыреттілік  адамның  іс-əрекетке  жəне  оның  пəніне  тұлғалық 
қатынасын қамтитын, соған сəйкес құзырлылықты меңгеруі, игеру 
ретінде  анықталады;  білім  мен  тəжірибеге  негізделген  іс-əрекетке 
деген  тұлғаның  қабілеттілігі  мен  даярлығында  көрінетін  сапасы 
ретінде  анықталады. 
Білім  берудегі  құзыреттілік  тұғырды  жүзеге  асырудың  бағыт-
тарына сəйкес (түйінді құзырлылықтар, жалпылама пəндік біліктер, 
қолданбалы  пəндік  біліктер,  өмірлік  дағдылар)  құзырлылықтар 
келесі үлгіде бөлінеді: 
– түйінді құзырлылықтар – бұл адамның əлеуметтік-нəтижелі іс-
əрекеті үшін қажетті жалпы құзырлылықтары; 
– базалық – белгілі саладағы құзырлылықтар; 
– арнайы – нақты əрекетті орындау үшін, нақты мəселені немесе 
міндеттерді шешу үшін қажет құзырлылықтар. 
А.В. Хуторской келесі анықтама береді: түйінді құзырлылықтар 
– нақты қоғам жағдайында адамға жеке, кəсіби өмірдің нəтижелеріне 
жетуге, жағдайды түсінуге мүмкіндік беретін, аса жалпы (əмбебап) 
мəдени қалыптасқан əрекет тəсілдері (қабілеттер мен біліктер);  бұл 
адамның  өзінің  құзыреттілігін  тəжірибеде  жүзеге  асыру  қабілеті. 
Оларды адам білім беру үдерісінде меңгерген біліктерді жетістікпен 
қолдану  тəжірибесінің  нəтижесінде  меңгереді  (тəжірибені  жетіс-
тікпен жүзеге асыру жолы арқылы). 
С.Е. Шишов, В.А. Кальней, А.А. Пинский түйінді құзыреттіліктің 
белгілерін анықтап көрсетеді. Түйінді құзыреттіліктер: 
– біріктіруші табиғаты болады, яғни өзінің бойына мəдениет пен 
іс-əрекеттің  кең  аясына  қатысты  біртекті  білімдер  мен  біліктерді 
қамтиды; 
–  көпфункционалды,  яғни  құзыреттілікті  меңгеру  күнделікті, 
кəсіби  жəне  əлеуметтік  өмірдегі  алуан  түрлі  мəселелерді  шешуге 
мүмкіндік береді; 
– пəндік жəне пəнаралық, яғни бір пəндік саладан екінші салаға 
алмастыру тəсілдерін алуан түрлі жағдайларда қолдануға болады; 
– көпшамалы, яғни түйінді құзыреттіліктер алуан түрлі ақыл-ой 
үдерістерін жəне интеллектуалды біліктерді қамтиды; 
– тəжірибелік іс-əрекетті сипаттайды. 
Құзыреттіліктің  өзегі  ретінде  əрекеттік  тəсілдер – əрекет 
тəсілдерінің  жиынтығы  алынады.  Маңызды  компонент – тəжірибе 
–  адам  меңгерген  жекеленген  əрекеттерді,  міндеттерді  шешудің 
тəсілдері мен жолдарын бірыңғай тұтастыққа біріктіру.  
Түйінді құзыреттіліктің ерекшеліктеріне, іс-əрекеттің саласында, 
оқу  əрекетінде  тиімді  əрекет  ету  қабілеті,  міндеттерді  өз  бетімен 
шешу қабілеті, шешімнің тəсілдерін іздеу, оның жағдайларын нақ-
тылау,  алынған  нəтижелерді    өз  бетімен  бағалау,  өзекті  өмірлік 
міндеттерді шешу қабілеттері жатады. 
А.В.  Хуторской  құзыреттіліктің  қалыптасуы  білім  берудің 
мазмұнының  құралдары  арқылы  жүзеге  асатынын  атап  көрсетеді. 
Нəтижесінде  студенттерде  қабілеттер  дамиды,  күнделікті  өмірдегі 
шынайы  мəселелерді – тұрмыстық  мəселелерден  өндірістік 
жəне  əлеуметтік  мəселелерді  шешу  мүмкіндігі  пайда  болады. 
Тəжірибе  көрсеткендей,  түйінді  құзырлылықтар  тек  өзіндік  іс-
əрекет  тəжірибесінде  қалыптасады,  сондықтан  білім  беру  ортасы 
студенттің  қалыптасуына  ықпал  ететін  жағдайына  қарай  құрылуы 
керек. Мұнда əңгіме оқу курстарының мазмұны, білім беру үдерісін 
ұйымдастырудың түрлері туралы болып отыр. 
Құзыреттілікті  дамыту – «адамның  өмірінің  бойында  үзілмей-
тін,  қалыптасуы  себебінен  аяқталмайтын  үдеріс,  себебі  оның  іс-
əрекет саласына шешуде жаңа тұғырларды талап ететін, аса күрделі, 
жаңа мəселелер енеді». 
Ғалымдар  түйінді  білім  беру  құзырлылықтарының  (құзырет-
тіліктер)  алуан  түрлі  тізімін  ұсынады.  Оларды  жіктеудегі  алуан 

66
67
түрлі  тұғырларды  талдау,  білімгерлердің  танымдық  іс-əрекетімен 
байланысты құзыреттіліктің болатынын көрсетеді. 
Жоғары  білім  беруді  жаңарту  бойынша  бағдарламалық  құжат-
тарда,  оқудан  тыс  ақпараттық  алуан  түрлі  көздерінен,  білімді  өз 
бетімен  меңгерудің  тəсілдерін  игеруге  негізделген,  өзбетінділік 
танымдық іс-əрекет саласындағы құзыреттілік айқындалады. 
А.В. Хуторской оқу-танымдық құзырлылықтарды анықтап көр-
сетеді: «шынайы  танымдық  объектілермен  арақатынаста  болатын, 
логикалық,  əдіснамалық,  жалпы-оқу  іс-əрекетінің  элементтерін 
қамтитын, өзбетінділік танымдық іс-əрекет саласындағы студенттің 
құзырлылықтарының  жиынтығы.  Оған  мақсатты  болжау,  жоспар-
лау, талдау, рефлексия, оқу-танымдық іс-əрекетті өзіндік бағалауды 
ұйымдастырудағы білімдері мен біліктері енеді. Зерттелетін объек-
тілерге  қатысты  студент  тиімді  іс-əрекеттің  креативті  дағдыларын 
меңгереді:  шындықтағы  білімді  тікелей  меңгеру,  стандартты 
емес  жағдайларда  əрекеттің  тəсілдерін  меңгеру,  мəселелерді 
шешудің эвристикалық əдістерін меңгеру. Аталған құзырлылықтар 
аясында соған сəйкес функционалды сауаттылыққа деген талаптар 
анықталады – деректерді  болжамнан  айыра  білу  шеберлігі,  өлшеу 
дағдыларын  меңгеру,  танымның  мүмкін  боларлық,  статистикалық 
жəне басқа əдістерін қолдану». 
И.Я.  Зимняя  адамның  іс-əрекетіне  қатысты  құзырлылықтарды 
анықтап көрсетеді: 
– танымдық іс-əрекет құзырлылығы: танымдық міндеттерді қою 
жəне шешу; стандартты емес шешімдер, проблемалық жағдаяттар – 
оларды құру жəне шешу; өнімді жəне репродуктивті таным, зерттеу, 
интеллектуалды іс-əрекет; 
– іс-əрекет құзырлылығы: ойын, оқу, еңбек; іс-əрекет құралдары 
жəне  тəсілдері:  жоспарлау,  жобалау,  модельдеу,  болжам  жасау, 
зерттеу іс-əрекеті, іс-əрекеттің алуан түрлеріндегі бағдар. 
Осылайша,  білім  берудегі  құзыреттілік  тұғыр  мəселелеріне 
арналған  психологиялық-педагогикалық  əдебиеттерге  жүргізілген 
талдау,  білімгерлердің  танымдық  іс-əрекеті  саласындағы  құзы-
реттілігінің компоненттерін анықтауға, оны дамытудың өлшемдерін 
айқындауға мүмкіндік берді: 
–  əртүрлі  объектілерді  зерттеуде  ақпараттық  тұғырдың  мəнін 
түсіну; 
– интеллектуалды (ойлау) іс-əрекетінің негізгі əрекеттерін мең-
геру: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау жəне т.б.; 
– ойлаудың жүйелі-аналитикалық, логикалық жəне алгоритмдік 
стильдерінің жоғары деңгейін меңгеру; 
–  танымдық  міндеттерді  шешу,  стандартты  емес  шешімдерді 
табу, проблемалық жағдаяттарды шешу. 
Танымдық  іс-əрекет  саласындағы  құзыреттіліктің  маңызы     
Г.И.  Щукина  бойынша  танымдық  іс-əрекеттің  операцияларымен 
негізделеді: 
– білім, білік жəне дағдылармен қаруландырады; 
– білімгерлердің дүниетанымын тəрбиелеуге, адамгершілік сапа-
ларын тəрбиелеуге ықпал етеді; 
– білімгерлердің танымдық күштерін, тұлғалық құрылымдарын, 
белсенділігін, өзбетінділігін дамытады; 
– білімгерлердің əлеуетті мүмкіндіктерін анықтайды жəне жүзе-
ге асырады; 
– ізденістік жəне шығармашылық іс-əрекетке баулиды. 
Танымдық  іс-əрекет  білімгерлердің  іс-əрекетінің  жетекші  түр-
лерінің бірі болып табылады, ол танымдық қызығушылық негізінде 
білімгерлердің  оқу  əрекетін  ынталандырады.  Білімгерлердің  жал-
пы  дамуы  мен  олардың  тұлғасын  қалыптастыруда  танымдық  іс-
əрекеттің мəнін асыра бағалауға болмайды. 
Құзырлылық/құзыреттілік  ұғымдарын  теңестіру  аясында      
Л.Н.  Болотов,  В.С.  Леднев,  Н.Д.  Никандров,  М.В.  Рыжаков 
құзырлылықтың  тəжірибелік  бағыттылығын  атап  көрсетеді – 
«Құзырлылық  адамзат  тəжірибесіндегі  білім  мен  əрекеттің  ара-
сындағы  қатынас  аясы  болып  табылады»,  ал  «Құзыреттілік  тұғыр 
білім  берудің  тəжірибелік  бағыттылығын  біршама  арттыруды 
қамтиды». Н. Хомский атап көрсеткендей, «… біз құзырлылық пен 
оны  пайдалану  арасындағы  іргелі  айырмашылықты  көреміз.  Тек 
идеалды жағдайда  ғана пайдалану құзырлылықтың тікелей көрінісі 
болып табылады». Н. Хомский бойынша, пайдалану шынайы түрде 
ойлаумен, пайдалану реакциясымен, дағдылармен, адамның өзіндік 
тəжірибесімен байланысты. Өзіндік тұлғалық құрамдастармен жəне 
мотивациямен  құзырлылық  категориясын  мазмұнды  толықтыру 
Р.Уайттың «Motivation reconsidered: the concept of competence» 
еңбегінде көрсетілген.
1984  жылы  Лондонда  жарыққа  шыққан  Дж.  Равеннің 
«Компетентность  в  современном  обществе»  атты  еңбегінде 
құзыреттілік  ұғымына  ауқымды  түсініктеме  беріледі.  Бұл 

68
69
«салыстырмалы  түрде  бір-бірінен  тəуелсіз  компоненттерден 
құралатын  құбылыс,  бірқатар  компоненттер  когнитивті  салаға  
қатысты, ал басқалары – эмоционалды салаға қатысты болады, бұл 
компоненттер бір-бірін тиімді мінез-құлықтың құрамдастары ретін-
де алмастыра алады». Дж. Равен атап көрсеткендей, «құзыреттіліктің 
түрлерінің» мəні ретінде, «мотивациялаған қабілеттер» алынады. Ол 
ұсынған тізімде құзыреттіліктің түрлерін саралы тұрғыда қарастыру 
берілген, онда «дайындық», «қабілет», «қатынас», «өзіндік бақылау» 
сияқты категориялар кең ұсынылған. Н.В. Кузьмина педагогикалық 
іс-əрекет  материалында  құзыреттілікті  «тұлғаның  интегративті  қа-
сиеті» ретінде қарастырды. 
ЮНЕСКО-ның құжаттары мен материалдарында, білім берудің 
қаланған  нəтижесі  ретінде  қарастырылуы  қажет  құзырлылықтар 
шеңбері  айқындалады.  ХХІ  ғасыр  үшін  білім  беру  бойынша 
халықаралық  комиссияның  «Образование:  сокрытое  сокровище» 
атты  баяндамасында  Жак  Делор  білім  берудің  негізделетін 
«төрт  сатысын»  құрастырды,  мəні  бойынша  негізгі  жаһандық 
құзыреттіліктерді анықтады: 
• тануға үйрену; 
• əрекет етуге үйрену;
• бірге өмір сүруге үйрену;
• өмір сүруге үйрену. 
Жак  Делор  мұнда  кəсіби  біліктілікті  меңгерудің  маңызын 
ғана  атап  көрсетпейді,  сонымен  бірге  топта  жұмыс  істеуге  жəне 
алуан  түрлі  көптеген  жағдаяттарды  шешуге  мүмкіндік  беретін  кең 
мағынасындағы құзыреттіліктің маңызын атап көрсетеді. 
1996  жылы  Берндегі  Еуропа  Кеңесінің  симпозиумында  білім 
беруді қайта құру үшін  түйінді құзырлылықтарды анықтаудың мəні 
туралы  мəселе  қойылды (key competencies), оларды  өз  кезегінде 
білімгерлер табысты  жұмыс үшін, əрі қарай жоғары білім алу үшін 
меңгерулері  қажет.  В.Хутмахердің  баяндамасында  құзырлылық 
ұғымының  біліктер,  қабілеттер,  шеберлік  сияқты  ұғымдардың 
қатарына  енгенмен,  мазмұнды  түрде  əлі  анықталмағанын  атап 
көрсетеді, барлық зерттеушілер «құзырлылық» ұғымының «білемін, 
қалай» ұғымдық өрісіне жақын екендігімен келіседі. Н. Хомскойдан 
кейін, В. Хутмахер пайдаланудың əрекеттегі құзырлылық екендігін 
атап  көрсетеді.  Басқаша  айтқанда,  құзырлылыққа  негізделген 
тұғыр  ең алдымен, тəжірибелік, əрекеттік жағын көрсетеді. Мұнда 
құзыреттілік  пен  білікті  айыра  білу  керек.  Білік – бұл  бақылауға 
болатын  өзгеше  жағдайдағы  əрекет.  Құзыреттілікті  дəстүрлі  ұғым-
дардан – білім, білік, дағдылар, тəжірибеден айыратын ерекшеліктер: 
• оның интегративті сипаты; 
• тұлғаның құндылықты-мағыналық сипаттамаларымен арақаты-
нас; 
• тəжірибелік-бағдарлы бағыттылық. 
Осылайша,  құзыреттілік  əрекет  етуге  жалпы  дайындық,  оның 
өзгеше  жағдайда  жасау  мүмкіндігі  ретінде  көрініс  береді,  оның 
сипаттамасын  адамның  əрекеттері  мен  біліктерін  бақылай  отырып 
айқындауға болады. Құзыреттілік білім мен жағдаяттың арасындағы 
байланысты құрудың əлеуетті мүмкіндігі, міндетті (проблема) шешу 
үшін қолайлы жəне оңтайлы əрекетті табу, анықтау қабілеті ретінде 
қарастырылады. «Құзыреттілік» ұғымы өзіндік тұлғалық сапаларды 
(мотивация,  сапалық,  сапалық-ерікті  жəне  т.б.)  қамтиды,  білім 
берудің гуманистік құндылықтармен арақатынастағы аса кең ұғымы 
ретінде анықталады. 
«Жалпы  білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  стратегиясын» 
құрастырушыларға  сəйкес, «құзыреттілік  ұғымы» – «… тек 
когнитивті  жəне  операционалды-технологиялық  құрамдасты  емес, 
сонымен  бірге  мотивациялық,  этикалық,  əлеуметтік  жəне  мінез-
құлықтық  құрамдастарды  қамтиды.  Ол  оқытудың  нəтижелерін 
(білім  мен  білік),  құндылық  бағдарлар  жүйесін,  əдеттерді  жəне 
т.б.  қамтиды.  Мұнда  құзыреттілік  əрдайым  құзырлылықтың  өзекті 
көрінісі болып саналады. 
Құзыреттіліктің  мəнді  сипаттамаларын  талдау,  мамандарға 
құзыреттілік тұғырдың мүмкіндіктерін көрсетеді: 
1.  Білімді  қайта  жаңғыртудан  бағдарлануға  білімді  қолдануға 
жəне ұйымдастыруға өту; 
2.  Икемділікті  арттыру  стратегиясының  негізінде  орындала-
тын  міндеттердің  жəне  еңбекке  орналастырудың  мүмкіндіктерін 
кеңейтуді алу; 
3.  Білім  беру  үдерісінің  нəтижесінің  ортасына  пəнаралық-ин-
теграциялық талаптарды қою; 
4. Еңбек əлемінде қолдану жағдаятының мақсаттарын аса тығыз 
байланыстыру; 
5. Адамзат іс-əрекетін кəсіби жəне өмірлік жағдаяттардың шексіз 
алуан түрлілігіне бағдарлау. 

70
71
Құзыреттілік  тұғыр  арқылы  білімгерлерді  даярлау  нəтижелерін 
аса  толық  жəне  негізді  түрде  сипаттауға  болады,  білімгерлердің 
жоғары  білікті  маман  ретіндегі  қызметі,  оның  тек  даярлығын  ғана 
емес,  сонымен  бірге  технология  əлемінде,  қоғамдық  өмірдегі 
динамикалық  өзгерістердің  заманауи  жағдайындағы  жұмысқа 
қабілеттілігін  қамтиды.  Болашаққа  бағдарланған  маман  кəсіби 
іс-əрекет  саласында  жаңа  өнімді  (мысалы,  бəсекеге  қабілетті 
өнім)  құруға  дайын  болуы  керек,  сонымен  қатар  стандартты  емес 
жағдаяттарда  шығармашылық,  қайта  құрушы  ойлауды  көрсете 
отырып,  өзінің  білім  қорында  дайын  алгоритмдердің  болмауы 
жағдайында жетістікпен жұмыс істеуге қабілетті болуы керек. Өзінің 
кəсіби іс-əрекетінің əлеуметтік мəні, сонымен бірге қоғам, табиғат, 
жердегі бейбіт өмірге оның жағымсыз салдары туралы өзіне толық 
есеп  бере  алған  маман  ғана  құзыретті  деп  аталады.  Қоғам  жоғары 
білікті  мамандардан  еркін  рухты,  демократиялық  сенімдер  мен 
əлеуметтік салада жетістікті іс-əрекеттің гуманистік құндылықтарын 
таратушы болатындай қабілетті талап етеді. 
Жоғарыда 
аталған 
барлық 
сапалар 
құзыреттіліктің 
дефинициясында  «өзінің  əлеуетін  (білім,  білік,  дағды)  табысты  
шығармашылық  іс-əрекетті  жүзеге  асыру  қабілеті»  ретінде 
көрсетілген,  онда  тұлғалық  сапалар  ұмтылыс,  саналы  ұғыну, 
жауапкершілік, сенімділік, дайындық жəне т.б. арқылы сипатталған 
(Н.А. Гришанова).
Осылайша, маманның құзыреттілігі – бұл тұлғаның іс-əрекеттің 
нəтижелерінде,  əлеуметтік  мəнді,  жеке  жауапкершілікті  саналы 
ұғынып,  оны  үнемі  жетілдіру  қажеттілігін  сезініп,  кəсіби  жəне 
əлеуметтік  салада  табысты  шығармашылық  (өнімді)  іс-əрекетте, 
өзінің əлеуетін (білім, білік, тəжірибе, тұлғалық сапалар жəне т.б.) 
жүзеге асыруға бағытталған ұмтылыстары мен қабілеттері. 
И.А. Зимняя осы тұрғыда біріншіден, түйінді құзырлылықтарды 
топтастыруды айқындауға, теориялық тұрғыда негіздеуге ұмтылыс 
жасады; екіншіден, олардың негізгі, қажетті тізімдемесін анықтауға 
тырысты; үшіншіден, олардың əрқайсысына енетін компоненттерді 
немесе  құзыреттіліктің  түрлерін  анықтауға  ұмтылыс  жасады. 
Түйінді құзырлылықтардың үш тобын анықтаудың теориялық негізі 
ретінде,  психологияда  құрастырылған  адамның  қарым-қатынас, 
таным,  еңбектің  субъектісі  туралы  қағидалары  (Б.Г.  Ананьев), 
адамның  қоғамға,  басқа  адамдарға,  еңбекке  деген  қатынастар 
жүйесінде  көрінетіні  туралы  қағидалар  (В.Н.  Мясищев);  адамның 
құзыреттілігінің  акмеологиялық  даму  бағыты  болатыны  туралы 
қағидалар (Н.В. Кузьмина, А.А. Деркач); кəсібиліктің құзыреттілікті 
қамтитыны туралы қағидалар (А.К. Маркова) алынды. Осы тұрғыда 
И.А. Зимняя осы үш топқа біріктірілген құзырлылықтың 10 негізгі  
түрін айқындады: 
1.  Тұлға,  іс-əрекет,  қарым-қатынас  субъектісі  ретінде  адамға 
қатысты құзырлылықтар: 
•  денсаулықты  үнемдеуші  құзырлылықтар:  салауатты  өмір 
салтының  нормаларын  білу  жəне  сақтау;  темекі  шегудің,  ішімдік 
ішудің, нашақорлықтың, СПИД-тің қаупі туралы білу; жеке гигиена 
ережелерін  білу  жəне  сақтау;  адамның  дене  мəдениеті,  өмірді 
таңдаудағы еркіндігі мен жауапкершілігі;
•  əлемдегі  құндылықты-мағыналық  бағдарлар  құзырлылығы: 
болмыстың,  өмірдің  құндылығы;  мəдениеттің,  ғылымның  құн-
дылықтары;  өндірістің  құндылығы;  өркениеттің,  өз  елінің,  діннің 
құндылықтары; 
•  интеграция  құзырлылықтары:  білімді  құрылымдау;  білімді 
ситуативті-адекватты өзектілеу; жинақталған білімді кеңейту; 
• азаматтық құзырлылығы: азаматтың құқықтары мен міндетте-
рін  білу  жəне  сақтау;  еркіндік  пен  жауапкершілік,  өзіне  деген 
сенімділік,  өзіндік  ар-намыс,  азаматтық  борыш;  мемлекеттік  рə-
міздерді білу жəне олар үшін мақтаныш сезімі; 
•  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  реттеу,  өзін-өзі  дамыту,  тұлғалық 
жəне пəндік рефлексия құзырлылықтары: өмірдің мəні; кəсіби даму; 
тілдік даму жəне сөйлеудің дамуы; ана тілінің мəдениетін меңгеру; 
шет тілдерін игеру.
2. Адам мен əлеуметтік саланың əлеуметтік өзара əрекеттестігіне 
қатысты құзырлылықтар: 
•  əлеуметтік  өзара  əрекеттестік  құзырлылықтары:  қоғаммен, 
қауыммен,  ұжыммен,  отбасымен,  достарымен,  серіктестермен 
болатын  өзара  əрекеттерді,  кикілжіңдерді  жою,  ынтымақтастық, 
толеранттылық, басқа адамды құрметтеу жəне қабылдау (нəсіл, ұлт, 
дін, статус, рөл, жыныс), əлеуметтік ұтқырлық; 
•  қарым-қатынастағы  құзырлылықтар:  ауызша,  жазбаша,  диа-
лог,  монолог,  мəтінді  қабылдау;  дəстүрлерді,  əдет-ғұрыптарды, 
этикетті  білу  жəне  сақтау;  кросс-мəдени  қарым-қатынас;  іскерлік 
жазба; іс қағаздарын жүргізу; бизнес тілі; шетелдік қарым-қатынас; 
коммуникативті міндеттер; реципиентке əсер ету деңгейлері. 

72
73
3. Адамның іс-əрекетіне қатысты құзырлылықтар: 
• танымдық іс-əрекет құзырлылығы: танымдық міндеттерді қою 
жəне шешу; стандартты емес шешімдер, проблемалық жағдаяттар – 
оларды құру жəне шешу; тиімді жəне репродуктивті таным, зерттеу, 
интеллектуалды іс-əрекет; 
•  іс-əрекет  құзырлылығы:  ойын,  оқу,  еңбек;  іс-əрекеттің  құрал-
дары мен тəсілдері: жоспарлау, жобалау, модельдеу, болжау, зерттеу 
іс-əрекеті, іс-əрекеттің алуан түрлеріне бағдарлану; 
•  ақпараттық  технология  құзырлылығы:  ақпаратты  қабылдау, 
қайта  өңдеу  жəне  беру;  ақпаратты  қайта  құру  (оқу,  конспектілеу); 
бұқаралық медиялық, мультимедиялық технологиялар, компьютерлік 
сауаттылық; электронды Интернет-технологияны меңгеру. 
Қазіргі  жағдайда  білім  берудің  маңызды  мақсаттарын – 
өзбетінділікті  жəне  өзін-өзі  ұйымдастыру  қабілетін  дамыту;  өзінің 
құқықтарын  қорғау  шеберлігі;  ынтымақтастыққа  дайындық;  қайта 
құрушы  іс-əрекет  ету  қабілетін  дамыту;  басқа  адамның  пікіріне 
шыдамдылықты  қалыптастыру,  мазмұнды  келісімге  келуді  табу 
сияқты мақсаттарды ескере отырып, Еуропа Кеңесі кең ауқымда бес 
топқа бөлінген түйінді құзырлылықтарды анықтады жəне көрсетті: 
1.  Саяси  жəне  əлеуметтік  құзырлылықтар,  олар  өзіне  жауап-
кершілікті  алу  қабілетімен,  шешімдерді  бірлесіп  қабылдауға 
қатысумен,  зорлық-зомбылықсыз  кикілжіңдерді  реттеумен,  де-
мократиялық институттардың қызметі мен дамуына қатысумен бай-
ланысты болады. 
2.  Мəдениаралық  құзырлылықтар,  олар  көпмəдени  ортада 
өмір  сүруге  көмек  береді.  Нəсілшілдіктің,  ксенофобияның  пайда 
болуына, шыдамсыздық ахуалын таратуға кедергі болу үшін, білім 
беру  аталған  құзырлылықтардың  қатарында  айырмашылықтарды 
түсіну,  басқа  мəдениеттегі,  тілдегі,  діндегі  адамдармен  тіл  табысу 
қабілеті  жəне  құрметтеу  сияқты  құзырлылықтарды  қалыптастыру 
қажет. 
3.  Ауызша  жəне  жазбаша  қарым-қатынас  тілдерін  меңгеруді 
анықтайтын құзырлылықтар, атап айтсақ, жұмыста жəне қоғамдық 
өмірде маңызды бірнеше тілдерді меңгеру, бұл тілдерді меңгермесе, 
адамға өмір сүрудің көптеген салаларынан оқшаулану қаупі туады. 
4.  Ақпараттық  қоғамның  пайда  болуымен  байланысты  құ-
зырлылықтар: жаңа технологияларды меңгеру, оларды қолданудың 
мүмкіндіктерін түсіну, бұқаралық ақпарат құралдарының арналары 
арқылы таратылатын ақпаратты сыни тұрғыда қабылдау қабілеті. 
5. Кəсіби тұрғыда, жеке жəне əлеуметтік өмірде үздіксіз дайын-
дық  негізі  ретінде,  өмір  бойы  оқуға  деген  тілекті  жəне  қабілетті 
жүзеге асыратын құзырлылықтар. 
Құзырлылықтарды  қалыптастыру  білім  беру  əрекетінің  нəти-
желері мен мақсаттарын білдіреді. Білім берудің мазмұны төмендегі 
құрылымдық  элементтерді  қамтитын,  адамзат  мəдениетінің  құ-
рылымына  тең,  əлеуметтік,  педагогикалық  бейімделген  тəжірибені 
білдіреді: 
• іс-əрекеттің таныс тəсілдерін үлгі бойынша əрекет ету түрінде 
жүзеге асыру; 
• шығармашылық іс-əрекет – проблемалық жағдаяттарда тиімді 
шешімді қабылдау білігі түрінде;  
• эмоционалдық-құндылық қатынасты тұлғалық бағдар түрінде 
жүзеге асыру; 
• танымдық іс-əрекет, оның нəтижесі – білім түрінде  тіркеледі. 
Бұл  элементтерді  меңгеру  студенттердің  құзыреттілігін  анық-
тайтын əрекеттің күрделі, мəдениет құраушы түрлерін жүзеге асыру 
қабілеттерін (əлеует) қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Білім беру стандарттарында жоғары білімді маманның қаланған 
бейнесін  сипаттауда, «құзыреттілік»  ұғымын  қолдануға  өту, 
төмендегі келесі жағдайлармен негізделуі мүмкін (В.И. Байденко):
1.  Білім    беру  стандарттарында  қазіргі  кезде  қолданылатын 
«білім», «біліктер», «меңгеру»  сияқты  терминдерге  қатысты 
«құзыреттілік»  ұғымының  жалпылама,  біріктіруші  сипатын  ескере 
отырып,  мұндай  өту  нақты  пəндер  мен  еңбек  объектілерінен 
дерексізденген  сапаның  жалпылама  үлгісін  қалыптастыруды 
қамтамасыз  етеді,  бұл  өз  кезегінде  маманның  іс-əрекетінің  аса 
ауқымды өрісі туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл еңбек нарығында 
жас мамандардың ұтқырлығын арттыру үшін маңызды. 
2.  Құзыреттілік  тұғырға  негізделген  ЖОО-ның  түлегінің 
үлгісінің  оны  білім,  білік  жəне  дағдылар  арқылы  сипаттауда 
құрайтын  элементтерінің  біршама  аз  саны  болғандықтан,  бұл 
біріншіден, пəнаралық деңгейде мамандарды даярлаудың  білім беру 
бағдарламасында  ірі  блоктарды  (модуль)  айқындауға  мүмкіндік 
береді, екіншіден, жекеленген пəндер бойынша емес, сол модульдер 
бойынша  алуан  түрлі  білім  беру  бағдарламаларын  салыстыруға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  білім  беру  жүйесінде  студенттердің 
ұтқырлығын арттыру үшін маңызды. 
3.  Еуропа  мемлекеттерінде  жəне  Қазақстанда  білім  беру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет